Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Marketing_MU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

3. Пән бойынша дәрістер кешені

Тақырып №1. «Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары»

1. Маркетингтің пайда болуы мен дамуы.

2. Маркетингтің мәні.

3. Маркетинг түрлері.

4. Маркетинг концепциялары.

Маркетинг –тауар мен қызметтердің өндірушілерден тұтынушыға дейін жылжу процесіне байланысты кәсіпкерлік қызмет. Маркетинг – шаруашылық қызметті ұйымдастыру мен басқарудың нарық талаптарына, тұтынушылардың қажеттіліктері мен талап –тілектерін мүмкіндігінше кө қанағаттандыруға бағытталған жүйе.

Маркетинг концепциясы – кәсіпорынның нарықтық қызметінің объектіге бағытталған тұжырымдамасы. Маркетинг концепциялары: өндірістік, сауда-тауар, өткізу-бөлістіру, тұтынушылық, әлеметтік-қоғамдық, стратегиялық.

Маркетингтің даму мезгілдеріне байланысты, оның бес түрі бар: дифференциалданбаған , дифференциалданған, шоғырланған, жиынды, өзара байланысты.

Өндірісті басқару әдісі ретінде ол нарықтық жағдайды ескеріп,нарықтық қатынастарды оқып және оған тиімді түрде әсер етеді.Кәсіпорын өзіне жақсы жағдайды іздемейді,ол өзіне сол жағдайды жасап алады.

Маркетингтің мынадай лозунгілері бар:

1.сатуға болатын өнім өндіру керек.Өндірген өнімді сатуға ,өткізуге тырыспай.

2.Олардың қажеттілігін анықтап,қанағаттандыру керек.

3.тауар емес ,клиентті жақсы көру керек.

Маркетингтің негізгі функциялары:

1.Тауарға деген тұтыну сұранысын анықтау

2.Өткізуді ынталандыру,жарнаманы ұйымдастыру,баға белгілеу

3.Өндірілетін тауардың ассортиментін қарау

4.Сауда коммерциялық қызметті басқару

5.тұтынушыға қызмет етуді ұйымдастыру

Маркетинг бөлімі –басты бөлімдердің бірі.Фирманың техникалық,қаржы және өндірістік саясатын айқындайды.

Маркетингтің негізгі бағыты:

--нарықтағы негізгі сегментті табу

--жаңа өнім іздеу

--тұтынушының қажеттілігінен асып түсу.

--нарықтағы тұтынушының қажеттілігінен асып түсуді қарастырып ,соған жаңа өнім іздестіретін, тәуекелдейтін шараларды жасайтын—экспедиторлық маркетинг деп аталады.

Оның негізгі мақсаты тұтынушы бағалайтын жаңа өнім шығару.

Маркетинг өндіріске әсер ететін бірнеше факторларды анықтайды:

1.тұтынушыны зерттеу

2.нарықтағы оның әрекетін оқу

3.кәсіпорынның нарықтағы орнын анықтау

4.өнімді зерттеу

5.өнімді өткізу каналдарын зерттеу

6.кәсіпорын тауар айналысы көлемін талдау

7.бәсекелесті зерттеу,бәсекелік деңгейді анықтау

8.жарнамалық қызметті анықтау т.б

Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23.

Қосымша әдебиеттер: 3,4,6.

Тақырып №2. «Маркетингтік зерттеулер»

1. Маркетингтік ақпарат жүйесі.

2. Маркетингтік зерттеу ұғымы.

3. Маркетингтік зерттеу әдісі.

4. Маркетингтік зерттеу түрі.

Маркетингтік зерттеу дегеніміз компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну. Маркетингтік зерттеудің міндеттеріне фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оны өткізу, баға саясаты, тауарды нарыққа жылжыту мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, сатып алушының жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын , макроортаны талдау.

Ақпарат жинаудың әртүрлі әдістері бар: оның көздері бастапқы және екінші ретті мәліметтер болып бөлінеді.

Маркетинтік зерттеулерді бес кезеңге бөлуге болады:

  • Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарын анықтау;

  • Зерттеу жолдарын құру;

  • Ақпарат жинау;

  • Жиналған ақпаратты талдау;

  • Зерттеу қорытындылары туралы есеп.

Маркетингтік зерттеудің тұжырымдамасы зерттеудің міндеттерін , объектісін және мақсаттарын айқын белгілеу жұмыс жорамалын жасау.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23.

Қосымша әдебиеттер: 3,4,6.

Тақырып №3. «Маркетинг ортасы»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]