
- •Мазмұны
- •1.Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •2. Пәннің құрылымы мен тақырыптары
- •3. Пән бойынша дәрістер кешені
- •1. Маркетинг ортасы туралы түсінік.
- •2. Микроорта және оның құрамдастары.
- •3. Макроорта және оның негізгі факторлары.
- •1. Стратегиялық жоспарлау мәні мен мағынасы.
- •2. Маркетинг мүмкіндіктерін талдау.
- •4. Практикалық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік ұсыныстар
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 1 Кәсіпорын әрекетіндегі маркетинг концепциясы
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 2 Тоңазытқыштар нарығындағы тұтынушылардың қарым-қатынасы
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 3 Венгерлік нарықтағы жаңа тіс пастасы
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс 4 Ескі тауар – жаңа нарық
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс: Тауарлық маркаға нарық үлесін және тұтынушылардың адалдылығын бағалау.
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Іскерлік ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен тұрады:
- •«Топтар сайысы » ойыны
- •Кейсты топпен талқылау: Кейс: ақ «Қайрат» «Сары-Арқа» фирмасындағы коммуникациялар
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Іскерлік ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен тұрады:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талдау және талқылау: Кейс «Жұмысшылардың меншігі арқылы Саратов авиациялық зауытын (саз) жекешелендіру»
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Төмендегі берілген кейсты топпен талқылау: Кейс Үш бәсекелес шешім
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Кейс «Химфарм» акционерлік қоғамын жекешелендірудің жеке жобасы»
- •«Химфарм» ақ дамуының экономикалық көрсеткіштері
- •«Химфарм» ақ инвестициялық бағдарламасы
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •Төмендегі берілген кейсты талқылау: Кейс Автомобиль фирмасының ресей нарығына шығу
- •Талқылауға берілген сұрақтар:
- •5.Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •6. Студенттердің ғылыми баяндамаларының үлгілік тақырыптары
- •7. Пән бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» Жоғары мектебі
«Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасы
Ж.Б. Кенжин
«5В050600 –Экономика», «5В050900-Қаржы», «5В050800-Есеп және аудит», 5В050700 «Менеджмент» мамандықтарының студенттеріне
«МАРКЕТИНГ»
пәнін оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
Астана 2012
Әдістемелік нұсқау «Маркетинг» пәнінің бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен жоғары кәсіптік білім берудің Жалпығы міндетті білім беру стандартының дипломдандырылған мамандарды (бакалавр) дайындау деңгейіне және міндетті минимум мазмұны талаптарына (компонент міндетті, базалық пәндер циклы компонент) сәйкес ҚР Ғылым және білім министрлігінің жанындағы Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңесінің «6» маусым 2006 ж. шешімімен бекітілген, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» мамандықтары бойынша оқу–әдістемелік секциясы ұсынған («25» мамыр 2006 ж. № 4 хаттама ) «Маркетинг» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес дайындалған.
Әдістемелік нұсқау «5В050600 –Экономика», «5В050900-Қаржы», «5В050800-Есеп және аудит», 5В050700 «Менеджмент» мамандықтарының студенттеріне «Маркетинг» пәнінен практикалық сабақтар мен өзіндік жұмыс тапсырмаларына дайындалуына әдістемелік ұсыныстар беру мақсатында дайындалған.
Сын пікір берушілер:
д.э.н. профессор Раимбеков Ж.С
к.э.н. Сейдуалин Д.А
.
Кафедра отырысында талқыланып, құпталды,
__ ____________ 2012 ж., № __ хаттама
кафедра меңгерушісі ____________Омашева А.Б.
«ЭБжӘҒ» Жоғары мектебінің
Оқу-әдістемелік Кеңесімен
бекітілді,
__ __________ 2012 ж., № __ хаттама
ОӘБ төрағасы ____________Сабыров А.С.
Мазмұны
Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
Пәннің құрылымы мен тақырыптары
Пән бойынша дәрістер кешені
Практикалық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік ұсыныстар
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар
Студенттердің ғылыми баяндамаларының үлгілік тақырыптары
Пән бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1.Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
Рынк жағдайларында кәсіпорындар мен фирмалардың табысты іс-әрекеті көбінесе қабылданатын маркетингтік шешімдерге байланысты болып келеді. Сонтықтан да, шаруашылық жүргізудің сауалдары аса маңыздылыққа ие болады. Осыған байланысты, қазіргі уақытта рынок қажеттіліктерін жеке жұмыс нәтижелерімен біріктіре отырып, оны іс жүзінде қолдана алатын сондай-ақ, коммерциялық табысқа жете алатын мамандарды даярлаудың маңызы өсе түсуде. Сондықтан маркетинг –рыноктың кәсіби қызметкерлерін дайындау үрдісінде негізгі пәндердің бірі болып табылады.
«Маркетинг» пәнін оқытудың мақсаты – маркетингтің теориялық негіздерін және категориялы-түсініктеме аппаратын оқыту, сонымен қатар маркетинг элементтері мен принциптерін пайдалану бойынша тәжірибиелі дағдыларды игеру.
Осы мақсатқа байланысты курстың міндеттері келесі сұрақтарды зерттеу болып табылады:
маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары;
маркетинг ортасы мен оның құрамдастары;
маркетинг ақпарат жүйесі және маркетинг зерттеулері;
тауар және қызметтер рыногындағы тұтынушылық іс-әрекет теориясының негіздері;
нарықты сегменттеу және тауарды жайғастырудың әдістемелік негіздері;
маркетинг жүйесіндегі тауар саясаты;
баға құру және баға стратегиялары;
өткізу және тауар қозғалысы жүйесі;
тауар мен қызметтерді алға жылжыту маркетинг құрамдасы;
маркетингті басқару, жоспарлау және бақылау үрдісі;
қызметтер маркетингі және халықаралық маркетингтің ерешеліктері.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:
тауар, баға, айырбас, бәсеке, рынок, сұраныс, ұсыныс, бөліп тарату, жабдықтаушылар, делдалдар, маркетингтік зерттеулер және т.б. негізгі түсініктер мен терминдерді;
нақты маркетингтік зерттеу жүргізудің әдістемесін, негізгі сатылатын; ақпараттарды талдау, жинау құралдары, әдістері, шарттары, әр түрлі зерттеулердің жүргізу ерекшеліктерін;
тұтыну мінез-құлықтарының теориялық негіздері және сегменттеудің, тауарды жайғастырудың, тауар мен қызмет маркетингінің кешенін өңдеудің әдістемелік мәселелерін білулері қажет.
2. Пәннің құрылымы мен тақырыптары
«Маркетинг» пәнінің мазмұны келесідей берілген және мамандықтардың академиялық күнтізбелерінде қарастырылған академиялық кезеңде (15 апта) пән мазмұнында берілген тақырыптар бойынша төмендегідей сұрақтар қарастырылған:
1 –тақырып. Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары (1-апта) 2 -сағат:
Маркетинг түсінігі. Маркетингің даму кезеңдері мен пайда болуының тарихи алғышарттары. Маркетинг қағидасының дамуы: тауарлық, өткізушілік, нарықтық, маркетингтік басқару. Маркетинг нұсқасы-модельдері. Маркетингтің негізгі тұжырымдамалары. Нарықтық ғылым ретінде маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мазмұны, ерекшелігі және дамуы. Маркетингтің негізгі ұғымдары. Маркетингтің объектісі, субъектісі, мақсаттары, қызметтері, үрдісі және қағидалары. Маркетингтік шешім қабылдау процесі. «Маркетинг -микс» түсінігі. Маркетинг кешенінің негізгі элементтері. Тауарлар үшін «6-Р» түсінігі, оның құрылымы. Қызметтер үшін «7-Р», оның құрылымы. Маркетингтің түрлері: дифферециалданбаған, дифференциалданған, шоғырланған, кешенді және коммуникативті. Сұранысқа байланысты маркетинг типтері: конверсиялық, дамушы, ремаркетинг, синхромаркетинг, ынталандырушы, қолдаушы, демаркетинг, қарсы әрекет етуші маркетинг.
2 –тақырып. Маркетингтік зертеулер (2-апта) 2 -сағат:
Маркетингтік ақпараттар жүйесінің түсінігі, оның ролі мен қажеттілігі. Алғашқы және соңғы ақпарат: түсінігі, мәні, алыну көздері, артықшылығы мен кемшіліктері. Маркетингтік ақпарат жүйесінің құраушылары. Маркетингтік зерттеудің негізгі бағыттары: маркетингті зерттеу үрдісі және оның кезеңдері. Маркетингтік ақпарат жүйесі түсінігі. Маркетингтік ақпарат жүйесінің құрамдастары. Маркетинг зерттеулерінің әдістері: кабинеттік және далалық, санды және сапалы. Кабинеттік зерттеулер: екінші ретті мәліметтерді талдау, контент-талдау, регрессиялық және корреляциялық талдау.
3 –тақырып. Маркетинг ортасы (3-апта) 2 -сағат:
Маркетингтік ортаның түсінігі. Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін бақыланатын және бақыланбайтын факторлары. Кәсіпорынның микроортасы. Оның негізгі субъектілері. Макроортаның негізгі элементтерінің сипаттамасы және бір-бірімен қарым-қатынасы. Фирма қызметінің макроортасы және оның негізгі факторлары.
4 –тақырып. Тауар рыногындағы тұтынушылардың мінез-құлығы (4-апта)
2 -сағат:
Тұтыну нарығындағы сатып алушының мінез-құлқы. Оған әсер етуші негізгі факторлар. Тұтыну нарығында сатып алынатын зат туралы шешім қабылдау үрдісі. Әлеуметті-этикалық, демографиялық, мінез-құлықтық және психографиялық талдау негізіндегі тұтынушылар тобы.
5 –тақырып. Нарықты сегменттеу (5-апта) 2 -сағат:
Нарық кешенін зерттеу. Нарықты талдаудың негізгі бағыттары. Жаппай дифференциалданған және мақсатты маркетинг шаралары. Нарықты сегменттеу түсініктері. Өндірістік тауарлар нарығын сегменттеудің негізгі принциптері.
6 –тақырып. Маркетинг жүйесіндегі тауар (6-апта) 2 -сағат:
Тауар түсінігі. Тауарлар мен қызмет түрлерінің жіктелуі. Тауардың өмірлік кезеңдерінің (ТӨК) тұжырымдамасы. Тауар белгісі және оның мәні мен қызметі. Маркалық аттарды беру тәжірибесі.
7 –тақырып Маркетингтегі тауар саясаты (7-апта) 2 -сағат:
Тауар саясатының мәні, мақсаты және міндеттері. Тауар ассортименті. Ассортиментті қалыптастыру және басқару. Тауар саясатындағы жаңа тауарлар. Жаңа тауарларды өңдеу кезеңдері. Тауардың бәсекелік қабілеттілігінің түсінігі. Тауар сапасы. Тауар саясатындағы сервис, оның құрылымы мен формасы.
8 –тақырып. Маркетингтің баға саясаты (8-апта) 2 -сағат:
Маркетинг жүйесіндегі баға түсінігі және ролі. Бағаға әсер етуші факторлар. Икемділік түсінігі, оның түрлері. Баға мен сұраныс арасындағы тәуелділік. Баға белгілеу үрдісі. Баға белгілеу тәсілдері. Фирманың баға стратегиясы.
9 –тақырып. Маркетинг жүйесіндегі тарату саясаты (9-апта) 2 -сағат:
Тарату арналарын анықтау,оның мәні, қызметі. Тауар жылжытудың мазмұны, мәні, мақсаттары. Көтерме сауда, оның мәні мен мазмұны. Көтерме сауда түрлері. Бөлшек сауда түсінігі, оның қызметі, түрлері.
10 –тақырып. Маркетингтегі коммуникациялық саясат (10-апта) 2 -сағат:
Байланыс жүйесінің түсінігі, үрдісі, оның элементтері, кезеңдері. Тауарды және қызмет түрлерін жылжытудың маңызы мен мағынасы. Жарнама түсінігі мен түрлері. Ақпараттарды тарату құралдары. Сатып өткізуді ынталандыру түсінігі. Тауарды жылжыту кешені.
11 –тақырып. Маркетинг жүйесіндегі жарнама (11-апта) 2 -сағат:
Жарнама, оның мәні, ерекшеліктері, атқаратын қызметтері және түрлері. Жарнама қызметін жоспарлау. Жарнама қызметінің кезеңдері.
12 –тақырып. Маркетингті жоспарлау және бақылау (12-апта) 2 -сағат:
Стратегиялық жоспарлау түсінігі, ролі, кезеңдері. Маркетингтегі жоспарлау принциптері, міндеттері. Маркетинг стратегиясын таңдау. Маркетинг стратегиясын өңдеуде қолданылатын үлгілер. Маркетингтік бақылау. Маркетингтік бақылау типтері.
13 –тақырып. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау (13-апта) 2 -сағат:
Маркетинг стратегиясын өңдеуде қолданылатын үлгілер. Маркетингтік бақылау. Маркетингтік бақылау типтері.
14 –тақырып. Халықаралық маркетинг (14-апта) 2 -сағат:
«Халықаралық маркетинг» ұғымының түсінігі, олардың ерекшеліктері. Халықаралық маркетинг ортасы. Халықаралық сауданың жүйесі. Сыртқы нарыққа шығу тәсілдері. Экспорт. Жанама және тікелей халықаралық маркетинг. Бірлескен кәсіпкерлік қызметі. Бірлескен кәсіпорындар типтері. Халықаралық маркетинг кешенінің құрылымы.
15 –тақырып. Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттердің маркетингі
(15-апта) 2 -сағат:
Бейкоммерциялық әрекеттер аясындағы маркетинг. Қоғамдық маркетингтегі жоспарлау үрдісі. Қызмет ұғымы. Қызметтердің негізгі сипаттамалары. Қызметтерді жіктеу. Ұйымдар маркетингі, оның элменттері. Қоғам пікірін қалыптастыру.Идеялар маркетингі, оның мәні.