География
1. Жердің кішірейтілген моделі: A) cурет B) карта C) аэрофотосурет D) глобус E) план |
2. Жер сілкіну ошағының үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте. A) Эпицентр. B) Көмей. C) Гейзер. D) Лава. E) Кратер. |
3. Ішкі теңіз: A) Корал. B) Чукот. C) Карс. D) Жерорта. E) Беринг. |
4. Нәсілдік белгілер ... берілуіне байланысты. A) әлеуметтік жағдайына B) табиғат жағдайына C) күн радиациясына D) ата-анасынан ұрпақтарына E) климатқа |
5. Солтүстік Америкада жер бедерінің қандай түрі басым? A) Таулы B) Қыратты C) Ойпатты D) Адырлы-бұдырлы E) Жазықты |
6. Қазақстанмен шекаралас елдер. A) Беларусь, Иран, Монғолия, Қытай, Түркменстан. B) Ресей, Қырғызстан, Монғолия, Өзбекстан, Қытай. C) Қытай, Ресей, Түркменстан, Қырғызстан, Өзбекстан. D) Украина, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Монғолия. E) Ресей, Тәжікстан, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан. |
7. Қазақстанның өзен алаптары. A) Солтүстік Мұзды мұхиты және ішкі ағынсыз алап. B) Атлант мұхиты және ішкі ағынсыз алап. C) Үнді мұхиты. D) Солтүстік Мұзды мұхиты. E) Тынық мұхиты. |
8. Жер бетінің жоғарғы құнарлы қабаты: A) Топырақ. B) Жер бедері. C) Магма. D) Литосфера. E) Биосфера. |
9. Қазақстандағы миллионер-қала. A) Астана. B) Қарағанды. C) Орал. D) Тараз. E) Алматы. |
10. Қылқан жапырақты, ірі жыртқыштар мен жұп тұяқтылар кездесетін табиғат зонасы: A) Аралас орман. B) Тайга. C) Орманды тундра. D) Тундра. E) Дала. |
11. Шу-Іле таулары ... тау жүйесіне кіреді: A) Мұғалжар B) Жоңғар таулы елі C) Тянь-Шань D) Сауыр-Тарбағатай E) Алтай |
12. Қазақстан аумағы ... ландшафтылық аудандарға бөлінген A) 9 B) 6 C) 7 D) 5 E) 10 |
13. Қазақстанның жылу кезеңі ұзақтау A) Солтүстігінде B) Батысында C) Шығысында D) Оңтүстігінде E) Орталығында |
14. Павлодардағы алюминий заводының құрылу себебі. A) Қолайлы климат жағдайлары. B) Еңбек ресурстары. C) Шикізат көзіне жақындығы. D) Арзан электр энергиясы және су ресурстары. E) Павлодар алюминий заводы тиімсіз орналасқан. |
15. Қазақстан Республикасында күздік бидай егетін ауданы: A) Батыс. B) Оңтүстік. C) Оңтүстік-батыс. D) Шығыс. E) Солтүстік-шығыс. |
16. Павлодар алюминий заводы орналасқан аудан: A) Батыс Қазақстан. B) Шығыс Қазақстан. C) Орталық Қазақстан. D) Оңтүстік Қазақстан. E) Солтүстік Қазақстан. |
17. Конституциялық монархия елі. A) Франция. B) Польша. C) Швеция. D) Италия. E) Германия. |
18. Дамушы елдердегі тоқыма өнеркәсібі дамуының басты себептері A) Арзан электр энергиясы. B) Еңбек ресурсының және шикізат көздерінің арзандығы. C) Тоқыма өнеркәсібі дамушы елдерде дамымаған. D) "Жеңіл" экологиялық заңдар. E) Отын ресурстарымен қамтамасыз ету. |
19. Екі мемлекетті тілді Еуропа мемлекеті. A) Германияда. B) Бельгияда. C) Италияда. D) Норвегияда. E) Данияда. |
20. Ауа массасының қозғалыс бағытының маусымдық ауысуы … климатын қалыптастырады. A) Муссонды B) Арктикалық C) Тропиктік D) Шұғыл континентті E) Континетті |
21. Адамдардың жаңа жерге қоныстануының нәтижесінде ... дамыды. A) пайдалы қазбаларды игеру B) селекциялық жұмыстар C) егіншілік пен мал шаруашылығы D) теңіз транспорты E) қала санының өсуі |
22. Қазақстанның жазықты аласа таулы бөліктерінде жауын-шашынның таралу заңдылықтары: A) Оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа қарай жауын-шашын көбейеді. B) Солтүстіктен оңтүстікке қарай азаяды, батыстан шығысқа қарай жауын-шашын мөлшері кемиді. C) Шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай жауын-шашын көбейеді. D) Оңтүстіктен-солтүстікке, шығыстан бастықа қарай жауын-шашын көбейеді. E) Жауын-шашын біркелкі таралады. |
23. Халықтың саны жөнінен ірі мұсылман елдері. A) Египет, Түркіменстан. B) Түркия, Өзбекстан. C) Ресей, Қазақстан. D) Пәкістан, АҚШ. E) Индонезия, Нигерия. |
24. Мұнайға бай Апшерон түбегі кіретін ел: A) Кувейт. B) Катар. C) Оман. D) Әзірбайжан. E) Бахрейн. |
25. АҚШ-тың экономикалық астанасы: A) Чикаго. B) Вашингтон. C) Нью-Йорк. D) Сан-Франциско. E) Детройт.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
