Қазақ әдебиеті
1. Хайуанаттар туралы ертегіні табыңыз. A) «Ер Төстік» B) «Аққудың күйі» C) «Түлкі, аю, қойшы» D) «Керқұла атты Кендебай» E) «Тұлпар» |
2. «Алпамыс батыр» жырындағы батырдың жарының есімін табыңыз. A) Назым. B) Ақжүніс. C) Қарлыға. D) Қарашаш. E) Гүлбаршын. |
3. Жаңбыр жаумаса жер жетім, Басшысы болмаса ел жетім, Ұқпасқа айтқан сөз жетім... –деген кімнің сөзі екенін табыңыз. A) Әйтеке би B) Жиренше шешен C) Тайкелтір би D) Қазыбек би E) Төле би |
4. Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбын белгілеңіз. A) Өзін-өзі мадақтау. B) Адамзат туралы ой-толғау. C) Ел бірлігін жырлау, Абылай бейнесін сомдау. D) Бұрынғыны аңсау. E) Ғашықтықты жырлау. |
5. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз. A) «О, Ақтан жас, Ақтан жас...» B) «Сөз жазып, өлең өлшемек» C) «Өлсе, өлер табиғат адам өлмес» D) «Кәмшат қыз» E) «Жетісу суреттері» |
6. Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі сипатталатын жануарды көрсетіңіз. A) Тазы ит. B) Жылқы. C) Түйе. D) Бүркіт. E) Қасқыр. |
7. С.Сейфуллиннің махаббат туралы романтикалық поэмасын белгілеңіз. A) "Көкшетау". B) "Аққу күйі". C) "Альбатрос". D) "Аққудың айрылуы". E) "Қызыл ат". |
8. Ж.Жабаевтың болыс жөніндегі сатиралық өлеңін табыңыз. A) «Қамал бұзған қаҺарман». B) «Мөңке туралы». C) «Отанды сүй». D) «Екі дүние айқасты». E) «Отан әмірі». |
9. «Арғымақтар», «Қыз қуу» өлеңдерінің авторын табыңыз. A) М.Шаханов. B) Т.Молдағалиев. C) С.Мәуленов. D) Ә.Тәжібаев. E) О.Сүлейменов. |
10. ’’Жамиғат-тауарих’’ кімнің еңбегі екенін табыңыз. A) Мұхаммед Салих. B) Қадырғали Жалайри. C) М.Х.Дулати. D) Әбілғазы Бахадүр. E) З.М.Бабыр. |
11. «Айман-Шолпан» жырындағы кейіпкерді табыңыз. A) Қарлыға. B) Бадамша. C) Теңге. D) Аналық. E) Таңсық. |
12. Асан қайғы Қазақ хандығы құрылғанда кім болғанын белгілеңіз. A) Мемлекет ұраншысы. B) Уәзір. C) Шешен. D) Би. E) Мемлекет басшысы. |
13. Ы.Алтынсарин қай әңгімесінде «Бағып-қағуда көп мағына бар» деп, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу қажеттігін көрсеткенін табыңыз. A) «Шеше мен бала». B) «Әке мен бала». C) «Таза бұлақ». D) «Бақша ағаштары». E) «Мейірімді бала». |
14. С.Торайғыровтың ХХ ғ. басында әдебиеттің қандай саласын қалыптастырғанын табыңыз. A) Аудармашылықты. B) Публицистиканы. C) Көлемді прозаны. D) Сюжетті сатиралық өлең, мысалды. E) Лириканың азаматтық үнін. |
15. І.Жансүгіров оқыған білім ордасын табыңыз. A) Жоғары әдебиет-көркемөнер институты. B) Қазақ ағарту институты. C) Алматы педагогика институты. D) Москва журналистика институты. E) Омбы мұғалімдер семинариясы. |
16. Л. Соболевпен бірлесіп, ұлы ақын Абайдың сахналық бейнесін тұңғыш жасаған қаламгерді табыңыз. A) Ә. Әбішев. B) Ғ. Мүсірепов. C) С. Мұқанов. D) Ғ. Мұстафин. E) М. Әуезов. |
17. Ғ. Мүсірепов сомдаған сахналық бейне, өнер адамының есімін табыңыз. A) Балуан Шолақ. B) Жаяу Мұса. C) Ақан сері. D) Үкілі Ыбырай. E) Біржан сал. |
18. "Шыңы - бұлт, екпіні - жел, аттар - қаңбақ". (І. Жансүгіров). Мұнда көркем бейнелеудің қай түрі бар екенін табыңыз. A) Синекдоха. B) Кейіптеу. C) Метафора. D) Теңеу. E) Эпитет. |
19. Мәңгүрт - Шыңғыс Айтматовтың қай шығармасының өзекті кейіпкері екенін анықтаңыз. A) "Ана-жер-Ана". B) "Боранды бекет". C) "Жан пида". D) "Ақ кеме". E) "Қош бол, Гүлсары". |
20. VІ-VІІ ғасырдағы туындыны табыңыз. A) «Күлтегін», «Тоныкөк». B) «Мұхаббат-наме». C) «Қисса-сул әнбия». D) «Жамиғат тауарих». E) «Қорқыт ата» кітабы. |
21. Қазтуғанның жырын табыңыз. A) “Бұл заманда не ғаріп?” B) “Айналайын, Ақ Жайық”. C) “Бөгембай өліміне”. D) “Мұнар түн”. E) “Еділ”. |
22. Қызғыштай болған есіл ер. Қайран да жұрттан не көрді?- деген үзінді Махамбет ақынның қай өлеңінен, табыңыз. A) «Қызғыш құс». B) «Мұнар күн». C) «Соғыс». D) «Ереуіл атқа ер салмай». E) «Тарланым». |
23. Зар заман ақынын табыңыз. A) Мағауия Абайұлы. B) Жамбыл Жабаев. C) Шәкәрім Құдайбердіұлы. D) Кердері Әбубәкір Шоқанұлы. E) Сәбит Дөнентаев. |
24. Шоқанның ²Жоңғария очерктерінен² алынған үзіндіні белгілеңіз. A) ...Адамның басынан салынған мұнаралар пайда бола бастады... B) ... Мен туған елім үшін осындай маңызды құрылыстар дайындалып жатқандықтан, пікірімді білдіруді борышым деп санаймын... C) Сен мені әлдеқашан өліп қалды деп ойлап жүрген шығарсың... D) ...Россияның ұлдарының ішінде басқа дін ұстап және басқа тілде сөйлеп отырған көп халықтар бар... E) Таяуда сенің шетелге жүретініңді айтып жазған хатыңды алған едім. |
25. Т.Әлімқұлұлы «Қараойға ертеде ат шалдыртыпты-мыс,”- деп, Махамбеттен басқа қай батырдың атын атайтынын табыңыз. A) Алпамыс. B) Ер Тарғын. C) Қамбар. D) Арқалық. E) Қобыланды.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
