
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
2009 - НҰСҚА
2008
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз. A) Жігерлі адам. B) Қызыл шапан. C) Істің ақ, қарасы тексерілді. + D) Қара киім. E) Ақ көйлек. |
2. “У” дыбысы жіңішке болып келген сөзді анықтаңыз. A) Даярлану. B) Қоюлану. C) Куәлік.+ D) Жазушы. E) Жуынды. |
3. Қатаңнан басталып, қатаңға аяқталған сөзді белгілеңіз. A) Мүйіз. B) Жұрт. C) Дәл. D) Сырт.+ E) Нар. |
4. Туынды сөзді көрсетіңіз. A) Үсті. B) Қызғылт. C) Алыстан. D) Қуырдақ.+ E) Соң. |
5. Тәуелдік жалғаудың 2-жағында жекеше тұрған сөзді табыңыз. A) Көшесі. B) Қалада. C) Мектептеріңіз. D) Қағазың.+ E) Жолдасым. |
6. «Көкшетау» зат есімінің жасалу жолын табыңыз. A) Қосарлану арқылы жасалған. B) Қысқару арқылы жасалған. C) Бірігу арқылы жасалған.+ D) Тіркес арқылы жасалған. E) Туынды түбірден жасалған. |
7. Толықтауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз. A) Жиырма бес қайта айналып келмес. B) Кітапты бестерде алды. C) Адамның жартысы тарады. D) Береке, мекенжай. E) Екіні, онды беске көбейт. + |
8. "Әлде" сөзінің қай сөзбен бөлек жазылатынын көрсетіңіз. A) Әлде(қашан). B) Әлде(адам). + C) Әлде(кім). D) Әлде(қалай). E) Әлде(қандай). |
9. -с жұрнақты есімшені көрсетіңіз. A) Туыс. B) Қас. C) Жазбас+. D) Ерегес. E) Жарас келді. |
10. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз. A) Текемет.+ B) Батыр. C) Аула. D) Аш. E) Қайшы. |
11. Ілгерінді ықпалды табыңыз. A) Қарасу. B) Бірқыдыру.+ C) Кендебай. D) Жақсы-жаман. E) Сенбілік ұйымдастыру. |
12. Төменгі үй - сын есім түрін белгілеңіз. A) Сапалық. B) Күрделі. C) Негізгі. D) Салыстырмалы. E) Қатыстық. + |
13. Мөлшер үстеуді белгілеңіз. Аққасқа ізді көріп, біраз иіскелеп алған соң, жонды адырға шауып ала жөнелді. A) Біраз.+ B) Жөнелді. C) Жонды. D) Ізді. E) Адырға. |
14. «Дейін», «таман», «қарай» шылаулары тіркесетін септіктің түрін табыңыз. A) Табыс. B) Көмектес. C) Ілік. D) Барыс.+ E) Шығыс. |
15. Меңгеруді көрсетіңіз. A) Әжеме келдім.+ B) Ұқыпты бала. C) Таяқ жеу. D) Шығарманың көркемдігі. E) Он шақты бала. |
16. Бірыңғай мүшеге байланысты қойылып тұрған тыныс белгілерін табыңыз. A) Ал, бала, бүгіннен бастап малға ие бол. B) Балалар демалысқа шықты. C) Көбінің жүзі ақшыл не қызғылт сары келген. D) Мұғалім де, инженер де осы үйден табылады.+ E) Абай үйге кірді де, отырғандарға жағалай сәлем берді. |
17. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді. B) Қастарында бөтен кісілер болғандықтан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды.+ C) Тұқымды бірер күн ылғалдау керек, себебі құрғақ жерге түссе, өнбей қалады. D) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді. E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді. |
18. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. A) Ас жібертіп тұрарсың-ау, апасы…+ B) Өзің айтпақшы, өмірдің бетінде қалқып жүр екем, астына түстік. C) Қуаныштымын, екеуіңе де барынша ырзамын!-деді. D) Демек, әрбір бала оқытушының қадағалауында болуы шарт. E) Абырой болғанда, оқиға мен ойлағандай болмады. |
19. Қате қойылған сызықшаны табыңыз. A) Бұған таяу отырған – Ыбырайдың Ысқағы. B) Ән шырқаған – сол. C) Станцияға ең кеш келген – осы. D) Тіл – қоғамдық құбылыс болып табылады.+ E) Абайды таң еткен – сол екі жігіт. |
20. Синонимдік қатарды көрсетіңіз. A) Жанын жалдау, көлік жалдау. B) Жас, жастық, жастан. C) Сағыну, сағынбау. D) Оқта-текте, ләм-мим. E) Қоқан-лоқы көрсету, қорқыту. + |
21. Сөйлемдегі еліктеуіш сөздер қай топқа жататынын белгілеңіз. Әйгерім жүрісін кілт доғарып, жалт қарады. A) Біріншісі дыбыстық, екіншісі бейнелеуіш. B) Сөйлемде еліктеуіш сөздер кездеспейді. C) Екеуі де дыбыстық еліктеуіш сөздер. D) Біріншісі бейнелеуіш, екіншісі дыбыстық. E) Екеуі де бейнелеуіш еліктеуіш сөздер. + |
22. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. A) Жүкті ұқыпты арту керек. B) Жомартқа екі түрлі талап қойып,жүк артқан. + C) Соңғы көлікке жүк артқан. D) Жүк артқан түйе кейін келеді. E) Жүк артқан балаларға алғыс айтты. |
23. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз. A) Кең зал.+ B) Зал кең. C) Дала жазық. D) Тұрмыс жақсарды. E) Үй жап-жарық. |
24. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз. A) “Қансонарда бүркітші шығады аңға”. B) ’’Салыстырудың қай-қайсысы да кемшіліксіз болмайды’’,- дейді неміс мақалы.+ C) Ей, тентек қарындасым! D) Бөлтірік қашайын деп еді, күзен желкесін қырқып алды. E) Тоқта деймін,тоқташы. |
25. Жазба әдеби тілдің тілдік құралдарын (лексикасын) табыңыз. A) Диалект сөздердің мол қолданылуы. B) Қарапайым, дөрекі сөздердің қолданылуы. C) Сөздердің мағыналы, көркем үлгілерін сұрыптап, еркін қолдануы.+ D) Ауызекі сөйлеу лексикасы. E) Дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздердің көп қолданылуы.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. Түрік қағанатының Батыс және Шығыс қағанаттарына бөлінген мерзімі A) 603 ж.+ B) 680 ж. C) 803 ж. D) 703 ж. E) 945 ж. |
2. Ақ Орданың астанасы A) Суяб B) Яксарт C) Үзгент D) Шаш E) Сығанақ+ |
3. Ұлыс құралды: A) Көршілерден B) Туыстардан C) Ата-аймақтан D) Арыстан+ E) Рудан |
4. 1867-1868 жылғы Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы A) облыстық басқарма төрағасы B) генерал-губернатор+ C) вице-губернатор D) әскери губернатор E) атаман |
5. 1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші A) Дәулеткерей B) Дина C) Құрманғазы D) Сүгір E) Тәттімбет+ |
6. 1916 жылы 19-43 жас аралығындағы еңбекке жарамды барлық адамдарды қара жұмысқа алу туралы жарлық шықты: A) 1916 жылы 25 тамызда. B) 1916 жылы 25 сәуірде. C) 1916 жылы 25 шілдеде. D) 1916 жылы 25 маусымда.+ E) 1916 жылы 25 мамырда. |
7. Азамат соғысының кескілескен қырғынында қанша адам қаза тапты: A) 8 млн.+ B) 3 млн. C) 4 млн. D) 7 млн. E) 2 млн. |
8. Рейхстагка жеңіс туын тіккен қазақстандық халық Қаһарманы: A) Р.Қошқарбаев+ B) С.Луганский C) Г.Булатов D) Т.Бигелдинов E) И.Кожедуб |
9. 1990 жылдары Қазақстан шетелдер капиталын әкелу үшін сырттан тартылған инвесторды пайда салығынан босатты: A) 15 жылға дейін B) 5 жылға дейін+ C) 7 жылға дейін D) 10 жылға дейін E) 20 жылға дейін |
10. Ежелгі "Тік жүретін адам" өкілі A) Неандертальдық B) "Епті адам" C) Синантроп+ D) Кромонондық E) "Саналы адам" |
11. Қазақстан жеріндегі сақтарда моңғолоидтық белгілер басым өңір A) Орталық Қазақстан мен Жетісу B) Солтүстік және Шығыс Қазақстан+ C) Батыс Қазақстан, Жетісу D) Батыс, Орталық Қазақстан E) Барлық өңірлерде |
12. 751 жылы арабтар мен қытайлар арасындағы шайқас өткен жер. A) Имақия қаласы. B) Суяб қаласы. C) Құлан. D) Испиджаб қаласы. E) Атлах қаласы. + |
13. Х-Х1 ғасырлар аралығында Боран мұнарасы салынған аймақ: A) Жетісу.+ B) Арал бойын. C) Бұхара. D) Балқаш бойы. E) Самарқан. |
14. ХVІІІ ғас-ң 20 жылдарында Жоңғария ќандай елмен дипломатиялыќ ќатынасты жолға қойып, кейін ќазаќ жеріне шабуыл үдеді: A) Ресеймен B) Ќоќан хандығымен C) Башќұрттармен D) Хиуа хандығымен E) Ќытаймен + |
15. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? A) 10 жылға. B) 14 жылға. + C) 1 жылға. D) 8 жылға. E) 4 жылға. |
16. Вязьма түбегіндегі ұрыста ерлік көрсеткен 3 дәрежелі «Қасиетті Анна» орденіне ие болған A) Майлыбайұлы B) Н.Жанжігітұлы C) Б.Тілекұлы D) С.Хамитұлы + E) Е.Азаматұлы |
17. Патша өкіметінің саясатына қарсылық білдіргені үшін 1909 жылы Семей түрмесіне қамалған қоғам қайраткер. A) А.Байтұрсынов.+ B) М.Шоқай. C) Т.Рысқұлов. D) Ә.Бөкейханов. E) М.Дулатов. |
18. Соғыстан кейінгі жылдарда ақша реформасы жүргізілді: A) 1954ж. B) 1943ж. C) 1946ж. D) 1947ж.+ E) 1953ж. |
19. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған «Қыз Жібек» кинофильмінің қоюшы-режиссері: A) Ш.Айманов B) С.Қожықов+ C) Т.Теменов D) С.Апрымов E) Н.Михалков |
20. «Қазақ халқының жүзге бөлінуі, қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде өз жерін қорғау қажеттілігінен туған»-деп жазған қазақтың тұңғыш ағартушы ғалым: A) М.Дулатов B) Ш.Уәлиханов + C) А.Құнанбаев D) Ш.Құдайбердиев E) Б.Көмеков |
21. «Шыңғыснаманың» авторы: A) Жиембет B) Сыпыра Жырау C) Бұхар Жырау D) Өтеміс қажы+ E) Әмір Темір |
22. XV ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар: A) Шаш, Ашнас B) Отырар, Аркөк C) Созақ, Сығанақ+ D) Суяб, Бозкент E) Яссы, Үзгент |
23. Орбұлақ шайқасында жоңғар әскерлерінің ту сыртынан шабуыл жасаған батыр A) Шапарашты B) Жалаңтөс+ C) Жисмбет D) Қарасай E) Табай |
24. ХІХ ғасырдың ортасында болған Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы көтерілістер бағытталды: A) Ресей патшасына қарсы. B) Қытай билеушісіне қарсы. C) Иран шахына қарсы. D) Қоқан хандығына қарсы. + E) Хиуа хандығына қарсы. |
25. Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың негізгі формасы: A) Совхоздар. B) Жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. C) Ауылшаруашылық артелі.+ D) Машина-тракторлық станция. E) Факториялар.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |