
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш имантайұлы сәтбаев
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Кеншілер мәдениет сарайы
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Геология
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •3. Мәтінді аударыңыз.
- •Кен кәсіпорындарының түрлері
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның білім беру жүйесі
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Теодолиттердің негізгі бөліктері
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Ұлттық байлық
- •Қазақстаның пайдалы қазбалары
- •Пайдалы қазбаларды қорғау
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Экономикалық тәуелсіздік
- •Кен байыту әдістері
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Нарық
- •Карта, план, профиль туралы түсінік
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Жер пішіні мен көлемі туралы түсінік
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Қолданбалы экология
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Жерасты суларының маңызы
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Шахтының жер үстіндегі технологиялық кешені
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Өсімдік және медицина
- •Айналадағы қоршаған ортаны қорғау
Ұлттық теңгеміз туралы
Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді.
Теңгенің авторы болу бақыты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов пен Мендібай Әлиннің үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді.
Адамдардың ішкі сырын білуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.
Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдғы үлкен жетістік.
Тапсырмалар.
1. Мәтінді оқып аударыңыз.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
ҚР мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
Ұлттық теңге қай жылы қай айда дүниеге келді?
Теңгенің авторлары кімдер?
Теңге ненің белгісі?
3. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз
Жер пішіні мен көлемі туралы түсінік
Жердің пішіні мен көлемін зерттеу жер бетін картада дұрыс кескіндеуге мүмкіндік туғызады және ол ғылым мен техниканың көптеген міндеттерін шешу (жасанды серіктерді және ғарыш кемелерін ұшыру, теңізде жүзу, авиация, радиобайланыс және т.б.) үшін қажет. Жердің физикалық бетінің жалпы ауданы 510 млн км2-қа тең және геометрия жағынан алғанда пішіні күрделі. Орасан кеңістікті (жер бетінің 71%-ін) мұхиттар мен теңіз шұңқырлары алып жатыр, олардың тереңдігі 11000 м-ге дейін жетеді. Дүниежүзілік мұхиттың орташа тереңдігі – 3800 м-ге жуық. Құрлықта тау жоталары, шатқалдар, жазықтар, өзен алқаптары және жыра-сайлар бар. Кейбір таулардың, мәселен, Эверестің (Джомолунгма) биіктігі 9000 м-ге жуық. Құрлықтың теңіз деңгейінен орташа биіктігі 875 м-ге тең. Сонымен, құрлықтың көлемі дүниежүзілік мұхитқа қарағанда аз ауданды алып жатқандықтан, сондай-ақ құрлықтың мұхит тереңіндегі қыраттармен салыстырғанда онша биік болмайтындықтан, мұхит деңгейін жердің фигурасы ретінде қабылдауымыз қажет.
Жаңа сөздер:
дұрыс –
кескіндеу –
жасанды –
серіктер –
ұшыру –
мұхит –
Тапсырмалар.
1. Мәтіннен септік жалғауларын табыңыз.
2. Ғарыш, авиация, радиобайланыс сөздерімен сөйлем құрастырыңыз.
3. Мәтіннен көптік жалғаулары бар сөздерді тауып, аударыңыз.
4. Сан есімің түрлерін анықтаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.
2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.
3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.
4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (9-тақырып) [қосымша14,15,17, 20]
1. «Ақша қызметі» тақырыбына әңгіме жазу.
2. «Теңге – ұлттық валюта» реферат.
3. «Жер пішіні мен көлемі туралы» слайд.
10-тақырып. Қазақстанның географиялық орны. Тау-кен жұмыстары туралы ұғым. Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді қайталау.