
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Кеншілер мәдениет сарайы
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Геология
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •3. Мәтінді аударыңыз.
- •Кен кәсіпорындарының түрлері
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның білім беру жүйесі
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Теодолиттердің негізгі бөліктері
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Ұлттық байлық
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Пайдалы қазбаларды қорғау
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Экономикалық тәуелсіздік
- •Кен байыту әдістері
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Нарық
- •Карта, план, профиль туралы түсінік
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Жер пішіні мен көлемі туралы түсінік
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Қолданбалы экология
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Жерасты суларының маңызы
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Шахтының жер үстіндегі технологиялық кешені
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Өсімдік және медицина
- •Айналадағы қоршаған ортаны қорғау
Шахтының жер үстіндегі технологиялық кешені
Шахтының техникалық және шаруашылық мұқтаждарын қанағаттандыратын жер бетіндегі құрылыстар, үйлер, кен көтергіштер – шахтының жер үстілік кешені деп аталады. Бұл кешенге жататындары жер үстіндегі құрылыстар, діңдер, көтергіш машиналар т.б. Бұл құрылыстарға жүк итергіштер, пайдалы қазбаны сақтайтын бункерлер және темір жол вагондарына, арнаулы қоймаларға тиейтін, ленталы конвейерлер жатады. Пайдалы қазбалар, темір жол бункерлеріне тиелмей тұрып, іріктеліп, сортталып, не болмаса байыту фабрикасына жіберіледі. Әрбір шахтыда әкімшілік-тұрмыстық комбинат салынады. Комбинаттан қосалқы оқпанның сөресіне қатынасу жабық галерея, не болмаса туннель арқылы атқарылады.
Жаңа сөздер:
шаруашылық-
құрылыстар-
көтергіштер-
кешен-
сөре-
оқпан-
байыту-
қосалқы-
Тапсырмалар.
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
2. Мәтіндегі жалғауларды ажыратыңыз.
3.Әрбір шахтыда әкімшілік-тұрмыстық комбинат салынады. Берілген сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.
4. Тұрып, іріктеліп, сортталып етістіктерін жекеше, көпше түрде
жіктеңіз.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Шахтының жер үстілік кешені деп нені атаймыз?
Технологиялық кешенге не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.
2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.
3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.
4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (13-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]
1. «Өсімдіктердің тіршілік формалары» тақырыбына шығарма жазу.
2. «Қазақстанның «Қызыл кітабы»»реферат.
3. Кәсіби мәтіндегі техникалық терминдермен жұмыс.
14-тақырып Аралық тест. Өсімдік және медицина. Айналадағы қоршаған ортаны қорғау. Төл сөз. Төлеу сөз.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. №327 мультимедиалық кабинеттерде тест тапсыру.
2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Өсімдік және медицина
Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр - Әл Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапияда, үй жағдайында кеңінен қолданылады. Ол үшін “дәрісіз ем-домды” дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы “Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады”. Емдік шөптер - үйіміздің жанында, бау-бақшамызда және далада, жол бойларында кездесетін шөптерде. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. “Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңнын түбінде өсіп тұр”. Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден - жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедақ, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан.
Тапсырмалар.
1. Мәтінді оқып, жаңа сөздерді аударыңыз.
2. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемді көшіріп жазыңыз.
Жер жүзі...дегі дәрілердің 40%-ы өсімдік... дайында...ады екен.
Өсімдіктер сарқыл...йтын қазына емес, сондықтан о...ды орынды пайдалан..., қорғай білудің өмір... маңыз... зор.
3. Мәтіннен зат есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.
4. Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.
5. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.
6. Жаңа сөздерді жаттаңыз.