Дүние жүзі тарихы
1. Ежелгі Грецияда балаларды жақсы мінез-құлыққа тәрбиелейтін педагогтар: A) Жұмысқа жарамсыз саналған құлдардан болған. B) Ауқатты адамдардан болған. C) Олимпия ойындарына қатысқандардан болған. D) Әйелдерден болған. E) Жауынгерлерден болған. |
2. ’’Преториандықтар’’ деп Ежелгі Римде A) Римнің еркін тұрғындарын атады. B) Келген саудагерлерді атады. C) Император күзетінің әскерлерін атады. D) Ақсақалдарды атады. E) Құлдарды атады. |
3. Орта ғасырда Еуропадағы “шедевр” сөзінің мағынасы: A) Сауда заттары. B) Шебердің көмекшісі. C) Бұйымның ең үздік үлгісі. D) Әшекей бұйымдар. E) Алтын, күміс. |
4. XVI ғ. бірінші жартысында Ресейдегі басқару органдары: A) Сенат B) Приказдар C) Коллегиялар D) Боярлар кеңесі E) Земство соборы |
5. Француз королі XVІ Людовиктің тағдыры: A) Шетелге қашты. B) Түрмеге қамады. C) Басын кесті. D) Монастырьге кетті. E) Ата-мекенінде жекеленді. |
6. Ватерлоо шайқасындағы француз армиясының қолбасшысы. A) Веллингтон. B) Наполеон. C) Лафайет. D) Талейран. E) Меттерних. |
7. Қытайдағы Тайпиндер көтерілісінің болған жылдарын көрсетіңіз: A) 1850-1866 B) 1850-1860 C) 1850-1868 D) 1850-1864 E) 1850-1862 |
8. ХVІІІ ғ. ортасында Азия мен Американың өзара бұғазбен бөлінгендігін дәлелдеген ғылыми экспедиция - A) Ю.Лисянский экспедициясы. B) В.Берингтің экспедициясы. C) Ф.Беллинсгаузеннің экспедициясы. D) И.Крузенштерн экспедициясы. E) С.Крашенинников экспедициясы. |
9. Орыс-жапон соғысы болған жылдар: A) 1902-1903 ж.ж. B) 1907-1908 ж.ж. C) 1904-1905 ж.ж. D) 1905-1906 ж.ж. E) 1900-1901 ж.ж. |
10. Ұлы Карлдың Франкты билеген жылдары: A) 760-800 жж. B) 763-816 жж. C) 768-814 жж. D) 768-820 жж. E) 765-810 жж. |
11. Германиядағы феодалдар арасындағы билеуші үстем тап: A) Орта дворяндар. B) Көпестер. C) Жергілікті буржуазия. D) Ұсақ дворяндар. E) Аббаттар. |
12. 1799 ж. орыс армиясының Швейцария мен Италия жорығының қолбасшысы: A) Барклай де Толли. B) Суворов. C) Кутузов. D) Багратион. E) Ушаков. |
13. Электр шамын ойлап тапқан американдық өнертапқыш: A) Бор. B) Беккерель. C) Максвелл. D) Резерфорд. E) Эдисон. |
14. Италияның фашистік партиясы құрумен айналысты: A) Франко. B) Виктор Эммануил. C) Адольф Гитлер. D) Бенито Муссолини. E) Герман Геринг. |
15. 1943 жылы КСРО, АҚШ және Англия мемлекет басшылары алғаш рет бас қосқан қала: A) Лондон. B) Тегеран. C) Ялта. D) Москва. E) Нью-Йорк. |
16. ’’Ленинградтық іс бойынша’’ айыпталғандар: A) А.Ахматова, М.Зощенко. B) М.Бродский, Б.Пастернак. C) И.А.Платонов, И.Исаковский. D) Вознесенский, Кузнецов, Родионов. E) С.Прокофьев, Д.Д.Шостакович. |
17. 1947 ж. Конституция бойынша Жапониядағы мемлекеттік құрылым: A) Президент-парламенттік Республика. B) Абсолюттік монархия. C) Президенттік Республика. D) Конституциялық монархия. E) Парламенттік Республика. |
18. 1986 жылдары Кеңес елімен қарым-қатынасы көп үзілістен кейін жақсарған ел: A) Монғолия. B) Жапония. C) Ауғаныстан. D) Корея. E) Қытай. |
19. Салыстырмалы теориясының авторы: A) Бор. B) Максвелл. C) Эйнштейн. D) Резерфорд. E) Беккерель. |
20. Б.з.б. 1 мың жылдықтағы Алдыңғы Азиядағы ең ірі 3 мемлекетті атаңыз: A) Ассирия, Троя, Бактрия. B) Вавилон, Лидия, Мидия. C) Сирия, Финикия, Персия. D) Египет, Персия, Ирак. E) Урарту, Үндістан, Қытай. |
21. Испания мәдениетінің гүлденген, әдебиетінің дамыған «алтын ғасыры»: A) XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың І жартысы.. B) XIII ғасыр. C) XV ғасырдың ІІ жартысы. D) XIII ғасырдың аяғы XIV ғасырдың басы. E) XVII ғасырдың ІІ жартысы. |
22. I Интернационалдың Париж секциясының ісі сотта қаралған жыл: A) 1868 ж B) 1878 ж C) 1848 ж D) 1870 ж E) 1858 ж |
23. XX ғасырдың басындағы Үндістандағы Б. Тилак басқарған ұсақ буржуазияшыл демократтардың негізгі талабы: A) Жұмысшылардың жағдайын жақсарту. B) Социализм орнату. C) Ел шаруашылығын национализациялау. D) Демократиялық үкімет құру. E) Тәуелсіз Үндістан Республикасын құру. |
24. 1980 жылы Польшада құрылған «Солидарность» тәуелсіз кәсіп одақ ұйымының басшысы: A) П.Стоянов. B) В.Ярузельский. C) А.Квасьневский. D) Л.Валенса. E) И.Илиеску. |
25. Бірлік идеалдары мен прогрестің дағдарысы болған АҚШ-тағы қайғылы оқиға: A) 2001 ж. 20 қараша B) 2000 ж. 5 наурыз C) 2001 ж. 11 қыркүйек D) 1999 ж. 20 тамыз E) 2002 ж. 15 қаңтар
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
