
- •1 Тарау кәсіпкерлік тәуекелді төмендету тәсілдері
- •2 Тарау кәсіпорындағы кәсіпкердік тәуекелдің қалыптасу негіздері
- •3 Тарау кәсіпкерлік тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері
- •1 Тарау кәсіпкерлік тәуекелді төмендету тәсілдері
- •1.1 Кәсіпкерлік түсінігі, түрлері
- •1.2 Кәсіпкерлік тәуекел
- •1.3 Кәсіпкерліктегі тәуекелдің ерекшеліктері
- •2 Тарау кәсіпорындағы кәсіпкерлік тәуекелдің қалыптасу негіздері
- •2.1 Кәсіпорын сипаты, оның қызмет обьектілері
- •2.2 Кәсіпорындағы тәуекелді бағалау критерийлері
- •2.3 Кәсіпорындағы кәсіпкерлік тәуекел негіздері
- •3 Тарау кәсіпкерлік тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері
- •3.1 Кәсіпкерлік тәуекелді төмендету
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
Қорытынды
Қорыта келгенде, нарықтық қатынастар жағдайында тәуекелділік кәсіпкерліктің шешуші элементі болып табылады. Тәуекелділіктің келесі ерекшеліктері бар: кәсіпкерлік істегі белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік, болжамдық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. Тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер қолдану керек: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді ,мамандарды тарту , жобалау алдында мүмкін болатын қиындықтарды жете білу, өндірілетін өнімге сұранысты болжау, тәуекелділікті жобаға қатысушылардың өзара бөлісуі, сақтандыру, болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.
Тәуекелдің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық және нарықтық. Ойлаған жобаны жүзеге асыру , потенциалды инвесторларды неғұрлым көп тарту үшін тәуекелді талдаудың блок- нобайын қолдану. Сонымен бірге тәуекелден келетін зиян түрлерін айқындай білу керек.
Нарықтық қатынастарда өндіріс, тұтыну, кооперациялау, өнімнің айналымы сияқты үрдістер барысында кәсіпкерлерді белгісіздік және тәуекел көп толғантады. Қолайлы қабылданған шешім кәсіпкерге жақсы пайда әкеледі, ал қолайсыз негізделмеген шешімдер– банкроттыққа бастайды.
Кәсіпкер бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірустің субьективтік факторы.
Кәсіпкерлік процесінің екінші қозғаушы күші бизнесті іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпкерлік жарылыс нәтижесінде пайда болған үнсіз төңкеріс жайлы айтуда. Шет елдік ғалымдар кәсіпкерлік түсінігіндегі негізгі орынды ой және оларды іске асыру мүмкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері деп, ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойыд іске асыру нарығының ашық тауашасының бар болуын айтуға болады. Дегенмен осы жерде ойлар оларды іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктерге қарағанда анағұрлым көп. Сонымен жаңа қуаттарға, обьектілерге деген қажеттілік пайда болғанда құырылстар мен ғимараттарды қайта құру қажеттілігі пайда болғанда немесе тапсырыс берушілердің бар қажеттіліктерін бәсекелестердің ұсынған қызметтеріне қарағанда толығырақ қанағаттандыру мүмкіндігі туғанда, құрылыс бизнесі үшін мүмкіндік те пайда болады. Кәсіпкер үшін осы мүмкіндікті уақытысында байқау емес, сондай-ақ оны дұрыс пайдалану да маңызды.
Ұзақ уақыт аралығы бойында пайда және табыспен қамтамасыз ететін ашылып келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабілетіне ие кәсіпкерлер, табысты кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкердің қызмет саласын таңдауына тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметің жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзгешеленеді.
Кәсіпкерлік шеберлік дегеніміз бұл басқаларға әлі көріне қоймаған, көрінсе де не өте ерте, не өте кеш көрінген жерде кәсіпорын құру және дамыту мүмкіндігін бірінші болып көру.