Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ek_mem_retteu_bar_mam (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.05 Mб
Скачать

15.2 Қорытынды бағаны есептеу

Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық құрылымы келесі формуламен есептеледі:

И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4

2

мұнда:

Р1 –1-ші рейтингті бағалаудың пайыздық құрылымы;

Р2 – 2-ші рейтингті бағалаудың пайыздық құрылымы;

Э – емтихан бағасының пайыздық құрылымы (тест-емтихан).

    1. Білім алушылардың балдық-рейтингтік оқу жетістіктерінің бағасын дәстүрлік баға шкаласына ауыстыру

Таңбалық жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент бойынша баға

Оқу пәнін меңгерудің % мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

15.4 Академиялық тәртіп саясаты

Мінез-құлықты бағалау шарттары

Балл саны

1.

Сабаққа кешігіп келу

-3

2.

Сабақ уақытысында ұялы телефонмен қолдануы

-3

3.

Практикалық (семинарлық) сабақтарға белсенді қатысуы

+3

4.

Басқа да шарттар

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару» факультеті

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға

Алматы, 2012 ж.

Тақырып №1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

Экономиканы Мемлекеттік реттеудегі негізгі объективті ұғымын, ең алдымен оның өзіне тән ғылыми қажеттілігінен анықтауға болады. Себебі білімнің әр-бір саласы "оның тәжірибемен дәлелденгенін бастапқы негізгі аксиомалары арқылы жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріндегі олардың тиімді паидалану мақсатында макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету және мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі:

  • Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады.

  • Екінші қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктерін соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді.

Экономиканы мемлекеттік реттеу — бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдауы процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірісін барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм – елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген. Нарықтық қатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негізделген және оның көптеген жақтаушылары болды. А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүдде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл мүдде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді. Рыноктық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі – рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелесті қамтамассыз ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау – монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды. Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты. «Кейнсиан революциясы » барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың мумкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көрсетеді деп есептеледі.

Сөйтіп, ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік реттеудің) объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР-дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.

ЭМР-дің объектілері – бұл автоматты турде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мумкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін қажетті. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына - қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.

Мемлекет реттеу объектілеріне ықпал еткенде нарықтық өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеуішті ұштастыру қарастырылады.

Мемлекеттік реттеуіш – бұл мемлекеттік биліктің нормативтік-құқықтық құжаттардың негізінде экономикалық қызметті реттеу жөніндегі əдістері мен құралдары. Мемлекеттік реттеуіштер елдің экономикалық міндеттерін (нарықтың құрылымына, фирманың іс-əрекетіне ықпал ету) шешуге де, сонымен бірге əлеуметтік мақсаттарєа (əлеуметтік реттеуіш) қол жеткізуге баєытталуы мүмкін.

Негізгі мемлекеттік реттеу құралына əлеуметтік жəрдемақы, санкция, стандарт, сертификат, лицензия, квота, ставка, тариф, норматив, салық, баж, банк пайызы жатады.

Экономиканың жұмысының құқықтық негізін құру мен реттеу – бұл іс жүзінде экономикалық агенттердің мінез-құлқының ережелерін, сондай-ақ өндірушілер, тұтынушылар мен мемлекет өздерінің іс-қимылында ұстануы тиіс экономикалық қатынастың заңдылық қаєидаларын белгілеу, сондай-ақ мемлекет тарапынан олардың орындалуын бақылау.

Мемлекет реттейтін объектілерге ықпал ету процесінің сипатына байланысты мемлекеттік реттеудің сан алуан əдістерін тікелей жəне жанама əдіске бөлуге болады (төмендегі схеманы қараңыз).

Тақырып №2. Экономиканы мемлекеттік реттеу əдістемесінің түсінігі жəне оның негізгі элементтері

Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

1. Қоғам дамуының объективті экономикалык, заңдарының іс-әрекетін есепке алу.

2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; онда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.

3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.

4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.

Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің сұранымына және сұранысына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

Сонымен қатар қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:

- материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ре-сурстарының жалпы деңгейін реттеу;

- өндірістік сферадағы монополиялық қызметтерді экономикалық түрде шектеу;

- кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу,

олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;

- кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;

- кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкі өндірістік арақатысын реттеу;

- ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.

Нәтижелілікке, яғни мемлекеттік қаржылық ретеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

а) экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;

ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау;

б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ес-кертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;

в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.т.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.

Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі элементтері. Соңғы он жылда экономиканы мемлекеттік басқарудың тұрақты механизмдерінің құлауы теориялық және практикалық түрде олардың жаңа модельдеріне осы механизмдердің трансформацияларының эвалюцияларына қарама-қарсылығы көрінген. Осындай тоқырау жағдайда мемлекеттік реттеудің қаржылық-несиелі механизмдерін және стратегиялық жоспарларды өңдеуде басты болып табылатын аспаптарды ел экономикасын дамытуда мемлекеттің араласуы күшейе түседі.

Ең алдымен ғылыми зерттеу және дүние жүзілік тәжірибелерді жалпылау және әртүрлі шаруашылық жүйелердің дамуы экономикалық процестерді жылдамдату құралы сияқты жоспарлауды активті түрде қолдану мен технико-экономикалық қатынаста дамығандар санына тез енген елдермен куәландырылады.

Оны Қазақстан жағдайында қолдану қызығушылығы халық шаруашылығын басқару органдарының жүйелерінде жалпы статусы бар стратегиялық жоспарлар бойынша агенттік- салалық және регионалдық жоспарлаудың координациясы бойынша арнайы мемлекеттік орган құруына қажеттіліқ тудырады.

Жалпы практикада экономиканы мемлекеттік реттеудің рычагы болып экономикалық жоспарлау болуы мүмкін, егер, ол бюджетті-қаржылық жоспарлаумен бірге енгізілсе.

Өзінің реттеуші функциясы ретінде әкімшілік және экономикалық әдістерді орындайды. Командалық экономикаға әкімшілік игеру сипатты болады. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі керісінше экономикалық әдістерді реттеуге базаланады.

Әкімшілік және тура реттеу әдістері шаруашылықты субъектінің еркін таңдауын шектейді. Мысалы, өндірілген өнімнің ассортименті және көлемі бойынша берілген директивті жоспарлық тапсырма немесе жоспарлы экономикада әкімшілік реттеу әдісі- тауар және қызмет көрсетуге орталықты белгіленген баға- ресурстарды альтернативті қолдануға мүмкіндік бермейді. Мұның ерекшелігі мемлекеттік реттеудің экономикалық және жанама әдістері кәсіпкерлік таңдау еркіндігін шектемейді.

Реттеудің әкімшілік әдісі нарық табиғатына қарама-қарсы, олар сәйкес қаржылық реттеушілердің қызметін блоктайды.

Экономикалық әдістер, керісінше, нарық табиғатына адекватты. Олар нарықтың конъюктурасына тікелей әсер етеді және сол арқылы тауар және қызмет көрсетудің тұтынушысына және өндірушісіне жанама әсер етеді. Мысалы, трансфертті төлемдердердің артуы тұтынушы тауарлардың нарығының коъюктурасын өзгертеді, сұранысты арттырады. Басқарудың экономикалық әдістері осылайша нарықтық механизм арқылы қызмет етеді

Командалық экономикадан нарықтық экономикаға өту бұрынғы әкімшілік әдістерін бұзып, экономикалық реттеуші жаңа жүйелерді құрумен мемлекеттік реттеу әдістерінің жүйесін өзгертумен бірге жүреді.

Тақырып №3. Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы

Мемлекеттік реттеудің ғылыми тұжырымдамасын анықтайтын негізгі ережелер:

  1. Меншіктің мемлекеттік және жеке түрлерінің болуы сондай-ақ макро және микроэкономиканың болуы обьективті түрде шаруашылық қызметін үйлестірудіңжоспарлы және нарықты модельдерін пайдалану қажеттілігін білдіреді. Жоспарлы модельді қолдану келесі шарттарды сақтаған жағдайда мүмкін болады:

- жоспардың әкімшілік-әміршілдік мазмұны жойылады;

- жоспарлардың үйлестіруші, теңестіруші және реттеуші функциялары күшейе түседі;

- бағдарламалық-мақсатты жоспарлаудың рөлі мен тиімділігі артады;

- жоспарлау нарықтыққатынастар өрісі кеңейе түсетін жағдайларды анықтайды және шаруашылық жүргізудіңнарықтық моделі жалпы мемлекттік мүдделердің басыңқылығыжағдайында әрекет етеді;

  1. Макроэкономикалық реттеу барысында үкімет қызметінің бағыттары, қағидалары айқын қадағаланып отыруы керек, өйткені, олай болмаған жағдайда бұл істің тікелей және болашақтағы нәтижесін болжау қиынға түседі. Егер, бүл нәтижелер жағымсыз сипатта, яғни, қанағаттанарлықсыз болса, онда іті түзетугеайтарлықтай көп уақыт қажет болады. Үкімет қызметі мен іс-әрекеттері республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының әрбір болашақтағы кезеңі үшін ғылыми негізделген мемлекеттік реттеу концепциясымен кепілдендірілген болса дұрыс болар еді.

  2. Құрылымдық-инвестициялық саладағы әрлайым халық шаруашылықтың интеграцияның ең жоғары деңгейінде жүзеге асырылатындықтан, ол макроэкономикалық тиімділік көрсеткіштерінің жоғарлауына бағытталғандығы өте маңызды. Мұндай бағыттар соңғы жылдары зерттеушілердің ғана емес, сондай-ақ ,жоғары дәрежелі басшылардың да назарына н тыс қалып қойған қоғамның өндіргіш күштерін тиімді орналастыру мәселесін де қамтиды.Мұның бәрі де аталған сала бойынша мемлекеттік шараларды анықтау мен жүзеге асырыдағы қоғамның жиынтық табыстары жиымтық шығындардан артық болуы,жайлы консепциямен алдын ала керектігін дәлелдейді.

  3. Осыған байланысты шетел инвестициялары жөніндегі мәселе де жекелей қарастырыду қажет етеді.Егер,мәселе республикаға шет елдің ғылыми-техникалық жетістіктері мен алдынғы қатарлы технологияларының ағылуы туралы болса,ол-1мәселе.Ал,көптеге жағдайларда тиімсіз,әрі мақсатты бағыттан тіс қолданылатын шетелдің қаржы капиталы сөз болса,ал-басқа мәселе.Сондай-ақ, Еуропалық халық аралық даму банкі Президентінің айтуы бойынша оны қолдану, ақыр соңында,осы мақсаттарға өз қаржымызды пайдаланудан екі есеге қымбатқа тусетіндігін ескеру керек.Осыдан келіп,құрылымдық-инвестициялық саланы макроэкономикалық реттеу тужырымдамасының негізін тек қана өз қорымыздан емес,сондай-ақ,шетелдік технологиялық инвестициялар есебінен республика халық шаруашылығының ғылыми-техникалық базасын сапа жағынан жетілдіруге бағытталу қурайтын болу керек.

  4. Сонымен,макроэкономикалық тәсіл ұлттық республикалардың (КСРО республикалары үшін)әлемдік шаруашылық жүйесіне кіру мәселесін щещү үшін қажет. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын жалпымемлекеттік деңгейде реттеуде басымды, артықшылықты сипаттағы мәселелер төмендегідей болып табылады:

  • Сырттай әкелінетін өнімді алмастыратын өндірісті әсіресе «технологиялық» инвестицияларды тартыду ынталандыра отырып кеңейту;

  • Табиғи (әсіресе, қайта өндірілмейтін) шикізаттарды сыртқы шығарудың ұлғаюының болашағы жоқтығын ескере отырып, бәсекелестік қаблеті бар дайын өнімді сыртқа шығару ісін мемлекеттік қолдаудың тұрақты жүйесін жасау.

Осы мәселелерді шешү барысының ұзақ мерзімдік сипаты кез-келген деңгейдегі экспорт-импорт операцияларын реттеу жөніндегі мемлекеттік шаралар негізі болып табылатын тұжырымдаманы мазмұнын анықтайды.

Сонымен, ЭМР концепциясы тұтастай алғанда,қоғамның шаруашылық іс-әрекетін уйлестірүдің жоспарлы және нарықтық модельдерінің артықшылықтарын тиімді пайдалана отырып, макроэкономикалық, құрылымдық инвестициялық және сыртқы экономикалық саясаттарды тиімді жүзеге асыру жөніндегі мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын қабылдағанын білдіреді.

Егер, мемлекттік реттеудің тұжырымдамасы барынша айқын аңықталған болса, онда осы қызметті жүзеге асырудың механизмдері туралы сұрақ туындайды. Оған болжау мен индикативтік-реттеуші жоспарлауды; қаржылық-бюджеттік , салықтық, ақша-несие, баға, кедендік-салықтың, мөлшерлі-тарифтік, әкімшілік-құқықтық және нарықтық реттеулерді жатқызуға болады. Әрине, бұл механизмдерді әрқайсысының өз қолдану әдістері бар.

Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін шартты түрде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) деп екі топқа бөлуге болады.

Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасын әсер етумен байланысты. Олар, әдетте, белгілі бір адрестік сипаты болады, яғни белгілі бір обьектіге бағытталған. Бұл, негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын, әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды.

Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субьектілер үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық қарекеттің шарттары нәтижесіне әсер етумен байланысты.

Енді экономикалық процестерде әсер ету үшін мемлекет әдістерінің кейбіреуін қалай қолданады, осыған тоқтала кетейік:

Қазыналық саясат – мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе – теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Несие ақша саясаты. Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонымен бірге ол бюджеттен тыс ерекше даму қорын да құра алады.

Бағаны және табысты реттеу саясаты. Фискалдық және несие саясаты көп жағдайда баға мен табыстарды реттеудің құралы бола алмайды. Сондықтан мемлекет барынша түкелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың өсуіне тыйым салынады. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда немесе дивиденд сияқты түрлеріне тартылмайды.

Әкімшілік реттеулер. Оларға кейбір әдейі ерекшеленген салалар, мысалы қоғамдық пайдалану салаларына (электроэнергетика, көлік) бақылау шаралары, қор биржаларының үстінен қойылатын әкімшілік бақылау, әділ бәсеке күресі деп аталатын тәртіпті сақтауға бағыттылған бақылау және басқа да осы секілді істер кіреді.

Қысқа мерзімдік реттеулер.Оның мақсаты - бірнеше нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне әсер ету болып табылады. Бұл жерде әңгіме экономикалық дағдарыстың қанат жаюын шектеу, бәсеңдету, жандану кезеңінің басталуын жеделдету, өндірістік өрлеу кезеңін тұрақтандыру немесе одан ары қарай созу туралы болып тұр.

Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер бағаның шамадан тыс өсуімен күрес немесе инфлцияны тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің бұндай бағыты дефляциялық сасат деп аталады.

Ұзақ мерзімді реттеу– бірнеше жыл бойынша нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне мақсаты бағытта әсер ету болып табылады. Оған белгілі бір уақыт кезеңі бойынша экономиканың даму қарқынын ұстап тұру, кейбір салаларды артықшылықпен дамыту арқылы қоғамдық өндірістің құрылымын өзгерту, технологиялық қайта құру, ғылыми –техникалық прогресті дамыту мақсатында жедел амортизациялау жүргізу жатады.

Тақырып №4. Болжау жəне жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі əдістері ретінде

Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.

Болжам-белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі,даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп дайындау процесі болжау деп аталады. Болжау-қоғам өмірінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.

Экономикалық болжамдар негізінде қоғамның даму мақсатын,сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін-ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізгі бағыттарын анықтау үшін қажет.

Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне,қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар:экономикалық анализ, нормативтік, баланстық, экономикалық-математикалық, бағдарламалық-мақсаттық болып бөлінеді.

Экономикалық анализ әдісінің негізгі мақсаты экономикалық даму деңгейін, пайдаланылмаған ресурстарды тауып,оларды қолдану жолдарын,салааралық қатынастардың тиімділігін,өткен мерзімдегі жоспардың орындалуы,не орындалмау себептерін,жоспарлау ісінде жіберілген кемшіліктерді анықтау болып табылады.

Баланстық әдіс, жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстыру үшін қолданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс экономикадағы барлық пропорцияларды құру құралы болып саналады. Жоспарлау ісінде баланстардың қалыптасқан жүйесі қолданылады.Баланстар негізінен үш топқа бөлінеді. Олар материалдық, еңбек ресурстары, құндық баланстар. Бұлардан басқа салааралық және халық шаруашылығы баланстары қолданылады.

Жоспардың экономикалық тиімділік тұрғысынан оптималды вариантын анықтау үшін экономикалық-математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математикалық модельдері құрылады.

Жоспарлаудың бағдарламалық-мақсаттық әдісі экономикадағы құбылыстарға, ірі мәселелерді шешуге жүйелік,кешенді көзқарас керектігіне негізделген.Себебі кез-келген саланың дамуы басқа да салалардың-шикізат беретін,отын-энергия,қосалқы бөлшектер шығаратын және сол саланың өнімдерін пайдаланатын,сол салаға әр түрлі қызмет көрсететін салалардың даму көрсеткіштерімен тығыз байланыста болады.Сондықтан,алға қойған мақсатқа жету жолдарын көрсететін жоспар жасалған кезде осы байланыстардың бәрі ескерілуі керек.

Әлемдік тәжірибенің көрсетуінше,қазіргі кезде жалпы мемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік,стратегиялық,индикативті,директі формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлардың маңызы зор болып табылады.

Индикативті жоспарлау-жоспарлы кезеңдегі мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі мақсаттары мен бағыттарына сай міндеттерді,басыңқыларды,әлеуметтік-зкономикалық дамудың индикаторлары мен бағыттарына сай міндеттерді,басыңқыларды, дамудың индикаторларын қалыптастыру процесі және көзделген нәтижелерге қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық жағдайларжәне экономикалық жағдайларға әсер ететін мемлекеттік шараларды анықтау болып табылады.

Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты-ұлттық экономиканың бір қалыпты дамуын, оның құрылымдық өзгерістерін,дағдарысты жағдайлардың алдын алу және олардың ықпалын жұмсарту,елдің экономикалық және саяси тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан тиімді жоспарлау төмендегі талаптарға сай болуы шарт:

а) республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;

б) нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен жағдай жасау;

в) әлемдік тәжірибеде кеңінен қоланылып жүрген және тиімділігі дәл елденген экономикалық талдау,болжау мен реттеу әдістерін пайдалану;

д) аумақтық экономикалық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету.

Стратегиялық жоспарлау-көптеген мемлекеттер,ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім саласы.Ол басқаруда ертеден қолданып келеді,бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүние жүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес,сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі Агенттігі әзірлеген «Министрліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына» сәйкес стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:

  • саланың ағымдағы жай-күйіне баға беру;

  • жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмысының мақсатын анықтау;

  • басыңқылар SWOT-мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;

  • мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;

  • стратегияларды жүзеге асыру кезеңдері,немесе аралық мақсаттар.

Қоғам дамуын болжаудың негізгі бір бағыты болып экономикалық болжау танылады. Экономикалық болжау обьектісі – қоғамдық ұдайы өндіріс процесі, ал зерттеу заты- экономикалық обьектілердің даму заідылықтары, болашақ жай күйі және экономикалық болжамдар жасау, әзірлеу әдістері. Экономикалық болжау дегеніміз экономикалық прогностиканың барлық әдіс –тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау процесі.

Зерттеу процесін жүргізу амалдарының қолданылуына және болашақ жәй-күйдің айқындалу деңгейіне байланысты болжау, болжап көрсетудің үш формасы бар.Олар гипотеза(жалпы ғылымдық болжау),болжам жоспар. Гипотеза жалпы теория деңгейіндегі ғылыми болжауды бейнелейді.Болжам,гипотезамен салыстырғанда,әлдеқайда нақты сипаттама береді,өйткені ол сапалық қана емес,сандық өлшемдерге негізделген.

Болжам ықтималдық сипатта болады, ал жоспар - алдыға белгілі бір мақсат қойып,соған жетудің нақты жолдарын белгілеу.

Қазіргі кезде,ғалымдардың бағасы бойынша экономикалық болжам жасаудың 150-ге жуық әдісі бар.Іс жүзінде соның15-20 шақтысы ең негізгі әдістер ретінде көп қолданылады.

Сыртқы белгісіне сәйкес болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады:интуициялық әдістер(эксперттік баға әдістері) және математикалық әдістер.

Интуициялық әдістер екі топқа бөлінеді:дербес эксперттік баға беру және коллективтік эксперттік баға беру әдістері.Бірінші топқа,интервью(сұхбат) жүргізу,логикалық анализ жасау,сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия құру,коллективтік идеяны жинақтау(«дөңгелек стол») және «Дельфи» әдісі кіреді.

Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді:экстрополяциялық әдістер және модельдер құру әдістері.Бірінші топқа ең кіші квадраттар,экспоненциялдық түзеу,тұрақсыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді.Екінші топқа құрылымдық модельдер,матрицалық модельдер әдістері жатады.

Тақырып №5. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік əдістері

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастар жүйесі ретінде ерекшілігі бар. Бұл ерекшілік мынада: осы қатынастар мемлекет тікелей қатысатын бөлу процесінде пайда болады және орталықтандырылған ақшалй қаражат қорын қалыптастырып, оны пайдаланумен байланысты. Ұлттық экономиканы үздіксіз қаржыландыру, оның субьектілерінің қоғамдық тұтынуын қанағаттандыру үшін мемлекет қолына ақшалай қаражатты шоғырландырады. Мемлекетік бюджет республикалық бюджет туралы бекітілген заңға сәйкес көрсеткіштері мүлтіксіз орындалуға тиіс еліміздің қаржы жоспары ретінде оның табысы мен шығысын қалыптастыратын әрі пайдаланатын көздерді көрсетеді.

Бюджет жүйесі - бұл экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген бюджеттің барлық түрінің жиынтығы. Қазақстан Респуб -ликасының Бюджеттік кодексіне сәйкес бюджет жүйесі-бұл ҚР бюджеттері мен Ұлттық қорының , сондай-ақ бюджет процестері мен қатынастарының жиынтығы. Бюджет жүйесі елдің мемлекетік құрылымына сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық-мемлекеттік тұрпаты бойынша бірегейге жатады және оның бюджет жүйесі орталық бюджет және жергілікті бюджеттер деп аталатын құралады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына:

  • республикалық бюджет;

  • жергілікті бюджеттер;

  • облыстық, республикалық маңыздағы қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) деңгейі кіреді.

Бюджет жүйесі ұйымдастыру тұрғысынан келесі қағидаларға негізделеді:

  1. Біртұтастық қағидасы - Қазақстан Республикасынң аумағында бірыңғай бюджер заңнамасының қолданылуын, бірыңғай бюджеттік жіктеудің, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерінің пайдалануын қамтамасыз ету;

  2. Толықтық қағидасы - бюджеттер мен Ұлттық қорда еліміздің заңнамасында қарастырылған барлық түсімдер мен шығыстарды көрсету;

  3. Нақтылық қағидасы - бюджет көрсеткіштерінің экономиканың ағымдағы жай күйінің параметрлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері мен бағыттарына сәйкестігі;

  4. Транспаренттік қағидасы - бюджет заңнамасы аласындағы нормативтік актілерді міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу;

  5. Жүйелілік қағидасы-мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;

  6. Нәтижелілік қағидасы-бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген белгілі бір нәтижелерге жету қажеттілігіне байланысты бюджеттерді әзірлеу және оларды атқару;

  7. Тиімділік қағидасы - бюджет процесін бюджет қаражатының өз мөлшерін пайдалана отырып ең үздік нәтижеге жету;

  8. Жауапкершілік қағидасы - бюджет процесіне қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту;

  9. Бюджеттердің дербестік қағидасы - әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасында түсімнің тұрақты бөлінуін белгілеу.

Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің , нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақты нәтижелерге – қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімдерінің, матриалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.

Қаржы механизмі- экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді.Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.

Қаржы механизмінің элементі- бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.

Әрбір элемент біріңғай қаржы механизмінің құрамды бөлігі болып табылады. Бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.

Қаржы құқығы қаржы саясатын қалыптастыру мен жүргізудің тетігі болып табылады және экономикалық саясаттыққа әсер етеді.

Қаржы механизмдерін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

Экономиканы реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты- бюджет пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық  табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай- күйі де осындай тәртіппен реттеледі. Ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.

Міндеттері: 1. Салық-бюджет жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.

2.Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыру.

3. Бюджет қаражатының мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін шешуге жұмсалуын қамтамасыз ету.

Тақырып №6. Экономиканы ақша- несиелік реттеудің негізгі механизмдері

Ақша – несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі, ол инфляциямен күресуге, ұлттық валюта курсын көтеруге, нарықтың дұрыс қызмет етуіне қалыпты қаржы жағдайын туғызуға бағытталған.

Мемлекеттің ақша-несие саясатын Ұлттық банк жүргізеді. ҰБ эмиссиялық, резервтік, касалық орталық болып табылады. Ол елдің ақша-несие, валюта саясатын анықтайды. ҰБ тек қана ҚР Президентіне бағынышты. ҚР “ҰБ туралы” Заңына 1993 жылдың 13 сәуірінде қол қойылды. 1992 жылы ҚР-ң басшылығы өзінің валютасын шығару үшін “Харрисон және оның ұлдары” атты фирмамен келісім шартқа қойды.

Ақша – несие саясатына қатысты ғылыми ұстанымдар Д.Кейнс және М.Фридмен еңбектерінде бар. Инфляцияны келесідей көрсеткіштермен сипаттауға болады:

инфляция деңгейі – белгілі бір уақыт ішінде баға деңгейінің пайыздық өзгеруі (ай, жыл);

гиперинфляция – инфляцияның өте жоғары деңгейі (әдетте 200%);

жасырын инфляция – қатаң реттелетін бағамен экономикада инфляциялық процестердің пайда болуының арнайы түрі.

Ақша массасын реттеу. Айналыстағы ақша санына мемлекет бақылау жасайды. Айналыстағы ақша массасынбақылап отыру үшін әртүрлі ақша агрегаттары қолданылады. Мәселен, М0, М1, М2, М3, М4.

Ақша базасы М0 – айналыстағы қолма-қол ақша, кәсіпорындардың кассасындағы ақша.

М1 ақша - М0 + халықтың және кәсіпорындардың салымдары, жол чектері, яғни айналыстағы қаржы және ағымдағы төлем айналысына қызмет етуші ақша санының жиынтығы.

М2 ақша - М1 + халықтың және кәсіпорындардың жедел салымдары.

М3 ақша – ағымдағы айналысқа қызмет етуші ақшалар + жедел салымдар, өтімді бағалы қағаздар (облигациялар, сертификаттар, қазыналық міндеттемелер) және бюджет шотындағы, қоғамдық ұйымдардағы ақша және күрделі қаржыландыру қаржылар.

М4 ақша - М3 + банктерде сақталып тұрған ақшалай емес өтімді қаражаттар.

Ақша несие саясатын жүргізу үшін бірнеше тәсіл бар. Олардың ішінде екі бағытты айтуға болады:

Кейнстық доктрина (басшылыққа алынатын теориялық не саяси қағида) 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыстан кейін пайда болды. Ағылшындық экономист Кейнс тапшылықты қаржыландыру теориясын ұсынды. Экономикалық дағдарысты болдырмау мақсатында және халықты еңбекпен қамтуды қарастырды. Оның пікірінше, «арзан ақша» саясаты жүргізіліп, яғни төмен пайыздық ставка тиімді сұранысты (жеке тұтыну және инвестиция) қамтамасыз етуі керек болды. Кейнс ұлттық банктің эмиссиясын ұлғайту керек деген пікір айтты. 1970 жылдардан бастап Кейнс үлгісі қолданылған жоқ, оның орнынан М.Фридмен теориясы келді. Монетаристер ақшаның халық шаруашылығындағы маңызы зор екендігіне көз жеткізіп, ақша массасымен айла-шарғы жасау ең қауіпті деп түсінді.

Ұлттық Банк ақша айналысын мынадай құралдардың көмегімен реттейді:

есептік (дисконттық) және ломбардтық саясат;

ашық нарықтағы операция;

міндетті резервтер саясатын жүргізу.

Есептік ставка – Ұлттық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудасының (қарыз, несие) пайызы. Ұлттық банк есеп ставкасын өсіреді және кемітеді. Нарықтық экономиканың тәжірибесінде мұндай өзгеріс «қымбат» және «арзан» ақша саясаты деп аталады. Қымбат ақша саясаты (есеп ставкасы өседі) егер инфляцияны тоқтату керек болған жағдайда қолданылады, есеп ставкасы өскен кезде коммерциялық банктер кредит ала алмайды, ал ақша ұсынысы да төмендейді. Нәтижесінде көптеген фирмалар кредит ала алмағандықтан өндірісті қысқартады, сонымен үкімет қымбат ақша саясатын қолдану арқылы бағаны төмендетеді де, жұмыссыздықты өсіреді.

Арзан ақша саясаты (есеп ставкасы төмендейді) өндірістің құлдырауын азайту, кәсіпорындарға көмек беру кезінде жүргізіледі.

ҰБ-нің есептік саясаты векселдерді қайта есептеу немесе сатып алуға негізделген. Вексель – қатаң түрде формасы белгіленген төлем құжаты, онда ақшалай міндеттемесін төлеу көрсетіледі. Бұл жағдайда ҰБ вексель валютасынан дисконтты немесе есептік процентті ұстап қалады, оның өзгеруі елдегі кредиттеуге әсерін тигізеді: Валюта векселі – вексельдің суммасы көрсетілген ақша бірлігі. Дисконт – пайыз, есеп конторасы төлем мерзімі басталғанша вексель суммасының төлеуге ұстап қалынған бөлігі.

Есептік саясаттың маңызы мынада: кредиттік институттарды қайта қаржыландырғанда ақша және капитал нарығына әсер ету болып табылады. 

Ашық нарықтағы операция – бұл мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу. Бұл операцияларға нарықтық экономиканың бірнеше субъектілері қатысады. Біріншіден, мемлекет, Ұлттық банк арқылы, екіншіден, коммерциялық банктер, үшіншіден, халық. Бұл операцияның бастамашысы мемлекет болып табылады. Ал коммерциялық банктер мен халық белгілі бір экономикалық пайда табу мақсатында оның қатысушылары болады. Ашық нарықта операцияны бастай отырып, мемлекет ақша массасы ұсынысын ұлғайту немесе азайту керектігіне қол жеткізеді. Мәселен, үкіметтің пікірі бойынша елде инфляция нышандары біліне бастады, оны болдырмау мақсатында үкімет Ұлттық банкке мемлекеттік құнды қағаздарды сату бойынша тапсырма береді. Дегенмен кейде коммерциялық банктер мен халық оны сатып алуға тілек білдірмейді. Нарықта мемлекетік құнды қағаздардың пайда болуы ұсыныс заңының іс қосылуымен түсіндіріледі. Облигацияны сатуға шешім қабылдау арқылы мемлекет нарықта құнды қағаздардың ұсынысын көбейтеді, нәтижесінде оларға баға төмендейді, ал табысы жоғарылай түседі. Бағалы қағаздар бойынша табыстар келесідей формуламен анықталады:

дивиденд / сатып алу бағасы * 100%

Мемлекеттен құнды қағаз сатып алу арқылы кмооерциялық банктер мен халық оған ақшаларының жартысын береді. Осылайша айналыстағы ақша массасы азаяды.

Резерв нормасының өзгеруі. Резерв нормасы (тезервтік талаптар) – Ұлттық банктегі банктердің депозиттерінің бөлігі (коммерциялық банктерде қолма-қол ақша түрінде болатын халықтың салымдары немесе басқада пассивтер). Басқаша айтқанда, резервтік норма – коммерциялық банктер өз операцияларын жүзеге асыруға қолдана алмайтын ақша қоры. Оның мөлшерін мемлекет Ұлттық банк арқылы белгілейді. Мысалы, коммерциялық банктің депозиті 100 000 долларды құрайды, Ұлттық банктің резерв нормасын ұлғайту керектігі жөніндегі шешімі қабылданғаннан соң, коммерциялық банк кредиттік эмиссияны азайтуға мәжбүр болады. Резерв нормасын ұлғайту арқылы коммерциялық банктер экономикаға кредит бөле алмайды. Бұл шаралар инфляцияны болдырмау мақсатында жасалады.    

Ақша-несие жүйесінде қарастылған әдістердің ішіндегі тиімдісі ашық нарықтағы операция.

Ал инфляция жыл сайын 1000 пайызға жетсе, онда мемлекет “хирургиялық операция” жасауға көшеді, яғни ақша реформасын (нуллификация – ақшаны жарамсыз деп тану; деноминация – ақша өлшемін ірілендіру) жүргізеді. Ескі ақша толықтай жойылады, орнына жаңа ақша келеді. Бұл ақша-несеие саясатының бір бөлігі болып табылады.

Тақырып №7. Экономикалық өсу: негізгі факторлары жəне оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары

Экономикалық өсу деп жалпы ұлтық өнім, жалпы жиынтық өнім, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім т.б. сияқты макроэкономикалық көрсткіштер динамикасының өзгерістері арқылы сипатталатын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты айтамыз.

«Экономикалық өсу» негізінен сандық сипаттағы категория болып табылады. Бұл категорияның сандық мәні ретінде пайыздық өлшемдегі өсу қарқыны және жалпы ішкі өнімнің нмесе ұлтық табыстың өткен жылғы салыстырмалы көрсеткіштері алынады.

Ал «экономикалық даму» болса ел экономикасын негізінен сапалық тұрғыдан сипаттап, оны жан басына шаққандағы ұлттық табыс өндірісімен анықтайды.

Экономикалық өсу қарқыны ұлттық экономиканың динамикасын, оның салалық және аумақтық құрылымдарын сараптау үшін пайдаланылады. Экономикалық өсу экономикалық факторлармен қатар экономикалық емес факторлар әрекетінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық емес факторларға әскери – саяси, географиялық – климаттық, ұлттық – демографиялық, мәдени және т.б. факторлар жатады.

Экономикалық өсу бірнеше жағдайда пайда болады:

1) пайдаланбайтын ресурстар өндіріске бағытталғанда;

2) өндірістің сандық факторы көбейеді;

3) өндірістің бар факторлары жақсы технологияларды ашу мен пайдалануға немесе қызметкерлерді жақсы оқытуға орай, одан гөрі өнімді бола алады.

Экономикалық өсу екі түрге бөлінеді: экстентивті және интенсивті болып бөлінеді. Экономикалық өсудің экстенсивті түрі – бұрынғы техникалық негізін сақтауына орай өндіріс факторының сандық көбеюіне қол жеткізуі. Экономикалық өсудің интенсивті түрі өнімдерді шығару көлемін көбейтуді қарастырады және оған өндіріс факторын сапалы жетілдіру жолымен: еңбек құралдарының одан гөрі жетілдірілген түрін және еңбектің үнемді құралдарын қолдану және жұмыс күшінің мамандығын көтеру арқылы қол жеткізеді.

Экономикалық өсудің сыртқы және ішкі факторларына келетін болсақ, онда көмірсутек шикізаттарына (мұнай, газ және т.б.) әлемдік бағалардың өсуі мемлекеттік бюджет табыстарын арттырып, экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл сыртқы, коньюктуралық фактор болып табылады.

Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:

  1. Табиғат ресурстары. Бай табиғат ресуртарына ие болу экономикалық өсу қарқынына кепілдеме бола алмайды. Оларды ұтымды және тиімді пайдалану маңызды.

  2. Еңбек ресуртары. Экономикалық өсуге жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейі, білім сапасы және жұмысшылар күшін кәсіптік шеберлікке дайындау, оларды ұтымды пайдалана білу, еңбек өнімділігінің деңгейі, денсаулық жағдайы және т.б. ықпал етеді.

  3. Негізгі капитал. Экономикалық өсуге инвестицияның үнемі көбеюі, капиталдың жаңаруы және көбеюі, қордың қайтарылымының өсуі және қордың қарулануы маңызды.

  4. Ғылыми – техникалық үдеріс. Өнертапқыштық және жаңартпалық, оны өндіріске енгізу экономикалық өсудің маңызды факторы болады.

  5. Қоғамның жиынтық сұранысы. Жиынтықты сұраныстың жоғары деңгейі кәсіпкерлерді өндірістің көлемін көбейтуге ынталандырды.

Экономикалық өсудің әр түрлі моделі кездеседі. Экономикалық өсудің неокейнсиандық моделі «инвестициялар» және «мультипликатор» санатында негізделеді. Экономикалық өсу алғашқы салынған инвестицияның мультипликациялық тиімділігінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі «өндірістік қызмет» санатына негізделеді. Экономикалық өсуге тек микро және макродеңгейге ғана емес, барлық өндірістік факторларды (еңбек, жер, капитал, ғылыми – техникалық үдерістерді) жақсы пайдалану жолымен де жетуге болады. В. Леонтьев ұдайы өндіріс - өндріті, айырбастың және тұтынудың барлық кезеңіндегі құрылымды өзара байланыс негізінде құрылған, жалпы нарықтық теңдесудің макроэкономикалық моделін үсынды. Оның моделі шахмат кестесі түрінде құрылған және «шығын - шығару» деп аталады. Бұл кестедегі бөлек салаларды екі жақты қарастырумен байланысты. «Нөлдік экономикалық өсудің» тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, шикізаттық, энергетикалық және басқа да ресурстардың шектелуі тез арадағы уақытта адамзатқа апатты қауіп төндіреді. Бұны болдырмас үшін, «нөлдік өсуге» көшу, яғни, материалдық игіліктерді ұдайы өндірудің қарапайым түріне көшу керек. «Экономикалық дамудың тұрақтылығы» тұжырымдамасы (Рио-де-Жанейро). Тұрақты даму идеясы алғаш рет 1987 жылы қоршаған орта және оны дамыту бойынша Халықаралық комиссиясының дайындаған «біздің ортақ келешегіміз» баяндамасында тұжырымдама ретінде қорытындыланған. Келешек ұрпақты тұтыну мүмкіндіктерінен айырмайтын, бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін даму, тұрақты даму ретінде анықталған.

Экономикалық өсуді орнықтыру мақсатындағы мемлекеттің экономикалық саясаты келесі мәселелерді қарастыруы тиіс:

- қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалды қамтамасыз ететін базалық заңнамалық негіздер жасау;

- мемлекеттік міндеттемеледі қолда бар ресурстармен сәйкестендіру және ресурстарды мемлекеттің базалық функцияларын орындауға шоғырландыру. Ал мұның өзі инвестициялау мен шаруашылық жүргізуді едәуір жақсартуды, салық ауыртпалығын кемітуді, сондай – ақ салықтық және кедендік жүйелердің тиімділгін арттыруды көздейді;

- бюджеттік жүйенің тепе – теңдігіне және оның қызметі тиімділігін арттыруға қол жеткізу;

- Қазақстан экономикасында прогрессивті құрылымдық өзгерістерді ынталандыру;

- Қазақстанда әлемдік экономикаға интеграциялау үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру.

Тақырып №8. Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары жəне оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі

 Ғылыми- техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар: шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы ; техника мен технологияның бір типтегі түрлері; бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік- мамандық құрылымының өзгеруі; - жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі; еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы; жұмысшы күшінің әрдайым босап қалуы; өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т. б.

 Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату прцестеті сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Ғылыми – техникалық прогрестің революциялық нысны өндірісте жаңа сападағы ғылыми – технкалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман – ғылыми- техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді.

 Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.

Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп (мысалы, ұдайы өндіріс процесінде бұрын ескерілмеген немесе жете ескерілмеген ресурстар) әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т.б. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл – ноосфера дәуірінің басталуы.

 Еліміз серпінді дамуы барысында өркендеудің жаңа сатысы-ақпараттық кезеңге аяқ басуда. Интернет, жедел байланыс сияқты коммуникацияның жаңа құралдары әлемдегі дерек көздері мен базаларын жаппай пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Ақпарат өндірістік фактор ғана емес, қоғамды демократияландырудың, билік құрылымдары ашықтығының негізгі құралдарының біріне айналуда.

Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта біртұтас ақпараттық кеңістік терминінің ортақ түсінігі қалыптасты. Біртұтас ақпараттық кеңістік деректер базалары мен банктерінің, оларды енгізу және пайдалану технологияларының, азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық өзара байланысын және олардың ақпараттық сұраныстарын қамтамасыз ететін біртұтас қағидаттар мен жалпы ережелер негізінде жұмыс істейтін ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің жиынтығы болып табылады. Біртұтас ақпараттық:

-      тиісті ақпарат тасушыларда бекітілген деректер, мәліметтер мен білімдер жинақталган ақпараттык ресурстар;

-      біртұтас ақпараттық кеңістіктің жұмыс істеуі мен дамуын, атап айтқанда ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды, таратуды, іздестіру мен беруді қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдар;

-      азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық өзара байланыс құралдары, атап айтқанда тиісті технологиялар негізінде ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар және ұйымдық-нормативтік құжаттар сияқты негізгі компоненттерден тұрады.

Қазақстан Республикасының жаңа ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы ақпараттық саясатты ұтымды ұйымдастырумен, жаңа үрдістер мен тәжірибелерді өмірге батыл енгізумен тығыз байланысты. Қазіргі таңда елімізде ақпараттық қоғамды қалыптастыру және дамыту жолдары нормативтік-құқықтық тұрғыда белгіленген. Қазақстан ғаламдық ақпараттық қоғамға кірігуге және ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға қосылуға ұмтылыс танытуда. Мұның өзі республиканың технологиялық және экономикалық тұрғыдан дамыған елдердің ат төбеліндей тобына саяси тәуелсіздікті, ұлттық ерекшеліктер мен мәдени дәстүрлерді сақтай отыра қосылуына, дамыған азаматтық қоғамы бар құқықтық мемлекет ретінде әлемдік өркениеттік дамуға үлес қосуына мүмкіндік бермек.

Мемлекеттік және жекеше секторлардың ғылыми-техникалық саланы теңдестірілген қолдауының тетігі елдегі ғылыми-техникалық қызметті базалық және жобалық қаржыландыру болады. Бұл ретте ғылыми-техникалық жүйенің тұрақтылығы іргелі зерттеулерді базалық бюджеттік қаржыландыру арқылы сөзсіз мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етілетін болады.

Мемлекеттің рөлі инфрақұрылымның жұмыс істеуін (негізгі құралдарды, оның ішінде бірегей зерттеу құрылғыларын ағымдағы ұстап тұру және күрделі жөндеу, құрал-жабдықтар сатып алу), кадрлар даярлауды және қайта даярлауды, ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық және патенттік қамтамасыз етуді, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды базалық қаржыландыруда болып табылады.

Бұдан басқа, мемлекет мемлекеттік тапсырыс шеңберінде: математика, физика, жер туралы ғылым, химия, медицина, биология саласындағы, сондай-ақ қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар - тарих, археология, тілтану, әдебиет, экономика, шығыстану және философия (жалпыұлттық игіліктің бөлінбес бөлігі ретінде) саласындағы іргелі зерттеулерді; мемлекеттік маңызы бар бағдарламаларды (минералдық-шикізаттық, тау-кен-өндірістік, жылу-энергетикалық, су шаруашылығы кешендері, сейсмикалық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою және т.б.) қаржыландыруға тиіс.

ЖҒТК мақұлдаған жаңа ғылыми бағдарламалар Республикалық бюджеттік комиссияның бекітуіне қосымша ұсынылады және осы Бағдарламада айқындалған қаржыландыру көлемінен басқа, белгіленген тәртіппен қаржыландырылады.

Экономиканы ғылыми қамтамасыз етуді қаржыландырудың өзіндік жеткіліктілігіне қол жеткізу үшін салалардың жекеше секторын ғылыми өнімге олардың тапсырысын дербес орналастыруы үшін ынталандыру көзделетін болады. Жобаларды орындаушылар, мемлекеттік мүдделер ескеріле отырып, нәтижелілік, тиімділік, өзектілік, біліктілік, жарақтану деңгейі өлшемдері бойынша елдегі және шетелдегі ғылыми ұжымдар қатарынан іріктеліп алынатын болады.

«Ғылым қоры» АҚ 2005-2015 жылдарға арналған ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту бағдарламасына сәйкес «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ және «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ даму институттарымен тиімді ынтымақтастықты жолға қояды. Бұл институттар ғылымның нақты сектормен кірігуіне және салынған қаражаттардың нәтижелілігін арттыруға ықпал етуге тиіс.

Сонымен қатар, 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес тиімділігі жоғары әзірлемелерді жеделдетіп өнеркәсіптік игеру мен пайдалану, сондай-ақ олардың негізінде ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту мақсатында сырттан әкелінетін технологиялық және қосалқы құралдарға кедендік баж салығының деңгейін мезгіл-мезгіл қайта қарап отыру қажет.

Сонымен қатар ғылыми ұйымдар үшін құрамына мыналар кіретін жеңілдіктер кешенін көздеу қажет:

- ғылыми аспаптар мен жабдықтарды әзірлеумен, өндірумен және оларға қызмет көрсетумен және осымен байланысты инвестициялармен айналысатын кәсіпорындардың тәуекелдерін сақтандыру;

- ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасы объектілерін жеңілдікпен сақтандыру.

Ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтық, кедендік жеңілдіктер мен преференцияларға әкімшілік ету реттелетін болады.

Ғылыми-техникалық саладағы уәкілетті орган ұсынылған тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді МГТС қорытындысы негізінде ғылыми-техникалық салаға жатқызудың орындылығы жөнінде шешім қабылдайды.

Тақырып №9. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркəсіптік жəне инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасында, аралық және дайын өнім, өндіріс құралдарының өндірісі, ұлттық табыстағы тұтыну қорлары мен қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау араларындағы қатынастар.

Экономика құрылымы деп еңбекті жалпы бөлуді сипаттаитын, олардың өзара байланысы, өндірістік ресурстары мен ұдайы өндіріс үдерісін көрсектетін, оның түрлі салаларының қатынастары түсіндіріледі.

Экономика құрылымы – ЖІӨ-дегі кейбір салалардың үлесі.

Егер нарық экономикасының әр түрлі кесіндісін қарастырсақ, онда аумақтық, атқарымдылық, әлеуметтік құрылымынбөліп көрсетуге болады.

Атқарымдылық құрылым әр түрлі қажеттіліктердегі ЖІӨ-ді өндіріс факторларының кесіндісінде бөлуді сипаттаиды.

Әлеуметтік құрылым әлеуметтік секторға – жеке, корпоративтік, мемлекеттік, үй шаруашылығы секторына бөлшектеуді көрсетеді.

Салалық құрылым үш деңгейден тұрады – макроэкономикалық, салааралық және өндірістік.

Рыноктық қатынаста бәсекенiң дамуымен экономикада мемлекеттiң ролi төмендейдi. Бiрақ дамыған елдер тәжiрибесi бойынша тек қана нарықтық принциптер негiзiнде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкiн емес. Елдегi инновациялық даму мемлекеттiң араласуынсыз оң нәтиже бермейдi, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттiң реттеудiң объектiсi болып табылады.1990 жылы бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мұның бәрінің себебі – нарықтың қатал талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер жетіп артылады. Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуы шикізат (газ,мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни «көз бояушылық» екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриалды-инновациялық саясатын қолға алды. 2002ж. шілде айында ҚР Президенті Жарлығымен «Инновациялық қызмет» туралы Заң күшіне енді.Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 жж. дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай. Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау үшiн ең бiрiншi құқықтық нысандары елiмiзде жоғарыдағы стратегия бойынша орындалуда. Ал мемлекеттiк қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшiн оған көп мөлшерде қаржы керек. Осы мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселенiң бiрi болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негiзделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкi, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды. Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік. Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды.

Экономикалық өмiрге мемлекеттiк әсер ету шаралары: салық, ақша, бағам, баға және кеден саясаты, техникалық және экономикалық стандарттар. Олардың негiзгi мiндеттерi - индустрияның дамуына қолайлы ықпал ететiн жалпы жағдай туғызу; нарықтың барлық субъектiлерiнiң экономикалық және институционалдық, ұйымдық және құқықтық белсендiлiк ортасын қалыптастыру.

Мемлекет:

- ұлттық валютаның айырбас бағамын реттеу;

- пайыздық ставкалардың деңгейiн реттеу;

- сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң тарифтiк және тарифтiк емес әдiстерi;

- отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуына жәрдемдесу (бизнеске оның сыртқы экономикалық қызметiнде жәрдемдесу);

- табиғи монополия субъектiлерiнiң шығын құрамын реттеу және олардың қызметiне әдiл тарифтер белгiлеу;

- көлiк инфрақұрылымына мемлекеттiң инвестициялары;

- өндiрiстi сертификаттауды және сапаны бақылауды дамыту;

- индустриалдық нарық инфрақұрылымының қалыптасуын құқықтық және ұйымдық, қолдау арқылы өндiрiстi ынталандыратын қолайлы макроэкономикалық орта жасайды.

Мыналар өнеркәсiптiк сектордың тұрақты дамуына кедергi келтiретiн факторлар болуы мүмкiн:

- өнеркәсiпте және экономикада шикiзаттық бағыттың бекуi, өңдеушi салалардың құлдырауы және елдi индустриясыздану қаупiнiң пайда болуы;

- ел экспортының негiзi баптары болып табылатын тауарлардың шағын тобының әлемдiк баға конъюнктурасының ауытқуына тәуелдi болуына байланысты экспортқа бағдарланған салалардың шатқаяқтығы. Шектес елдердегi осындай тауар өндiрушiлер тарапынан бәсекенiң өсе түсуi;

- жабдықтар мен жинақтаушы бөлшектердi (технологиялық тәуелдiлiк), шикізат ат көздерiн (газды, электр қуатын, мұнай өнiмдерiн) өндiруге қолда бар және ықтимал iске асырылатын мүмкiндiктерi бола тұра сыртқы берiлiмдерге тәуелдiлiктiң күшеюi;

- импорттық өнiмдердiң iшкi тұтыну нарығынан отандық өндiрiс тауарларын ығыстыруы;

- сыртқы сауда қатынастарының реттелмеуi, отандық тауар өндiрушiлердi экономикалық кемсiтуге алып келетiн әлемдiк нарықтағы әдiлетсiз бәсеке мен протекционизм.

Сонымен, өнеркәсiптiк секторды одан әрi дамыту императивi (талабы) өндiрiстiң тұрақтануы мен өсуi ғана емес, сонымен бiрге оның құрылымдарын тереңдетiп қайта құру мен бүкiл экономиканың үдемелi өндiрiстiк процесiнiң тұтастығын қалпына келтiру болады.

Өткен жылдарда пәрмендi құрылымдық саясатты сәтсiз өрiстету әрекеттерi көп жағдайда нарықтық экономикадағы мемлекеттiң реттеушi рөлiн барынша төмендету моделiнiң Қазақстан жағдайына барабар келмеуi себепшi болды.

Мемлекет белсендi инвестициялық саясаттан қол үзген өткен жылдар тәжiрибесi, жекеше сектордың экономикаға, ең алдымен өңдеушi өнеркәсiпке ауқымды ұзақ мерзiмдi салымдарды қамтамасыз ете алмағанын көрсеттi.

Қайта өңдеу салаларын жаңғыртуға шетел инвестицияларын белсендi тарту үмiтi ақталмады. Қазіргi кезеңде iс жүзiнде өнеркәсiптiк сектордағы құрылымдық өзгерiстердiң бастамашысы мемлекет қана бола алады.

Өнеркәсiптiк салада саясаттың бiрнеше тұжырымдамалары ауысқанымен, мемлекеттiң реформалау тәжірибесінде осы уақытқа дейiн айқын және жүйелi өнеркәсiптiк саясат болмай отыр. Бұл саясаттардың негiзгi бағыты – ғылыми - техникалық прогрестi жеделдету қажеттiлiгi, өндiрiстің жоғары технологиялық салалары мен түрлерiн қалыптастыруға басым назар аудару, өңдеушi салаларында бәсекеге төзімділіктің әлемдік деңгейіне шығуы оларды экспорттық әлеуетті еселеудің басты көзіне айналдыру.

Тақырып №10. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

Ауыл шаруашылығы саласын қолдау және оның ішінде азық-түлік рыногын қолдау – мемлекеттің ең бір маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Барлық дамыған елдерде ауыл шаруашылығы мемлекет қолдауында болады. Халық шаруашылығының бұл саласы рынокқа және бәсекелестікке төмен деңгейде бейімделген. Ауыл шаруашылығынан халық шаруашылығының көптеген салаларының өндірістің ерекшелік жағдайында айырмашылығы бар: жер – өндірістің негізгі қоры; жұмыс маусымдық сипатта болады; еңбек үдерісі жанды организммен байланысты; жұмыс кезеңі өндіріс кезеңімен сәйкес келмейді; инвестицияны жүзеге асыру мен тиімділікті алу арасында уақыт бойынша елеулі лаг бар; оның бағасына байланысты өнімге сұраныс үйлесімді емес; жоғары капитал және энергия қажеттілігі; төмен пайдалылығы және ақыр соңында табиғи-климаттық жағдайға қатаң тәуелділігі.

Аграрлық секторды реттеуді аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің (АӨК) дамуымен байланыстыру қажет. АӨК үш қызметтік аяны біріктіреді:

І. Ауыл шаруашылығы үшін өндіріс құралдарын шығаратын және соған сәйкес қызмет көрсететін қор құраушы салалар.

ІІ. Ауыл шаруашылығы (өсімдік және мал шаруашылығы).

ІІІ. Дайындауды, сақтауды, ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуді және АӨК соңғы өнімдерін өткізуін қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы.

Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының кон­цепциясы:

1. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін әр адам­ның тамақтану физиологиялық қажеттілігінен бас­тау. Қазақстандағы бекітілген нормаларды халық­аралық стандарттарға сәйкес қайта қарау.

2. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтама­сыз ету проблемасын шешуді кешенді және жүйелі түрде жүргізу.

Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының мақ­саты – мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтама­сыз ету, яғни отандық сапалы тағам өнімдерімен халықты қамтамасыз ету көрсеткішін 80 пайызға жет­кізу және оған тұтынушылардың қолжетімдігін жақсарту. Атап айтқанда, ауыл тұр­ғын­дарының та­ғам түрлерімен өздерін толық қамтамасыз етуі және қала тұрғындарына отандық өнімдерді арзан баға­мен жеткізу. Түпкі мақсат – аграрлық салада шикі­зат­тық экономикадан ары­лып, Қазақстанның тағам индустриясы дамыған елдердің қатарына қосылуы­на батыл қадам жасау.

Сонымен қатар уақыт ұттырмай импортталған азық-түліктердің санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық тазалығы мен жоғары сапалылығын қамтамасыз ету. Мал шаруашылығын дендеген жұқ­палы аурулардан арылту, медициналық ветери­нария жұмысын жолға қою

Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының прин­циптері:

– ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ауыл шаруашылығы саласының дамуын макро­экономика және әкімшілік реформа тұрғысында бөліп қарау. Ауылға бюджеттен бөлінетін қаржы үлесі қалалар мен тең, яғни 50 пайызға дейін жетуі керек, ал ауылшаруашылық өндірісімен айналыса­тындарға несие және субсидия түрінде беріледі;

– елді мекендер мен аймақтардың тағам өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етуі;

– ауыл экономикасын әкімшілік реттеу мен рефор­маны төменнен, яғни ауыл және аудан әкім­дерінің деңгейінен бастау;

– азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты қажетті тағамдардың түрлерін өндіруді үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылау мен жауапкерші­ліктерінде болуы;

– мемлекеттік қаржылық қолдауды тек халыққа қажетті тағамдардың керекті мөлшерін өндіруге және оны ұқсатуға бағыттау;

– қаражатты мемлекеттің үлесі бар екінші деңгейлі банктер арқылы микрокредиттік ұйымдар­дың қатысуымен және жергілікті атқарушы орган­дар­дың бақылауымен жұмсау.

Қазақстанның жаңа аграрлық сая­сатының маңыздылығы:

1. Қазақстанның аграрлық саласы мен мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау көр­сеткіші Дүниежүзілік сауда ұйымының талабына сәйкестенеді.

2. Азық-түлік индустриясын қалып­тас­тыру мыңдаған жұмыс орындарының ашылуы мен ауыл­да тұратын адамдардың материалдық жағ­дайының көтерілуіне жағдай туғызады.

3. Қазақстандық тауар брендтерінің қа­лып­тасуы.

4. Азық-түлік тауарларының экспорттық мүм­кіндіктерінің өсуі.

5. Деурбанизация және кіші қалалар саны­ның артуына мүмкіндік туады. Ол мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтып, қауіпсіздігінде маңызды рөл ат­қарады.

6. Ауыл экономикасының қалыптасуы, әлеу­меттік-экологиялық жағдайдың жақсаруы халық санының өсу динамикасын жеделдетеді.

7. Мемлекеттің 90 пайыздан астам терри­ториясын қамтитын, халықтың 47 пайыз тұратын ауыл экономикасы саяси тұрақтылықтың қайнар көзі болмақ;

8. Ішкі және сыртқы инвестициялық мүмкін­дік­тер ашылады.

9. Екінші деңгейлі банктердің аймақтық жүйе­лері, басқа да қаржылық институттар дамиды және нығаяды.

10. Республиканың өндірістік көрсеткіштері жақ­сарады және шағын және орта бизнесі дамыған индустриалды мемлекет қалыптасады.

Аграрлық жоспарлау макро және микро экономикалық көлемдерді реттеуді, мынандай стратегиялық және тактикалық міндеттердің оңтайлы ара-қатынасын айқындауды талап етеді:

- аграрлық реформа жүргізудің мемлекеттік саясаты негізінде бәсекеге қабілетті тауар өндірушіні қалыптастыру;

- баға деңгейін қадағалап отыру негізінде бағаны реттеу;

- қаржы тәртібін жетілдіру негізінде өндірістің құлдырауын болдырмау;

- өнім өткізу рыногын дамыту мен тауар өндірушілерге қызмет жөнінде құрылымдық және мекен-мекемелік (институттық) өзгертулер жүргізу;

- еңбек дәйектілігіне лайықты жүйе құру, еңбек ресурстары рыногын дамыту және келісім-шарттар жүйесін меңгеру жолымен кадрлардың жауапкершілігін нығайту.

Көптеген елдерде экономиканың аграрлық бөлігін мемлекеттік қолдауға тәжірибесі көрсетіп отырғандай, экономикалық даму деңгейлері әртүрлі болуына қарамастан, ауыл шаруашылығына зор қаржылық көмек жасалуда, ондағы мақсат тауар өндірушілердің бір қалыпты кірісі бар жағдаайда тұрғындарды бағасы қолайлы азық-түлікпен қамтамасыз ету болып отыр.

Тақырып №11. Бəсекелік ортаны қалыптастыру жəне монополияны реттеу

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің даму сатылары М. Потердің «Халықаралық бәсеке» атты еңбегіндегі қалыптасқан теориялық ұстанымға сәйкес жекелеген уақыт аралығындағы дамуын анықтайтын негізгі төрт қозғалыс күшіне немесе ынтаға сәйкестендірілген ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің ерекше төрт сатысы бөліп көрсетіледі

Өндіріс факторлары негізіндегі бәсеке

Аталған сатыда іс жүзінде барлық ұлттық салалар әлемдік нарықта ойдағыдай әрекет етіде, бәсеке күресіндегі өзінің артықшылықтарына негізгі өндіріс факторларының арқасында жетуде: табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы мәдениетіндегі өнімді өсіруге қолайлы жағдай, жартылай білікті арзан жұмыс күщі.

Осындай экономикада ел ішіндегі фирмалар арасындағы бәсеке қарапайым және қол жетімді технологияны талап ететін салаларда өнімнің бағасыныы төмендету негізінде айрықша жүреді. Өндіріс факторларына сүйемелденген экономикада ірі нарыққа бағдарланған салалар ауқымы импорттық тауарларды алмастыратын отандық алмастырушыларды құру арқылы кеңейтіледі.

Алайда, алмастырушы тауарларды өндіретін отандық салалардың бәсеке қабілеттілік деңгейі әлемдік нарыққа шығу үшін жеткілікті дәрежеде емес, ал кейбір импорттық шектеулерде экономиканың тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Инвестиция негізіндегі бәсекенің дамуы

Аталған сатыда экономиканың бәсекелестік артықшылығы ұлттық фирмалардың агрессивті инвестициялауға дайындығы мен қабілетіне негізделеді.Фирмалар қаражаттарын әлемдік нарықтан сатып алуға болатынсоңғы тиімді жабдықтар мен үздік технологияларға салады. Инвестиция көлемінің өсуі алдыңғы қатарлы жаңа факторлардың (ғылым сиымдылығы жоғары жаңа технологиялар, алдын-ала құрамдық байытылған материалдар және т.б.) құрылуы мен қазіргі заманғы инфрақұрылымның дамуына алып келеді. Осы сатыға жетудің айтарлықтай жағдайы ұлттық фирмалардың тәуекелге байланысты іс-әрекеттерді жеңіл қабылдауы болып табылады, сондай-ақ, аутсайдерлер санының өсімі көптеген салалардың ішкі бәсекесін күшейтеді.

Инвестиция негізінде бәсеке қабілеттілігін арттыру жоғары капиитал сыйымдылық, көлемі өндірістің есебінен едәуір үндеу, стандартталған өнім сияқты әлбеттегі мінездемесіне сәйкес белгілі класстардағы салаларда ғана мүмкін.

Мемлекет бұл сатыдағы факторларды құру мен көтеруді инвестициялау бағытында басты рөл ойнайды, алайда фирманың осы саладағы белсенділігі де арта түсуі қажет.

Жаңартпа енгізу негізінде бәсекені дамыту

Аталған сатыда факторлық шығын есебінен ұлттық экономиканың бәсеке артықшылығын қамтамасыз ету сирек жағдай бола түседі. Енді факторлардың болуы емес, керісінше олардың жетіспеуі жаңа технологияларды енгізуді ынталандыра отырып, бәсекегі қабілеттіліктің өсуіне алып келеді. Университеттер, ғылыми мекемелер мен инфрақұрылымдық ұйымдар санының өсуі мен құрылымдарының күрделенуі жүруде. Нақты салалардың қажеттілігіне бағдарлану дәрежесі өсе түскен өндіріс факторларында жаңа механизмдердің қалыптасуы мен соңғы үлгіде жарақтандырулар пайда болуда.

Аталған сатыда фирмалар ғаламдық стратегиялар жасауда, халық аралық жеткізушілер мен қызмет көрсетудің өзіндік жүйесін жасауда. Өндірісті шетелге шығаруға мүмкіндіктер туындайды.

Дамыған елдер арасында Ұлыбритания жаңартпа енгізу сатысына 20 ғасырдың бірінші жартысында жетті, АҚШ, Германия және Швеция 19-20 жүзжылдықтың бірнеше онжылдық аралығында жетті, Италия мен Жапония бұл сатыға тек 20 жүзжылдықтың 70-і жылдары жетті.

Байлық негізіндегі бәсеке

Байлық негізіндегі бәсекелестік сатысының алғашқы үшеуінен айырмашылығы соңғы есепте өндірістің құлдырауына алып келеді. Экономикалық күшпен жылжуы ол молшылыққа жеткен болып табылады. Байлықтың арасында жылжып отырған экономиканың басты прблемасы кезінде құрылып, жаулап алынған ұстанымдар мен артықшылықтардың қабілеттіліктерін жоғалта бастауында болып тұр.

Осы сатыда фирмалар халықаралық бәсекеде өздерінің позициясын жоғалта бастайды. Бұл басты бейнеде өздарінің бұрынғы үстанымын күшейтуге емес, сақтап қалуға көбірек көңіл бөлу нәтижесінде компанияның инвестициялауға деген қызығушылығы төмендеуінен болады.

Экономика аясы бәсеке артықшылықтарын жоғалту есебінен алғашында базистік салалар мен соңғы өнім өндірісінде, сосын буып-түйю бұйымдарын шығару саласында және соңында машина жасауда тарылады.

Сол уақыттаға салалардың үлкен сатысына қатысты жаңартпа енгізу сатысы бәсеке қабілеттілігіне жағдай жасау кезінде, байлық сатысы, керісінше, өзінің бәсеке артықшылықтарын жоғарғы деңгейде ұстап тұра алатын салалар аясы тарыла түседі.

Бәсекелестік өндірушілердің (сатушылардың)тауарлар мен қызметті тұтынушылар (сатып алушылар) үшін күресі ретінде көрінеді.

Егер жалпы бәсекелестік қатынастар туралы айтылса,онда бәсекелестік қатынастары мен экономикалық субъекті арасындағы қатынастар кез келген экономикалық жүйеге тән. Олар ресурстардың шектеулігінің болмай қоймайтын салдарлары болып табылады. Ресурстар шектеулі болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер оларға ие болу үшін күресуге мәжбүр болады.

Мемлекеттік араласудың қажеттілігін атай отырып, біз бәсекелестік күрес монополияның пайда болуы факторларының бірі болып табылады. Монополияның дамуы экономиканың бәсекелестік бастауларына тосқауыл қояды. Яғни, бәсекелестіктің бастауын арнаулы қолдау және монополиялық танденцияны шектеу қажеттілігі туындайды. Бұл мемлекеттің монополияға қарсы қызметінің арқасында ғана болуы мүмкін.

Сөйтіп, монополия бәсекелестікке қарама-қарсы жұмыс істейді.

Алайда таза монополия өмірде сирек кездеседі. Нарықта бір фирманың билік жүргізуі жеткілікті түрде шартты болады. Шынайы өмірде белгілі бір салаларда ірі фирманың шектеулі саны болғанда, олигополия жиі кездеседі.

Жетілген бәсекелестік үшін фирмалар көп болса және оның әрбірі монополиялық биліктің бір шағын бөлшегіне ие болса, оңтайлы болар еді. Мұндай жағдай монополистік бәсекелестік деп аталады, оған сатып алушылар мен сатушылардың көптігі , бағалық кемсітушіліктің болмауы, капиталдың құйылуының еркіндігі сипатты болды.

Монополияға қарсы реттеудің басты міндеті-бөлек фирмалармен рыноктың монополиялануына жол бермеуге бағындырылған. Оған әкімшілік (заңдылық) және нормативтік бағыттамалы (түзетуші) ықпал жүретін әдістері енеді.

Мемлекет тиімді нарықтық ортаның қалыптасуына мүдделі. Ол экономиканы мемлекеттік реттеу бағыттарының бірін құрайтын монополияға қарсы саясат жүргізеді және қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін көрсетеді.

Мемлекеттік монополияға қарсы саясатты бәсекелестік нарығында «ойын ережесін» белгілеуге шақыратын, бірінші кезекте, монополияға қарсы (треске қарсы) заңдар жиынтығын жүзеге асырады.Әрекеттің нақты бағдарламасын үкімет әзірлейді және жүзеге асырады.

Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты-тиімді нарық экономикасы мен бәсекелесті нарықтық ортаны қалыптастыру мақсатын жүзеге асыратын заң актілері мен әкімшілік шаралардың жүйесі.

Монополияға қарсы саясат шеңберінде екі негізгі бағытты бөліп алуға болады:Монополиясыздандыру және кәсіпкерлік монополияны реттеу.

Бірінші бағытқа төмендігілер жатады:

  • жаңа фирма құру тәртібін мүмкіндігінше жеңілдету;

  • бірігу тәртібіне және фирмалардың жұтылуына мемлекеттік бақылауды енгізу, кейбір жағдайда, бірігу мен жұтылудың мемлекеттің рұқсатымен болған кезінде, тәртіп орнату;

  • бағалық кемсітушілік саясатын жүргізгені үшін фирманы жазалау;

  • кішірейту жүргізу;

Кәсіпкерлік монополияның қызметін реттеудің екінші бағытын қарастыра отырып, реттеудің дәстүрлі объектісі табиғи монополияның қызметі болып табылатынын қадағалау қажет.

Табиғи монополия. Сирек және орны толтырылмайтын өндiрiс элементтерiне бiр ғана субьектiнiң ие болып пайдалануы. Мысалы, жер қойнауының пайдалы қазбалары: сирек металлдар, құнарлы жерлер. Мұндай монополия тұрақты болады. Қазақстанда табиғи монополияға жатады: халыққа коммуналды қызмет (сумен, газбен,электр күшiмеен, жылумен қамтамасыз ету), темiржол, әуе жолы, энергетиканың обьектiлерi. Мұнайды, мұнай өнiмiн, газды тасу, байланыс қызметi, қорғаныс кәсiпорындарының кешенi, ядролық кәсiпорын, уландыратын,нашақорлық заттар, қымбат бағалы заттар, қымбат бағалы металлдар.

Табиғи монополия–белгілі бір қызмет түрлеріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелесті жағдай жасау мүмкін емес және қызметтің осы түрін көрсету және өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты экономикалық мақсатқа лайықты емес қызметтер (тауарлар мен жұмыстар).

Монополиялық экономика үшін қажетсіздігі, тіпті зияндылығының өзінде олар белгілі бір талассыз, ал белгілі бір дәрежеде экономикаға имманентті (табиғи тиісті) болып келеді. Объективті себептер бойынша рыноктық бәсеке әрекеті аумағынан тыс экономикалық қызмет сферасын табиғи монополиялар деп атайды.

Табиғи монополияның қызметін реттеу жоспарлы экономикадағы тәрізді, қағидалар негізінде жүзеге асады: мемлекеттік басқару органы (Монополиға қарсы комитет) немесе бағалар бойынша басқарма баға мен тарифтер деңгейін, сондай-ақ, ұсынылатын тауарлар мен қызметтің негізгі сұрапталымы мен көлемін сипаттайтын параметрін анықтайды.

Табиғи монополияға бәрінен бұрын көлік, байланыс, газ-сумен қамтамасыз ету, элекрт тораптары және әуе тасымалдары кәсіпорындары жатады. Табиғи монополия үшін, өнім бағасы орта шығынға теңелгенде, әдетте, «әділ табыс» белгіленеді.Бірақ мұндай жағдай ережедегідей, монополист-кәсіпорынға шығынды төмендетуге ынталандыруда залал әкеледі.

Табиғи монополияны мемлеттік реттеудің мақсаты екі жақты: бір жағынан ол рынокта монополияның жан-жақты билеуінен бағаны реттеу жолымен қоғамды қорғау үшін, екінші жағынан олардың тиімді дамуына жағдайды қамтамасыз етеді.

Табиғи монополияны реттеу кезінде шаралардың құрамдастыруы қолданылады:

  • өнімге белгіленген бағаны бекіту;

  • баға өзгерістерінің шектеулі коэффициентін бекіту;

  • еркін бағаның тәртібін бекіту.

Табиғи монополиялардың болуы тауардың бәсекелестік рыногын құру мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, монополистің авторлық құқығы бар және оны ешкімге бергісі келмейді), немесе бәсекелес өндірістерді құрудың экономикалық тұрғыдан қажетсіздігі (мысалы, магистральды газ құбырларының параллельді желісін тарту).

Кейбір жағдайларда ұйым, компания тауар мен қызмет көрсетулердің берілген түрін өндірістің минималды шығындарымен өндіру әдісіне қол жеткізіп , рынокта ең төмен бағаларды ұстап тұруына байланысты белгілі бір уақыт ішінде табиғи монополист болуы мүмкін. Мұндай ситуация егер компания ешкімнің қолы жетпеген ең жоғары сапа биігіне көтерілсе де орын алады.

Табиғи монополия объектілеріне, мысалы, пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін шығаруды, бір ғана нұсқадағы транспорт және транспорттық коммуникациялардың жекелеген түрлерін, қару-жарақтың ең қауіпті түрлерін, улы заттарды өндіру мен сатуды, бірегей каналдыр мен байланыс құралдарын жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкестабиғи монополия категориясына:

-магистральді құбырлар арқылы мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау;

-құбырлармен газ тасымалдау;

-электр және жылу энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсетулер;

-теміржол тасымалдары;

-транспорттық терминалдар, порттар және әуежайлар қызметі жатқызылады .

Тақырып №12. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу жəне халықты əлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамтамасыз ету мен жұмысқа қабілетті тұрғындардың жұмыссыздығының деңгейіне мемлекеттік ықпал ету, реттеудің жалпы жүйесі мен әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Қазіргі заманғы еңбек рыногы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып,мемлекеттік араласу обьектісі болып таблады.Сонымен бірге басқа тауарлардың рыногы тәрізді, іштен (жұмыс берушімен және кәсіподақтармен) және сырттан (мемлекетпен) реттелетін болды.

Бұл үдерісте мемлекеттің рөлі екі жақты. Бір жағынан мемлекет жұмыс беруші ретінде, яғни өзінің мүддесін қорғап, еңбек рыногында дербес субъект ретінде көрінеді. Екінші жағынан мемлекет төреші (арбитр) – жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мәселелерді реттеумен айналысуы тиіс. Еңбек рыногының басқа рыногтардан айырмашылығы, адамдардың тұтыну мен мүдделерін есепке алу қажеттілігіне байланысты оныңң әлеуметтік табиғаты болады.

«Еңбек рыногы ­- жұмыс күшіне сұраныс, оған қажеттілігінің болуы ,екінші жағынан – жұмыс күшін ұсынуды тұтынуды қанағаттандыратын мүмкіндігі бар араласатын қарама – қарсы келетін сала» (Лившиц).

Еңбек рыногы - бұл рынок экономикасы құрылымының құрамдас болігі. Ол басқа да рыноктармен: шикі материалдар,халық тұтынатын тауарлар мен қызметтер, тұрғын үй, бағалы қағаздар және т.б рыноктармен қатар қызмет етеді. Еңбек рыногында бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс іздеуші ретінде, екінші тарап (сатып алушы)-жұмыс берушілер:кәсіпкерлер немесе олардың өкілдері болады.Еңбек рыногы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелерімен,сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің тікелей кадр қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жүзеге асады.

Еңбек рыногында жұмыс күшінің құны бағаланады, оны жалға алу талаптары, оның ішінде еңбекақы көлемі, еңбек ету жағдайы, кәсібінің өсу мүмкіндігі, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігі анықталады. Еңбек рыногы-бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар – салалар мен кәсіптік біліктің теңдестірілмеуінде.

Жұмыс деп халықтың жеке және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыратын және кіріс әкелетін қоғамдық пайдалы іс әрекеті түсіндіріледі. Жұмыспен қамтуды реттеуде экономикалық, ұйымдастыру, әкімшілік құқықтық әдістер қолданылады. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • Жұмыс орындар жүйесінің дамуын реттеу;

  • Жұмыс орындарына сұранысты реттеу;

  • Мемлекеттің білім беру және қызметкерлерді кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін дамытуға мемлекеттің қатысуы.

Жұмыссыздықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: жұмыссыздық деңгейі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, жұмыспен қамту қызметі органдарына тіркелген, материалдық көмек тағайындалған жұмыссыздардың саны.

Мемлекет адамдардың жұмыс іздеуге кетіретін уақытын қысқартып, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ұйымдастыруда және жетілдіруде осы шартты толық сақтайды.

Жұмыссыздық проблемасын шешудің бірден бір жолы бұл еңбек биржалары туралы көптеген мемлекеттердің практикасының нәтижелерін көруіміз керек. Еңбек биржалары бойынша тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету жұмыссыздықпен қамтамасыз етудің бірден бір жолы.Бұл еңбек биржалары ең алғашқы кездерде дамыған мемлекеттерде жұмыссыздарға көмек беру мақсатындағы адамгершілік институттары ретінде пайда болды.Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына байланысты оның атқаратын қызметі мен өзгеруі.Еңбек биржасы- бұл еңбекті талдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасында делдалдық қызметтер атқаратын келісімдер жайын, тұрақты мерзімді қызмет жасайтын мәселе.

Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылдай болып қалсада біздің мемлекетіміз жұмыссыздық мәселесімен күресуде, бірақ осыған қарамастан жұмыссыздар саны таңдаусыз өсуде.Болашақта жұмыссыздар санын азайту үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сай жұмыс істеуі керек.Ал, бірақ әзірге ондайдың болуы мүмкін емес.Себебі жемқорлықпен күрес жүргізіп жатқанымызда сол проблемаларды шешудің негізі екендігінде.Үкіметтің «Дағдарысқа қарсы күрес» бағдарламасы аясында қысқартуға ұшырағандар қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылады.Республика бойынша мұндай жұмыс орындарының саны әзірге он мыңға жуық. Онда орташа айлық жиырма мың теңге болмақ.

Қазіргі елімізде орын алып отырған жұмыссыздық мәселесі әсіресе, ауылдағы жастардың көпшілігінің жұмыспен қамтылмай ауылға тұрақтамауы, еліміздің өсіп өркендеуіне кедергі келтіріп отырған аса қауіпті жағдай. «Береке түбі бірлік » деген атадан қалған ұлағатты сөздің өміршеңдігі қазіргі уақытта айқын дәлелденіп отыр. Қай жерде болсын іріленген шаруашылықтар ілгері басып, ұсақ шаруашылықтар басы бірікпей, елдің де, жердің де жағдайын жөндей алмай, берекесіздікке ұшырап отыр.Бұл жөнінде биылғы Президенттің жолдауында нақтылы, тұжырымды айтылған, «Ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешіу қажет» деген.

Үкімет әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің, әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында келісімге қол жеткізудің тетігі ретінде әлеуметтік диалогты одан әрі нығайту мен дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырады.Мемлекеттің мүмкіндіктерін және зейнетақымен қамсыздандырудың ортақ жүйесінің халықаралық қағидаттарымен жүрудің қажеттілігін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.Заңнаманы жетілдіру жолымен халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады.Үкімет жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін төлеу жүйесін жетілдіруді және зейнетақыны аннуитеттiк сақтандыруды дамытуды ұйғарып отыр.Қаржы құралдарының тізбесін кеңейту және басқа да шаралар есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары кірістілігінің өсуін ынталандыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Үкімет жұмыссыздарды оқыту мен қайта оқытудың, жұмыстан босатылған қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлаудың, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, бизнестің жаңа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын құруға қатысуына ықпал етуді ұйғарып отыр.Жергілікті мамандарды кәсіби даярлау мен қайта даярлауға ерекше назар аудара отырып, шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру саясаты жүргізілетін болады. Бұдан басқа, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жағдайында ішкі еңбек нарығын қорғауға бағытталған тетіктерді қалыптастыру алда тұр.

Тақырып №13. Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады.

Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады. Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.

Әлеуметтік саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады.

Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары:

  1. Қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әр түлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру.

  2. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру.

  3. Халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету.

  4. Қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету.

  5. Қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету.

  6. Әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық үй т.б) дамыту.

  7. Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету.

Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады:

  • құқықтық реттеу – бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;

  • қаржы- несиелік реттеу – қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т.б.)

  • жекешелендіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорындарды жеке меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын көпшілік жағдайда мемлекет өтейді. Сондай-ақ әлеуметтік саясатта төмендегі маңызды ұғымдар қарастырылады.

Әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:

  • Әлеуметтік кепілдік - мемлекеттің азаматар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілктерін заңды түрде қамтамасыз ету.

  • Әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы норматиытерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы әдістемелік принциптерде жасалады.

  • Минималды тұтыну бюджеті тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ зейнетақы мен жалақының минималды деңгейін белгілеу үшін қолданылады.

  • Өмір сүру минимумы - бұл минималды табыс. Ол әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, табыстар реттеледі және әлеуметтік төлемдер белгілегенде қолданады. Өмір сүру минимумы экономиканың белгілі деңгейінде адамның денсаулығын сақтау мен қызметке қабілетін қамтамассыз ету үшін қажет. Оның құрамына ғылыми негізделген азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны және салықтар мен міндетті төлемдер кіреді. Минималды өмір сүру минимумын анықтау үшін тұтыну қаржыны қолданылады.

  • Жалақының минималды көлемі – квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негзделген жалақының ең төменгі шегі. Оны басқа маман жұмысшылардың жалақысын белгілеу үшін қолданады.

  • Зейнетақының минималды деңгейі – нормативті актілер бойынша белгіленетін зейнетақының ең төменгі шегі. Ол минималды жалақы мен өмір сүру минимумына негізделеді.

Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады.

  • шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;

  • индустриялық дамыған;

  • агроөнеркәсіптік;

  • дағдарыстық.

Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі.

Екінші топқа- ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өнріс құру үшн қолайлы экономикалық жағайлары және жоғары ғылми-өндісті әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.

Үшінші топ- ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.

Төртінші топқа- қысылшаң (экстремльный) табиғи-климаттық, әлеуметтік - экономикалық және техника - технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемелекеттік реттеудің нақты шаралары қажет.

Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу - еліміздің және оның жекеленген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойлған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық саясаттың мәні - жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару болып табылады.

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару» факультеті

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы

Пән бойынша практикаға арналған

әдістемелік нұсқаулық

EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға

Алматы, 2011ж

Экономиканы мемлекеттік реттеу кафедрасы

Пән: ЭМР

Мамандық: «Маркетинг», «Экономика»

Курсы, оқу формасы: бакалавр, күндізгі бөлім.

Аға оқытушы: Калдина С.С.

Тапсырма № 1

Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

1.Мемлекеттің экономикалық функциясы.

2.ЭМР субъектілері және объектілері, олардың әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық қызығушылықтары

Тапсырманы орындауға методикалық кеңес:

Тапсырманы талқылау (15 адамнан кем емес) топта өткізілуі қажет. Себебі тақырып топтың барлық студенттері талқылауға қатысуын қажет етеді.

Тапсыру мерзімі, ұсыныс пен қорытынды дәлелдеп көрсету мен талдауды ұқыпты жасау.

Тапсырма № 2

1.Экономиканы мемлекеттік реттеу əдістемесінің түсінігі жəне оның негізгі элементтері.

2. ЭМР жүйесінің қағидаларын қалыптастыруды жасау, алға қойылған мақсаттарды шешуде құралдарды таңдау

Тапсырманы орындауға методикалық кеңес:

Тапсырманы талқылау (15 адамнан кем емес) топта өткізілуі қажет. Себебі тақырып топтың барлық студенттері талқылауға қатысуын қажет етеді.

Тапсыру мерзімі, ұсыныс пен қорытынды дәлелдеп көрсету мен талдауды ұқыпты жасау.

Тапсырма № 3

Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы.

Экономикалық әлеуеті бойынша Қазақстан Республикасының экономиканы басқару органының құрылымын талқылау

Тапсырманы орындауға методикалық кеңес:

Тапсырманы талқылау (15 адамнан кем емес) топта өткізілуі қажет. Себебі тақырып топтың барлық студенттері талқылауға қатысуын қажет етеді.

Тапсыру мерзімі, ұсыныс пен қорытынды дәлелдеп көрсету мен талдауды ұқыпты жасау.

Тапсырма № 4

Жоспарлау түрлері: директивті және индикативті. Жоспарлау қағидалары. Экономикалық бағдарламалар. Мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты, мерзімі, жүргізу тәртібі.Тапсырманы орындауға методикалық кеңес:

Тапсырманы талқылау (15 адамнан кем емес) топта өткізілуі қажет. Себебі тақырып топтың барлық студенттері талқылауға қатысуын қажет етеді.

Тапсыру мерзімі, ұсыныс пен қорытынды дәлелдеп көрсету мен талдауды ұқыпты жасау.

Тапсырма № 5

Несие жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатының әдісі ретінде. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз – экономиканы реттеудің құралы ретінде. Қазақстан Республикасындақаржы саясатының ерекшеліктері

Тапсырманы орындауға методикалық кеңес:

Тапсырманы талқылау (15 адамнан кем емес) топта өткізілуі қажет. Себебі тақырып топтың барлық студенттері талқылауға қатысуын қажет етеді.

Тапсыру мерзімі, ұсыныс пен қорытынды дәлелдеп көрсету мен талдауды ұқыпты жасау.

Тапсырма № 6

Ақшаның монетаристік теориясы. Ақшалай-несиелік реттеудің мақсаттары. Әр түрлі даму сатыларында ҚР-да ақшалай-несиелік саясаттың түрлері.

Тапсырманы орындауға методикалық кеңес:

Тапсырманы талқылау (15 адамнан кем емес) топта өткізілуі қажет. Себебі тақырып топтың барлық студенттері талқылауға қатысуын қажет етеді.

Тапсыру мерзімі, ұсыныс пен қорытынды дәлелдеп көрсету мен талдауды ұқыпты жасау.

Тапсырма № 7

Экономикалық өсу модельдері. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары.

Тапсырманы орындауға методикалық кеңес:

Тапсырманы талқылау (15 адамнан кем емес) топта өткізілуі қажет. Себебі тақырып топтың барлық студенттері талқылауға қатысуын қажет етеді.

Тапсыру мерзімі, ұсыныс пен қорытынды дәлелдеп көрсету мен талдауды ұқыпты жасау.

Тапсырма № 8

Ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру. 2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық стратегиясы.

Тапсырманы орындауға методикалық кеңес:

Тапсырманы талқылау (15 адамнан кем емес) топта өткізілуі қажет. Себебі тақырып топтың барлық студенттері талқылауға қатысуын қажет етеді.

Тапсыру мерзімі, ұсыныс пен қорытынды дәлелдеп көрсету мен талдауды ұқыпты жасау.

Тапсырма № 9

Құрылымдық және өнеркәсіптік саясатты жүргізудегі инвестициялық сфералардың рөлі. Инвестициялардың негізгі қайнар көзі. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу негіздері

Тапсырманы орындауға методикалық кеңес:

Тапсырманы талқылау (15 адамнан кем емес) топта өткізілуі қажет. Себебі тақырып топтың барлық студенттері талқылауға қатысуын қажет етеді.

Тапсыру мерзімі, ұсыныс пен қорытынды дәлелдеп көрсету мен талдауды ұқыпты жасау.

Тапсырма № 10

Шаруа қожалықтарын мемлекеттік қолдаудың негізгі формалары.. Мемлекеттік аграрлық саясаттық шаралары. Агробизнесті қалыптастыру. Аграрлық кластерлер.

Тапсырманы орындауға методикалық кеңес:

Тапсырманы талқылау (15 адамнан кем емес) топта өткізілуі қажет. Себебі тақырып топтың барлық студенттері талқылауға қатысуын қажет етеді.

Тапсыру мерзімі, ұсыныс пен қорытынды дәлелдеп көрсету мен талдауды ұқыпты жасау.

Тапсырма № 11

ҚР монополияға қарсы реттеу органдарының құрылымы. Түрлі формадағы кәсіпкерлік қызметті дамыту және қолдау.. Қазіргі жағдайда кәсіпкерлікті ынталандырудағы нормативті-құқықтық аспектілер.

Тапсырманы орындауға методикалық кеңес:

Тапсырманы талқылау (15 адамнан кем емес) топта өткізілуі қажет. Себебі тақырып топтың барлық студенттері талқылауға қатысуын қажет етеді.

Тапсыру мерзімі, ұсыныс пен қорытынды дәлелдеп көрсету мен талдауды ұқыпты жасау.

Тапсырма № 12

Жұмысбастылықтың мемлекеттік саясаты. Әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілері. Кірістерді бөлудегі теңсіздік мәселелері. Адами капиталды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі.. Денсаулық сақтау және білім беруді мемлекеттік реттеу

Тапсырманы орындауға методикалық кеңес:

Тапсырманы талқылау (15 адамнан кем емес) топта өткізілуі қажет. Себебі тақырып топтың барлық студенттері талқылауға қатысуын қажет етеді.

Тапсыру мерзімі, ұсыныс пен қорытынды дәлелдеп көрсету мен талдауды ұқыпты жасау.

Тапсырма № 13

Аймақтар нарығын басқару. Инвестициялық саясаттың аймақтық аспектілері. Аймақтар дамуының әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру.

Тапсырманы орындауға методикалық кеңес:

Тапсырманы талқылау (15 адамнан кем емес) топта өткізілуі қажет. Себебі тақырып топтың барлық студенттері талқылауға қатысуын қажет етеді.

Тапсыру мерзімі, ұсыныс пен қорытынды дәлелдеп көрсету мен талдауды ұқыпты жасау.

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару» факультеті

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы

Пән бойынша студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық

EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға

Алматы, 2012ж

Экономиканы мемлекеттік реттеу кафедрасы

Пән: ЭМР

Мамандық: «Маркетинг», «Экономика»

Курсы, оқу формасы: 2 бакалавр, күндізгі бөлім.

Аға оқытушы: Калдина С.С.

1 тапсырма (СОӨЖ)

1.Экономикаға мемлекеттің араласу проблемалары

2.Нарықтың күйреуі және мемлекеттің күйреуі

Әдебиеттер:

  1. ҚР Аймақтық экономикасы. Алматы, Ғылым, 1998ж.

Талаптар: сұрастыру

Тапсыру мерзімі 1 апта

2 тапсырма (СОӨЖ)

1.Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі приоритеті

Әдебиеттер:

  1. Ахметов Д.К. Аймақтың тұрақты әлеуметтік- экономикалық дамудың проблемалары. М: институт ран, 2000ж.

Талаптар: жазбаша тапсырылады

Тапсыру мерзімі 2 апта

3 тапсырма (СОӨЖ)

1.Мемлекетті реттеудің экономикалық әдістері

2.Мемлекеттік бюджеттен дотациялар және субвенциялар

Әдебиеттер:

  1. Гранберг А.Г.Основы региональной экономики . М: 2004ж.

Талаптар: ауызша тапсырылады

Тапсыру мерзімі 3 апта

4 тапсырма (СОӨЖ)

1.Индикативті және директивті жоспарлау

2.Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламалар

Әдебиеттер:

  1. Ахметов С.Н ТОО «Арка» аймағының даму стратегиясы, Қарағанды, 2002ж.

Талаптар: жазбаша тапсырылады

Тапсыру мерзімі 4 апта

5 тапсырма (СОӨЖ)

1.Қазақстанда республикалық бюджетті дайындаудың принциптері мен ережелері

2.Мемлекеттік қарызды басқару проблемалары

Әдебиеттер:

  1. Региональная экономика: оқу құралы М.В.Степанов. редакциялауымен М.; Инфра, 2001ж.

Талаптар: ауызша тапсырылады

Тапсыру мерзімі 5 апта

6 тапсырма (СОӨЖ)

1.Ақшаның монетарлық теориясы

2.Орталық банктің атқаратын қызметі сәйкес болу керек.

Әдебиеттер:

1.ҚР аймақтары. Алматы: статистика бойынша ҚР агенттігі, 2005ж

Талаптар: жазбаша жазылады

Тапсыру мерзімі 6 апта

7 тапсырма (СОӨЖ)

1.Экономикалық өсу және қоршаған орта

2.Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз ету

Әдебиеттер:

  1. Гранберг А.Г.Основы региональной экономики . М: 2004ж.

Талаптар: ауызша тапсырылады

Тапсыру мерзімі 7 апта

8 тапсырма (СОӨЖ)

1.Ақпараттық технология және ғылыми техникалық прогресс

2.Самұрық-Қазына қорының құрылуы және атқаратын қызметі

Әдебиеттер:

1.ҚР Заңы «2005-2006 ж арналған републикалық бюджеті туралы» Каз.правда 26.10.05ж.

Талаптар: ауызша тапсырылады

Тапсыру мерзімі 8 апта

9 тапсырма (СОӨЖ)

1.Қазақстанда инвестициялық қызметті реттеудің ерекшеліктері

2.Мемлекеттің құрылымдық саясатын жүзеге асыру

Әдебиеттер:

  1. Абдильдин С. Әлеметтік- экономикалық дамуды жоспарлау. А: 1998ж.

Талаптар: сұрастыру

Тапсыру мерзімі 9 апта

10 тапсырма (СОӨЖ)

1.Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілерді мемлекеттік қолдауы

2. Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту

Әдебиеттер:

  1. Баймұратов У. Ұлттық экономикалық жүйе. А: Ғылым, 2000ж.

Талаптар: ауызша тапсырылады

Тапсыру мерзімі 10 апта

11 тапсырма (СОӨЖ)

1.Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу

2. Табиғи монополия тұралы заң

Әдебиеттер:

  1. Асват Дамореран. Инвестиционная оценка. М.; 2004 ж.

Талаптар: жазбаша тапсырылады

Тапсыру мерзімі 11 апта

12 тапсырма (СОӨЖ)

1.Қазақстанда еңбек қатынастарын реттеу

2.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Әдебиеттер:

  1. Сансызбаева Г.Н. Социальная защита населения и ее проблемы. Алматы Экономика 1998

Талаптар: сұрастыру

Тапсыру мерзімі 12 апта

13 тапсырма (СОӨЖ)

1.Экологиялық реттеуде мемлекет шаралары

Әдебиеттер:

  1. Асват Дамореран. Инвестиционная оценка . М.; 2004 ж.

Талаптар: сұрастыру

Тапсыру мерзімі 13 апта

14 тапсырма (СОӨЖ)

1.Қазақстанда сыртқы экономикалық қатынас қызметтерін жетілдіру

2.Қазақтанның ӘСҰ на кіруінідегі проблемалар мен келешегі

Экономикалық интеграция.

Әдебиеттер:

1.Асват Дамореран. Инвестиционная оценка. М.; 2004 ж.

Талаптар: сұрастыру

Тапсыру мерзімі 14 апта

15 тапсырма (СОӨЖ)

1.Аймақтардың әлеуметтік және инвестициялық саясаты

2.ҚР аймақтық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру

Әдебиеттер:

  1. ҚР-сының 2009-2011 жж арналған республикалық бюджет жобасы 24.12.2008 ж.

Талаптар: жазбаша тапсырылады

Тапсыру мерзімі 15 апта

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және Басқару» факультеті

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы

Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған

әдістемелік нұсқаулық

EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға

Алматы, 2012ж

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы

Пән: «Экономиканы мемлекеттік реттеу»

Мамандық: «Маркетинг», «Экономика»

Курсы, оқу формасы: 2 бакалавр, күндізгі бөлім.

Аға оқытушы: Калдина С.С.

№1 тапсырма (СӨЖ)

Экономиканы мемлекеттік реттеудің проблемалары мен болашағы

Әдебиеттер:

  1. Аймақтық экономиканың проблемалары: Ғылыми жұмыстардың жинағы ( Д. Қабдиев ред) А: Экономика, 1998ж.

Талаптар: ауызша тапсырылады

Тапсыру мерзімі 5 апта

Экономиканы мемлекеттік реттеу кафедрасы

Пән: «Экономиканы мемлекеттік реттеу»

Мамандық: «Маркетинг», «Экономика»

Курсы, оқу формасы: 2 бакалавр, күндізгі бөлім.

Аға оқытушы: Калдина С.С.

№2 тапсырма (СӨЖ)

ЭМР дің шетелдік тәжірибесі

Әдебиеттер:

  1. А.В. Андреев Аймақтық экономика, Москва 2007

Талаптар: жазбаша тапсырылады

Тапсыру мерзімі 7 апта

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]