
Биология
1. Қоректік заттар қоры жиналатын ұлпа: A) Бөліп шығарушы B) Негізгі C) Тірек D) Өткізгіш E) Жабын |
2. Тамырдың минералды тұздардың ертіндісін сіңіруі (соруы): A) өткізу аймағында. B) тамыр оймақшасында. C) бөліну аймағында. D) өсу аймағында. E) тамыр түкшелерінде. |
3. Раушангүл тұқымдасына жататын жабайы өсімдік
A) Таңқурай
B) Раушангүл
C) Түзу қазтабан
D) Тұшала E) Құлпынай
|
4. Cуды көп қажет етпейтін өсімдік A) Қарағай B) Шырша C) Емен D) Терек E) Жантақ |
5. Cаңырауқұлақтың тіршілік циклінде көбеюдің басым түрі: A) Бүршіктену. B) Жынысты. C) Жыныссыз. D) Гаметалар арқылы. E) Ұрықтану арқылы. |
6. Өзен шаянының жүрегі: A) Төрт бөлікті. B) Бес бұрышты қалта. C) Сақина тәрізді жүрекше. D) Бір бөлікті. E) Екі бөлікті. |
7. Астың сілекеймен шылануы: A) Аш ішекте. B) Бауырда C) Қарында. D) Тоқ ішекте. E) Ауыз қуысында. |
8. “Ми рефлекстері” деген ғылыми еңбекті жазған: A) И.П.Павлов. B) И.И.Мечников. C) И.М.Сеченов. D) Н.И.Пирогов. E) П.К.Анохин. |
9. Тірі организмдер тіршілік ететін Жер бетінің геологиялық қабығы: A) Литосфера. B) Гидросфера. C) Ноосфера. D) Биосфера. E) Атмосфера. |
10. Картоптың гүлдері: A) Жыныссыз B) Қос жынысты C) Екі үйлі D) Бір үйлі E) Дара жынысты |
11. Құрбақаның қабақтарының қызметі: A) Көзді ылғал мен ластанудан қорғайды B) Қорғану C) Көздің қасаң қабықшасын қорғайды D) Көзінің жақсы көруін жеңілдетеді E) Жемін тез ұстауға көмектеседі |
12. Жасушадағы ақуыз түрлері A) - 10 B) - 1 000-ға тарта C) - 1 млн D) - 100-ге тарта E) - 50 |
13. Жүйке жүйесінің ішкі мүшелер қызметін реттейтін бөлігі A) сезгіш нервтер. B) қимыл нервтері. C) аралас нервтер. D) соматикалық. E) автономиялық. |
14. Көлденең жолақты бұлшықет талшығы ... орналасқан. A) аш ішекте B) тоқ ішекте C) тамырда D) қуықта E) жүректе |
15. Жүрек қабырғасы ... тұрады: A) көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан B) бірыңғай салалы бұлшықеттен C) шеміршекті ұлпадан D) жүйкеден E) эпителий ұлпасынан |
16. Адреналин гормоны бөлетін без: A) Эпифиз. B) Бүйрек үсті безі. C) Қалқанша без. D) Қосалқы без (гипофиз). E) Ұйқы безі. |
17. Митохондрияның қызметі A) барлық органоидтардың өзара әрекетін қамтамасыз етеді. B) биосинтез өнімдерін тасымалдауға қатысады. C) ақуызды синтездеу. D) AТФ-ты синтездеу. E) органикалық заттарды синтездеу, тасымалдау. |
18. РНҚ молекуласының тізбегі: A) 3 B) 2 C) 1 D) 4 E) 5 |
19. Хромосомдық мутацияларға жатпайтынын аңықтаңыз: A) Делеция B) Полиплоидия C) Дупликация D) Инверсия E) Транслокация |
20. Жер үсті өркені дамитын орын- A) Жапырақшасы. B) Ұрық тамыршасы. C) Тұқымжарнағы. D) Бүршікшесі. E) Сабақшасы. |
21. Ақ сұлама денесі қабаттары: A) 4 B) 5 C) 2 D) 3 E) 6 |
22. Барлық бұлшықет ұлпалары түзіледі: A) Эктодерма энтодермадан B) Плазмадан C) Энтодермадан D) Мезодермадан E) Экгодермадан |
23. Адамдағы атавизм белгілері- A) Қалың түктілігі. B) Құлақ қалқаны. C) Адам қаңқасындағы құйымшақ. D) Соқыр ішек өскіні. E) Үшінші қабақ. |
24. Қыста орамжапырақ (қырыққабат) көбелегі - A) қырылады. B) жұмыртқа қалпында қыстап шығады. C) ересек күйінде қыстап шығады. D) дернәсіл қалпында қыстап шығады. E) қуыршақ күйінде қыстап шығады. |
25. Даралар арасында бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі: A) Қоректену торы. B) Қоректік. C) Заттардың айналымы. D) Биоценоз. E) Экологиялық пирамида.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |