
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
2007 - НҰСҚА
2008
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Сөздің тура мағынасын табыңыз. A) Ашулы ақсақал бәрінің әкесін танытты. B) Ұрғанның әкесін көрсетемін. C) Абайдың әкесі-Құнанбай.+ D) Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің. E) ’’Әкем-ау, оқып берші’’,- деді атасы немересіне. |
2. Қысаң дауыстылары бар сөзді табыңыз. A) Қосу. B) Биік.+ C) Сәрсенбі. D) Әрдайым. E) Өнерлі. |
3. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз. A) Ыриза. B) Ырыза. C) Ыразы. D) Ириза. E) Риза. + |
4. Түбір, түбірлес сөз тіл білімінің қайсысына жатады, көрсетіңіз. A) Морфология.+ B) Фонетика. C) Лексика. D) Синтаксис. E) Пунктуация. |
5. Дерексіз зат есімді белгілеңіз. A) Ой+. B) Оқушы. C) Кітап. D) Ағаш. E) Бала. |
6. Күшейткіш буын арқылы жасалған сөзді көрсетіңіз. A) Жасыл. B) Көрікті. C) Әп-әдемі.+ D) Дара. E) Орнықты. |
7. Өздік есімдігі бар тіркесті табыңыз. A) Өз заты.+ B) Шөптің басы. C) Күзгі түн. D) Ел ырысы. E) Жарық күн. |
8. Шартты райлы етістікті табыңыз. A) Ұсынарлық. B) Ұсындық. C) Ұсынбақпыз. D) Ұсынайық. E) Ұсынсаңыз.+ |
9. Одағайдың қай түрі, белгілеңіз. Тәйт, екінші мынандай мінез көрсетпе! A) Ренжу. B) Бұйыру. C) Шақыру. D) Тыйым салу.+ E) Қапалану. |
10. Омонимді табыңыз. A) Болып ед жат та болса туысындай. B) Сағынтып жастық дәурен желдей өткен, Жастаулы қалған екен құс жастығым.+ C) Көкірегі қайғылы, көзі жасты. D) Жақсыда жаттық жоқ. E) Жалығу, еріну жоқ, жасу да жоқ. |
11. Дауысты дыбыстардың үндесуін не дейміз, белгілеңіз. A) Орфография дейміз. B) Орфоэпия дейміз. C) Сингармонизм дейміз.+ D) Дыбыс үндестігі дейміз. E) Екпін дейміз. |
12. Мезгіл үстеуді белгілеңіз. Бүгін Жолдыаяққа аз ғана ас құйылған екен. A) Құйылған. B) Жолдыаяққа. C) Бүгін.+ D) Ас. E) Аз. |
13. Қарсылық мәнді жалғаулық шылауларды көрсетіңіз. A) Немесе, әлде. B) Сондықтан, өйткені. C) Әрі, және. D) Алайда, дегенмен.+ E) Да, де, та, те. |
14. Меңгеруді табыңыз. A) Жайлауға шықты.+ B) Алты алаш. C) Мұның қызметі. D) Ешкім үндемеді. E) Сәлем беру. |
15. Тұрақты сөз тіркесі қатысқан сөйлемді табыңыз. A) Өз сөзіңдей қып жеткізейін! B) Құдайменде үн-түнсіз түрегелді. C) Ол көптен ат ізін салмады.+ D) Сол уақытта Ақбала кірді. E) Үйдегі кісілерді бастап, тысқа шықты. |
16. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз. A) Айранды пісіп, сары май шайқайды. B) Айран, сүт, қымыз – бәрі де ұлттық тағамдар.+ C) Айран – ұйытылған сүт. D) Жылқы мен түйе сүтінен қатық ұйытылмайды. E) Қатыққа еш нәрсе қоспай ішеді. |
17. Кезектес салаластың жалғаулықтарын табыңыз. A) Дегенмен, алайда, бірақ, сөйтсе де. B) Кейде, біресе.+ C) Өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан. D) Немесе, болмаса, әйтпесе, яки. E) Және, әрі, да, де. |
18. Қаратпа сөзді табыңыз. A) Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем.+ B) Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді . C) Әрине, қиындықтар кездеседі. D) Ән кеші басталды. E) Екі батыр шаңды қардай боратты. |
19. Біреудің өзгертілмей айтылған сөзінің атауын белгілеңіз. A) Төлеу сөз. B) Диалог. C) Автор сөзі. D) Төл сөз.+ E) Монолог. |
20. Көнерген сөзді табыңыз. A) Саябақ. B) Сауға.+ C) Ұшақ. D) Қамыт. E) Ноқта. |
21. Көсемшеден болған қос сөзді табыңыз. A) Жүзбе-жүз B) Алпамсадай-алпамсадай C) Барар-бармасымды D) Салдыр-гүлдір E) Сөйлей-сөйлей + |
22. Көп нүктенің орнына лайықты еліктеу сөзді көрсетіңіз. Боқай келіншегінің сөзіне ... етпеді. A) ырс. B) қарс. C) мыңқ+. D) топ. E) дік. |
23. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз. Өркеш-өркеш құм. A) Жалаң. B) Жақсыз. C) Жақты. D) Толымды. E) Атаулы. + |
24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз. A) Әй Баянды, деймін, осы дүниені Қызылжарға апаратын менмін ғой. B) ’’Әй Баянды’’ деймін, осы дүниені Қызылжарға апаратын менмін ғой. C) – Әй, Баянды деймін, осы дүниені Қызылжарға апаратын менмін ғой.+ D) Әй, Баянды, деймін, осы дүниені Қызылжарға апаратын менмін ғой. E) Әй Баянды деймін, осы дүниені Қызылжарға апаратын менмін ғой. |
25. «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты лингвистикалық еңбектің авторын көрсетіңіз. A) Ахмет Югнаки. B) Сайф Сарай. C) Жүсіп Баласағұн. D) Қожа Ахмет Яссауи. E) Махмұд Қашқари. +
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. Түркеш қағанаты билік басына қай қағанның келуімен нығайды? A) Білге қаған. B) Күлтегін. C) Мұқан қаған. D) Есенбұға. E) Сұлу қаған. + |
2. Әл-Фараби дүниеге келген қала A) Тараз B) Түркістан C) Отырар+ D) Ақбешім E) Сығанақ |
3. Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстанға көшкен уақыты: A) ХV ғ. ортасы.+ B) ХVІ ғ. соңы. C) ХІІІ ғ. соңы. D) ХVІ ғ. басы. E) ХІV ғ. соңы. |
4. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше көзге түскен қазақ батыры: A) Амангелді B) Исатай C) Бөгенбай+ D) Сырым E) Жоламан |
5. С.Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші A) билер B) шаруалар+ C) батырлар D) жұмысшылар E) старшындар |
6. «Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген жыл A) 1891 жылы 2 маусым B) 1886 жылы 10 қазан C) 1867 жылы 11 шілде D) 1889 жылы 13 шілде E) 1868 жылы 21 қазан+ |
7. «Қалың мал» романының авторы: A) Ы.Алтынсарин. B) С.Мұқанов. C) С.Торайғыров. D) С.Көбеев.+ E) М.Дулатов. |
8. ХХ ғасырдың басындағы «Майдақоңыр» әнінің авторы A) Ақан Сері B) Жаяу Мұса C) Естай + D) Біржан сал E) Ыбырай |
9. Тарихшы Е.Бекмахановтың жазықсыз жазалануына себеп болған ірі зерттеу тақырыбы. A) Кенесары бастаған көтеріліс.+ B) Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі. C) Хандық биліктің жойылуы. D) Қазақстанның Ресейге қосылуы. E) Бөкей ордасындағы көтеріліс. |
10. Полеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір. A) Жамбыл обылысы+ B) Алтай өңірі C) Алматы обылысы D) Алатау өңірі E) Орталық Қазақстан жері |
11. Аттиланың (Еділ) шамамен өмір сүрген жылдары A) 100-156 B) 400-453.+ C) 270-334 D) 210-270 E) 334-400 |
12. Ақ орда мен Моғолстан одағы бағытталды A) Темір мемлекетіне.+ B) Жоңғарларға. C) Ноғай ордасына. D) Алтын Орда хандарына. E) Қытайға. |
13. 1538-1580ж. Қазақ хандығын басқарған хан: A) Қасым B) Есім C) Хақназар+ D) Тәке E) Тәуекел |
14. 1864 жылы көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс A) Ташкент B) Бұқар C) Пішпек D) Түркістан + E) Тоқмақ |
15. 1837 жылы Александр княздің патшалық қабылдауында болған 1812 жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер: A) Хамитұлы B) Зындағұлұлы C) Ә.Байбатырұлы D) Н.Жанжігітұлы + E) Азаматұлы |
16. 1916 жылы 23 тамызда қара жұмыстан босатылатындар туралы құпия бұйрық шығарған генерал-губернатор: A) А.Куропаткин.+ B) А.Керенский. C) Е.Курев. D) М.Фольбаум. E) А.Дутов. |
17. 1931 жылы Қарағанды облысының, Осакаров ауданында негізінен пайда болды: A) 35 қоныс обсервация. B) 55 қоныс обсервация. C) 45 қоныс обсервация. D) 25 қоныс обсервация.+ E) 65 қоныс обсервация. |
18. 1979 ж. «Неміс автономиясының» құрамына іргелес аудандағы енгізілмек болған облыстар: A) Алматы, Қарағанды, Көкшетау B) Павлодар, Алматы, Қарағанды C) Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Ақмола+ D) Семей, Ақтау, Қарағанды E) Көкшетау, Павлодар, Алматы, Қарағанды |
19. Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп, бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1999 жыл жарияланды A) «Халақтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы» B) «Қазақстан халқы жылы» C) «Ұлт пен ұлыстар жылы» D) «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» + E) «Рухани келісім жылы» |
20. Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел: A) Византия B) Жапония+ C) Орта Азия D) Үндістан E) Қытай |
21. Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы A) Рубрук B) В.В.Бартольд C) Б.Е.Көмеков D) Рузбихан+ E) Сына-Цянь |
22. “Хұсрау мен Шырын” шығармасының авторы A) Әли ақын B) Хорезм C) Дүрбек D) Ж.Баласағұни E) Кутб+ |
23. Қ.Жалаиридің еңбегі A) ”Оғызнама” B) ”Шежірелер жинағы”+ C) ”Шыңғыснама” D) ”Құтадұғу Білік” E) ”Хикмет” |
24. Қазақ АКСР-н құру туралы декрет шықты: A) 1920 жылы 10-желтоқсан. B) 1920 жылы 5-ақпан. C) 1919 жылы 21-наурыз. D) 1921 жылы 28-сәуір. E) 1920 жылы 20-тамыз. + |
25. Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді: A) Сталинград үшін шайқаста. B) Ленинград үшін шайқаста. C) Брест қамалы үшін шайқаста. D) Мәскеу үшін шайқаста. E) Берлин үшін шайқаста. +
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |