Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_2003.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.12.2019
Размер:
852.48 Кб
Скачать

72

Байқау сынағы 2003 - нұсқа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК

СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

БАЙҚАУ СЫНАҒЫ

СҰРАҚ КІТАПШАСЫ

2003 - НҰСҚА

2008

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Омоним болатын сөз қайсысы, көрсетіңіз.

A) Наразы.

B) Оқтау.+

C) Күлпаш.

D) Ойын.

E) Алпыс екі.

2. Бірыңғай қысаң дауысты сөзді көрсетіңіз.

A) Еңбек.

B) Орақ.

C) Күнім.+

D) Жаз.

E) Ферма.

3. Жұп құрауға қабілеті жоқ дыбыстарды көрсетіңіз.

A) ц, щ+

B) қ, ғ

C) т, д

D) ж, ш

E) х, с

4. Туынды сөз тіл білімінің қай саласына жататынын анықтаңыз.

A) Пунктуация

B) Фонетика

C) Синтаксис

D) Морфология+

E) Лексика

5. Ағаш, қала, институт - сөздері жататын қатарды көрсетіңіз.

A) Дерексіз.

B) Жалпы есім.+

C) Жалқы.

D) Туынды.

E) Күрделі.

6. Заттың сынын білдіретін жай шырайды белгілеңіз.

A) Сұлу.+

B) Тереңдік.

C) Өте ащы.

D) Қызылдау.

E) Біп-биік.

7. Көмектес септікте тұрған өздік есімдігін табыңыз.

A) Өзінен.

B) Өзгеде.

C) Өздеріңізді.

D) Өзіммен.+

E) Өзіміздің.

8. Етістік болмайтын сөзді табыңыз.

A) Билеткізу.

B) Билете.

C) Билеме.

D) Билеп-төстеу.

E) Билікті. +

9. Көңіл-күй одағайын табыңыз.

A) Маңы.

B) Әрине.

C) Қап.+

D) Пырс.

E) Деп.

10. Термин сөздерді табыңыз.

A) Сөз, сөз тіркесі, буын. +

B) Пай-пай, түу, қап.

C) Кеше, бүгін, алда.

D) Болашақ, ұрпақ,полюс.

E) Жаздыр, келтір, оқыт.

11. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) Тұзсыз.

B) Еркежан.

C) Жезқазған.+

D) Әшімбек.

E) Қара өзек.

12. Мақсат үстеуді табыңыз.

A) Алда.

B) Былтыр.

C) Бірталай.

D) Шапшаң.

E) Қасақана. +

13. Ірілігі ұстаса, кісіге айналып қарамайтын мінезі бар-ды. Шылау түрін анықтаңыз.

A) Ыңғайластық мәнді.

B) Қарсылық мәнді.

C) Сұраулық мәнді.

D) Күшейткіш мәнді.

E) Нақтылау мәнді демеулік.+

14. Орын тәртібі арқылы байланысқан қабысуды табыңыз.

A) Үйге дейін жүгірді.

B) Жазғы демалыс.+

C) Қайрат - студент.

D) Жазға дайындық.

E) Тойды өткізді.

15. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Семіз мал.

B) Қара жер.

C) Кәсіптік даярлық.

D) Таяқ тастам жер.+

E) Істің басы.

16. Жалпылауыш сөзі есімдіктен болған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ынтымақты ел – сарқылмас көл.

B) Асқар тау алыстан көрінеді.

C) Баланың бас ұстазы – ата-анасы.

D) Мортық, жусан, алабота – бәрі де жақсы өсіпті.+

E) Серік, Берік, Ермек – үшеуі бір сыныпта оқиды.

17. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

A) Айтқандарым жаққан соң, алыс-жақын тыңдайды.

B) Сабағыңды оқы.

C) Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің ауылдан екі-үш шақырым шамасы бар.+

D) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

E) Ойлай берсең, ой деген не қызыққа келер кез.

18. Қаратпа сөздің қандай түрде келгенін анықтаңыз.

Батырым-ай, оқ өтпесім-ай, найзагерім-ай, сені де көретін күн болады екен-ай!

A) Бірыңғай тұрақты тіркес

B) Сөз тіркесі

C) Бірыңғай жеке, шылаулы сөз+

D) Күрделі тіркес

E) Қос сөз

19. Қос нүкте дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

A) Біздің үйдегі адамдар мыналар әкем : шешем, Таңатар.

B) Біздің үйдегі: адамдар мыналар әкем, шешем, Таңатар.

C) Біздің үйдегі адамдар мыналар: әкем, шешем, Таңатар.+

D) Біздің үйдегі адамдар мыналар әкем, шешем, Таңатар.

E) Біздің үйдегі адамдар: мыналар әкем, шешем, Таңатар.

20. Мәтелді анықтаңыз.

A) От тілді, орақ ауызды.

B) Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.

C) Әлін білмеген әлек.+

D) Ит арқасы қиянда.

E) Қыз – елдің көркі.

21. Біріккен сөзді табыңыз.

A) Өндіріс.

B) Жолсерік.+

C) Жасампаз.

D) Тапсырды.

E) Алынған.

22. Еліктеу сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңіз.

Жаппамыз теңселіп тұрғандай, аяқ астымыз дір-дір етеді.

A) Анықтауыш.

B) Баяндауыш+

C) Пысықтауыш.

D) Бастауыш.

E) Толықтауыш.

23. Жай сөйлемді табыңыз.

A) Оны танығанымен, Сәуле сыр бермеді.

B) Ауыл қыстауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді.

C) Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді.

D) Жазда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады.

E) Ретін келтіретін де, орындайтын да осы жігіттер ғой.+

24. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Сабыр түбі – сары алтын.

B) “Жасу, жабырқау – халық мінезі емес,- деп ойлады Ыбырай,- ерлік,ізгілік қана халық мінезі”+

C) Бурабай – қазақ даласының ең әдемі де қасиетті жерінің бірі.

D) Біраздан соң, Базаралы өзі де шешіле түсіп, Абайдың саушылығын сұрастырды.

E) “Қозы Көрпеш” жыры қай заманда шықса да, Жетісу топырағында туған сияқты.

25. «Тезис» - қай елдің сөзі екенін табыңыз.

A) Иран.

B) Грек.+

C) Қазақ.

D) Араб.

E) Орыс.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Қазақстан тарихы

1. Қарахан елінің мемлекеттік діні:

A) Кришна.

B) Христиан.

C) Будда.

D) Ісләм.+

E) Иудаизм.

2. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ

A) Алматы маңы.

B) Тараз маңы.

C) Шымкент өңірі.

D) Қызылорда өңірі.+

E) Түркістан өңірі.

3. Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне қандай оқиға әсер етті?

A) Қазақ хандығының құрылуы.+

B) Темір ұрпақтары мемлекетінің құлауы.

C) Жоңғар шапқыншылығының тоқтатылуы.

D) Жоңғарларға қарсы біріккен күрес.

E) Өзара қырқысу соғыстарының тоқтатылуы.

4. 1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген хан:

A) Хиуа ханы+

B) Бұқар әмірі

C) Ноғай ханы

D) Қоқан ханы

E) Ташкент билеушісі

5. «Сібір қазақтарының Жарғысы» қашан қабылданды

A) 1820 жылы

B) 1824 жылы

C) 1826 жылы

D) 1828 жылы

E) 1822 жылы +

6. Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылы

A) 1818 жылы

B) 1815 жылы

C) 1822 жылы

D) 1813 жылы

E) 1820 жылы+

7. 1812 ж. Отан соғысында қазақтар шайқасқан құрама

A) Башқұрт полкі+

B) Қазақ полкі

C) Қазақ-орыс полкі

D) Орыс полкі

E) Француз полкі

8. Абайдың оқуын аяқтатпай еліне әкесі Құнанбайдың алып кету себебі.

A) Үйлендіруге.

B) Ел билеу ісіне тарту үшін.+

C) Шоқынып кетеді деп қорықты.

D) Анасы Ұлжан ауырып жатты.

E) Елдегі балаларды оқыту үшін.

9. 1917 жылы 22 қарашада Ферғана хандығының Қоқан қаласында құрылды:

A) Қазақ АКСР-і

B) Алаш автономиясы

C) Қазақ КСР-і

D) Түркістан АКСР-і

E) Түркістан автономиясы +

10. Адамдардың дән үккішті ойлап тапқан кезеңі

A) Неолитте+

B) Полеолитте

C) Қола дәуірінде

D) Мезолитте

E) Темір дәуірінде

11. Соңғы сармат кезеңінің Атырау облысы Жылыой ауданынан табылған ескерткіші

A) Бесоба

B) Бәйте

C) Терең

D) Сынтас

E) Аралтөбе+

12. «Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы:

A) «Ақсақ құлан»

B) «Қорқыт ата»

C) «Оғызнама»

D) «Жошы ханның жортуылы»

E) «Алаша хан» +

13. X-XII ғасырларда Тараз қаласының маңындағы сәулет өнерінің тамаша туындысы:

A) Дәуітбек кесенесі

B) Арыстан баб кесенесі

C) Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

D) Бабаджа-қатын кесенесі+

E) Тектұрмас кесенесі

14. 1731 жылы ақпан айыныњ 19 к‰ні Кіші ж‰з елшілері Анна Иоанновнаныњ қабылдауында болып талқыланған мәселе:

A) Әбілқайыр мен оныњ жақтастарынан ант қабылдау мәселесі.

B) Сауда мәселесі.

C) Кіші ж‰зді империя қ±рамына қабылдау.+

D) Қазақстанѓа арнайы елшілік жіберу.

E) Орта ж‰зді Ресейге қосуды талқылау.

15. ХХ ғасырдың басында халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала

A) Ауыз әдебиеті

B) Сурет өнері

C) Баспа өнері

D) Музыкалық мәдениет+

E) Материалдық мәдениет

16. “Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды ...” деген сөздерді күйінішпен айтқан:

A) А.Розыбакиев.

B) Ж.Мыңбаев.

C) С.Сәдуақасов.+

D) Т.Рысқұлов.

E) І.Құрамысов.

17. Қазақстанға 1954 жылдан 1962 жылға дейін тың игеруге КСРО-ның Еуропалық бөлігінен неше млн-ға жуық адам келді:

A) 2 млн.+

B) 5 млн.

C) 10 млн.

D) 4 млн.

E) 3 млн.

18. 1960 жылы Павлодардағы машина зауытының негізінде құрылған зауыт:

A) Химия зауыты

B) Мұнай-химия зауыты

C) Суперфосфат зауыты

D) Алюминий зауыты

E) Трактор зауыты+

19. 1991 жылдың аяғына дейінгі екі аптаның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін таныған мемлекеттер саны

A) 8

B) 10

C) 5

D) 45

E) 18+

20. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет.

A) Қимақ хандығы.

B) Қарахан мемлекеті.+

C) Оғыз мемлекеті.

D) Қыпшақ хандығы.

E) Қарақытай мемлекеті.

21. Моғолстан ханы Есен-бұғаның билік құрған уақыты:

A) 1380-1390 жж

B) 1425-1428 жж

C) 1433-1462 жж+

D) 1371-1372 жж

E) 1430-1460 жж

22. «Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын», деп жарлық шығарған хан:

A) Хақназар хан

B) Мұхаммед Шайбани хан+

C) Қасым хан

D) Орыс хан

E) Жаныш сұлтан

23. Искер қаласы астанасы болған мемлекет:

A) Моғолстан

B) Ноғай ордасы

C) Ақ орда

D) Сібір хандығы+

E) Әбілқайыр хандығы

24. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді:

A) Жарты миллионға жуық.+

B) Екі миллионға жуық.

C) Екі жүз мыңға.

D) Сегіз жүз мыдай адамға.

E) Бір миллион.

25. Ұлы Отан соғысы жылдарында 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды:

A) Р.Қошқарбаев

B) Қ.Аухадиев

C) Қ.Қайсенов

D) Ж.Елеусізов+

E) Т.Бигелдинов

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]