
- •Модуль пәнінің типтік оқу бағдарламасы (егер пән міндетті компоненттен болса);
- •Пән мазмұны Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Лабораториялық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Обсөж және сөж тапсырмаларын орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары
- •Əдебиеттер
- •Глоссарий
- •Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
- •3.Пәннің оқу – әдістемелік қамтамасыздандырылу картасы Информатика және есептеуіш техникасы. Оқулықтармен қамтамасыздандыру - 2011-2012ж.
- •Семинарлық және тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1.1 Информатика пәні. Информатика ғылым мен технология бірлігі ретінде.
- •1.2 Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару.
- •2.1 Ақпарат және оның түрлері, қасиеттері.
- •2.2 Компьютерде ақпаратты көрсету (Ақпараттардың эем-да берілуі).
- •– Тақырып бойынша тест сұрақтары
- •С кибернетика;
- •3.1 Бульдік алгебра функциялары, қатынас және жиындар.
- •3.2 Компьютердің логикалық негіздері. Графтар мен ағаштар
- •Логикалық қосу
- •Логикалық теріске шығару
- •3 Сурет. Компьютердің функционалдық схемасы
- •B. Қатты және иілгіш магниттік дискілердегі мәлімет жинақтауыш;
- •6.1 Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру.
- •6.2 Тапсырмаларды шешу стратегиялары.
- •– Тақырып бойынша тест сұрақтары
- •Қазіргі бағдарламалық қамтамасыздандырылуға шолу.
- •7.1 Бқ жіктелуі.
- •7.2 Операциялық жүйелер
- •8.1 Операциялық жүйелер құрамы. Утилиттер. Драйверлер.
- •8.2 Ақпаратты қорғау. Парольдер. Есептік жазбалар.
- •8.1 Операциялық жүйелер құрамы. Утилиттер. Драйверлер.
- •8.2 Ақпаратты қорғау. Парольдер. Есептік жазбалар.
- •1. Операциялық жүйе – ...
- •9.1 Желілер және телекоммуникациялар.
- •9.2 Желілік қауіпсіздік. Компьютерлік желілерде ақпаратты алу және жіберу.
- •10.1 Форматтау және документтерді стильдік безендіру
- •10.2 Microsoft Equation 3.0. Формулалар редакторы
- •11.1. Белгілеу және интерфейс. Ұяшықтарды форматтау.
- •Диаграммалар тұрғызылатын бет.
- •11.2 . Деректерді енгізу және редактрлеу. Ұяшық адрестері
- •1. Формат – Ұяшықтар (Ячейки) меню пункті көмегімен орындалмайтын әрекет нұсқасын көрсетіңіз...
- •3. Қай программа кестелік процессорларға жатпайды:
- •4. Кестелік процессордың атқаратын қызметі:
- •12.1. Сілтемелер. Функциялар құру
- •12.2. Финанстық функциялар.
- •13.1 Деректер базасы туралы түсінік. Экономикалық толтыру дайын деректер базасымен жұмыс.
- •13.2 Деректер базасының құрылымы. Деректер базасының кестесін құру.
- •14.1 Сұраныстар құру.
- •Сұратулардағы есептеулер
- •14.2. Форма түрінде деректерді көрсету.
- •1. Мббж (Мәліметтер базасын басқару жүйесі) бұл…
- •2. Access-те мәліметтер базасы (мб) – дегеніміз…
- •3. Access-те кесте дегеніміз…
- •4. Access-те сұраныс (таңдауға арналған) дегеніміз…
- •5. Access-те форма дегеніміз…
- •6. Access-те түйінді өріс дегеніміз…
- •7. Access-те кілт (түйінді өріс) дегеніміз…
- •8. Access-те санауыш (счетчик) дегеніміз…
- •9. Access-те индекс дегеніміз…
- •10. Индекстердің екі түрі бар:
- •15.1 Графикалық редакторы.
- •Компьютерлік графиканың бағдарламалық жабдықтауының жіктелуі
- •15.2 Растрлы және векторлы графикалық редактор
- •5 .Пәнді жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •"Информатика" пәні бойынша студенттің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарын ұйымдастыру.
- •1.2. Білімдерді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Семинарлық сабақтар, обсөж және сөж орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарды жүргізуге арналған материалдар
- •1.1 Тәжірибелік жұмыс. Санау жүйелері.
- •Тәжірибелік жұмыс.
- •1 Лабораториялық жұмыс. Бір жүйеден екінші жүйеге өту
- •2.1 Тәжірибелік жұмыс. Сандық ақпаратты көрсету
- •2.2 Тәжірибелік жұмыс. Мәтіндік ақпараттарды кодтау Кодталған кестені қолдану
- •2 Лаборатораториялық жұмыс. Графикалық ақпаратты көрсету
- •Тәжірибелік жұмыс. Ақиқат кестесімен жұмыс
- •3.2. Келесі айтылымдар үшін ақиқат кестесін құрыңыздар:
- •3 Лаборатораториялық жұмыс. Логика тәсілімен тапсырмаларды шешу
- •4.1. Тәжірибелік жұмыс. Компьютердің логикалық негіздері
- •4.2. Тәжірибелік жұмыс. Логикалық схемалар құру
- •4 Лабораториялық жұмыс. Графтар көмегімен тапсырмаларды шешу.
- •5.1. Тәжірибелік жұмыс. Эем архитектурасының негізі түсініктері
- •5.2. Тәжірибелік жұмыс. Дербес компьютер құрылғыларын оқып үйрену
- •5. Лабораториялық жұмыс. Әрекет принциптері және жүйелік блоктың негізгі құрылғылары.
- •6.1. Тәжірибелік жұмыс. Алгоритм. Қасиеттері және алгоритмдерді жазудың тәсілдері.
- •6.2. Тәжірибелік жұмыс. Алгоритмдердің блок – схемасын құру
- •6. Лабораториялық жұмыс. Экономикалық түрдегі алгоритмдік тапсырмаларды шешу
- •7.1. Тәжірибелік жұмыс. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың жіктелуі
- •7.2. Тәжірибелік жұмыс. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру
- •7. Лабораториялық жұмыс. Операциялық жүйеде жұмыс істеу. Тапсырмалар
- •2. Сілтеуші бағдарламасының көмегімен бумалар құру
- •3. Менің компьютерім көмегімен бумалар құру
- •4. Бірнеше файлдарды немесе бумаларды ерекшелеу
- •6. Файлдар мен бумаларды жылжыту және көшіру
- •10. Файлдардың және бумалардың атауларын өзгерту
- •11. Файлды немесе буманы іздеу
- •12. Жақын арада қолданылған құжатты ашу жолы:
- •13. Файлдарды иілгіш магниттік дискіге көшіру:
- •8.1. Тәжірибелік жұмыс. Интерфейс операционной системы windows
- •8.2. Тәжірибелік жұмыс. Дефрагментация және дискті форматтау
- •Лабораториялық жұмыс 8. Антивирустар және архиваторлар
- •9.1. Тәжірибелік жұмыс. Компьютерлік желілер
- •9.2. Тәжірибелік жұмыс. Кілттік сөздер бойынша ақпарат іздеу
- •9. Лабораториялық жұмыс. Ақпараттық қауіпсіздік
- •10.1. Тәжірибелік жұмыс. Ms Word мәтіндік редакторында үрдістерді автоматтандыру Форматтау және документтерді стильдік безендіру
- •243100, Клинцы қаласы,
- •Құрметті демалушылар!
- •Біз сіздерді күтеміз!
- •Microsoft Equation 3.0. Формулалар редакторы
- •Лабораториялық жұмыс 10. Работа с длинными документами
- •11.1. Тәжірибелік жұмыс. Кестелік процессорлар. Белгілеу және интерфейс. Ұяшықтарды форматтау.
- •11.2. Тәжірибелік жұмыс. Деректерді енгізу және редактрлеу. Ұяшық адрестері
- •11. Лабораториялық жұмыс. Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау
- •12.1. Тәжірибелік жұмыс. Қолданбалы тапсырмаларды шешуде кестелік процессорды қолдану Сілтемелер. Функциялар құру.
- •12.2. Тәжірибелік жұмыс. Финанстық функциялар.
- •12. Лабораториялық жұмыс. Кестелік процессордың графикалық мүмкіндіктері
- •13.1. Тәжірибелік жұмыс. Ms Access. Шебер көмегімен кестелер құру
- •13.2. Тәжірибелік жұмыс. Конструктор режимінде кесте құрылымн Редактрлеу
- •1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.
- •3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.
- •Конструктор арқылы пішін жасау.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •13. Лабораториялық жұмыс. Кестедегі мәліметтерді сұрыптау
- •Фильтр қолдану.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •14.1. Тәжірибелік жұмыс. Ms Access. Сұраныстар құру
- •Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:
- •14.2. Тәжірибелік жұмыс. Формаларды жасау
- •1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.
- •3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.
- •Конструктор арқылы пішін жасау.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Лабораториялық жұмыс. Ms Access. Есеп беру.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Тәжірибелік жұмыс. Графикалық редакторлар
- •15.2. Тәжірибелік жұмыс. Векторлы графикалық редактормен жұмыс
- •1. Эллипс құралымен дөңгелек салыңыздар
- •Создайте блики на яблоках. Выберете инструмент Каллиграфическое перо , в палитре
- •Установите белый цвет и нарисуйте блики.
- •15. Лабораториялық жұмыс. Растрлы графикалық редактормен жұмыс
- •Информатика пәні бойынша емтиханға дайындық сұрақтары (3 кредит)
Логикалық қосу
Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕжалғаулығының көмегімен бір құрамдасқа екі қарапайым А және В айтылымдарының бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция деп аталады, ал операцияның нәтижесі - логикалық қосынды.
НЕМЕСЕ логикалық операциясы үшін ақиқаттық кесте мынадай түрде болады:
-
А
В
А немесе В
иә
иә
иә
иә
жоқ
иә
жоқ
иә
иә
жоқ
жоқ
жоқ
Мысалы, "Күзде ағаштарда жапырақтар жасыл және сары" құрамды пікірі үш жағдайда иә логикалық мағынасын қабылдайды: "Күзде ағаштарда жапырақтар жасыл" не "Күзде ағаштарда жапырақтар сары", не "Күзде ағаштарда жапырақтар жасыл әне сары" болғанда.
Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер А да, В да иә мәніне ие болса; не тек қана А, не тек қана В иә мәніне ие болса, онда "А немесе В" айтылымы иә мәніне ие болатындығы көрінеді. Және керісінше, егер А да, В да жоқ мәніне ие болса, онда "А немесе В" айтылымы жоқ мәніне ие болады.
Егер А немесе В пікірлерінің тек біреуі ғана ақиқат болғанда, А және В дизъюнкциясы ақиқат.
А және В пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, А және В дизъюнкциясы жалған.
Логикалық теріске шығару
Қарапайым А айтылымына ЕМЕС демеулік шылауын қосу логикалық теріске шығару операциясы деп аталады, операцияны орындағаннан кейінгі нәтиже жаңа айтылымды береді.
ЕМЕС (теріске шығару) логикалық операциясы үшін ақиқаттық кесте мына түрде болады:
-
А
А емес
иә
жоқ
жоқ
иә
Мұндағы А кейбір еркін айтылымдар.
Мысалы, "Бүгін далада ыстық" айтылымы үшін "Бүгін далада ыстық емес" айтылымы теріске шығару болады.
Кей жағдайларда барлық айтылымдарға "... жалған" сөзін қолдануға болады. Сонда "Сен жақсы баға алдың" айтылымын "Сенің жақсы баға алғаның жалған" айтылымы теріске шығару болады.
Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер бастапқы А айтылымы жалған болса, онда А емес (А емес ақиқат) теріске шығаруы иә мәніне ие болатындығын көреміз. Және керісінше, егер бастапқы А айтылымы ақиқат болса, онда А емес теріске шығаруы жоқ мәніне ие болады.
Бастапқы пікір жалған болғанда, теріске шығару ақиқат.
Бастапқы пікір ақиқат болғанда, теріске шығару жалған.
Логикалық элементтер — логика алгебрасы ережелеріне сәйкес кіріс сигналдарымен қарапайым логикалық операцияларды (функцияларды) жүзеге асыратын электрондық құрылғылар. Осындай операцияларға логикалық қосу — '''дизъюнкция''' (“немесе”), көбейту — '''конъюнкция''' (“және”), терістеу — '''инвертирлеу''' (“емес”) жатады. Қарапайым Логикалық элементтердің шартты белгілері суретте көрсетілген. Ақпараттық сигналдар ретінде электр кернеуі немесе тогының дискреттік мәндері (деңгейлері) қолданылады. Мысалы:
0 — төмен деңгейге, 1 — жоғары деңгейге сәйкес келеді.
Логикалық элементтер функционалдық белгіленуі, ақпарат беру әдісі, сұлбатех. шешімі және пайдаланылатын электрондық құралдары бойынша ажыратылады. Күрделі Логикалық элементтер қарапайым операциялар орындайтын элементтерді біріктіру арқылы жасалады. Мысалы:
“немесе” — “емес”, “және — емес”, “немесе — және — емес”, т.б.
Құрылымдық түрде Логикалық элементтер жекеленген (дискретті) құраушылардан немесе интегралдық сұлба шала өткізгіш,(ИС) түрінде гибридті, үлдірлі орындалуы мүмкін. Қазіргі дербес компьютерлерде(пленкалы), т.б. жоғары дәрежелі интеграциясы бар ИС-дағы Логикалық элементтер жүйелері қолданылады. Логикалық элементтер компьютерлердің, цифрлық автоматтардың элементтік негізін қалайды.
3 – тақырып бойынша тест сұрақтары
1. Пікір дегеніміз не? А) дәлелдеулер техникасын айтамыз В) пікірлер және олардың байланыстары туралы ғылым С) ақиқат пен жалған екенін тұжырымдауға болатын, мағынасы бойынша аяқталған сөйлемді айтамыз. D) формальды логика E) ықтимал логика
2. Компьютерді ажыратқанда ……….. барлық ақпарат өшіріледі: A) магнитооптикалық дискідегі; B) магниттік таспалардағы; C) CD-ROM – дағы; D) жедел жадтағы.
3. 4 Килобайт неге тең? A) 5120 байт B) 4000 байт C) 4096 байт D) 4000 бит
4.Адамдардың арасында қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процестерін не деп айтамыз: А) ақпартатық процестер* В) ақпаратты беру С) ақпаратты сақтау D) информатика процестері E) ақпараттық техниологиялар
5.Ақпарат, негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жормал бейнесін алу қалай аталады? А) ақпаратты сақтау В) ақпаратты беру* С) ақпаратты өңдеу D) ақпаратты сақтау E) ақпаратты шығару
6.Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар тізбегімен өрнектеледі. Оны қалай атайды? А) жүйе В) цифр* С) сан D)өрнек
7.Бүтiн типтi айнымалылар … идентификаторы көмегiмен жазылады A) While B) Integer C) Longint D) sqr
8. Бағдарламаны орындау үшін … командасын орындау керек A) RUN B) RUN FILE C) PROGRAM RESET D) RUN– OPEN E) FILE – SAVE
9. Логикалық көбейту: A) Конъюнкция B) Дизъюнкция C) алу D)айнымалы
10. Бүтiн типтi айнымалылар … дейiнгi аралықтағы мәндердi қабылдай алады A) -32 768-ден 32 767-ге B) 0-ден 32768-ге C) -2 147 483 648-ден 2 147 483 647-ге D) 0-ден 999-ге E) -999-дан 0-ге
4 – ТАҚЫРЫП. Негізгі компьютерлік технологиялар. Халықаралық қатынастардағы ақпараттық технологиялардың орны мен ролі
Жаңа ақпараттық қоғамның негізін қалаушы сипаттамаларының бірі оның ғаламдық сипаты болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастыру үдерісінде біртіндеп ақпарат тарату және алмасу тәсілдері мен әдістері жаңартылады, уақыт үнемделеді, ұлттық шекаралар мен кедергілер бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістігінің, экономика, сауда, қаржы, адамзат өмірінің басқа салаларының құрылымы түбірімен өзгереді, адамдардың көзқарасы мен адамзат құндылықтарының интенсивті гомогенизациясы, мәдениет пен мәдени моделдердің эмбебаптығы (ықшамдау) байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі. Қазіргі әлемдік даму кезеңінде ғаламдық ақпараттық интернет желісі бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістігінің ең көлемді және жаппай жайылған сегменті болып табылады. Сонымен бірге, уақыт өте, ғаламдық ақпараттық интернет желісі ақпарат алу және алмасудың, сондай-ақ жаппай пайдаланушылардың коммуникациясы үшін ең қол жетерлік құралы болғаны айдан анық.
Қазіргі уақытта Интернеттің ақпараттық кеңестігінің жұмыс істеуіне сай келетін халықаралық ұйымдарға мыналар жатады:
1) The Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (бұдан әрі - ICANN) - IP-адрестерін, протоколдардың параметрлерін бөлу, домендік атаулардың жүйесін әкімшілеу (Domain Name System, DNS), түбірлік серверлер (Root Server System) деп аталатын жүйенің жұмыс істеуін әкімшілеу және қолдау үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;
2) Интернет желісінде нөмірлеуді бөлу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - IANA, The Internet Assigned Numbers Authority);
3) Еуропалық желілік үйлестіру орталығы (бұдан әрі - RIPE NCC) - тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлуді және тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлу мен тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC қызмет көрсету аймағында Интернеттің ғаламдық ресурстарын әділетті бөлуге кепілдеме бере отырып, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Азияның бөлігінің тіркеушілеріне қызмет көрсетеді;
4) The Internet Engineering Task Force (бұдан әрі - IETF) - Интернет сәулетін дамыту және қолданыстағы инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуінің біріктірілген міндеттерін дамытуға жұмыс жасайтын желілік хаттамаларын дайындаушылар, операторлар, өндірушілер және зерттеушілердің халықаралық ашық бірлестігі болып табылады;
5) Дүниежүзілік зияткерлік жеке меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗЖҰ). Жоғарғы деңгейдегі домендер (бұдан әрі - TLD, Top Level Domain) екі үлкен бөлікке бөлінеді: Біріншісі - жалпы пайдаланатын домендер (generic TLD немесе gTLD) және екіншісі - ұлттық екі әріпті домендер (country code TLD немесе ccTLD). Жалпы пайдаланатын домендерге COM, NET, ORG, INFO, BIZ, MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және басқа да домендер жатады. Қазіргі сәтте ISO 3166-1 халықаралық стандартқа сәйкес елдер мен аумақтардың екі әріпті кодтар саны бойынша ұлттық домендер - 250 (RU - Ресей үшін, DE - Германия үшін, UK - Ұлыбритания үшін) Ұлттық домендерді басқару бойынша өкілеттік елдердің интернет-қауымдастықтарының келісімдері бойынша IANA ұйымымен беріледі. Ұлттық домендерді дамытудың жалпы үрдістері мынадай: біріншіден, академиялық желілерден ұлттық домендердің операторлар (провайдерлер) бірлестігіне өтуі, сондай-ақ қатар тіркеу ережелерін дайындауға елдің интернет-қауымдастығының қатысуы: нарықтың кәсіби қатысушылары, тұтынушылар, қоғамдық (кейде үкіметтік) ұйымдар; екіншіден, домендік атауларды тіркеуде операторлар қатысуының коммерциялық кестелерін дайындау; үшіншіден, домендерді тіркеудің ашық ережелеріне біртіндеп өтуі, шектеулердің алынуы. Кез-келген субъектінің Интернеттегі қызметі құқықтық проблемалардың тұтас сериясын қалыптастырады. Олар пайдаланушының қызметін, сайттың мәртебесін және оның мазмұнын реттеуге (рұқсат етілген, реттелмеген, заңсыз); авторлық және аралас құқықтардың орындалуына; «киберэкономиканы» қалыптастыру (электрондық ақшалар, төлемдік жүйелер, құнды қағаздар, электрондық банктер, жарнама, маркетинг, электрондық контрактілер, салықтар); жеке және мемлекеттік мүдделердің ақпараттық қауіпсіздігіне бөлінеді. Интернет желісін құру және нормативтік негіздерінің ұтымдылығы бойынша үдеріс 80 жылдардың басынан бастап Еуропа және АҚШ-та (және бірқатар басқа да шет елдерде) басталған. Қазіргі уақытта Интернет желісі қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірнеше деңгейі қалыптасты: 1) халықаралық; 2) өңірлік (Еуропалық одақ және ТМД шеңберінде); 3) ұлттық. Осы деңгейлердің әрқайсысында өкілетті заң шығарушы қарастырып отырған құқықтық қарым-қатынастар саласын реттеуге ұмтылады. Интернет желісінің трансшекаралылығы Интернет желісіндегі құқықтық қарым-қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу, қолданыстағы ережелер мен әдеттегіліктерді біріздендіру қажеттілігін құрайды. Біріздендірудің нормалары ЕО шеңберінде, сондай-ақ БҰҰ шеңберіндегі (УНИДРУА жеке құқықты біріздендіру институты) халықаралық деңгейде, Дүниежүзілік Зияткерлік Жеке меншік Ұйымы (ДЗЖҰ), Халықаралық сауда палатасы (ХСП), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, сауда және электрондық бизнеске ықпал ету БҰҰ Орталығымен жүргізіледі. ТСР/ІР желі хаттамаларының ыңғайсыз цифрлық адрестерінің жеңіл есте қалатын әріптік сөз тіркестеріне ауыстыруға мүмкіндік берген домен атаулары жүйесінің пайда болуы, интернеттің белсенді түрде коммерциализациялануы мен әйгілі болуы соңғы жылдары домен өздерінің белгілері бойынша олардың қолданыстағы түрлеріне ұқсас - тауар белгілері, фирманың атаулары бойынша материалдық емес актив белгілерін иеленді. Мазмұнында домендік атауы ғана берілген жарнамалық тақталар жиі кездеседі. Қымбат тұратын интернет-жобалар жүзеге асырылып жатыр, олар үшін домен олардың коммерциялық табыстарының едәуір бөлігін құрайды, өйткені тұтынушылар доменді электрондық бизнес субъектісінің қандай да бір тауар, жұмыс немесе қызмет көрсетулерімен байланыстырады.
Интернет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеудің басты мақсаты: қазақстандық қолданушылар, коммерциялық емес ұйымдар, билік және басқару органдары мүддесіне орай Қазақстан Республикасында Интернеттің дамуы үшін тұрақты және тиімді қолданылатын нормативтік базаны құру; Интернет дамуының техникалық, технологиялық және ұйымдық-құқықтық аспектілерін реттейтін халықаралық нормаларды әзірлеу және қабылдауда Интернет желісінің қазақстандық сегментінің операторлары мен мемлекеттің қатысуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету; қазақстандық азаматтар мен ұйымдардың, қоғамдық мүдделердің (оның ішінде Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуы бойынша мүдделерді қоса), Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделердің, аймақтық және жергілікті құрылымдардың Интернетпен байланысты қатынастардағы құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғауда мемлекеттік кепілдікті бекіту.
Интернет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде Интернеттің ғаламдық ақпараттық желі ретіндегі қызметі мен құрылу ерекшелігінен туындайтын келесі қағидаттарды ұстанған жөн:
1) Интернет құқықтық реттеудің объектісі не субъектісі болмайды. Интернет операторлары мен қолданушыларының өзара қатынастары, Интернет арқылы ақпарат беру және қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік органдар және жеке тұлғалардың қатынастары құқықтық қатынастардың реттеу пәні болып табылады (пәндік реттеу қағидаты).
2) Интернетпен байланысты құқықтық қатынастар «экстра-ұлттық» мазмұнда болады. Мұндай қарым-қатынастарға басқа елдердің заңнамасын есепке алмай және байланыстырмай жергілікті құқықтық нормаларды қолдану тиімді болмайды. Бұл Интернеттің құқықтық нормаларын халықаралық-құқықтық деңгейде әзірлеу кезінде әмбебап халықаралық келісімдерді (сәйкес нормаларды қазақстандық заңнамаға көшіру арқылы) түзу және орындау (құқықтың халықаралық деңгейінің басымдылығы) жолымен басым назар аударуды талап етеді);
3) Интернетке байланысты нормативтік мәселелердің басым көпшілігі мемлекеттік-құқықтық реттеусіз, «интернет-қоғамдастыққа» қатысушылардың өзара ұйымдық әрекеті әрі Интернетте қолданылатын ережелерді алгоритмдеу және автоматтандыру деңгейінде (реттеудің заңды емес әдістерін қолдану) шешімін табуы;
4) Интернеттің ғаламдық ақпарат ресурстарына шексіз қосылудың қол жетімдігі ретінде әлеуметтік маңыздылығы Интернетте тұлға, қоғам және мемлекеттің заңдық мүдделерімен маңызды құқықтарын қамтитын аспектілерді реттейтін нормалар мен ережелердің заңдық (құқықтық) бекітілуін қажет етеді (мысалы, азаматтардың жеке өмірін қорғау, қоғамдық ізгіліктің бұзылуымен күрес, мемлекеттік ақпарат қауіпсіздігі саласындағы мүдделерін қорғау, құқық қорғауды сақтау) (реттеудің саналы жеткілікті қағидаты);
5) Интернетпен байланысты құқықтық қатынастардың әртүрлілігімен жан-жақтылығы сәйкес құқықтық базаны әзірлегенде, жеке «арнайы» нормативтік құқықтық реттеумен шектелуге рұқсат бермейді. Интернет желісінің ерекше жұмыс істеуімен байланысты жаңа құқықтық нормаларды әзірлеумен қатар, қолданыстағы қазақстандық заңнамаға, оның Интернет қызметіне қатысты қарым-қатынастарда тікелей қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында (кешенді әдіс қағидаты) қажетті өзгерістер (бірқатар жағдайда маңызды өзгерістер) енгізу қажет.
Қазнеттің заңнамалық базасының қазіргі жай-күйі және жоғарыда аталған қағидаттарын ескере отырып, оны дамыту және өзгерту қажеттілігі Интернет саласындағы мемлекеттік заңнаманы ішінде дамытудың екі негізгі бағытын білдіреді:
1) Қазнеттің жұмыс істеуі мен даму ерекшеліктерін ескеретін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
2) қолданыстағы заңнамалық актілердің мазмұнын өзгертпей Интернетке қатысты бөлігінде тікелей қолдану (немесе түсіндіру) тетіктерін құру. Ұлттық интернет сегментінің жалпы әлемдік тенденциялардан қалып кетпеуін болдырмау және осы салада Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін тез арада нормативтік реттеуді талап ететін негізгі мәселелер қатарына мыналарды жатқызу керек:
1) Қазақстандық тұтынушылардың Интернет желісіне және оған сәйкес желі ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізуін, сонымен қатар кедергісіз ақпараттық алмасу, оның ішінде халықаралық алмасуды да қамтамасыз ету керек;
2) Интернетте орналастыратын және Интернетте ұсынылатын алмасу құралдары арқылы берілетін ақпараттың құқықтық жүйесін анықтау;
3) Интернетте іске асатын қоғамға қауіпті әрекеттерді болдырмау (оның ішінде, балағатты және ұятсыз ақпараттарды тарату, қоғамға қарсы үндеулер), сонымен бірге осындай құқық бұзушы адамдарды тиімді анықтау және жазалау үшін нормативті жағдайлар құру;
4) Интернетте орналастыратын зияткерлік меншік объектілерінің авторлық және басқа да ерекше құқықтарын қорғау;
5) жеке деректерді қорғау, атап айтқанда өздері арасында өзара іс-қимыл үдерісінде және Интернетте қызмет көрсету операторлары арасында жиналатын Интернет тұтынушылары туралы деректерді қорғау;
6) Интернетте электрондық құжат айналымы үшін нормативті жағдайлар құру, Интернеттің адрестік кеңістігін пайдалану қағидаттары мен тәртібін орнату, ақпараттық өнімдерге, көрсету құралдары және ақпаратты тасымалдауда ақпараттың авторлығын растау;
7) электрондық коммерция үшін нормативті базаны қамтамасыз ету, Интернетте жасалған келісімдердің заңды күшін мойындау.
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде, ең алдымен мемлекет, қоғам және жеке тұлға мүдделерінің балансын басшылыққа алу қажет. Интернет желісінің ұлттық сегментінің нормативтік құқықтық базасын құру үдерісінің қатысушылары болып өз құзыретінің шегіндегі мемлекеттік биліктің тиісті органдары және интернет желісінің операторлары мен тұтынушыларының мемлекеттік емес қоғамдық бірлестіктері бола алады, ол қоғамдық қажеттілік шеңберінен шығатын интернет проблемасын шешуге «интернет - қоғамдастықты» тартудың жалпы әлемдік үрдістерін көрсетеді.
Қазнеттің нормативтік құқықтық базасын құру кезінде, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің және тәжірибелік пайдалануды біріздендіруді қамтамасыз ету үшін басқа мемлекеттердегі тиісті заңнамалық актілерді қабылдау тәжірибесін максимальды деңгейде ескеру қажет, сондай-ақ халықаралық келісімдер деңгейінде тиісті нормаларды әзірлеуге белсенді қатысу қажет.
Интернетке қол жетімділік қызметінің сапасын жақсарту ақпараттық ресурстар инфрақұрылымын дамытудағы қазіргімен салыстырғанда қолдаушылар санын ғана емес клиенттер және инвесторлардың санын арттырады. Интернетке қосылу қол жетімдігі Қазнетке жергілікті ақпараттық инфрақұрылымдардың тартылуын және қысқа мерзімде еліміздің экономикалық өсуінің осы маңызды сегменттерінің бірін кеңейттіреді. Барлық ақпараттық ресурстардың іске қосылған инфрақұрылымы, оның ішінде ақпараттық технологияның қолданыстағы инфрақұрылымы, Қазнет бәсекелеске қабілетті нарығына және дамытуға ықпал етеді.
Ақпараттық инфрақұрылым, технологиялар және жүйелер Қазнет бірыңғай ақпараттық кеңістігін құруды қамтамасыз етеді. Қазнет ақпараттық инфрақұрылымын жетілдірудің басты міндет - ақпараттандырудың техникалық базасын қамтамасыз ету, Интернетте ақпараттық қызметтер саласының жоғары-технологиясын құру. Қазнет ақпараттық инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігі оның телекоммуникациялық ортасы - деректерді беру үшін байланыс линиясы кешені, көлік желісін қалыптастыратын аппараттық және бағдарламалық құралдардың кешені болып табылады.
Қазақстан тұрғындарына Интернет қызметтері мен қызмет көрсетудің толық кешенін ұсынуды қамтамасыз ететін, (облыстық, қалалық және аудандық деңгейлер үшін) сыртқы ғаламдық телекоммуникация желісіне және ғаламдық жүйелерге шығатын телекоммуникациялық ортаның әрі қарай дамуын қамтамасыз ету керек. Осы міндетті шешу үшін Қазнеттің ақпараттық инфрақұрылымын дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
1) Интернет желісіне қосылған компьютерлік құралдарды пайдаланудың коммерциялық емес және басқа да Интернет желісіне қосу қызметтерін ұсынатын мемлекеттік және қоғамдық орталықтардың инфрақұрылымын құру және қолдау арқылы Интернет желісіне қосудың қызметтеріне жалпы және тең қол жетімділігін қамтамасыз ету;
2) осы Тұжырымдама ережелерінің негізінде мемлекеттік ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелер мен желісін дамытудың бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, олардың мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен өзара іс-қимылы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету;
3) корпоративтік желілер мен коммерциялық жүйелерді құруды және дамытуды ынталандыру;
4) телекоммуникациялық желілерді автоматтандыру және ыңғайландыру, олардың жұмыс істеуінің қауіпсіздігі мен орнықтылығын арттыру.
Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік өзекті проблема екендігін халықаралық тәжірибе растайды. Әлемдегі бір де бір мемлекетте Интернетте және электрондық төлемдерде киберқылмыстың - вирустардың таралуы, жағымсыз хабарлар (бұдан әрі - спам), ерсі ақпараттар, қарақшылық, алаяқтық негізгі түрлеріне қарсы тұрақты иммунитеті жоқ. Ақпараттық қауіпсіздікті қорғау ұлттық заңнаманың шығарылған ақпараттың зияткерлік меншігін қорғау, Интернет арқылы таралатын компьютерлік вирустардың, қорлау және ерсі ақпараттардың, қоғамға қарсы үндеулердің, спам, ақпаратқа рұқсатсыз қолжеткізуді жібермеудің, Интернетті пайдалануға қолданылатын қорғау құралдарын пайдаланудың тәртібін белгілеу, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылық жасаушы тұлғаларды тиімді анықтау және жазалау үшін нормативтік шарттар жасаусыз мүмкін емес. Бірыңғай ақпараттық кеңістікте құқықтық қамтамасыз етумен қатар субъектілердің ақпараттық өзара әрекет етуі ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын қабылдауды талап етеді. Бұл шаралар мыналарды қарастырады:
1) ақпараттың тарап кетуінің, жоғалуының, жасандылығының алдын алу;
2) жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі қауіп-қатерінің алдын алу;
3) ақпаратты жою, модификациялау, бұрмалау, көшіру, шектеу бойынша қолданылатын іс-әрекеттердің алдын алу;
4) жеке меншік объектісі ретінде ақпараттың және құжаттаманың құқықтық режимін қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелерге заңсыз араласудың басқа түрлерінің алдын алу;
5) азаматтардың ақпараттық жүйедегі бар дербес деректерінің құпиялылығын және жеке құпиясын сақтаудың конституциялық құқығын қорғау;
6) құжатталған ақпараттың жасырындылығын және құпиялылығын сақтау;
7) ақпараттық үдерістерде және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологиялар мен құралдарды шығару және қолдануды әзірлеу кезінде иелік етуші субъектілердің құқығын қамтамасыз ету;
8) Қазнетке қатысушы ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігі және ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету проблемалары бойынша ақпараттық-анықтама қорын құру;
9) сыртқы теріс әсерден Қазнеттің ақпараттық кеңістігін қорғау;
10) Интернетті құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалану фактілерін анықтау мақсатында Қазнеттің ақпараттық кеңістігінің мониторингін жүзеге асыру. Бірыңғай ақпараттық кеңістіктегі субъектілердің өзара іс-әрекет етуін ұйымдастыру ережесі заңдардың орындалуын, мемлекеттік және коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз етуі қажет. Бұл ережелер заңдармен реттелуі қажет. Бірыңғай ақпараттық кеңістікте аппараттық-бағдарламалық құралдар электрондық өңдеу, сақтау және қабылдау-хабар беру кезіндегі барлық оқиғаларды қандай сатысында болса да хаттамалауды және ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуі қажет. Бұдан басқа, киберқылмыспен күресудің табысты кепілі ақпараттық қауіпсіздік саласында қызмет етуші мемлекеттік органдар мен бизнестің серіктестігі, халықаралық ұйымдардың киберқауіпсіздік жүйесіндегі нормативтік, технологиялық және ұйымдастыру инфрақұрылымын дамыту ісі болып табылады.
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру қолданыстағы ақпараттандыру деңгейі базасында және оны ескеру арқылы жүріп жатыр. Бұл үдерісті мемлекет бастаған және тек негізгі өндіруші күштердің ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғамның барлық топтарының мүддесі үшін болатын қоғамдық қатынастарды жаңалау үдерісі ретінде қарастыруға болады. Осындай жаңалаудың ұйымдастырушылық мақсаты оның тұрақты өту механизмін құруында болады, елдің экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктеріне, тұлға, қоғам және мемлекеттің сұраныстарына сәйкестенуі. Осындай механизмді құрудың негізгі принциптері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
1) проблемаларды шешудің таңдалатын нұсқаларын ғылыми негіздеу және тәуекелдерді бағалау;
2) қабылданған нұсқаларды модельді және экспериментальды түрде пысықтау;
3) оларды практика жүзінде енгізу барысында мүмкін болатын талдау және бағалау;
4) кең түрде қоғамдық талқылау жүргізу және осы талқылаудан алынған нәтижелерді талдап қорыту;
5) қабылданған шешімдерді тәжірибеде жүзеге асыруда эволюциялық жолды қолдану.
Барлық осы қағидаттарға ғылыми әдістер арқылы ахуалға кешенді талдау жасау, жұмыстарды кеңістіктік-уақыттық жоспарлау және орындалу үдерісі кезінде қадағалау және үйлестіруді жүзеге асыруға мүмкіндігі бар бағдарламаның басқару жүйесін қалыптастыру жауап береді.
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігіне мемлекеттік есепке алу және қозғалысты көрсеткіштеу органдары қажетті және жеткілікті статистикалық кешендерді, оның ішінде салалық көрсеткіштер мен мониторинг индикаторларын, ақпараттық қызметтердің тізбесін айқындауда шешуші рөл атқаруы және ашық ақпаратқа қол жеткізуді жан-жақты дамытуы әрі кеңейтуі, берілетін ақпараттың өзектілігі, сенімділігі мен қол жетімділігі үшін күресуі тиіс.
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігі интернеттің әлемдік ақпараттық кеңістігінің елеулі құрамдас бөлігі болуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласында басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын талап етеді. Бұл ретте, мыналарды көздеу қажет:
1) озық елдердің ұйымдастыру және техникалық тәжірибесін пайдалану;
2) отандық ақпарат ресурстарын қалыптастыру үшін шетелдік ақпаратты пайдалану;
3) отандық ақпарат ресурстарының экспортын ұйымдастыру;
4) Қазақстанның заңды және жеке тұлғаларының әлемнің дамыған елдерінің ақпараттық ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
5) байланыс және телекоммуникацияның халықаралық жүйесіндегі өздерінің құралдарында пайдаланушыларды қамтамасыз ету үшін байланыс және телекоммуникацияның протоколын, ақпаратты ұсынудың нысанын реттейтін халықаралық стандарттарды енгізу;
6) әлемдік ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, жаңа ақпараттық технологиялар құру және әлемдік бірлесіп жұмыс жасаудың қолданбалы бағыттарын ақпараттандырумен байланысты (банктік ақпараттардың, ғылыми-техникалық ақпараттардың әлемдік жүйесін құру және пайдалану) Қазақстан Республикасының халықаралық бағдарламалар мен жобаларды толық құқығы бар мүшесі ретінде қатысуын қамтамасыз ету;
7) ақпараттық ресурстар, ақпараттық технологиялар құралдары, телекоммуникация және байланыс жүйелері, ақпараттандыру жүйелерін құру және дамыту саласында заңдық, құқықтық және нормативтік реттеумен байланысты құжаттарды дайындау барысында халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуды қамтамасыз ету;
8) Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігінің орнықты дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын сатып алуға шетелдік фирмалармен контрактіге отыру мүмкіндіктері;
9) жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын жасап шығаратын бірлескен кәсіпорындар құру және лицензиялар сатып алу. Халықаралық ынтымақтастық барысында барлық жұмыстарды - екіжақты және көпжақты келісімдер жасаудан бастап атқарушы биліктің мемлекеттік және өңірлік органдарына арналған ақпараттық технологиялар құралдарын сатып алуға дейін ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру орынды.
– тақырып бойынша тест сұрақтары
Қоғамды компьютерлендіру дегеніміз:
A. информацияны өңдеу нәтижелерін жылдам алу процесін қамтамасыз ететін компьютерлердің техникалық базасын дамыту және енгізу процесі;
B. қызметтің барлық салаларында анық және үздіксіз білім қорларын толық пайдалануды жүзеге асыратын шаралар кешені;
C. үлкен ЭЕМ-дерді дербес компьютерлерге алмастыру процесі;
D. компьютерлік анықтамамен жұмыс істеу тәсілдері;
E. ЭЕМ-нен анықтама алуды ұйымдастыру.
Қоғамның ақпараттық мәдениеті мынадай түсінік береді:
A. қазіргі программалық жабдықтамаларды білу;
B. шет тілдерді білу және оларды өз жұмысыңда пайдалана білу;
C. информациямен белгілі бір мақсатта жұмыс істей білу және оны алу, өңдеу, тасымалдау жолында ақпараттық технологияларды пайдалану;
D. компьютер жұмысын басқару;
E. информацияларды және есептеу машинасын кең пайдалану.
Қоғамның ақпараттық ресурстары дегеніміз:
A. жеке құжаттар, құжаттар жиымы (массивтері), ақпараттық жүйелердегі (кітапханалардағы, қорлардағы, мәліметтер банктарындағы) құжаттар мен солардың жиымы;
B. мекемелердің өз қызметтерін жүзеге асыру мақсатында пайдаланатын алғашқы құжаттары;
C. басқару ісінде шешім қабылдауға керекті есеп беру құжаттары;
D. басқа да программалар туралы қысқаша мағлұматтар;
E. дұрыс жауабы жоқ.
Ақпараттық қызмет рыногі дегеніміз;
A. басқаларға сатуға арналған программалық өнімдер жасау жолында атқарылатын қызметтер жиыны;
B. коммерциялық негізде интеллектуальдық еңбек өнімдерін сату жолындағы экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық қатынастар жүйесі;
C. программалық өнімдерді сүйемелдеу жолында атқарылатын қызмет баптары;
D. жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып рыногқа шығу;
E. дұрыс жауабы жоқ.
Экономикалық информация дегеніміз:
A. өндірістік және өндірістік емес аймақтағы әлеуметтік-экономикалық процестерді және соларды басқаратын қызметкерлерді, ұжымдарды сипаттайтын мәліметтер жиыны;
B. белгілі бір пән аймағындағы объектілер, процестер, құбылыстар және солардың қасиеттерін сипаттайтын нақты фактілер;
C. белгілі бір пән аймағында алға қойылған мәселелерді шеше алатын айқындалған заңдылықтар жиыны;
D. анықтамалық жүйенің қысқаша сипаттамасы және оны шақыру;
E. ақпараттық мәліметтер жиыны.
Экономикалық информацияны жіктеу (топтарға бөлу) арқылы мынадай жұмыс орындай аламыз:
A. информацияны өңдеу ісін жылдамдату;
B. объектілерді (заттар, құбылыстар, процестер, түсініктерді) айқындалған түрлеріне сәйкес топтарға бөлу, оларды жаңа сапалы деңгейде жіктей білу;
C. жасалып жатқан есеп беру құжаттарының сапасын арттыру;
D. информацияны сақтау тәсілдерін алдын ала анықтау;
E. белгілі бір пән аймағындағы объектілер, процестер, құбылыстарды және солардың қасиеттерін сипаттайтын нақты фактілерді алдын ала анықтау.
Экономикалық информацияны жіктеу (топтарға бөлу) тәсілдері мыналар:
A. иерархиялық, фасеттік, дескрипторлық тәсілдер;
B. сандық және жинақтық (қосындылық) тәсілдер;
C. дебеттік және кредиттік тәсілдер.
D. қарапайым және күрделі тәсілдер;
E. сәйкестік және сәйкессіздік тәсілдері.
8. Ақпараттық жүйе дегеніміз:
A. мекеме жұмысына керекті құжаттар жиыны;
B. ақпараттық мәліметтер (массивтер) жиыны;
C. белгілі бір мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және оны басқаларға беру үшін қолданылатын, өзара байланысқан құралдар, тәсілдер және персоналдар (адамдар) жиыны;
D. үнемі жаңартылып отыратын, мекеме жұмысын жарнамалауға қажетті ақпараттар жиыны;
E. дұрыс жауабы жоқ.
9. Автоматтандыру деңгейіне қарай ақпараттық жүйелер мынадай топтарға бөлінеді:
A. “үлкен” ЭЕМ-дер мен дербес компьютерлер негізінде жасалатын жүйелер;
B. ауқымды және жергілікті жүйелер;
C. қолмен басқарылатын, автоматты және автоматтандырылған жүйелер;
D. үлкен, орташа және кіші жүйелер;
E. программалық, басқарылатын және басқарылмайтын.
10. Құрылымдық белгілеріне қарай ақпараттық жүйелер мынадай ішкі топтарға бөлінеді:
A. ақпараттық, программалық, математикалық, техникалық, ұйымдастырушылық, құқықтық жақтарынан қамтамасыз ету;
B. ішкі және сыртқы;
C. бірыңғай және таңдамалы;
D. күрделі және қарапайым;
E. бастапқы, дамушы, соңғы.
5 – ТАҚЫРЫП. ЭЕМ архитектурасының негізгі түсініктері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Компьютердің аппараттық қамтамасыздандырылуы. Енгізу-шығыру және тоқтату. компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары.
Есептеу техникасы – кез келген ақпарат түрін автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған электрондық құрылғылар жиыны.
Бір – бірімен нақты түрде байланысып, біртұтас кешендік қызмет атқара алатын құрылғылар жиыны есептеу жүйесі деп аталады. Есептеу жүйелерінің орталық құрылғысы электрондық есептеу машинасы (ЭЕМ) немесе компьютер болып саналады. ЭЕМ құрылғылары белгілі бір заңдылықтармен өз деңгейлеріне, яғни архитектурасына сәйкес жұмыс атқарады. Барлық ЭЕМ – дер жұмысы осы негізгі архитектураға сәйкес жүзеге асырылады.
Архитектура сөзі әдетте ғимараттаға байланысты айтылады да, оның сыртқы пішінін, ішкі бөлмелерінің орналасуын көрсетеді. Әйтсе да архитектура тек ғимарат жоспары ғана емес, соның барлық бөліктерінің бір – біріне сәйкес келуі. ЭЕМ – ге қатысты ғылымда да «архитектура» сөзі осы соңғы мағынада қолданылады.
ЭЕМ архитектурасы – компьютер құрылғыларының құрамы, орналасуы және солардың бір – бірімен байланысуының сипатталуы. Бұған қоса, аритектура – ЭЕМ – нің жұмыс істеу ерекшеліктері (принципетрі).
Архитектура ұғымының мағынасын ашатын, оған жақын термин «функциналдық схема» сөзі. Құрылғылардың функциналдық схемасы бір бірімен байланысқан көптеген төртбұрышты блоктардан тұрады, әр төртбұрыш белгілі бір әрекетті орындайтын тәуелсіз бөлік болып табылады. ЭЕМ жұмысын сипаттау кезінде «программа» және «мәлімет» (данные) терминдері жиі қолданылады.
Программа – компьютер орындай алатын командалар жиыны, Программаны орындау арқылы ЭЕМ берілген тапсырмаларды автоматты түрде орындай алады.
Мәліметтер – компьютер өңдеуге тиіс берілген информация. Ол сандар, мәтіндер, суреттер, дыбыстар сияқты алдын ала ақпараттардан тұруы мүмкін.
Сонымен, егер программалар – компьютердің информация өңдеуге арналған басқару құралдары болса, мәліметтер өңдеуге болатын түрге келтірілген бастапқы информация.
Компьютерлер архитектурасының анықталу принциптері
Компьютерлердің жұмыс істеу негіздері олардың барлығына ортақ бірнеше қағидаларға (принциптерге) негізделген. Оларды алғаш рет 1945ж. Венгр елінен шыққан американ ғалымы Джон Фон Нейман ұсынған еді.
Программалық басқару принципі
Бұл принцип бойынша компьютердегі программа командалар тізбегінен құрылып, олар белгілі бір кезекпен автоматты түрде біртіндеп орындалу арқылы атқарылады. Программалық басқару ісінің тиімділігі бастапқы мәліметтерді өзгерте отырып бір программаны бірнеше рет қайталап пайдалану болып табылады.
Программа компьютер жадынан командалар санаушы (счетчик) көмегімен бір – бірлеп шақырылады. Процессор бір команданы орындап болған соң, санауыш регистрі адресті бірге өсіріп, келесі команданы шақырып олрындайды, т.с.с. Командалар реттеліп бірінен кейін бірі орналасқандықтан программа машина жадында қатар тұрған ұяларға сақталып жылдам орындалады.
Егер бір машина команданы орындағаннан кейін келесі команда емес компьтер жадының басқа жерінде тұрған команда орындалуы керек болса,шартты немесе шартсыз көшу командасы санауыштағы нөмірді керектісін өзгертеді.Командаларды орындау программа соңындағы "соңы" ("стоп") командасына жеткенде тоқталады.
Программаны жадта сақтау принципі
Программа командалары компьютер жедел жадында сандар секілді сақталып ,сандар сияқты өңделеді.Мәліметтер мен сандардың компьютер үшін еш айырмасы жоқ.Бір программа командалары басқа программаның нәтижесі ретінде шығарылуы мүмкін.Осы принцип негізінде трансляция тәсілдері – программалау тіліндегі командаларды нақты компьютер міндеті командаға түрлендіру жасалады.
Программалар мен мәліметтер жедел жадының кез келген жеріне жазыла береді.Кейіннен оны берілген адресі бойынша алдыңғы мәліметтерді қарамастан тауып алуға болады.
Адрестелу принципі
Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәртіппен жазуға немесе оқуға болады(произвольный доступ к памяти).
Жад ұялары нөмірленетін болғандықтан,кейіннен оны берілген адресі бойынша алдыңғы мәліметтерді қарамастан тауып алуға болады.
Жад бөлігіне ат қойып,кейіннен осы ат бойынша оны пайдалануға (өзгертіп жазуға , оқуға) да болады.
Сонымен,қазіргі компьютерлер архитектурасының анықталу принциптері:
1.Программалық басқару принципі компьютердегі есептеу процестерін автоматтандыру істерін атқаруға негізделген.Бұған байланысты кез келген есепті шығару үшін соған сәйкес орындалатын компьютер командаларының тізбегін анықтайтын программа құрылады.Программалық басқару ісінің тиімділігі бастапқы мәліметтерді өзгерте отырып бір программаны бірнеше рет қайталап пайдаланған сайын арта түседі.
2.Программаны жедел жадта сақтау принципі бойынша программа командалары сандар секілді сақталып ,сандар сияқты өңделеді.Программаның орындалуын жеделдету үшін ол алдын ала компьютер жедел жадына толық жүктелуі тиіс.
3.Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәртіппен алу (произвольный доступ к памяти) принципі бойынша программалар мен мәліметтер жедел жадынының кез келген жеріне жазыла береді,кейіннен оны берілген адресімен басқа мәліметтерді қарамастан тауып алуға болады.
Осы
принцип негізінде компьютер – оның
жадына сандық кодтар түрінде жазылған
алғашқы мәліметтер мен программаны
енгізгеннен кеін есептеу процесін
толық автоматты түрде өзі жүргізіп,
нәтижесін адамға түсінікті түрде бере
алатын техникалық құрылғы болып
табылады.
1 сурет. Компьтердің Фон Нейман архитектурасы бойынша құрылуы
Енді осы принциптерге сәйкес жұмыс атқаратын компьютерлік жүйелерді қарастырайық.
Компьютерлік жүйелер
Электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін – жеке пайдаланылатын дербес компьютердің (ДК) көптеп шығаруға жол ашты. Компьютерді өндіріс пен жобалау ісінде ғылыми- зерттеу істері мен білім беруде пайдалану миллондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады.
Бұл күнде компьютер информацияны өндеудің ең негізгі құралы болып саналады. Компьютер – кез келген ақпарат түрін автоматты тұрде жылдам өндеуге арналған электрондық құрылғылар мен программалар жиыны. Комьютерді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдиниет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдиниеттілктің белгісі болып саналады. Ол үшін компьютердің негізгі мүмкіндіктерін жақсы болу қажет, олар: мәселелерді (есептерді ) айқын түрде қоя білу , оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазу: есеп шығаруға мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижеоерді талдау тәсілдерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдинеиеттілікті игеру логика мен информатика заңдарын білкге барып тіреледі.
IMB фирмасының (АҚШ) анықтамасы бойынша есептеу машиналарын компьютерлік жүйелер деп айтқан дұрыс, ол негізгі төрт бөліктен тұрады:
Компьютерлік
жүйелер
Ақпараттық
жабдықтама
Программалық
жабдықтама
Мәліметтер файлы
Жұмыс істейтін
адам
2 - сурет. Компьютерлік жүйенің құрамы
Компьютерлік жүйелер мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны – құрылғылар, программалар, мәліметтер және адамды- біріктіре қарастыру кезінде қолданылады.
3.ДК Жұмыс істеу принципі
Компьютерлің барлық есептеу және информация өңдеу істерін атқаратын негізгі құрылғысы – орталық процессор. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады.
Енгізу құрылғысы (пернетақта, тышқан, сканер) компьютерге мәлімет енгізу қызметін атқарады. Шығару( мәлімет алу) құрылғысы компьютерлің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады. Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін сақтауға арналған. Ол сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.
Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ДК-нің жедел жады( RAM-Random Access Memory ) Сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM-Read-only Memory) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады.
Қатты магниттік диск (винчестер) ДК программалары мен көлемді мәліметтерді есте сақтайды. Олардың көлемі оншақты Гбайттан жүздеген Гбайттарға дуйін бола береді. Алмалы-салмалы мәлімет жинақтауыш – иілгіш магниттік дискінің флоппи –дискілер немесе дискеттер диаметрі 3,5дюйм 88мм , ал сақтайтын информация көлемі -1,44 Мбайт болады.
Орталық процессор жедел жажтағы программаларды орындап, мәліметтерді түрлендіреді және де барлық құрылғыларды басқарады. Ол екі бөліктен – басқару құрылғысы мен арифметикалық-логикалық құрылғыдан тұрады. Басқару құрылғысы программа командаларын қабылдап алып орындайды да, арифметикалық-логикалық құрылғы есептеу жұмыстарын және логикалық операцияларды атқарады.
Енгізу шығару
құрылғысы
Жады-жедел
жады.Тұрақты жады
Сыртқы жады
қатты диск Иілгіш диск
Орталық Процессор
АЛҚ
Басұару құрылғысы