Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОДИЧЕСКИЕ УКАЗАНИЯ К НАПИСАНИЮ КУРСОВОЙ РАБО...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
51.71 Кб
Скачать

Студенттерге әдістемелік нұсқаулар:

ҚР Қылмысстық құқығы пәнін оқыту тек бір жыл ішінде оқытылған кезде ғана нәтижелі болады. Оқу материалдарының жүйеленбеуі, берілген тапсырмалардың орыындалмауы бұл пәнді меңгеруді қиындатады, білім мәселесіне алып келеді.

Осы пәнге қатысты барлық тапсырмалар рейтинг аптасына дейін тапсырылуы тиіс. Кеш өткізілген тапсырмалар аз баға алады, тапсырманың өте жақсы орындалғанына қарамастан курстың аяқталу бағасына ықпал етеді.

Курсты оқу белсенді болуға тиіс. Үй тапсырмаларын орындау аптасына 2-3 сағаттан аспауы тиіс. Cіз арқашанда мұғаліммен кеңесіп отыруыңыз керек. Оқулықты тапсырмаларды орындаған кезде ғана емес, барлық курсты оқыту аралығында оқуыңыз керек.Барлық сабаққа дайын болу керек. Оқу курсының жетістіктері сіздің аудиторияда белсенді отыруыңызға байланысты. Емтихан сіздің теориялық және осы білімдеріңізді тәжірбиеде қандай дәрежеде қолданатыныңызға баға береді. Емтиханда сіз сұрақтарға тест түрінде жауап бересіз. Емтихан сұрақтары сіздің үй тапсырмаларыңыздан, аудитория жұмыстарынан құралады. Аралық бақылау өтілген тақырыптардан өткізіледі. Қорытынды емтихан міндетті болып табылады жіне өтілген тақырыптардан негіз алады.

Әрбір дәріс басталғанша тақырыптың өзекті мәселелері, маңызды ақпараттардан құралған материалдар таратылады. Өтініш, осы материалдарды сабаққа дейін оқып алыңыздар. Лекциадан кейін оқулықты оқу, конспект жазу және сұрақтарға ауызша жауап беру міндетті болып табылады. Сонымен қатар, сіздің білім деңгейіңіз мұғалімнің алдын ала айтпай дайындаған тесттерімен анықталады жіне осы тесттің бағасы сіздің қорытынды бағаңыз болып табылады.

Тапсырманы орындау кезінде мыналар тыйым салынады:

- көшірумен айналысуға;

- басқа біреуге өз жұмысыңызды жасатуға;

- белгіленген мерзімнен кейін жұмысты тапсыруға;

- мұғалімнен топтық жұмыстар үшін баға сұрауға және т.б.

Біз сіздің осы курсқа деген қатынасыңыз ЖОО ның кодексіне сәйкес келеді деп ойлаймыз. Сіз сабақтан қалмауға, кешікпеуге, аутитория тәртібін сақтамауға мұғалімге немесе студенттерге құрметпен қарамауға тиіссіз.

Сабақта сіз оқу материалдарын талқылауға, қажет сұрақтарды қоюға және қарсы шығуға және т.б. дайын болуыңыз керек.

Оқу курсын нәтижелі үйрену үшін: - дәріс және семинар сабақтарына қатысу;

- СОӨЖ тапсырмаларын уақытылы орындауға;

- Бастапқы әдебиеттермен және ұсынылған әдебиеттерімен танысу керек.

Студент құқықтары:

- ҚазГЗУ деңгейіне сәйкес білім алуға;

- Бағаны объективті түрде алуға;

- Мұғаліммен жақсы қатынаста болуға;

- Сапалы білім алу.

Курстық оқу кезінде дәріс материалдарын оқу, ұсынылған әдебиеттерді оқу, ҚР қылмыстық заңнамасын елестете алу және қажетті түсініктермен терминдерді жаттау керек.

Оқытушыға әдістемелік нұсқаулар:

Дәріс, семинар сабақтарының мақсаты:

Студенттерді ғылыми ойлауға үйрету, құқықтық мемлекетті құру барысында Қазақстанда болып жатқан реформаларды талқылауға;

Қоғамда болып жатқан әлеуметтик және құқықтық құбылыстарға баға беруге.

Дәріс, семинар сабақтарының тапсырмалары:

Білімді тереңдету, дәрісдан және өзіндік жүргізілген зерттеулерден нормативтік құқықтық актілерден тәжірбиелік материалдарадан білімді кеңейту;

Студенттердің ғылыми әдебиеттер мен және әлеуметтік құжаттармен жұмыс жасауға бейімдеу, әртүрлі қайнар көздерге анали з жасау;

Қарастырылған сұрақтар бойынша білім алу;

ҚР-да қылмыстылықпен күресу мәселесі бойынша студенттерге ғылыми сана қалыптастыру.

Курстың оқу-әдістемелік нысаны:

ОӘК (жария және тексерілген); нормативтік және заң актілерінің жинағы; іс жүргізу құжаттары үлгілерінің жинағы; көрсетілген бағыттағы тесттер; таратылған материалдар.

4