
Биология
1. Фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілетін зат: A) Ақуыз. B) Минералды тұздар. C) Май. D) Дәрумендер. E) Глюкоза. |
2. Жылу сүйгіш өсімдік- A) Қауын. B) Бұршақ. C) Бидай. D) Қара бидай. E) Сәбіз. |
3. Сыртқы түріне қарап итмұрынның қорғаныштық қасиетін қандай белгілерінен ажыратуға болады? A) Өте биік болып өсуінен. B) Айқын түсті “жемісінен”. C) Гүлдерінің жағымды хош иісінен. D) Өте өткір тікенектерінен. E) Гүлдерінің айқын түсінен. |
4. Қына денесінде саңырауқұлақ A) Органикалық зат түзеді. B) Су және онда еріген минералды тұздарды сіңіреді. C) Спора түзуге қатысады. D) Ерекше қышқыл бөледі. E) Өскен жеріне бекініп тұруына көмектеседі. |
5. Көпаяқты маржандардың (кораллдар) тіршілік ортасы A) Теңіз суында. B) Тұщы суда. C) Өзендерде, ағынды тоғандарда. D) Топырақта. E) Ағынсыз тоғандарда. |
6. Көбелектердің дернәсілінің атауы: A) Жұлдызқұрт. B) Қуыршақ. C) Имаго. D) Личинка. E) Нимфа. |
7. Қанның құрамына кіретін жасушалар A) Остеоциттер (сүйекі жасушалар). B) Лейкоциттер. C) Ет жасушалары. D) Hейрондар. E) Эпителий жасушалары. |
8. Сыртқы секреция безін атаңыз: A) Қалқанша без. B) Бүйрек үсті безі. C) Тер безі. D) Эпифиз. E) Қосалқы без (гипофиз). |
9. Жердің ауа қабаты аталады: A) Тропосфера. B) Стратосфера. C) Атмосфера. D) Гидросфера. E) Литосфера. |
10. Тұқымдары өздігінен таралатын өсімдік: A) Долана B) Терек C) Шоңайна D) Бөрібұршақ E) Тұңғиық |
11. Тарихи кезеңдерде тарпанның таралған аймақтары: A) Еуропа мен Батыс Қазақстан. B) Орта Азияның таулы аудандары. C) Үндістанда. D) Қытайда. E) Монғолия шөлі. |
12. Адам жасушаның негізгі органоиды A) қабықша B) пластид C) цитоплазма D) вакуоль E) ядро |
13. Омыртқа жотасының өзегінде орналасқан жүйке жүйесінің бөлімі A) жұлын B) жүйке түйіндері C) жүйке D) ми E) нейрон |
14. Табан ортасы түсіңкі, дөңес болатын ауру A) сымбаттылық B) жалпақтабандылық C) шаршағандық D) қажығандық E) семіргендік |
15. Өкпе көпіршіктері - A) қылтамырлар. B) кеңірдектің жалғасы. C) өкпенің сыртқы жылтыр, тегіс қабықшасы. D) көкірек қуысының ішкі қабырғасы. E) ауаға толы ауатамыр ұштары. |
16. Ауызда астың құрамындағы заттардың ферменттің әсерінен ыдырайтындары: A) Ақуыздар. B) Көмірсулар. C) Майлар. D) Минерал тұздар. E) Су. |
17. Нуклеин қышқылдарының атқаратын қызметі: A) Энергетикалық. B) Катализдік. C) Құрылыстық. D) Ақпараттық. E) Қорғаныштық. |
18. Биосинтез A) органикалық қосылыстардың ыдырауы. B) жасушаның мөлшері мен салмағының артуы. C) жасушаның бөліну арқылы екіге бөлініп, өзін-өзі өндіруі. D) ортаның физикалық, химиялық өзгерістеріне жауап беру қабілеті. E) жай заттардың қосылып, ақуыз, май, көмірсудың түзілуі. |
19. Көпшілік ағзаларға тән маусымдық өзгерістің негізгі себептері: A) ылғалдылық B) күннің ұзаруы C) орта жағдайы D) қорек E) температура |
20. Гүлдің ең негізгі бөлімдері: A) күлтежапырақшалар B) гүлсағақ және гүлтабан C) тостағанша жапырақша D) аналық және аталық E) аналық мойны және аналық аузы |
21. Жалпақ құрттардың ішіндегі құрылысы едәуір күрделісі- A) сорғыштар. B) буылтық құрттар. C) жұмыр құрттар. D) таспа құрттар. E) кірпікшелі құрттар. |
22. Митоздың метафаза кезеңінде: A) хромосомалар ширатылады, қысқарады, жуандайды. B) хромосомалар шүйке жіпшелерінің әсерімен (көмегімен) полюстерге қарай ажырайды. C) хромосомалар экваторға жинақталады, бөліну шүйкесі түзіледі. D) бөліну шүйкесі жойылады, хромосомалар тарқатылып, ядро қабықшасы түзіледі, екі жас жасуша пайда болады. E) ДНК синтезделіп молекула екі еселенеді. |
23.
Дигибридті
будандастырудағы
F A) 3:1 B) 1:1 C) 9:3:3:1 D) 1:2:1 E) 3:2:1 |
24. Тіршілік үшін түраралық күрес дегеніміз- A) қайшылықпен өтетін күрес. B) жеке даралар арасындағы бәсекелестік. C) қоршаған ортамен күрес. D) әр түрге жататын даралар арасындағы күрес. E) бір түрлер арасындағы күрес. |
25. Жануарлардың дене пішіні мен түсі қоршаған ортаның заттарымен сәйкес келетін бейімделушілік: A) Жасырынғыш. B) Айбарланғыш. C) Қорғаныш (мимикрия). D) Сақтандырғыш. E) Бүркеніш.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |