Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2007.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
851.46 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. ’’Қаңбақ шал’’ ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін белгілеңіз.

-’’Аспанға лақтырсам, аспан айналып жерге түседі-ау!’’- деп, қауіп қылып тұрмын.

A) Дәу.

B) Екінші дәу.

C) Шал.

D) Түлкі.

E) Анасы.

2. ’’Жар-жар’’ қай кезде айтылатынын белгілеңіз.

A) Қыздың ұзатылу тойында.

B) Қоштасарда.

C) Наурыз тойында.

D) Жаңа түскен келінге.

E) Той бастарда.

3. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының негізгі тақырыбын анықтаңыз.

A) Жастардың бас бостандығы

B) Батырлық, ерлік

C) Туған жер, атамекен

D) Отанын қорғау

E) Елдің тәуелсіздігі

4. ’’Ата жұрты бұқара,

Өз қолында болмаса

Қанша жақсы болса да,

Қайратты туған ер ғаріп...’’ Асан қайғының қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.

A) ’’Қырында киік жайлаған’’.

B) ’’Еділ бол да, Жайық бол’’.

C) ’’Көлде жүрген қоңыр қаз’’.

D) ’’Бұл заманда не ғаріп’’.

E) ’’Айналасын жер тұтқан’’.

5. Махамбет:

Атадан туған аруақты ер

Жауды көрсе жапырар,

Үдей соққан дауылдай, – деген өлең шумағында қандай мәселені айтатынын табыңыз.

A) Өлім мен өмір.

B) Ақыл-өнеге.

C) Ерлік.

D) Кек алу.

E) Адамгершілік.

6. Дулат Бабатайұлының өмір сүрген жылдарын табыңыз

A) 1802 – 1874 ж.ж.

B) 1857 – 1931 ж.ж.

C) 1818 – 1881 ж.ж.

D) 1846 – 1945 ж.ж.

E) 1803 – 1846 ж.ж.

7. Ескендір патшаның өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартуына төмендегі мінездемелердің қайсысы сәйкес келетінін көрсетіңіз.

A) Қара басының қамын ойлаушы.

B) Қанішер, жауыз.

C) Тойымсыз, дүниеқоңыз.

D) Даңққұмар, озбыр.

E) Мақтаншақ, даңғой.

8. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институты кімнің атында екенін белгілеңіз.

A) Қ.Сәтбаев.

B) Ы.Алтынсарин.

C) А.Байтұрсынов.

D) М.Әуезов.

E) Ш.Уәлиханов.

9. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.

A) Қ.Мырзалиев.

B) А.Бақтыгереева.

C) М.Шаханов.

D) Т.Молдағалиев.

E) Т.Айбергенов.

10. Махмұд Қашқаридің ғылыми еңбегі қалай аталғанын анықтаңыз.

A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.

B) ’’Қорқыт ата кітабы’’.

C) ’’Оғыз-наме’’.

D) ’’Тоныкөк’’.

E) ’’Диуани хикмет’’.

11. ’’Алпамыс батыр’’ жырындағы қалмақ батырын табыңыз.

A) Қартқожақ.

B) Тайшық.

C) Ұлтан.

D) Қараман.

E) Кейқуат.

12. Шалкиіздің ’’Жебелей жебе жүгірген’’ толғауы қай жинаққа енгенін анықтаңыз.

A) ’’Серке’’.

B) ’’Өткен күндер’’.

C) ’’Көктем’’.

D) ’’Алдаспан’’.

E) ’’Асау тұлпар’’.

13. «...Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады», - дейтін Ыбырай әңгімелерінің қай кейіпкері, белгілеңіз.

A) Атымтай Жомарт.

B) Асан.

C) І Петр.

D) Қыпшақ Сейітқұл.

E) Үсен.

14. ’’Кім жазықты’’ романында Әжібайға:

’’Мазаны алмай, таңдашы сүйгеніңді. Әзер болса, бір жылғы төлі малдың,’’- деп кім айтқанын белгілеңіз.

A) Тасболат.

B) Қабыш.

C) Әнуар.

D) Күлтай.

E) Жұмағұл.

15. С.Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы қай жылы басылғанын анықтаңыз.

A) 1917ж.

B) 1914ж.

C) 1913ж.

D) 1915ж.

E) 1911ж.

16. С.Мұқановтың драматургия саласындағы құнды еңбегін табыңыз.

A) ’’Қарагөз’’ трагедиясы.

B) ’’Түнгі сарын’’ пьесасы.

C) ’’Шоқан Уәлиханов’’ пьесасы.

D) ’’Қара қыпшақ Қобыланды’’.

E) ’’Ант’’ драмасы.

17. Ғ.Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесіндегі Қайсардың тұлпарының атын белгілеңіз.

A) Қаракер.

B) Көк бесті.

C) Көкдауыл.

D) Қозыкүрең.

E) Күрең төбел.

18. Тұңғыш қазақ театрының ашылған уақытын көрсетіңіз.

A) 1940 ж.

B) 1928 ж.

C) 1922 ж.

D) 1930 ж.

E) 1926 ж.

19. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мәңгүрттің шын атын табыңыз.

A) Еламан.

B) Есенаман.

C) Аманжол.

D) Жоламан.

E) Аман.

20. Көне түркі жазуын алғаш оқыған ғалымды белгілеңіз.

A) С.Ремезов.

B) В.Томсен.

C) Н.Ядринцев.

D) В.Радлов.

E) Н.Видзен.

21. Азау, Азау дегенің

Әл-Ғұсман - патша жұрты екен,

Дін ісләмнің кірті екен.

Азаудың ер Доспамбет ағасы

Азаудың бір бұрышындай жарты екен!- деген үзінді қай жыраудың өлеңінен алынғанын анықтаңыз.

A) Қазтуған.

B) Доспамбет.

C) Асан қайғы.

D) Шалкиіз.

E) Бұқар.

22. «Зар заман», «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз.

A) Шортанбай Қанайұлы.

B) Әбубәкір Шоқанұлы.

C) Мағауия Абайұлы.

D) Мұрат Мөңкеұлы.

E) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

23. Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралап, қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы ұғымына байланысты қандай еңбектер жазғанын белгілеңіз.

A) ’’Қыз Жібек’’.

B) ’’Қобыланды’’.

C) ’’Тәңірі’’, ’’Қазақстандағы шамандықтың қалдығы’’.

D) ’’Айман-Шолпан’’.

E) ’’Қозы Көрпеш-Баян сұлу’’.

24. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында Дәркембай Меккеге аттанарда Құнанбайға не үшін барғанын табыңыз.

A) Құн сұрауға.

B) Жол болсын айту үшін.

C) Ақыл-кеңес беруге.

D) Өкпесін білдіруге.

E) Өтініш айтуға.

25. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде Байтас шалдың шекарадан жалғыз өту себебін белгілеңіз.

A) Балалары туған жерге қайтқысы келмеген.

B) Балаларын ұстап алып, түрмеге қамап тастаған.

C) Балалары жоқ адам.

D) Балалары болған, бірақ қайтыс боп кеткен.

E) Балалары туған жерге кетіп қалған.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]