
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
2008 - НҰСҚА
2008
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз. A) Бас. B) Бұрыш. C) Оқтау. D) Ез. E) Шопан. |
2. ’’О’’ дыбысының қандай дыбыс екенін табыңыз. A) Сөздің кез келген буынын талғамайды. B) Ашық дауысты дыбыс. C) Езулік дауысты дыбыс. D) Жіңішке дауысты дыбыс. E) Қысаң дауысты дыбыс. |
3. Қате жазылған сөзді көрсетіңіз. A) Жуу. B) Ыриза. C) Сауығу. D) Рахмет. E) Байиды. |
4. Жақша ішіндегі көрсетілгендердің бірге жазылатынын табыңыз. A) (Ала) бота. B) (Ала) көңіл. C) (Ала) көйлек. D) (Ала) жаздай. E) (Ала) орамал. |
5. Тау, тас, дақыл - сөздерін қай қатарға жатқызамыз, дұрысын белгілеңіз. A) Туынды. B) Жалпы есім. C) Дерексіз. D) Жалқы есім. E) Күрделі. |
6. Жіктеу есімдігін көрсетіңіз. A) Осы. B) Сол. C) Сіздер. D) Өзім. E) Бір. |
7. Күрделі етістікті сөйлемді табыңыз. A) Алтын сәуле су бетінде ойнайды. B) Асан қалаға кеткен. C) Күз келді. D) Малшы жайлауға көшті. E) Марал хат жазып отыр. |
8. Еліктеу сөзді табыңыз. A) Сондықтан. B) Қарай. C) Тәйт. D) Гөрі. E) Салп-салп. |
9. Одағай сөзді табыңыз. A) Енді. B) Үшін. C) Әкелді. D) Бәрекелді. E) Кейін. |
10. Мына сөздердің ішінен синонимдік қатарды табыңыз. A) Қайрат, жігер, ел. B) Жаратылыс, табиғат, дүние. C) Бет, жүз, оң, ауыз. D) Өлең, жыр, ән, терме, күй. E) Еңбек, іскер, жалқау. |
11. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды көрсетіңіз. A) Әдемі қыз. B) Әр адам. C) Қаратау маңы. D) Текшетас тауы. E) Қай уақыт. |
12. Күрделі сөзді табыңыз. A) Қалың киіну. B) Шымқай қара. C) Ашық ауыз. D) Судан балық сүзу. E) Биік төсек. |
13. Мекен үстеуін табыңыз. A) Бірден сөйледі, шалқасынан құлады. B) Үйге кетті, қатты өкінді. C) Жорта айтты, қасақана үндемеді. D) Ілгері жүрді, төмен түсті. E) Бұрын жүрді, күні-түні оқиды. |
14. Демеулік шылауды табыңыз. A) Шейін. B) Себебі. C) Түгіл. D) Дейін. E) Әрі. |
15. Матасуды табыңыз. A) Ағаштың бұтағы. B) Басты байланыс. C) Оқуға ықыласты. D) Апта сайын келу. E) Өмірге құштарлық. |
16. Қай сөйлемде анықтауыш бар, табыңыз. A) Мал - баққандікі. B) Ұяты бар. C) Жалқау - өзіне жау. D) Түлік төлден өседі. E) Жаман бала - күйік. |
17. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. A) Ежелден тұлпар мініп, ту ұстаған елміз. B) Тіл өнері - дертпен тең. C) Абай тақап келгенде, үй иесі шыққан еді. D) Әулие көмек берер деп, Басына халық түнелтті. E) Адам көркі - жүз, жүздің көркі - көз. |
18. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. A) Апырау, Сүгірәлі ғой мынау! B) Сапарың құтты болсын, қарағым! C) Меніңше, Щербаков кемшіліктерді тауып айтты. D) Мүмкін, Баймақан бабын тапқан болар. E) Шынын айту керек, өте оңай жеңдіңіз. |
19. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз. A) -Е, Жұмеке, мал-жан бала-шағаңыз аман ба? B) -Е Жұмеке, мал-жан, бала-шағаңыз аман ба? C) -Е, Жұмеке, мал-жан, бала-шағаңыз аман ба? D) -Е, Жұмеке мал-жан, бала-шағаңыз аман ба? E) -Е, Жұмеке, мал-жан- бала-шағаңыз аман ба? |
20. Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз. A) Қасиетті жерімізді таптатпаймыз. B) Піл егістің жегенін жеп, жемегенін таптап кетті. C) Шешесі таптап қоя ма, сары қыз сондай сараң. D) Темірді қыздырып, таптап, суға салды. E) Қабекең шылымын табанымен таптап өшірді. |
21. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсетіңіз. A) Балалар. B) Құрылысшылар. C) Кітаптар. D) Ұндар. E) Газеттер. |
22. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. A) Артында қалған бір тұяқ бар еді. B) Малдың тұяғын да іске асыруға болады. C) Омардың ірілі-ұсақты он бес тұяғы бар. D) Жұт тігерге тұяқ қалдырмады. E) Алыстан дүрсілдеген ат тұяғының дыбысы естілді. |
23. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз. A) Самаладай самсаған электр шамдары. B) Берген алар, еккен орар. C) Ит семірсе, иесін қабар. D) Жақсы жатырқамайды. E) Тойға барсаң, тойып бар, жұмысыңды қойып бар. |
24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз. A) “Бұл өмірімнің бір ұмытылмас шағы”, деді Алма. B) “Бұл – өмірімнің бір ұмытылмас шағы”,- деді Алма. C) “Бұл өмірімнің - бір ұмытылмас шағы”- деді Алма. D) - Бұл өмірімнің бір ұмытылмас шағы, деді Алма. E) “ Бұл өмірімнің бір ұмытылмас шағы”: деді Алма. |
25. XIV-XVI ғасырлар аралығында өмір сүрген қазақ шешендерін анықтаңыз. A) Абай, Ыбырай. B) Майқы би, Аяз би. C) Асан қайғы, Жиренше шешен. D) Төле, Қазыбек, Әйтеке би. E) Б.Адамбаев, С.Негімов.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. Түркештердің Күнгет қаласы орналасқан өзеннің бойы: A) Талас B) Есіл C) Шу D) Іле E) Ертіс |
2. Ахмет Яссауиге ықпал еткен ұстаз: A) Бақырғани. B) Махмұд Қашқари. C) Арыстан баб. D) Қадырғали Жалаири. E) Мұхаммед Хайдар. |
3. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған: A) Жетісу B) Сарыарқа C) Сырдария маңы D) Шығыс Түркістан E) Ташкент |
4. С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды: A) 13 жылға B) 11 жылға C) 12 жылға D) 14 жылға E) 15 жылға |
5. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ: A) Аға сұлтан B) Хорунжий C) Князь D) Генерал E) Дворян |
6. 1859 жылы Ұлы жүз жерінде салынған бекініс: A) Ќастек бекінісі. B) Ќызылағаш бекінісі. C) Верный бекінісі. D) Іле бекінісі. E) Ќапал бекінісі. |
7. Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі A) Қашғар сапарынан туған еңбегі B) Жоңғар очерктері C) Ыстықкөлді картаға түсіруі D) Манас туралы зерттеу E) Алатау қырғыздары туралы еңбегі |
8. Верный уезініњ Жайымтал болысыныњ ханы болып сайланды: A) А.Иманов. B) Т.Рысқ±лов. C) С.Сейфуллин. D) Б.Әшекеев. E) Ә.Жангелдин. |
9. «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген монографиялық еңбектің авторы. A) К.Нұрпейісов. B) Б.Греков. C) Е.Бекмаханов. D) Г.Массон. E) Ә.Марғұлан. |
10. Ежелгі адамның дамуы мен мәдениетіндегі жаңа кезең A) Неолит. B) Ерте палеолит дәуірі. C) Кейінгі палеолит дәуірі. D) Мезолит. E) Мустьер дәуірі. |
11. Сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі A) б.з.б. УІІІ ғ.-б.з. У ғ. B) б.з.б. У ғ.-б.з. І ғ. C) б.з.б.УІІ ғ.-б.з. ІІІ ғ. D) б.з.б.ІІІ ғ.- б.з. ІУ ғ. E) б.з.б. УІ ғ.-б.з. ІІ ғ. |
12. Әмір Темір қайтыс болѓан қала: A) Алмалық. B) Янгикент. C) Самарқанд. D) Баласаѓ±н. E) Отырар. |
13. XV ғ. 50-70 жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны A) 200 мың B) 350 мың C) 300 мың D) 250 мың E) 400 мың |
14. Хақназар хан өлгеннен кейін хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі сексенге келген: A) Тәуекел хан B) Шығай хан C) Тәуке хан D) Есім хан E) Тұрсын хан |
15. 1805-1806 жылдары Ресейдің Ю.Головкин бастаған елшілігіне сауда байланыстарын реттеу міндеті жүктелген мемлекет A) Хиуа хандығы B) Қытай C) Қазақ өлкесі D) Англия E) Иран |
16. 1910 жылғы Столыпин реформасының мақсаты A) революцияны тұншықтыру B) жайылымдық жерді халыққа беру C) егіншілікті дамыту D) халықты экономикалық тонау E) жер саясатын жақсарту |
17. Ұлттық қазақ театрында тұңғыш рет қойылған пьеса: A) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу». B) «Шаншар молда». C) «Қызыл сұңқарлар». D) «Еңлік-Кебек». E) «Арқалық батыр». |
18. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйым құрылды: A) 1980 ж. ішінде. B) 1960 ж. ішінде. C) 1990 ж. ішінде. D) 1970 ж. ішінде. E) 1950 ж. ішінде. |
19. Қазақстанда жергілікті кеңестер өзін-өзі тарата бастады A) 1992 жылдың қысында B) 1992 жылдың мамырында C) 1992 жылдың көктемінде D) 1993 жылдың күзінде E) 1991 жылдың жазында |
20. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет. A) Қарақытай мемлекеті. B) Оғыз мемлекеті. C) Қарахан мемлекеті. D) Қимақ хандығы. E) Қыпшақ хандығы. |
21. XIV ғ. аяғы мен XV ғ. I-ші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғаны туралы дерек қалдырды: A) Масуди B) Рузбихан C) Марвази D) Рашид ад - Дин E) Қашғари |
22. Ел аузындағы аңыз бойынша Арыстан баб өмір сүрген уақыт: A) VI-VII ғасырларда B) VII ғасырда C) VIII-IX ғасырларда D) VI ғасырда E) VII-VIII ғасырларда |
23. Тәуке ханның кезінде жоңғарлардың қазақ жеріне шабуыл уақытша бәсеңдеткен жағдай A) Жоңғарлардың өз ішіндегі қайшылық B) Жоңғар қазақ келісім шарты C) Қазақтардың күшінің басымдылығы D) Тәуке ханның қырғыз,қарақалпақтармен одақтас болуы E) Үш жүздің бірігуі |
24. Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық І съезі қызыл армия бөлімдерін құру туралы шешім қабылдады: A) 1918 жыл наурыз, сәуір. B) 1917 жыл қараша, желтоқсан. C) 1918 жыл ақпан, наурыз. D) 1917 жыл наурыз, сәуір. E) 1918 жыл мамыр, маусым. |
25. Н.Назарбаевтың өкімімен, Б.Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді: A) 1996 ж. B) 1998 ж. C) 1990 ж. D) 1999 ж. E) 1997 ж.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |