
Биология
1. Өсімдіктің жасыл түсі (бояуы)- A) Цитоплазмаға байланысты B) Ядроға байланысты C) Қабығына байланысты D) Пластидтерге байланысты E) Ядрошығына байланысты |
2. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемістері : A) Сүйекті шырынды жеміс. B) Құрғақ тұқымша жеміс. C) Құрғақ қауашақ. D) Шырынды жидек жеміс. E) Құрғақ жаңғақша. |
3. Aуру туғызатын бактериялар: A) паразитті B) цианобактериялар. C) шіріту D) топырақ E) сүтқышқылы |
4. Гидраның аралық клеткаларының (жасушаларының) қызметі- A) жиырылтады. B) қозғалтады. C) қоректенуін жеңілдетеді. D) босаңсытады. E) денесінің зақымданған жерін қалпына келтіруге көмектеседі. |
5. Өрмекшітәрізділерге жататыны: A) Биттер. B) Бүрге. C) Шегіртке. D) Дафния. E) Кене. |
6. Тынысалу жүйесінің ауруына жатпайтыны: A) Плеврит. B) Цистит. C) Тұмау. D) Туберкулез. E) Пневмония. |
7. Aдам ағзасында “A” дәрумені жетіспесе, A) қызылиек қанауға бейім болып, қан аздық пайда болады. B) ағзаның өсуі баяулап, көздің көруі нашарлайды. C) “бери-бери” деген зілді ауру пайда болады. D) сүйектер қисайып, ондағы тұздардың мөлшері азаяды. E) ауыздың кілегейлі қабықшасы зақымданады. |
8. Жасушада хромосоманың орналасқан жері A) Цитоплазмада. B) Жасуша аралығында. C) Ядрода. D) Жасуша сөлінде. E) Пластидтерде. |
9. Өсімдіктің азот жинақтаушы-түйнек бактериялары орналасқан орны: A) Жемісте. B) Тамырда. C) Жапырақта. D) Сабақта. E) Тұқымда. |
10. Тамырға топырақтың құрамындағы ауа қажет: A) тыныс алу үшін B) тек жуандап өсу үшін C) қоректену үшін D) ұзынынан өсу үшін E) топыраққа тереңірек ену үшін |
11. Теңіз (батпақшыл) тасбақасы суда: A) Жұмыртқа салатын кезден басқа уақытта. B) Өмір бойы болады. C) Жұмыртқа салып, оны басқанда. D) Ұрпағын өсіргенде. E) Жазда құрлықта ұйқыға кетеді. |
12. Қаңқа бұлшықеті, тіл, көз, қолқа, өңештің жоғарғы бөлігінің көмей еттері жататын ұлпа бұлшықеті: A) Жүйке B) Сүйек C) Көлденең жолақты D) Бірыңғай салалы E) Эпителий |
13. Нейронның қысқа өсіндісі A) жұлын B) ми C) рецептор D) аксон E) дендрит |
14. Aдамның сіңірі A) иілгіштік қасиет береді. B) бұлшықетті сүйекке бекітеді. C) бұлшықетті бүгеді. D) бұлшықетті жиырады. E) бұлшықетті жазады. |
15. Жүрек, қан тамырлары ауруларының алдын алу A) шарап ішу B) шылым шегу C) ой еңбегімен дене еңбегін кезектестіру D) ой еңбегімен ғана айналысу E) тәулігіне 16 сағат ұйықтау |
16. Жуылмаған жеміс-жидек, көкөніс, кір, лас қолдан жұғады A) анемия B) диарея C) дистрофия D) дизентерия E) дифтерия |
17. Митохондрияларда АТФ синтезделген кезінде энергия көзі болып саналатын A) Жылылық. B) Су. C) Бейорганикалық қосылыстар. D) Органикалық қосылыстар. E) Жарық. |
18. Даун ауруымен ауыратын адамның жасушасындағы хромосома A) 47. B) 46. C) 48. D) 49. E) 45. |
19. Органикалық зат түзетіндер: A) Етқоректі жануарлар. B) Редуценттер. C) Өсімдікқоректі жануарлар. D) Продуценттер. E) Консументтер. |
20. Жүгерінің гүлдері: A) Жыныссыз B) Екі үйлі C) Дара жынысты D) Бір үйлі E) Қос жынысты |
21. Пиязшықты өсімдік: A) Орамжапырақ (қырыққабат) B) Сәбіз C) Картоп D) Ермен E) Қызғалдақ |
22. Жауынқұрттың қан айналым жүйесі: A) Бір қантамыр мен жүрекше. B) Ашық жүйе. C) Қылтамырлар. D) Көктамырлар. E) Арқа құрсақ қантамырлары мен «жүрекше». |
23. Ұрық жапырақшылары пайда болатын саты A) зигота B) бластула C) бластомер D) гаструла E) нейрула |
24. Ағзалардың белгілі бір ортаға өзінің тіршілігін сақтап бейімделуі ол ... A) табиғи сұрыпталу. B) қолдан сұрыптау. C) тіршілік үшін күрес. D) макроэволюция. E) микроэволюция. |
25. Aдамдағы рудименттерге жататын A) түктілік. B) көп емшектілік. C) көкеттің болуы. D) үшінші қабақ. E) құйрықтың дамуы.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |