
- •1.1 Ваюталық операциалар түсінігі және оларды жүргізу тәртәбі
- •1.2 Валюталық операциаларды есепке алу негіздері
- •1.3.Банктегі ағымдағы шоттағы шетелдік валютадағы ақша қаражатының есебі
- •1.4.Бағамдық айырмашылық есебі
- •6250 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер»
- •7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар».
- •1.5. Ақша эквиваленттерінің есебі
- •2.1.Дебиторлық берешектердің түсінігі, оның түрлері және мінездемесі
- •2.2 Алынуғаа шоттардың есебі және оны тану
- •2.3.Сатып алушыларға берілген жеңілдіктер есебі
- •Және бағадан жасалған жеңілдіктер есебі
- •2.4. Алынуға тиісті вексельдер есебі
- •2.4. Күмәнді талаптар түсінігі, резерв құру тәсілдері
- •30.12.2009 Жылға төлем мерзімдері бойынша алуға арналған шоттарды талдау
- •2.5. Күмәнді талаптар есебі
2.1.Дебиторлық берешектердің түсінігі, оның түрлері және мінездемесі
Азаматтардың, ұйымдардың және өзге дебиторлардың аталған кәсіпорын алдындағы, бүкіл ақшалай формада көрсетілетін міндеттемелері дебиторлық қарыз (берешек) болып түсіндіріледі. Дебиторлық қарыз (берешек) әртүрлі операциялар барысында, жиі түрде кейіннен несиемен төлей отырып, тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сату кезінде туындайды.
Дебиторлық қарыз (берешек), алуға арналған шоттарды төлеу мерзіміне немесе қарызды өтеудің күтіліп отырған күніне қатысты, ағымдағы, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі. Әдетте дебиторлық қарыз (берешек) шот-фоктуралармен расталады. Дебиторлық қарыз (берешек) негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылардың міндеттемелер сомасына және өзге қызмет түрлерінің нәтижесінде туындайтын дебиторлық қарызға (берешекке) бөлінеді.
Дебиторлық қарызды (берешекті) түрлерге бөле отырып:
- төлеу мерзімі келмеген қарызға (берешекке)
- төлеу мерзімі кешіктірілген қарызға (берешекке), (яғни ол күмәнді берешекке айналады).
- барлық мерзімдері өткен қарызға (берешекке), оның ішінде талап қою мерзімі өткен – үмітсіз қарызға (берешекке) бөлуге болады.
Оларды тану мен бағалау, дебиторлық қарыз бен (берешекпен) байланысты, негізгі есеп проблемалары болып саналады. Дебиторлық қарызды (берешекті) алу мүмкіндігі – дебиторлық қарыз (берешек) бойынша есептілік пен оның мөлшерін өлшеуге әсерін тигізетін, негізгі мәселе. Дебиторлық берешекті (қарызды) алу мүмкіндігі, қарыз (берешек) көрсетілген бе (тану мәселесі) және оның сомасы қандай (бағалау мәселесі), соған әсер етеді.
Талап ету бойынша немесе белгіленген мерзімде төлеуге жататын сома төлеу құны болып аталады. Пайызсыз міндеттемелер бойынша төлеу кезіндегі құн номинал құнға тең болады. Ал пайыздық міндеттемелер бойынша төлеу кезіндегі құн номинал құн сомасы мен есептелген пайыздарға тең.
Кредитордың көзқарасы тұрғысынан, борыштық міндеттемелердің алуға арналған шоттан артықшылығы көбірек, өйткені, борышқор борыштық міндеттемелерге қол қою арқылы, өзінің борышын (қарызын) мойындайды және оны көрсетілген талаптар бойынша төлеуге міндеттенеді. Сот болған жағдайда борыштық міндеттеме неғұрлым салмақты дәлел болып қызмет етеді, сондай-ақ неғұрлым өтімді болып саналады, оны банкке немесе өзге қаржы мекемесіне тез аударуға және қол ақшаға айырбастауға болады.
Өткізу нәтижесінде пайда болатын, алуға арналған шоттар мен векселдер, кейбір уақытта сауда міндеттемелері болып аталады. Міндеттемелерді алу көзіне басқалай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды өткізуден алынды деп есептеу қабылданған.
Дебиторлық қарызға (берешекке) сондай-ақ алуға арналған төлемдер бойынша пайыздар, қызметкерлер, құрамына және еншілес компанияларға саудалар кіреді. Баланстағы қарыздардың (берешектердің) барлық түрлерінің жіктеуі мен есебін жеңілдету үшін қарыздардың (берешектердің) әрбір түрі бойынша бөлек шот жүргізілуі, сондай-ақ қосымша регистрлер қажет.
Дебиторлық қарыздардың (берешектердің) барлық түрлері: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің, еншілес, тәуелді серіктестіктердің қарыздары (берешектері), өзге дебиторлық қарыздар (берешектер) туралы, сондай-ақ ондағы кезеңдердің шығыстары және берілген аванстар туралы ақпарат Халықаралық қаржылық есеп стандарты бойынша шоттар жоспарының 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз» ішкі бөлімінің шоттарында және 2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз» ішкі бөлімінің шоттарында көрсетіледі. Кәсіпорын Халықаралық қаржылық есеп стандартына көшкен жағдайда №1 Халықаралық қаржылық есеп стандартының талаптарына сәйкес дебиторлық қарыздың (берешектің) құрамын және оны бағалауды қайта қарауы тиіс.