Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-ИМО (к.о.).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
440.32 Кб
Скачать

1975, 1 Тамыз әлемдегі бәсендету процесін бастаған келісім шарт

Хельсинки келісім-шарты

Берлин келісім-шарты

Варшава келісім-шарты

Токио келісім-шарты

Париж келісім-шарты

Ялта конференциясының негізгі мақсатын анықтаңыз

Соғыстан кейінгі әлемнің құрылымы, қай тәртіптің басымдылығы орналу туралы мәселе

Жалпы қауіпсіздік мәселесі

Ядролық қарулану жоспарын талдау

Гитлер коаляциясына қарсы мүдделерді межелеу

Коалиация елдеріне экономикалық өзара көмек

Потсдам конференциясының негізгі мәселесі (1945 ж. шілде)

Германияның тізесінің бүгуі, Германия мәселесі

Коминформның құрылуы

АҚШ саясатын талдау

Халықаралық қатынастардағы ядролық факторды талдау

Соғыстан кейінгі аумақтардағы экономиканың қайта құрылуы

Дәріс 7

Хх ғасырдың 80-90 жж. Халықаралық қатынастар. Ақш пен Ресей мемлекеттері арасындағы қазіргі кездегі саяси қарым-қатынас.

Разрядка халықаралық климатты күрт оңалтуға мүмкіндік беретінін барлығы түсінді. Разрядка көп жылдарға адамзатты ядролық қақтығыс қатерінен құтқарды. Разрядка кезінде алпауыт державалар арасында стратегиялық ядролық қару-жарақты (ОСВ-1, ОСВ2 - ратификацияланбады) шектеу жөніндегі келісім-шарттар жасалды. Разрядка сауда, мәдени байланыстардың нығаюына септігін тигізді. Осы кезеңде (1971 мен 1976 жылдар аралығында) кеңес саудасының көлемі 7 есе өсті, жалпы алғанда Батыс пен Шығыс арасындағы сауданың көлемі 65 есе өсті. Туризм (1975-1984 жылдар аралығы) КСРО-ға туристік сапармен 47 млн. турист келді, кеңестің 37 млн. азаматы капиталистік елдерге барды.

Көбісі разрядка кеңес жүйесінің тұғырын шайқап, оған нұқсан келтірді деп есептеді. Бұл жылдары Тольяти (Жигули - FIAT) - кеңес инженерлері Италияда тағлымдама алды.

Спорт: 1972 жылдың қыркүйегі - АҚШ пен КСРО матчы (4 матч Мәскеуде, 4 - Канадада).

Разрядканың шарықтаған шағы - 1975 жылдың 1 тамызында Хельсинки қаласында 33 еуропа елі және АҚШ пен Канада «Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша кеңестің қорытынды актісіне» (СБСЕ), (қазір - ОБСЕ деп аталады). Хельсинки. Хельсинки кеңес дипломатиясының жетістігі болып танылды: Еуропадағы 2-ші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі тәртіп, яғни Шығыс Еуропа елдеріндегі коммунистік режим мойындалды. Осының орнына КСРО социалистік елдерде адам құқықтарын сақтауға келісті және осының негізінде КСРО-да диссиденттер топтары пайда болды (енді оларды жазалауға болмайтын болды).

ХП қол қойылғаннан кейін эйфория басталды.

5 жыл өтісімен қырғи-қабақ соғыстың тағы да жаңдануы орын алды.

Екі жүйе де доктриналық түрде бір-бірін құртуға бағыталған болатын. КСРО мен АҚШ разрядканың болуы не болмауына жауапты болды. Сондықтан АҚШ еуропа елдеріне разрядка орнату үшін қосылуына мәжбүр болды. Өз кезегінде КСРО АҚШ-қа сенбеді. КСРО америкалық саяси жүйесінің мәнін соңына дейін ұғынбады.

Күйзеліске ұшыраудың басты себебі - тараптардың әрқайсысы разрядканы қарсыластар лагеріне әсер етуден бас тарту деп түсінді. Осыған орай, екі саяси жүйенің қақтығыс алаңы ретінде 3-ші әлемнің елдері пайдаланылды.

Американдық саясаттың негізі - «неоглобализм» доктринасы (Картер, сонан барып Рейган): АҚШ орбитасына 3-ші әлемнің барынша көп мемлекеттерді тарту. Басты құрал - шағын елдерге нақты бір шарттармен қаржылай көмек көрсету (шағын «Маршалл жоспарлары»).

Кеңес доктринасы: Әлемдік революциялық процестің 3 ағыны туралы теория (ТТП) = 1 ағын - әлемдік социализм жүйесі, 2- ағын - капиталистік елдердің жұмысшылар қозғалысы, 3-ағын - үшінші әлемдегі ұлттық-азаттық қозғалыстар. КСРО үшін разрядка алдынғы 2-ағынды пайдаланудан бас тарту.

Батыстағы еврокоммунизм (Сантьяго Корильо - Испания компартиясының бас секретарі, Энрике Берленгауэр - итальяндық компартияның бас секретарі) = социализм, билікке заңды жолмен келу, бейнесі адами социализм, билікке солшыл-либералдық партия түрінде келу.

Тақырып бойынша тесттерді орындау

АҚШқабылдаған «Манхэттен» жобасы не туралы

Ядролық қаруды жасау

Коммунизмге қарсы күрес

АҚШ саяси жүйесіндегі реформалар

АҚШ экономикалық жүйесіндегі реформалар

КСРО экономикалық көмектің жобасы

Маршалл жоспары (АҚШ 1947 ж.) не туралы

Еуропалық державаларға экономикалық көмек көрсету

КСРО экономикалық көмек көрсету

Ядролық бомбаны сынау

Польша мен Чехославакияның үстінен бақылау қою

АҚШ әскери доктринасы

Трумэн доктринасының мазмұны

АҚШ әскери теңіз базаларын Түркия мен Германияда орналастыру

АҚШ әскери теңіз базаларын Финляндия мен Бельгияға орналастыру

АҚШ әскерін Польшаға орналастыру

АҚШ әскерін Чехославакияға орналастыру

АҚШ әскери-теңіз күштерін ФРГ орналастыру

АҚШ мен КСРО арасындағы ПРО шартының мазмұны

Зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу туралы шарт

Стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу туралы шарт

Космостық ынтмақтастық туралы шарт

Үндіқытайдағы американдық агрессияны тоқтату туралы шарт

Бейбіт өмір сүру туралы шарт

АҚШ мен КСРО арасындағы ОСВ-1 келісімінің мазмұны

Стратегиялық шабуылға арналған қаруларын шектеу шаралары туралы

Ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу туралы

Бірлескен космос кемені ұшыру туралы

Жерасты ядролық жарылыстарын шектеу туралы

Бейбіт мақсаттағы ядролық зерттеулер туралы

«Темір перде» терминді еңгізген саясаткер

Черчилль

Трумен

Сталин

Де Голль

Рузвельт

«Суық соғыс» бастапқы кезенінің дипломатияның қағидасы

Коммунизмды тыю

Әскери конфронтация

Қарсы тұруына жағдай жасау

Коммунизмге шабуыл жасау

Экономикалық шектеу жасау

НАТО-ның штаб-пәтері қай қалада орналасқан:

Брюссель.

Лондон.

Нью-Йорк.

Париж.

Цюрих.

Дәріс 8