
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Модульдің пререквизиттері:
- •Модульдің постреквизиттері:
- •Модульдің сипаттамасы:
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
- •10. Глоссарий
- •11. Білім бағалаудың жалпы шкаласы
- •Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнінен дәрістердің мазмұны
- •Таратып берілетін материалдар: қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Дәрістің мақсаты
- •2. Жоспары:
- •3. Дәрістің қысқаша мазмұны:
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •3. Дәрістің қысқаша мазмұны:
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Дәрістің қысқаша мазмұны:
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Дәрістің мақсаты
- •3. Дәрістің қысқаша мазмұны:
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Дәрістің мақсаты:
- •Жоспары:
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •XX ғасырдың басында Қазақстандағы
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •2. Жоспары:
- •1. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
- •Глоссарий (терминдер): Егемендік, тәуелсіздік, зайырлы, құқықтық, демократия, президент, Конституция, декларация, мемлекеттік билік, референдум, парламент және т.Б.
- •Қр мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша реферат тақырыптары
- •«Қр мемлекет және құқық тарихы» пәні бойынша дәріс тақырыптары бойынша тест тапсырмалары
10. Глоссарий
Абақты — (гаупвахта) әскери отарлауга байланысты қазақ жеріне Ресей енгізген жаналықтын 6ip түpi.
Айбана — қазақ ішшде әр түрлі құқық бұзуга байланысты "айып" институты кең тараган. Ресей деректерінде оны "айбана" деп те жазады. Айыптын ең үлкені "үйірімен үш тоғыз" (яғни 27 бас мал).
Агайын-карындас болып 6iтy — би алдына бармай-ақ дауды өзара ағайындықпен шешу.
Береке бітім — XIX ғасырда қолданылған термин. Даугер мен жауапкер жактың eкeyi де өзара болғанда бидің 6iтiмiн "береке бітім" деп атайды.
Билік — дауды, қылмысты icтi шешкен биге төленетін акы.
Жан устап, жан бермек — (орысша: очистительная присяга). өзінің туысының адалдығын дәлелдеу үшін абыройлы, беделді агайынның 6ipi жұрт алдына шығып "бәленше осы күмәннен адал" деп жан береді
Жан беру — қазақ құқық түсінігінің тамаша шыңы және дәстүрлі қоғам үшін өте күрделі қимыл-әрекет. Жан беру— қазақ халкының азаматтық тазалығы мен имандылығы туғызған құқық институты.
Жол — дәстүрлі қазақ қоғамында құқық ұғымын білдіретін сөз (әдет-ғұрып жолы, жол-жора, рәсім жолы, т.б.).
Қарғы бау — құда тускен уақытта жасалатын сыйлык (1 түйе, 1 ат). Шарт бұзылса кінәлі жақ қарғы бауды үш есе қылып қайтарады, ерте уақытта eкi ел өзара жауласып та кететін.
Қасқа тоғыз — айыптын 6ip түрі. Ipi малдан тоғыз бас.
Қал тоғыз — айыпттын 6ip түрі. Ұсақ малдан тоғыз бас.
Құн — адам өлімі ушін төленетін өтемакы. Қазақ ішінде "толық құн", "жарты құн", "ширек құн" сиякты түрлері кездеседі.
Ояз (уезд) — уезд бастығын осылай атаған. Низам ережелеріне сәйкес уезд бастықтары тек Ресей офицерлерімен сайланды. Мәселен, революцияға дейін Семей жене Ақмола облыстары бес ояздан тұратын.
Pәciм әдеті — әдет-ғұрып деген мағынада қолданылады (адат).
Салауат — екі жақтын келісімімен немесе уақыттың өтуіне байланысты қылмыстың кeшірілуi.
Төбе би — қазақ дәстүрінде дауды билер қатар отырып, мәжіліс құрып шеше береді, 6ipaқ орталарынан не жасы үлкен, не жолы үлкен 6ipeyiн төбе би сайлайды. XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі "Ережелерде" төбе би сайлау тәртібі ескерілді.
Хандык — сол елдің ұлык сұлтанына не ханына төленетін акы. Дауға билік айтқан билер елбасыға деп "хандык" кеседі жауапкер жақтың есебінен.
11. Білім бағалаудың жалпы шкаласы
Әріптік жүйе бойынша бағалау |
Баллардың цифрлік әквивалент |
Проценттік мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А А- |
4,0 3,67 |
95-100 90-94 |
өте жақсы |
В+ |
3,33 |
85-84 |
жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
қанағат |
С |
2,0 |
50-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1.0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
қанағатсыз |
Пән бойынша қорытынды баға проценттік мазмұнда былай анықталады:
А1 + А2
Қ% = ------------------- Х 0,6 + Е Х 0,4
2
А1 – 1 рейтингтің проценттік мазмұны
А2 – 2 рейтингтің проценттік мазмұны
Е – емтихан бағасының проценттік мазмұны
Қ% қорытынды проценттік мазмұндағы баға ең соңында жоғарыда көрсетілгендей (жалпы шкала) Қц цифрлік әквиваленттік бағаға ауысады.