
Биология
1. Шөлге төзімді, суды көп қажет етпейтін өсімдік: A) Эквалипт B) Жүгері C) Қияр D) Мыңжапырақ E) Сексеуіл |
2. Картоп түйнегінен алынатын заттар: A) Тыңайткыш. B) Йод, бояу. C) Ақуыз. D) Май. E) Крахмал, сірне, спирт. |
3. Қына қабаттамасындағы (денесінде) жасыл балдырлардың ролі A) Құнарсыз жерлерде өсуіне әсер етеді. B) Фотосинтез нәтижесінде органикалық зат түзеді. C) Қынаның көбеюіне қатысады. D) Қынаның өсуіне әсер етеді. E) Топырақтан суды сіңіреді. |
4. Шұбалшаңға тән емес белгілер: A) Жауыннан кейін жер бетіне шығуы. B) Сирекқылтандылығы. C) Паразиттік тіршілік етуі. D) Буылтық денелі болуы. E) Регенерация қасиетінің болуы. |
5. Қосқанаттылар отрядына жататын бунақдене: A) Қоңыз. B) Балара. C) Шегіртке. D) Көбелек. E) Маса. |
6. Жасушаның бейорганикалық заты: A) Май B) Ақуыз C) Нуклейн қышқылы D) Тұз E) Көмірсу |
7. Тұмау вирустарының кездесетін жері- A) тердің құрамында. B) жастың құрамында. C) теріде. D) қақырықта, сілекейде. E) өкпеде. |
8. Моносахаридтерге жататын көмірсулар: A) сахароза. B) фруктоза. C) целлюлоза. D) гликоген. E) крахмал. |
9. Жер ғаламшарының су қабаты аталады: A) Гидросфера. B) Литосфера. C) Стратосфера. D) Тропосфера. E) Атмосфера. |
10. Негізгі тамыры ерекше білінетін өсімдік- A) сарғалдақ. B) жолжелкен (иманжапырақ). C) бақбақ. D) жүгері. E) пияз. |
11. Бір тұқымбастамасы бар жатын- A) Көкнәрде B) Мақтада C) Орамжапырақта (қырыққабатта) D) Томатта (қызанақта) E) Шиеде |
12. Балықтардың қанайналым жүйесі: A) бір қанайналым шеңбері B) тұйық емес C) екі қанайналым шеңбері D) төрт қанайналым шеңбері E) үш қанайналым шеңбері |
13. Жұлынның қызметі- A) Бұлшық еттердің жұмысын реттеу. B) Рефлекторлық және өткізгіштік. C) Қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз ету. D) Рефлекторлық. E) Көруді басқару. |
14. Қантамырларының қабырғасы түзілетін ұлпа A) үшбасты бұлшық ет. B) көлденең жолақты жүрек ұлпасы. C) бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы. D) көлденең жолақты қаңқа ұлпасы. E) екібасты бұлшық ет. |
15. Адам қай жұқпалы аурумен ауырғанда иммунитеттен айырылады: A) Тұмау. B) Өкпе рагы. C) СПИД. D) Оба ауруы. E) Дизентерия. |
16. Қарын сөлінің құрамына кіретіндер: A) Адреналин мен дәрумен. B) Ферменттер, сөл мен тұз қышқылы. C) Гормондар мен антиденелер. D) Өт пен инсулин. E) Трипсин мен өт. |
17. Қалқанша без гормоны құрамындағы химиялық элемент: A) йод B) бром C) натрий D) хлор E) фтор |
18. Хромосомалардың бар жері: A) Лизосома. B) Клетка орталығы. C) Цитоплазма. D) Рибосома. E) Ядро. |
19. Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтануын ашты: A) С. Навашин B) Т.Шванн C) М. Шлейден D) Ф. Жакоб E) Ж. Моно |
20. Шырынды жеміске жатады A) Көкнар B) Қызан C) Бидай D) Күнбағыс E) Шошқажаңғақ |
21. Өзең көлдерде,бөгеттерде тіршілік етеді A) Хлорелла B) Ламинория C) Қызыл балдыр D) Қоңыр балдыр E) Спирогира |
22. Aдамның кез-келген белгілерінің бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын зерттеу әдісі A) популяциялық. B) генеалогиялық. C) егіздік. D) цитогенетикалық. E) биохимиялық. |
23. Анд (Оңтүстік Америка) орталығы … отаны. A) картоптың B) жүзімнің C) күріштің D) майлы тағамның E) орамжапырақтың (қырыққабат) |
24. Тас көмір түзуге қатысқан өсімдіктер: A) балдырлар B) жалпақ жапырақтылар C) гүлді өсімдіктер D) шаңжапырақ тәрізділер (қырықжапырақ) E) мүктер |
25. Консументтерге жататын ағзалар: A) Фотосинтездеушілер. B) Автотрофтар. C) Гетеротрофтар. D) Бір жасушалы балдырлар. E) Хемосинтездеушілер.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |