Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Marketing_MU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

4. Практикалық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік ұсыныстар

Тақырып №1. «Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары» 1-апта, 1-сағат:

1. Маркетингтің пайда болуы мен дамуы.

2. Маркетингтің мәні.

3. Маркетинг түрлері.

4. Маркетинг концепциялары.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23.

Қосымша әдебиеттер: 3,4,6.

Әдістемелік нұсқау: Глоссарий жазу. Берілген тапсырмалар бойынша конспекті жазу және ауызша жауап беру.

Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 1 Кәсіпорын әрекетіндегі маркетинг концепциясы

1969 ж. негізделген EPS Ltd. фирмасы Ұлыбританияда электроэнергияны көрнекті өндіруші ретінде белгілі. Компанияның ұраны: ”Біз электроэнергияны үзіліссіз беруге кепіл береміз. Біздің энергия беруіміз тамаша”. Фирма тұтынушылары:

әуежайлар, ауруханалар, телекоммуникация саласындағы кәсіпорындар, нан дүкендері.

Тұтынушылар географиясы – Ұлыбритания, Орта Шығыс, Қытай.

Компьютерлер мен басқа да сезгіш жабдықтар үзіліссіз және тұрақты энергиямен қамтамасыз етуді талап етеді. 20 жыл бұрын фирма мамандары ток кернеуі мен жиілігінің сәл ғана тербелуі компьютердің тұрақты жұмыс істеуін бұзады, жеткізілетін ақпаратты бұрмалайды, компьютерлік операцияларды қиындатады. Фирманың билігіндегі бар жабдық айнымалы тоқтың тербелісінен сенімді қорғанысты толықтай қамтамасыз етеді.

Сұраныстың айтарлықтай жоғары деңгейінде фирманың сатылым көлемі үнемі ұлғаяды, бірақ бәсеке қаупі өсіп келеді. Фирманың басқарушы директоры (білімі бойынша инженер – электронщик) Маркетинг институтындағы кадрларды дайындау орталығында оқу курсын өтіп, фирманың тұрақты позициясына қарамастан, фирма әрекетінің маркетингтік концепцияға қайта бейімделуін түсінді. Ол маркетинг жоспарлауының жүйесін қолдануға уақыт келді деп есептейді, бірақ маркетинг жұмысы бойынша тәжірибесі болмағандықтан, нақты не істеу керек екенін білмейді. Өз компаниясының философиясын ол былай тұжырымдады: “Тауардың ең жоғары сапасы қосылған тамаша инжиниринг пен техникалық экспертиза”.

Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Басқарушы директорға компанияның негізгі маркетингтік мақсаттарын ұйымдастыруға көмектесіңдер.

2.Компанияның ең маңызды міндеттерін белгілеңдер.

3.Сіздің ойыңызша осы міндеттерді шешу үшін маркетингтік әрекеттің қандай түрлерін орындау керек?

4.Әрекеттің маркетингтік концепциясына өтудің арқасында компания қандай негізгі пайданы таба алады?

Тақырып №2. «Маркетингтік зерттеулер» 2-апта, 1-сағат:

1. Маркетингтік ақпарат жүйесі.

2. Маркетингтік зерттеу ұғымы.

3. Маркетингтік зерттеу әдісі.

4. Маркетингтік зерттеу түрі.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23.

Қосымша әдебиеттер: 3,4,6.

Әдістемелік нұсқау: Берілген сұрақтар бойынша бақылау жұмыстарын орындау және қорғау.

Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 2 Тоңазытқыштар нарығындағы тұтынушылардың қарым-қатынасы

Японияда тұрғын үйлер ауданы шамалы болғандықтан, үй иелерінің көбі екіесікті және көпесікті тоңазытқыш-мұздатқыштарды қолданады. Олар жаңа жасалынған және тоңазытылғын азық-түліктерді сақтау үшін қолданылады. Қазіргі кезде Японияда жұмыс істейтін әйел үй иесілерінің саны ұлғайып бара жатқандықтан, бір қолданысқа жарайтын сатылымдардың көлемі де ұлғайды. Бірақ япондықтардың жаңа жасалынған азық-түліктерді күн сайын сатып алу әдеті әлі біраз уақыт сақталынады.

Сатып алу әдеттері (%):

  • азық-түліктерді күн сайын сатып алады – 53,2

  • азық-түліктерді бірнеше күнге бірақ сатып алады – 22,0

  • белгілі бір тенденция жоқ – 23,6

  • жауап берген жоқ – 1,2

Тоңазытқыштардың көлемін өсіру керек: сұрауға қатыспаған әйел үй иесілерінің 57,2 %-і осындай тілек білдірді (бұл ас үйдің жаңа жоспарлауымен байланысты). Кішірек көлемдегі тоңазытқыштар нарығы да өсіп келеді, ол мынаған байланысты: жалғыз өмір сүретін адамдар санының өсуі, ұйықтайтын немесе қонақ жайғасатын бөлмеде екінші тоңазытқыштың қажет болуы.

Япониядағы үй тоңазытқыштары нарығының кішкене бөлігі ғана импорттік тауарларды мойындағанына қарамастан, импорт көлемі өсіп келеді, бұны төменде келтірілген маркетингтік зерттеулердің қорытындылары дәлелдейді.

Өндіруші елдер бойынша тоңазытқыштардың қолданылуы:

  • Япония (қазіргі кезде және бұдан бұрын) – 98,8 %

  • АҚШ және Европа елдері (қазіргі кезде) – 0,8 %

  • АҚШ және Европа елдері (бұдан бұрын) – 1,3 %

  • Басқа елдер (қазіргі кезде және бұдан бұрын) – 0,6 %.

  • Тоңазытқыштарды қолданудың перспективалары:

  • тауарды келешекте қолдануды ұсынады – 99,3 %

  • өндіруші елге назар аудармайды – 17,8 %

  • япондық тауарды қолдануды қалайды – 79,0 %

  • импорттік тауарды қолдануды қалайды – 0,3 %

  • жауап берген жоқ – 0,7 %.

Үлкен көлемдегі тоңазытқыштар нарығының дамуымен байланысты нарықтың үлкен көлемдегі және кішкене көлемдегі тоңазытқыштарды тұтынушылар сегменттеріне бөлінуі күшейе түсті. Олардың функциональдығы тұрғысынан басқа қосымша функциялары бар көпесікті модельдердің өндірісі дамып келеді, сонымен бірге дизайнға, көлемнің ұлғаюына және изоляциялаушы материалдардың жаңа түрлерін қолданылуына екпін жасалады.

Сұрау қорытындылары бойынша тоңазытқыштардың техникалық сипаттамалары келесі талаптарға жауап беруі керек:

  • электроэнергияның төмен шығыны – 80,1 %

  • жоғары салқындау және мұздатқыш қуаты – 70,8 %

  • дыбыссыз жұмыс – 65,2 %

  • пайдалы ауданның рационалды қолданылуы – 62,1 %

Американдық және европалық тоңазытқыштарды тұтынушылардың қалаулары негізінен олардың сапасының шамаларымен, сонымен бірге үнемділікпен және бағасымен сипатталады. Бұл төменде келтірілген деректермен суреттелінеді:

  • тұтынушылар саны

  • үлкен көлем – 37,9 %

  • үлкен мұздатқыш көлемі – 16,7 %

  • пайдалы ауданның жақсырақ қолданылуы – 13,6 %

  • үлкен тоңазытқыштық және мұздатқыштық қуат – 12,3 %

  • әлде қайда ұзақ өмірлік – 10,4 %

  • әлде қайда көз тартымды дизайн және бояулар – 10,0 %

  • бағалардан төмен – 8,6 %

  • энергияның төмен шығыны – 4,7 %

Келесі тоңазытқышты сатып алу кезінде қандай өндіруші елді таңдайсыз деген сұраққа жауап беру кезінде сұрағандардың 22 %-і АҚШ немесе Европа өнімін таңдайтынын хабарлады, 17,8 %-і оларға бәрі бір екендігін айтты. Сонымен, Япония тұрғындарының 20 %-і АҚШ-та немесе Европада жасалынған өнімді сатып алады деген мүмкіндік бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]