- •Мазмұны
- •1.Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •2. Пәннің құрылымы мен тақырыптары
- •3. Пән бойынша дәрістер кешені
- •1. Маркетинг ортасы туралы түсінік.
- •2. Микроорта және оның құрамдастары.
- •3. Макроорта және оның негізгі факторлары.
- •1. Стратегиялық жоспарлау мәні мен мағынасы.
- •2. Маркетинг мүмкіндіктерін талдау.
- •4. Практикалық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік ұсыныстар
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 1 Кәсіпорын әрекетіндегі маркетинг концепциясы
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 2 Тоңазытқыштар нарығындағы тұтынушылардың қарым-қатынасы
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 3 Венгерлік нарықтағы жаңа тіс пастасы
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 4 Ескі тауар – жаңа нарық
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс: Тауарлық маркаға нарық үлесін және тұтынушылардың адалдылығын бағалау.
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Іскерлік ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен тұрады:
- •«Топтар сайысы » ойыны
- •Кейсты топпен талқылау: Кейс: ақ «Қайрат» «Сары-Арқа» фирмасындағы коммуникациялар
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Іскерлік ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен тұрады:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс «Жұмысшылардың меншігі арқылы Саратов авиациялық зауытын (саз) жекешелендіру»
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талқылау: Кейс Үш бәсекелес шешім
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Кейс «Химфарм» акционерлік қоғамын жекешелендірудің жеке жобасы»
- •«Химфарм» ақ дамуының экономикалық көрсеткіштері
- •«Химфарм» ақ инвестициялық бағдарламасы
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Төмендегі берілген кейсты талқылау: Кейс Автомобиль фирмасының ресей нарығына шығу
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •5.Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •6. Студенттердің ғылыми баяндамаларының үлгілік тақырыптары
- •7. Пән бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі
«Химфарм» ақ инвестициялық бағдарламасы
№ |
Өндіріс атауы |
Қуаттың өлшем бірлігі |
Қуаттылығы |
Инвестиция, млн.тенге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Өнім сапасын бақылау лабораториясын және инъекцияға арналған суды алу үшін монтаждық құрылымды инъекциялар өндірісін ашу. |
Жылына млн. ампула |
120 |
596,4 |
2 |
«boutlepack» қолданумен инфузионды ерітінді алу өндірісін ашу |
Жылына млн. флакон |
6-7 |
332,2 |
3 |
Стерилді емес спирттік ерітінді өндірісн ұйымдастыру |
Жылына млн.флакон |
10-12 |
22,6 |
4 |
Полиграфиялық және картонаждық бөлім ашу |
|
|
133,7 |
5 |
Қоймаларды қайта конструкциялаудан өткізу |
|
|
21,5 |
|
Барлық инвестиция: |
|
|
1106,4 |
«Химфарм» АҚ жарғылық қоры 1527,3 млн.тенгеге ұлғаяды, оның ішінде қайта ұйымдастыру жұмыстарына -1106,4 млн.тенге жұмсалады. Қолда бар қорларды қайта бағалаумен шұғылданатын индексация қоры қосымша қаржы құралдарына эмитент бермейді. Қажетті қаражатты 1106,4 млн. тенгені құрайтын 3725252 дана көлемінде акция пакеттерін сатумен қана табуға болады. Акцияны ашық сату күткен нәтижені бермеуі мүмкін, біріншіден – меншіктің бөлінуі, екіншіден «Химфарм» АҚ акциясына сұраным жоқ. Сондықтан акционерлер акция пакетін инвесторлардың шектелген санына сатуға шешім қабылдады:
-мемлекеттің уәкілді органдарына;
-«Donnadel LTD» компаниясының басқарушысына.
Мемлекет 04.04.1994 жылы жасалған келісім міндеттері орындалса ғана, акция пакеттерін басқарушының сатып алуына рұқсат берді. Акция пакеттері сатылғаннан кейін «Химфарм» АҚ жарғылық қоры төмендегіні құрады: а) «Donnadel LTD» фирмасы -71%;
ә) мемлекет мүлкін басқару бойынша Оңтүстік Қазақстан территориялық комитеті - 23 %;
б) инвестициялық жекешелендіру қоры – 3 %;
в) еңбек ұжымы – 3 %.
Талқылауға берілген сұрақтар:
1.Акционерлік меншіктің экономикалық мәні.
2.Ф. Дзержинский атындағы Шымкенттік химия – фармацевтік зауытын акционерлеуге талдау жасаңыз. Акционерлік капитал құрылымы қалай қалыптасты?
3.Акционерлік қоғамның қызметі тиімді болу үшін қандай шарттар жасалды?
4.Неге Қазақстанда жекешелендірудің акционерлік формасы инвестициялық жекешелендіру қорын қалыптастырудың негізі болды?
5.Неге ИЖҚ инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырудың басты жұмысшы құралы болмады?
6.Неге 12 ИЖҚ акция иегері болғанмен, өндіріске инвестиция көзін тартпады?
7.Неге ҚР Үкіметі мемлекеттің акция пакетін пайдалану құқын беретін басқару келісіміне тендер жариялауға шешім қабылдады?
8.«Химфарм» АҚ «Donnadel LTD» ирландтық компаниясына берген дұрыс деп ойлайсыз ба?
9.Тендерде басқа қуатты инвесторларды тарту мүмкіндігі болды ма?
10.«Donnadel LTD» ирландтық компаниясы алғаннан кейінгі уақытта «Химфарм» АҚ дамуының экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасаңыз. Неге кредиторлық және дебиторлық қарыз жоғары болды?
11.«Химфарм» АҚ инвестициялық бағдарламасын жүзеге асырудың тиімділігі бар ма?
12.Қосымша эмиссияға жекешелендіру моделін өңдеу дұрыс па (жекешелендірудің дара жобасы шегінде) ?
13.«Химфарм» АҚ жарғылық қорының төмендегідей бөлінгені Сіздің ойыңызша дұрыс па?
а) «Donnadel LTD» фирмасы -71%;
ә) мемлекет мүлкін басқару бойынша Оңтүстік Қазақстан территориялық комитеті - 23 %;
б) Инвестициялық жекешелендіру қоры – 3 %;
в) еңбек ұжымы – 3 %.
Тақырып №15. «Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі» 15-апта,
1-сағат:
1. Қызмет ұғымы.
2. Қызметтер нарығын сегменттеу.
3. Бейкоммерциялық әрекеттер.
4. Ұйымда маркетингі.
Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,6,22,23.
Қосымша әдебиеттер: 3,4,6,12.
Әдістемелік нұсқау: Жоғарыда берілген сұрақтар бойынша конспекті дайындау, презентация дайындау.
