- •5В030200 – Халықаралық құқық
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенін гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының доценті, т.Ғ.К. Құсайынова ж.Д. Дайындады. Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды
- •Пәндердің оқу- әдістемелік кешеннің мазмұны
- •Пәннің мазмұны
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасы
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Дәріс, семинар, практикалық, тәжірбиелік сабақтардың тақырыптық жоспарлары (тәжірбиелік жұмыстар)
- •Соөж және сөж тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Білімді бағалау жалпы шкаласы
- •Халықаралық қатынастар тарихы Кітаптар
- •Халықаралық қатынастар тарихы курсы бойынша дәрістер тезистері
- •Кіріспе. Халықаралық қатынастар тарихы курсының пәні мен міндеттері. Халықаралық қатынастар тарихын кезеңдеу.
- •Хіх ғасырдың соңы - хх ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар. І дүниежүзілік соғыс жылдарындағы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастар 1 дс алдында.
- •Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуы, дамуы
- •Халықаралық қатынастар пәнінен 1 рейтинг сұрақтары
- •1975, 1 Тамыз әлемдегі бәсендету процесін бастаған келісім шарт
- •Хх ғасырдың 80-90 жж. Халықаралық қатынастар. Ақш пен Ресей мемлекеттері арасындағы қазіргі кездегі саяси қарым-қатынас.
- •Таяу және Орта Азия шығыс елдерінің қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде алатын орны.
- •1931 Жылы Қытай аумағына қай мемлекет өз әскерелерін кіргізді (Маньчжурияны басып алуы)
- •1990 Жылғы Таяу Шығыс дағдарысы ненің нәтижесінде болды:
- •Ксро-ның ыдырауы. Посткеңестік кезеңде тмд мемлекеттерінің рөлі, халықаралық қатынастардың дамуы
- •1990 Жылғы Таяу Шығыс дағдарысы ненің нәтижесінде болды:
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
- •1990 Жылғы Таяу Шығыс дағдарысы ненің нәтижесінде болды:
- •«Халықаралық қатынастар тарихы» 2 аралық бақылау сұрақтары
Халықаралық қатынастар пәнінен 1 рейтинг сұрақтары
1. Халықаралық қатынастар ұғымы.
2. Халықаралық қатынастардың деңгейлері.
3. Халықаралық қатынастардың мақсаты.
4. Халықаралық қатынастардың міндеті.
5. Халықаралық қатынастардың дүниежүзілік маңызы.
6. Халықаралық қатынастардың субъектілері.
7. 17-18 ғ. халықаралық қатынастардың жалпы сипаттамасы
8. Көне замандағы халықаралық қатынастардың жалпы сипаттамасы.
9. Ассирияның сыртқы саясаты.
10. Вавилонның сыртқы саясаты.
11. Буржуазиялық революция қарсаныңдағы Англия.
12. Англиядағы буржуазиялық революциясының себептері.
13. Англиядағы азамат соғысының маңызы.
14. Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи маңызы.
15. Ағылшын буржуазиялық революция қезеңіндегі халықаралық қатынастар деңгейі.
16. 17-18 ғ. халықаралық қатынастардың ерекшілігі.
17. Буржуазиялық революция қарсаныңдағы Франция.
18. Франциядағы буржуазиялық революциясының басталу себептері.
19. Француз буржуазиялық революциясының халықаралық қатынастарға әсері.
20. Францияда монархияның құлауы.
21. Франция республика болып жариялануы.
22. Франциядағы якобиншілер диктатурасы.
23. Франциядағы термидорлық төңкеріс.
24. Француз буржуазиялық революциясының дүниежүзілік маңызы.
25. Француз буржуазиялық революция кезеңіндегі халықаралық қатынастар.
26. 30 жылдық соғыс (1618-1648)
27.16-18 ғ. халықаралық қатынастардың 3 кезеңі.
28.18 ғ. Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
29. 1 Петрдің сыртқы саясаты.
30. 1 Петр реформаларының халықаралық қатынастардағы рөлі.
31."Солтүстік соғыс" басталу себептері.
32. "Солтүстік соғыс" халықаралық қатынастарға әкелген пайдасы.
33. Императрица 2 Екатерина (1729-1796) кезіңде Ресейдің халықаралық қатынастардағы беделі.
34. 18 ғ. Осман империясының сыртқы саясаты.
35. 18ғ. Осман империясының жүргізген соғыстарының халықаралық қатынастардағы орны.
36. 18 ғ. ортасындағы араб елдерінің жағдайы.
37. Мұхаммед Әлидің сыртқы саясаты.
38. 1 Наполеон кезіңдегі Франция. Экономикалық даму.
39. Бонапарт консулдығының сыртқы саясаты.
40. Халықаралық қатынастардағы Наполеон Бонапарт жүргізген саясатының рөлі.
Дәріс 6
ХХ ғ. 60-70 жж. халықаралық қатынастар. Отарлау жүйесінің ыдырауы.
Разрядка халықаралық климатты күрт оңалтуға мүмкіндік беретінін барлығы түсінді. Разрядка көп жылдарға адамзатты ядролық қақтығыс қатерінен құтқарды. Разрядка кезінде алпауыт державалар арасында стратегиялық ядролық қару-жарақты (ОСВ-1, ОСВ2 - ратификацияланбады) шектеу жөніндегі келісім-шарттар жасалды. Разрядка сауда, мәдени байланыстардың нығаюына септігін тигізді. Осы кезеңде (1971 мен 1976 жылдар аралығында) кеңес саудасының көлемі 7 есе өсті, жалпы алғанда Батыс пен Шығыс арасындағы сауданың көлемі 65 есе өсті. Туризм (1975-1984 жылдар аралығы) КСРО-ға туристік сапармен 47 млн. турист келді, кеңестің 37 млн. азаматы капиталистік елдерге барды.
Көбісі разрядка кеңес жүйесінің тұғырын шайқап, оған нұқсан келтірді деп есептеді. Бұл жылдары Тольяти (Жигули - FIAT) - кеңес инженерлері Италияда тағлымдама алды.
Спорт: 1972 жылдың қыркүйегі - АҚШ пен КСРО матчы (4 матч Мәскеуде, 4 - Канадада).
Разрядканың шарықтаған шағы - 1975 жылдың 1 тамызында Хельсинки қаласында 33 еуропа елі және АҚШ пен Канада «Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша кеңестің қорытынды актісіне» (СБСЕ), (қазір - ОБСЕ деп аталады). Хельсинки. Хельсинки кеңес дипломатиясының жетістігі болып танылды: Еуропадағы 2-ші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі тәртіп, яғни Шығыс Еуропа елдеріндегі коммунистік режим мойындалды. Осының орнына КСРО социалистік елдерде адам құқықтарын сақтауға келісті және осының негізінде КСРО-да диссиденттер топтары пайда болды (енді оларды жазалауға болмайтын болды).
ХП қол қойылғаннан кейін эйфория басталды.
5 жыл өтісімен қырғи-қабақ соғыстың тағы да жаңдануы орын алды.
Екі жүйе де доктриналық түрде бір-бірін құртуға бағыталған болатын. КСРО мен АҚШ разрядканың болуы не болмауына жауапты болды. Сондықтан АҚШ еуропа елдеріне разрядка орнату үшін қосылуына мәжбүр болды. Өз кезегінде КСРО АҚШ-қа сенбеді. КСРО америкалық саяси жүйесінің мәнін соңына дейін ұғынбады.
Күйзеліске ұшыраудың басты себебі - тараптардың әрқайсысы разрядканы қарсыластар лагеріне әсер етуден бас тарту деп түсінді. Осыған орай, екі саяси жүйенің қақтығыс алаңы ретінде 3-ші әлемнің елдері пайдаланылды.
Американдық саясаттың негізі - «неоглобализм» доктринасы (Картер, сонан барып Рейган): АҚШ орбитасына 3-ші әлемнің барынша көп мемлекеттерді тарту. Басты құрал - шағын елдерге нақты бір шарттармен қаржылай көмек көрсету (шағын «Маршалл жоспарлары»).
Кеңес доктринасы: Әлемдік революциялық процестің 3 ағыны туралы теория (ТТП) = 1 ағын - әлемдік социализм жүйесі, 2- ағын - капиталистік елдердің жұмысшылар қозғалысы, 3-ағын - үшінші әлемдегі ұлттық-азаттық қозғалыстар. КСРО үшін разрядка алдынғы 2-ағынды пайдаланудан бас тарту.
Батыстағы еврокоммунизм (Сантьяго Корильо - Испания компартиясының бас секретарі, Энрике Берленгауэр - итальяндық компартияның бас секретарі) = социализм, билікке заңды жолмен келу, бейнесі адами социализм, билікке солшыл-либералдық партия түрінде келу.
Тақырып бойынша тесттерді орындау
"Маршал жоспары" қай жылы қабылданды
1947, маусым
1945, шілде
1946, тамыз
1948, қазан
1946, қараша
Солтүстікатлантикалық блогының (НАТО) құрылуы қай жылы пайда болды
1949, сәуір
1948, мамыр
1950, шілде
1947, ақпан
1946, қаңтар
Германия Федеративтік Республикасы қай жылы қалыптасты
1949, қыркүйекте
1948, қыркүйекте
1947, қыркүйекте
1950, қыркүйекте
1951, қыркүйекте
"Варшава келісімі" ұйым қашан пайда болды
1955, мамыр
1956, мамыр
1957, мамыр
1958, мамыр
1959, мамыр
Ресейдегі І Петр жанындағы дипломатиялық қызмет қай елдін үлгісі бойынша құрылды?
Батыс үлгісі бойынша
Франция дипломатиялық қызметінің үлгісі бойынша
Англия дипломатиялық қызметінің үлгісі бойынша
Қытай дипломатиялық қызметінің үлгісі бойынша
Шығыс үлгісі бойынша
Империяның қол астындағы елдер мен аумақтар қалай аталады
отар
мегаполис
метрополия
монополия
Доминион
Франция мен Ұлыбритания «опиум соғыстарды» қай елге қарсы жүргізді?
Қытайға
Үндістанға
Ауғанстанға
Бирмаға
Жапонияға
