Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ШЕ К КЮ-2,1 семестр..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Силлабус

ПӘН: ШЕТЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

МАМАНДЫҚ: «5В030100 - құқықтану»

ОҚУ НЫСАНЫ: КҮНДІЗГІ КРЕДИТТІК ОҚУ НЫСАНЫ (2 КУРС)

ПӘНІҢ КОДЫ: KPZS 1206

БАРЛЫҒЫ: 2 кредит

ДӘРІС: 20 сағат

ТӘЖІРИБЕ: 10 сағат

СОӨЖ: 15 сағат

СӨЖ: 45 сағат

ЕМТИХАН: 2 семестр

ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ: 90 сағат

АСТАНА – 2012 ж.

«5В030100- құқықтану» бакалавр мамандығы бойынша мемлекеттік білім берудің жалпы стандарттарының негізінде пәннің оқу-әдістемелік кешені әзірленді.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының аға оқытушысы Аяфов Айдархан Тұрғанұлы әзірледі.

Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № ___ «__»__________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі _____________________з.ғ.к. Жумадилова А.Б.

Ұлттық құқық жоғары мектебінің (әділ сот,адвакатура, және кәсіпкерлік құқық) оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

Хаттама № ____ «__» _________2012 ж.

Төраға _________________________________ з.ғ.д.,професор У.Ш.Шапақ

Аяфов Айдархан Тұрғанұлы

аға оқытушы

«Шет елдердің конституциялық құқығы»

1 семестр 2012-2013 ж.

Кредит саны 2

Оқытушы туралы мәлімет: Аяфов А.Т.– конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының аға оқытушысы.

Тілдерді игеру: мемлекеттік тіл – ана тіл, орыс тілі

Кафедра турал мәліметтер: Қазақ гуманитарлық заң университеті, Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы, каб. 221., тел.: 70-30-44

Пәннің пререквизиттері: Шетелдердің конституциялық құқығы пәнін игеру үшін Мемлекет және құқық теориясы, ҚР әкімшілік құқығы, ҚР қылмыстық құқығы пәндерінен бастапқы білімдер қажет.

Пәннің постреквизиттері: Пәнді қарастыруды аяқтаған соң арнайы: Конституциялық бақылау, Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі, Парламенттік құқық, Президенттік институт курстарын қарастыруға мүмкіндік пайда болады.

Пәннің сипаттамасы:

Шетелдердің конституциялық құқығы елдiң мемлекеттiк және қоғамдық өмiрiнiң ең негiзгi салаларын реттейтiн болғандықтан ұлттық жүйеде басты басты орынға ие болады. Сондықтан оқу процесiнде конституциялық құқық курсы өзге оқу пәндерiнiң қатарында басты болып қарастырылады. Шетелдердің конституциялық құқығы әр елдің ұлттық құқық жүйесiнде ең негiзгi орынға ие болады. Сондықтан ол өзге де құқық салалары үшiн бастама болып табылады, себебi барлық салалар даму және нақтылану барысында бастауды конституциялық нормалардан алады. Барлық құқық салалары үшiн Конституцияның адам және азаматтыі құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттiк басқару нысандары мен құрылысы, мемлекеттiк билiк жүйесi ұйымдастыру қағидалары туралы және т.с.с. нормалар негiз болып табылады

Курсты оқу мақсаты

Жаңа оқу саласына қатысты жүйелендiрiлген бiлiм алу, конституциялық құқық ғылымының теориялық мәселелерiн терең түсiну, алынған бiлiмдi заңгердiң болашақтағы тәжiрибелiк қызметiне қолдануы.

Курсты оқу мақсаты:

Шетелдердің құрылым негiздерi туралы, шетелдердің конституциялық құқығының негiздерi туралы, шетелдердің мемлекеттiк құрылысы туралы, қоғамдық құрылыс негiздерi және мемлекеттiк органдар жүйесi, олардың қызметi мен ұйымдастырылу қағидалары туралы бiлiм беру

Пәндi оқу міндеттері

  1. Заң ғылымдарының құрамдас бөлiгi ретiнде конституциялық құқық ғылымының негiзгi түсiнiгi туралы бiлiм алу.

  2. Конституциялық-құқықтық институттардың негiзгi пәнiн, қазақстанның конституциялық құқығының дамуының ерекщелiктерiн тану.

  3. Өмiрдiң барлық өте маңызды қоғамдық қатынастарын реттейтiн конституциялық нормаларын терең бiлу.

  4. Шетелдердің Конституцияларымен бiрге конституциялық құқықтың негiзгi қайнар көздерi болып табылатын, мемлекеттiк-құқықтық қатынастарды реттейтiн конституциялық заңдар мен заңдарды жан-жақты оқып, бiлу.

  5. Пән бойынша ғылыми оқулықтар және оқулықтармен жұмыс жасау арқылы тәжiрмбе алу.

  6. Конституциялық құқық пәнi бойынша алынған бiлiмдi тәжiрибелiк немесе ғылыми қызметте пайдалана бiлуге машықтандыру.

Конституциялық нормаларды оқу кезiнде жүйелiк және диалектикалық әдiстердi, салыстырмалы анализдi, тарихи аспектiлердi, статистикалық әрi социологиялық көрсеткiштердi пайдалана бiлу.

Курстың міндеттері:

Студенттердi шетелдердің Конституцияларымен, конституциялық құқықпен таныстырып және онымен тығыз байланысты басқа пәндердермен таныстыру.

Сот, құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдарда жетістікті жұмыс істеу үшін студенттерді қажетті біліммен қамтамасыз ету

Шетелдердің конституциялық құқығының негiзгi институттарының iлiмдiк ережелерiн;

Шетелдердің Конституцияларын, әрекет ететiн заңдарды және олардың тәжiрибе жүзiнде қолданылуын;

Мемлекеттiк органдардың жүйесiн және олардың қызметi мен ұйымдастырылуы қағидаларын;

Шетелдердің Президенттерiнiң қызметi мен ұйымдастырылуы қағидаларын;

шетелдердің Парламенттерiнiң қызметi, ұйымдастырылуы қағидалары, құрылымы, жергiлiктi өкiлдiк органдар, олардың құзыретi, қызмет әдiсi мен нысанын;

шетелдердің Үкiметтерiнiң қызметi мен ұйымдастырылуы қағидалары, құрылымы, жергiлiктi атқару органдары, олардың құзыретi, қызметi әдiсi және нысанын бiлу.

Шетелдердің Конституцияларын және басқа да нормативтiік құқықтық актiлердi, оларды талқылау және қолдану, деректер мен жағдайларды сараптау, заңға сәйкес заңдылық әрекеттердi жүзеге асыру және құқықтық шешiмдер қабылдау;

Мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың қызметiнде заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылық деректерiн алдын-алу, ол үшiн жауаптылық шараларын анықтау;

заңдар және басқа мемлекеттiк шешiмдердiң орындалуына қадағалау жүргiзу;

заңдылық құжаттарды /жергiлiктi өкiлеттiк органдардың қаулыларын, өкiмдерiн және т.б./ құрастыру және ресiмдеу, сарапталған шешiмдер мен кеңестер беру;

конститутциялық-құқықтық iлiмдi насихаттау және азаматтарға құқықтық тәрбие жүргiзу, тұрғындар мен ұйымдарға заңдылық көмек көрсету;

заңдарды жүйеленген түрде оқу және тәжiрибе түрiнде қолдану, арнайы оқулықтар мен әдебиеттерге сүйену, еңбектi ғылыми ұйымдастыру әдiстерiн қолдану