- •5В030200 – Халықаралық құқық
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенін гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының доценті, т.Ғ.К. Құсайынова ж.Д. Дайындады. Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды
- •Пәндердің оқу- әдістемелік кешеннің мазмұны
- •Пәннің мазмұны
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасы
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Дәріс, семинар, практикалық, тәжірбиелік сабақтардың тақырыптық жоспарлары (тәжірбиелік жұмыстар)
- •Соөж және сөж тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Білімді бағалау жалпы шкаласы
- •Халықаралық қатынастар тарихы Кітаптар
- •Халықаралық қатынастар тарихы курсы бойынша дәрістер тезистері
- •Кіріспе. Халықаралық қатынастар тарихы курсының пәні мен міндеттері. Халықаралық қатынастар тарихын кезеңдеу.
- •Хіх ғасырдың соңы - хх ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар. І дүниежүзілік соғыс жылдарындағы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар 1 дс алдында.
- •Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуы, дамуы
- •Халықаралық қатынастар пәнінен 1 рейтинг сұрақтары
- •1975, 1 Тамыз әлемдегі бәсендету процесін бастаған келісім шарт
- •Хх ғасырдың 80-90 жж. Халықаралық қатынастар. Ақш пен Ресей мемлекеттері арасындағы қазіргі кездегі саяси қарым-қатынас.
- •Таяу және Орта Азия шығыс елдерінің қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде алатын орны.
- •1931 Жылы Қытай аумағына қай мемлекет өз әскерелерін кіргізді (Маньчжурияны басып алуы)
- •1990 Жылғы Таяу Шығыс дағдарысы ненің нәтижесінде болды:
- •Ксро-ның ыдырауы. Посткеңестік кезеңде тмд мемлекеттерінің рөлі, халықаралық қатынастардың дамуы
- •1990 Жылғы Таяу Шығыс дағдарысы ненің нәтижесінде болды:
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
- •1990 Жылғы Таяу Шығыс дағдарысы ненің нәтижесінде болды:
- •«Халықаралық қатынастар тарихы» 2 аралық бақылау сұрақтары
1990 Жылғы Таяу Шығыс дағдарысы ненің нәтижесінде болды:
С. Хусейннің Кувейтке қарсы агрессиясы.
Таяу Шығыста АҚШ агрессиясы.
Батыс Европаға Сауд Аравиясынан мұнай экспортын төмендету.
Израильдің Ливан территориясына кіруі.
Израильдің Иорданияға қарсы агрессиясы.
БҰҰ құрудағы мақсат:
Ынтымақтастықты, бейбітшілікті қолдау және нығайту.
Шиеленістерді шешу.
Кедейшілікпен күрес.
Гуманитарлық мәселелерді шешу.
Экономикалық интеграция.
ХХ ғ. 90-ж. басында қабылданған НАТО-ның бағдарламасы:
Бейбітшілік үшін серіктестік.
Ауа навигациясы қауіпсіздігі.
ЕО елдеріне көмек.
Мүнай экспортымен айналысатын едцерге көмек көрсету.
Африка елдеріне көмек көрсету.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің интеграциялыќ бірлестігін атаңыз:
АСЕАН.
Еуропалыќ Одаќ.
Оңтүстікамерикандыќ Одаќ.
НАФТА.
МЕРКОСУР.
Ядролыќ ќаруды таратпау келісіміне Қазаќстан ќай жылы ќосылды:
1992.
1990.
1991.
1993.
1994.
Азиядағы өзара ыќпалдастыќ және сенім шаралары (АӨСШК) Кеңесін шаќыру бастамасы кімге ќатысты:
Н. Назарбаев.
В. Путин.
С. Ниязов.
Э. Рахмонов.
И. Каримов.
Қай елдер Кіндіказиялық одағына кіреді
Қазақстан, Қыргызстан, Өзбекістан
Қытай, Қазақстан, Өзбекістан
Қазақстан, Қыргызстан, Тәжікістан
Қазақстан, Өзбекістан, Тәжікістан
Қазақстан, Иран, Қытай
Дәріс 10
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Жалпы алғанда Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграция мәселелері бойынша ұстаған позициясы қалпында қалып отыр. Яғни Қазақстан ТМД-ның нығаюуын, тұрақтылықтың сақталуын, ТМД және басқа да аймақтық ұйымдар шеңберіндегі байланыстардың жан-жақты дамуын жақтайды.
Қазақстан қазіргі заман талаптарына жауап беретін және ТМД-ның ортақ тарихына арқа сүйеген ортақ саяси, экономикалық және әлеуметтк стандарттарға қол жеткізуге ұмтылуда.
Қазақстан ҰҚК шеңберінде. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге 1992 ж. 15 мамырда Ташкентте қол қойылды. ҰҚК-ға 9 мемлекет мүше болды. Келісім 1999 ж. сәуірде күшін жойды. 1999 ж. 2 сәуірдегі ТМД мемлекеттері басшыларының Саммитінде Әзербайжан, Грузия мен Өзбекстаннан басқа мүше-мемлекеттер ҰҚК-ның ұзартылуы туралы Протоколға қол қойылды. Грузия келісімнің қайта жасалуы бойынша жұмыстар толық аяқталған соң ғана мүшелікке өтуге келісті.
Басқа 6 мемлекет үшін Протокол 2000 ж. 22-наурыздан бастап күшіне енді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ҰҚК-ге мүше-мемлекеттермен бірінші кезекте 2003 ж. дейінге уақытқа арналған халықаралық терроризм мен басқа экстремизм құбылыстармен күрес жөніндегі Бағдарлама туралы үстемдігі жылдың 25 қантарында қабылданған Шешімдер аясында Қазақстан мемлекет Реседің Қауіпсіздік кеңестері шеңберінде және ТМД-ға мүшемемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығымен бірігіп жұмыс істеуде.
2000 жылдың басынан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында «бесті» елдері Президенттері бірнеше рет Кедендік Одақ шеңберіндегі ынтымақтастықтың маңызы жөнінде бір ауыздан мәлімідеді. Қазіргі күндері Кедендік Одақта шынайы интеграцияның барлық базалық элементтері құрылды. ТМД-да іске қосылған практикадан бөлек бірлескен қимылдардың формуласы жасалды. Негізгі өздерінің экономикалық қарым-қатынастарында «бестік» елдері келісім шарттар бекіту кезеңінен сыртқы экономикалық байланыстардың келісілген параметрлерін белгілеудің жаңа кезеңіне аяқ басты.
«Бестік» елдері қарым-қатынастарының механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ оған құқықтық субъектілер мәртебесін беру мақсатында мемлекет басшылары КО негізінде халықаралық экономикалық ұйым –Евразиялық экономикалық қауымдастық (Евраз ЭҚ) құру туралы шешім қабылдады.
Тараптар, құрған үкімет аралық топ жұмыс істеп жатқан және қайта қалыптастырылып жатқан интеграцияны басқару органдарының мақсаттарын, міндеттері мен қызметтерін белгілеп, келісті.
Қазақстан сыртқы саясатындағы маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты жандандыру болып отыр.
Интеграциялық процестердің дамуы аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өзара тиімді экономикалық байланыстарды дамыту, ішкі қайта қалыптастырулар мен реформалаулар мақсатында сыртқы жайлы ортаны қалыптастыру үшін қажет.
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясы идеясы 1994 ж 30 сәуірдегі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекістанның қатысуымен жасалған Ортақ Экономикалық кеңістік (ОЭК) туралы Келісімге қол қойылумен өзінің шынайы көрінісін тапты.
Тақырып бойынша тесттерді орындау
Азиядағы өзара ыќпалдастыќ және сенім шаралары (АӨСШК) Кеңесін шаќыру бастамасы кімге ќатысты:
Н. Назарбаев.
В. Путин.
С. Ниязов.
Э. Рахмонов.
И. Каримов.
