Қазақ әдебиеті
1. «Сырттандар» ертегісінде баланы қасқырдан аман алып қалған адамды табыңыз. A) Қойшының сырттаны. B) Аңшы. C) Мерген. D) Жігіттің сырттаны. E) Батыр. |
2. Әдет-ғұрыпқа байланысты туған жанрды табыңыз. A) Ертегі. B) Жұмбақ. C) Сыңсу. D) Айтыс. E) Мақал-мәтел. |
3. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры – адал достықты жырлайтын дастан ... деген піқірдің авторын белгілеңіз. A) Ғ.Мүсірепов B) М.Әуезов C) С.Мұқанов D) С.Сейфуллин E) Қ.Жұмалиев |
4. Баласын мақтар бас жаман, Қатынын мақтар қас жаман Алыстағы дұшпаннан, Аңдып жүрген дос жаман, - деген жолдарды айтқан авторды белгілеңіз. A) Сырым. B) Абай. C) Қазыбек. D) Төле. E) Үмбетей. |
5. Махамбет Өтемісұлының туған жылын табыңыз. A) 1809 ж. B) 1791 ж. C) 1800 ж. D) 1846 ж. E) 1804 ж. |
6. Aбайдың қай қара сөзі тек афоризмдерден тұратынын анықтаңыз. A) Он тоғызыншы. B) Үшінші. C) Он бесінші. D) Отыз жетінші. E) Бесінші. |
7. "Қырық мысалдың" авторы және оны кімнен аударғанын белгілеңіз. A) С.Көбеев-Ушинский. B) А.Құнанбаев-Толстой. C) М.Дулатов-Пушкин. D) С.Дөнентаев-Крылов. E) А.Байтұрсынов-Крылов. |
8. Парижде болғанда дағыстандық суретшіні көргенін, қартайған суретшінің суреттерінде туған елге деген сағыныш тұнып тұрғанын әсерлі жазған қаламгерді табыңыз. A) М.Әуезов. B) Ш.Айтматов. C) Ғ.Гулям. D) Р.Ғамзатов. E) Ғ.Мүсірепов. |
9. «Қаһарлы күндер» романының авторын табыңыз. A) Ә.Кекілбаев. B) Ә.Нүрпейісов. C) Ж.Сайн. D) Т.Ахтанов. E) І.Есенберлин. |
10. Алпамыс батыр жырындағы: ’’Аш бүгіліп жарағыр, Жетім қалып жасыңнан Мендей болып жылағыр, Тарта бер, жұртым, тарта бер!...’’- деген жолдар қандай кейіпкердің сөзі екенін көрсетіңіз. A) Жәдігер. B) Алпамыс. C) Байбөрі. D) Құлтай. E) Тортай. |
11. Құладын құстың құлы еді, Тышқан жеп жүнін түледі,- деген жолдардағы Асан қайғының ойын жеткізу үшін қолданған көркемдік құралды табыңыз. A) Салыстыру, теңеу. B) Тұспалдап жеткізу. C) Қорытындылау. D) Әсірелеп айту. E) Еркін, ашық айту. |
12. Алмажанның дастанын табыңыз. A) “Бірінші тілек тілеңіз” B) “Жетім қыз” C) “Баймағамбет сұлтанға айтқаны” D) “Еспембет” E) “Арнау өлеңдері” |
13. «Аягөз, қайда барасың?» өлеңінің авторын табыңыз. A) Дулат B) Махамбет C) Шортанбай D) Мұрат E) Бұқар жырау |
14. Ы.Алтынсариннің Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып жүрген кездегі ашқан оқу орындарын көрсетіңіз. A) Суретшілер дайындайтын мектеп ашты. B) Өнер және әскери мектеп ашты. C) Торғайда 10 шақты орыс-қазақ мектебін ашты. D) Бүкіл қазақ даласында мектептер ашты. E) Қолөнер және қыздар, оқытушылар мектебін ашты. |
15. “Адасқан өмір” поэмасындағы лирикалық кейіпкердің ең басты арманын анықтаңыз. A) Әкім болу. B) Кәрілікті аңсау. C) Әділет жолы, шын бақытты өмір. D) Ғалым болу. E) Қолбасшы болу. |
16. С.Сейфуллин өзінің алғашқы өлеңдер жинағы - «Өткен күндер» басылып шыққанда неше жаста болғанын табыңыз. A) 14 жаста. B) 25 жаста. C) 20 жаста. D) 30 жаста. E) 22 жаста. |
17. С.Мұқановтың «Өмір мектебінің» екінші кітабынан алынған «Есіл бойында» үзіндісінде суреттелетін оқиғаны көрсетіңіз. A) Екі жастың махаббаты ғана баяндалады. B) Әсем табиғат, жастық сезім, ғажап ән туралы айтылады. C) Ән тарихы баяндалады. D) Есіл бойының әсем табиғаты ғана суреттеледі. E) Табиғат мүлде суреттелмейді. |
18. Қайроштың (Ғ.Мүсірепов ²Қазақ солдаты²) қай жерлерде соғысқанын белгілеңіз. A) Москва түбі. B) Кавказ, Новороссийск, Ростов, Керчь. C) Батыс Европа жерлері. D) Орал бойы, Сталинград. E) Украина, Кавказ. |
19. Новелланың анықтамасын белгілеңіз. A) Кейіпкерлері болмайтын, тек суреттеуге құрылатын әңгіме. B) Әңгімеге қарағанда көлемді шығарма. C) Оқиғасы қызу, ширақ дамып, күтпеген жерден кілт, тосын шешіммен аяқталатын әңгіме. D) Әңгіменің бір түрі, бірақ көлемі өте қысқа. E) Тек махаббат тақырыбын суреттеген шығарма, |
20. Көне дәуірдегі тіл білімінің басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбекті белгілеңіз. A) «Құтты білік». B) «Хибатул-хақайық». C) «Диуани лұғат ат-түрк». D) «Қисса-сул әнбия». E) «Диуани хикмат». |
21. Құтбтың Низамиден аударған дастаны қалай аталатынын табыңыз. A) ’’Кодекс куманикус’’. B) ’’Хисса-сул әнбия’’. C) ’’Мухаббат-наме’’. D) ’’Ақиқат сыйы’’. E) ’’Хұсрау-Шырын’’. |
22. Найза бойы жар екен. Түсіп кетсең түбіне, Түбі жоқ терең көл екен Ел қонбайтын шөл екен, - деп Бұқар жырау қандай мәселені айтқандығын көрсетіңіз. A) Достық, адалдық. B) Сөз өнері. C) Жақсылық пен жамандық. D) Ақыл мен ой. E) Кәрілік. |
23. Қазақ өлеңінің құрылысын зерттеп, алғаш рет ’’жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең’’ деп бөліп қарастырған жазушыны белгілеңіз. A) М.Әуезов. B) З.Қабдолов. C) А.Байтұрсынов. D) Ш.Уәлиханов. E) Ы.Алтынсарин. |
24. М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасында» Бақтығұлдың Жарасбай болысты қай кезде атып өлтіретінін табыңыз. A) Тоқалын ұзатып алып келе жатқанда. B) Жайлаудан түсіп келе жатқанда. C) Мал айдап келе жатқанда. D) Өзін аңдып, қуалағанда. E) Аң аулап жүргенде. |
25. Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» туындысы қандай шығарма екенін табыңыз. A) Ұзақ өлең. B) Терме. C) Арнау өлең. D) Поэма. E) Толғау.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
