География
1. Қар түсуі үшін бұлтта температура болуы қажет. A) +1°+0°C. B) +1°C. C) 0°С-ден төмен. D) 0°С-ден жоғары. E) +3+4°C. |
2. Дүниежүзілік мұхит бөліктері: A) теңіздер, шығанақтар, бұғаздар B) өзендер, көлдер, батпақтар C) батпақтар, мұздықтар, теңіздер D) жер асты сулары, бұғаздар E) көлдер, бөгендер, түбектер |
3. Жер қыртысының тұрақты учаскелері. A) таулы аймақтар B) литосфера C) платформа D) гидросфера E) сейсмикалық белдеу |
4. Жер бетіндегі ең үлкен шөл: A) Аравия B) Габи C) Атакама D) Сахара E) Такла–Макан |
5. Солтүстік Мұзды мұхит алабының қатпайтын теңізі A) Чукот теңізі B) Охот теңізі C) Лаптевтер D) Баренц теңізі E) Кар теңіз |
6. Тянь-Шань тауының ең биік шыңы Хан-Тәңірін ашқан … A) Л.С.Берг. B) П.П.Семенов. C) Н.М.Пржевальский. D) Ш.Уәлиханов. E) Қ.И.Сәтбаев. |
7. Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері. A) Торғай, Ырғыз, Арыс. B) Қаратал, Лепсі, Сарысу. C) Ертіс, Есіл, Тобыл. D) Сырдария, Шу, Талас. E) Жайық, Іле, Қаратал. |
8. Қазақстанның ішкі көшіп-қонуы басым қалалары: A) Тараз, Арқалық. B) Астана, Павлодар, Алматы. C) Қостанай, Ақтау, Семей. D) Маңғыстау, Тараз. E) Алматы, Өскемен. |
9. Конституциялық монархиялы ел: A) Жапония. B) Корея. C) Филиппин. D) Вьетнам. E) Камбоджа. |
10. Халқының саны көп халық: A) орыстар B) ағылшын C) американдықтар D) қытайлықтар E) үндістер |
11. Жоңғар Алатауының ең биік шыңы. A) Майкүбі. B) Ақтау. C) Қаратау. D) Бесбақан. E) Хан-Тәңірі. |
12. Жоңғар Алатауының маңындағы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай соғатын ең күшті жел: A) Муссон. B) Бриз. C) Арыстанды-Қарабас. D) Сайқан. E) Ебі. |
13. Дала зонасы үшін тән жануарлар. A) Саршұнақ, қосаяқ. B) Қасқыр, сілеусін, бұғы. C) Бұлан, аю, тиін. D) Барыс, қарсақ, жолбарыс. E) Пингвин, ақ аю, гепард. |
14. Алматы қорығы орналасқан тау. A) Жоңғар Алатауы. B) Іле Алатауы. C) Қаратау. D) Маңғыстау. E) Талас Алатауы. |
15. Республикамызда ең жақсы дамыған көлік түрі. A) Теміржол, автомобиль. B) Өзен, автомобиль көлігі. C) Теңіз, өзен көлігі. D) Құбыр, теміржол. E) Автомобиль, теңіз көлігі. |
16. Қазақстанның орталық аудандарын игерудегі негізгі қиындықтарды көрсетіңіз. A) Транспорт тармақтарының болмауы. B) Пайдалы қазбалардың болмауы. C) Су ресурстарының болмауы. D) Отын ресурстарының болмауы. E) Еңбек ресурстарының болмауы. |
17. Халықтың механикалық қозғалысы - бұл A) бюджет B) ауысу, сапырылысу C) транспорттық шығын D) миграция - көшіп-қону E) қайта өндіріс |
18. Батыс Еуропадағы мұнайды көп өндіретін аймақ A) Тиррен теңізі. B) Солтүстік теңізі. C) Адриат теңізі. D) Эгей теңізі. E) Бискай шығанағы. |
19. АҚШ-тың мұнай көп өндіретін (30 % шамасында) штаты. A) Даллас, Сан-Франциско. B) Калифорния. C) Вашингтон. D) Техас. E) Луизиана. |
20. Ежелгі заман ғылымдары бейнелеген материктер: A) Евразия мен Африка бөліктері B) Африка мен Австралия C) Австралия D) Антарктида E) С. және О. Америка |
21. Аталғандардың ішіндегі ұлттық дін - A) будда, ислам. B) ислам, христиан. C) синтоизм, конфуциан, индуизм. D) христиан, ислам, синтоизм. E) будда, индуизм, ламаизм. |
22. Өнеркәсіптің «Б» тобының құрамына ... кіреді. A) жылу және металлургия B) орман және химия C) мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы D) транспорт және байланыс E) тоқыма және полиграфия |
23. Төменвольтты аппаратура шығаратын зауыт A) Оралда. B) Алматыда. C) Қарағандыда. D) Астанада. E) Таразда. |
24. Дүниежүзіндегі көлдегі кеме қатынасының басты ауданы. A) Ладога. B) Каспий көлі. C) Байкал. D) Арал теңізі. E) Ұлы көлдер. |
25. Астанасы Антанариву, аралдағы мемлекет: A) Калимантан. B) Бахрейн. C) Мадагаскар. D) Сан-Томе. E) Камор.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
