- •Мазмұны
- •1.Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •2. Пәннің құрылымы мен тақырыптары
- •3. Пән бойынша дәрістер кешені
- •1. Маркетинг ортасы туралы түсінік.
- •2. Микроорта және оның құрамдастары.
- •3. Макроорта және оның негізгі факторлары.
- •1. Стратегиялық жоспарлау мәні мен мағынасы.
- •2. Маркетинг мүмкіндіктерін талдау.
- •4. Практикалық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік ұсыныстар
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 1 Кәсіпорын әрекетіндегі маркетинг концепциясы
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 2 Тоңазытқыштар нарығындағы тұтынушылардың қарым-қатынасы
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 3 Венгерлік нарықтағы жаңа тіс пастасы
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 4 Ескі тауар – жаңа нарық
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс: Тауарлық маркаға нарық үлесін және тұтынушылардың адалдылығын бағалау.
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Іскерлік ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен тұрады:
- •«Топтар сайысы » ойыны
- •Кейсты топпен талқылау: Кейс: ақ «Қайрат» «Сары-Арқа» фирмасындағы коммуникациялар
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Іскерлік ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен тұрады:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс «Жұмысшылардың меншігі арқылы Саратов авиациялық зауытын (саз) жекешелендіру»
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талқылау: Кейс Үш бәсекелес шешім
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Кейс «Химфарм» акционерлік қоғамын жекешелендірудің жеке жобасы»
- •«Химфарм» ақ дамуының экономикалық көрсеткіштері
- •«Химфарм» ақ инвестициялық бағдарламасы
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Төмендегі берілген кейсты талқылау: Кейс Автомобиль фирмасының ресей нарығына шығу
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •5.Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •6. Студенттердің ғылыми баяндамаларының үлгілік тақырыптары
- •7. Пән бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі
Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс: Тауарлық маркаға нарық үлесін және тұтынушылардың адалдылығын бағалау.
Белгілі бір нарық сегментінде үш фирма А, В, С бәсекелеседі деп есептейік. А фирмасы мамырдың соңғы күні барлық үш А, В, С фирмалары сататын тауарлар туралы тұтынушылардың көз қарастарын зерттеді. Бұл сұраудың қорытындысында А фирмасы тауарларының тауарлық маркасының престижі 40 %-ке сәйкес келеді, В – 40 %, ал С- 20 % -ке сәйкес келетіні анықталды.
Шілденің аяғында өткізілген тұтынушылардың көз қарастарын қайталап зерттеу сәйкесінше келесі көрсеткіштерді көрсетті: 42 %, 30 %, 28%. Мұндай қоғалыс А фирмасының маркетинг бөлімше басқарушысында қанағат сезімін тудыруына қарамастан, берілген жағдайда ол А фирмасына С фирмасының тауарлар престижінің өсуіне назар аудару керек және бұл фактіні өз іс-әрекеті кезінде көңілде ұстау керек деп есептейді, яғни болашақта мұндай тенденцияның сақталуы А фирмасының нарықтық үлесінде қалай көрініс табатынын анықтау керек.
Берілген жағдайды талдау кезінде фирмадан фирмаға тұтынушылық көңіл аууның қозғалысын анықтау өте маңызды. Жүргізілген зерттеудің негізінде келесі мәліметтер алынды. Мамырдың соңында А фирмасында 400 сатып алушы болды, В фирмасында – 400, С фирмасында 200. А фирмасы В фирмасынан 120 сатып алушыны, ал С фирмасынан 20 сатып алушыны тартып алды. Дәл сол кезде А фирмасы В фирмасына өзінің 80 сатып алушысын және С фирмасына 40 сатып алушысын берді. В фирмасы С фирмасынан 20 сатып алушыны тартып алды және өзінің 80 сатып алушысын берді.
Талқылауға берілген сұрақтар:
1.А, В, С фирмаларының тауарлық маркаларына тұтынушылардың адалдылық көрсеткіштерін және фирмалар тұтынушыларының қайту мен келу проценттерін есептеңіз.
2.Берілген А, В, С компанияларының шілденің, тамыздың, қыркүйектің аяғына нарық үлесін есептеңіз, олардың тұтынушыларының адалдылық көрсеткіштері, қайту мен келу проценттері болашақта сақталынады деп ала отырып және нарықтың осы үш фирма арасындағы бөлінісі шартымен. Пайда болған тенденцияны талдаңыз.
Тақырып №8. «Маркетингтің баға саясаты» 8-апта, 1-сағат:
1. Бағаның мәні мен маркетингтегі ролі.
2. Баға саясаты.
3. Баға саясатына әсер ететін факторлар.
4. Бағалық стратегия.
5. Баға құру әдістері.
Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23,
Қосымша әдебиеттер: 3,4,6,12.
Әдістемелік нұсқау: Жоғарыда берілген сұрақтар бойынша глоссарий жазу. Іскерлік ойын ұйымдастыру.
Қойылатын талаптар:
Іскерлік ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен тұрады:
1. Алдын ала дайындық – ұйымдастырушылық, мини топтарға бөлу, арбитражды құру, көкейкестілікпен қорытындылау.
2. Дайындық - мини топтардың өзіндік жұмыстары, нұсқаулары, рөлдерді бөлу, қосымша ақпараттар, мәлімет кестесін толтыру, жазбаша жауаптарды бағалау.
3. Ойындық – тапсырмаларды мини топтар имитациялайды. Басқа топтағылар толықтырады, аз уақыт арасында импровизацияларды ендіру. Арбитраждар барлық жұмыстарды қадағалайды, толықтырады, алдын ала дайындалған 3 деңгейде бағалайды.
4. Шешімдерге талдау жасау. Қорытындылау. Ойынның өтуі, тыңдаушылардың белсенділік танытуы, қателіктерге назар аудару, дұрыс шешімдер, жарыс қорытындылары.
Іскерлік ойындар- әр түрлі ситуациялардың шешішмін топ бойынша немесе ЭЕМ - де берілген тапсырмалар шешу барысында қолайлы келеді.
Тақырып №9. «Маркетинг жүйесіндегі тарату саясаты» 9-апта, 1-сағат:
1. Тарату саясатының мәні.
2. Тарату арналары.
3. Өткізу стратегиялары.
4. Көтерме сауда ұғымы.
5. Бөлшек сауда мәні.
Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23,17, 27,32.
Қосымша әдебиеттер: 3,4,6,12.
Әдістемелік нұсқау: Жоғарыда берілген сұрақтар бойынша глоссарий жазу және схема құрастыру. Презентация дайындау.
