Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2005.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

География

1. Қай құрлықты суық ағыс қоршай ағады?

A) Еуразия.

B) Солтүстік Америка.

C) Африка.

D) Антарктида.+

E) Оңтүстік Америка.

2. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал:

A) Нивелир.

B) Термометр.

C) Психрометр.

D) Барометр.+

E) Изобар.

3. Қазақтар нәсілге жатады

A) Аралас нәсілге.

B) Монголоид.+

C) Экваторлық.

D) Славян тобына.

E) Еуропеоид.

4. Жыл бойы ауа температурасы жоғары жауын шашын мол жауатын белдеу:

A) тропиктік

B) полярлық

C) субтропиктік

D) қоңыржай

E) экваторлық +

5. Африкадағы жер суландыру үшін қолданылатын өзендер.

A) Конго, Лимпопо.

B) Нигер, Ніл.+

C) Кагера, Заир.

D) Оранжевое, Замбези.

E) Убанги, Касай.

6. Қазақстан Ғылым Академиясының Тұңғыш Президенті, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.

A) П.П. Семенов-Тян-Шанский.

B) Шоқан Уәлиханов.

C) Қаныш Сәтбаев.+

D) Әл-Фараби.

E) И.В. Мушкетов.

7. Арал алабының өзендері.

A) Жайық, Жем.

B) Есіл, Қаратал.

C) Сырдария, Келес, Арыс.+

D) Лепсі, Тентек.

E) Ертіс, Тобыл.

8. Кенді Алтайдың пайдалы қазбалары.

A) Мыс рудалары.

B) Фосфориттер.

C) Полиметалл.

D) Мұнай, газ.

E) Көмір.

9. Ауыр өнеркәсіп салалары

A) Тамақ өнеркәсібінің мекемесі.

B) Стадиондар, кинотеатрлар, емханалар.

C) Тоқыма комбинаты.

D) Аяқ киім және тігін фабрикалары.

E) Машина жасау және отын-энергетика кешені. +

10. Біздің планетада тіршілік пайда болған уақыт.

A) 570 млн. жыл бұрын.

B) Адамның пайда болуымен бірге.

C) 4 - 4,5 млрд. жыл бұрын.

D) 3 млрд. жыл бұрын шамасында.+

E) Төрттік кезеңде.

11. Тұзды күмбездер ... тән:

A) Батыс Сібірге

B) Балқаш маңына

C) Бетпақдалаға

D) Үстіртке

E) Каспий маңы ойпатына

12. Жоғарғы қысым аймағы.

A) Циклон.

B) Ылғалдану.

C) Булану.

D) Антициклон.

E) Атмосфералық фронт.

13. Экологиялық қауіптілігі орташа сатыдағы аудандарға ... кіреді.

A) қайың көп өсетін жерлер

B) ауыл шаруашылықты суармалы жерлер+

C) дала және орманды дала

D) таулы аймақтардағы орман зоналары

E) металлургия заводтар, көмір шахталары

14. Халықтың орналасуына әсер ететін факторлар:

A) Тарихи, табиғи және экономикалық жағдай.+

B) Климат-табиғат жағдайы, ғылым.

C) Табиғи өсім.

D) Тарихи жағдайлар.

E) Өнеркәсіптің дамуы, мәдениет.

15. Былғары зауыттары орналасқан қалалар:

A) Қостанай, Зырян.

B) Павлодар, Теміртау.

C) Қызылорда, Арал.

D) Орал, Тараз.+

E) Өскемен, Астана.

16. Үндістан Қазақстанға ... береді.

A) шәй, дәрі-дәрмек, тұрмысқа қажетті заттар+

B) пайдалы қазбалар

C) автомашиналар

D) мұнай және газ

E) тоқыма бұйымдарына арналған құрал-жабдықтар

17. Жанұяны жоспарлау саясатын жүргізетін ел

A) Египет

B) Үндістан+

C) Австралия

D) Қазақстан

E) Түркия

18. Шайдың отаны

A) Қытай.+

B) Индонезия.

C) Шри-Ланка (Цейлон).

D) Үндістан.

E) Вьетнам.

19. АҚШ-тың 50 ші штаты орналасқан арал.

A) Жаңа Гебридтер.

B) Жаңа Каледония.

C) Гавай.+

D) Маркиз.

E) Жаңа Гвинея.

20. Бетіне компас орнатылған төрбұрышты қатырма қағаз:

A) нивелир

B) рулетка

C) планшет+

D) флюгер

E) азимут

21. Үндістан түбегіндегі табиғат зоналар:

A) сирек ормандар, ауыспалы-ылғалды ормандар.+

B) орманы дала

C) аралас ормандар

D) шөл мен шөлейттер

E) арктикалық шөл

22. Республикалық экономикалық аймақтарға бөлуде алынатын басты нышан:

A) Халқының саны.

B) Шаруашылықтарының мамандануы.+

C) Минералды ресурстар.

D) Жер көлемі.

E) Табиғат жағдайы.

23. Абсолюттік монархиялы ел:

A) Монғолия.

B) Ұлыбритания.

C) Мавритания.

D) Иран.

E) Сауд Аравиясы. +

24. Энергиясының негізгі көзі геотермальдық сулар болып табылатын мемлекет:

A) Швеция.

B) Дания.

C) Финляндия.

D) Норвегия.

E) Исландия. +

25. АҚШ-тың ірі өнеркәсіптік ауданы:

A) Сан-Франциско.

B) Аляска.

C) Нью-Йорк.+

D) Калифорния.

E) Бостон.

ГЕОГРАФИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]