Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкдп ПСК.2012-13г.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
392.7 Кб
Скачать

1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2.Мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

Жеке адам, топ және ұжым

Ұжым – күрделі оркестр,

онда әркімнің өз аспабы болады, сол аспабымен ойнайды.

В.А.Сухомлинский

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады.Қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адамның қалыптасуы қоғамның дамуымен байланысты қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған ұйқы демалу, киім-кешек, баспана қандай қажет болса, қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Қарым – қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады.

Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат – мұратына жете алмайды ол ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Ал топтың түрлері сан-алуан, шағын (микро), ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді. Топтағылар ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде бір-бірімен араласып іс-әрекет жасайды.

Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі- ұжым (коллектив) деп аталады. А.С. Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.

Нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар, студенттер ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның қоғам мен ел алдында міндеттері тұрады.

А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:

  • Ұжым алдындағы айқын мақсат;

  • Ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс -әрекет жасауы;

  • Ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;

  • өз арасында міндеттер белгілеуі;

  • белгіленген міндеттерді орындау;

  • қатаң тәртіптің болуы;

  • өз мүшелері үшін ұжымның жуапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым – қатынастың болуы.

Тапсырмалар:

1.Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыздар.

2.Мәтін бойынша жоспар құрыңыздар.

3.Мына сұрақтарға жауап жазыңыздар:

Адам неге қоғамнан тыс өмір сүре алмайды?

Қоғамның бастапқы ұясы болып табылатын ұйым?

Ұжым » деген ұғымды қалай түсінесіз?

Топ пен ұжымға мысал келтіріңіз....

4.Мәтіннен осы шақ етістіктерді теріп жазыңыздар, түрлерін ажыратыңыздар.

5.Осы шақ түрлеріне мысалдар жазыңыздар.

Менеджер және ұйым

Ұйымның сипаттамасы. Менеджментті оқып білу үшін ұйымның не екенін, неге басқару керек екенін білу қажет. Ұйым менеджерлер әлемінің негізін құраушы және

менеджменттің өмір сүруінің негізі болып табылады.

Ұйым дегеніміз не? Қандай да бір топ ұйыммен санасу үшін бірнеше міндетті талаптарға сәйкес болу керек.

1.Осы топтың бөлігі деп санайтын кем дегенде екі адамның болуы;

2.Осы топтың барлық мүшелеріне ортақ болып саналатын кем дегенде бір мақсаттың болуы;

3.Мақсатқа жету үшін бірге жұмыс істейтін топтың мүшелері болуы.

Осы сипаттарды арқылы анықтама аламыз:

Ұйым дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін қызметтері біріктірілген адамдар тобы.

Ұйымдар ресми және бейресми деп бөлінеді. Егер ұйым жоғарыдағы талаптарға сай болса, ол ұйым формалды болып табылады.

Бейресми ұйымдар – бұл аяқ астынан шыққан топтар, бірақ мұнда да адамдар өзара байланысты болады.

Күрделі ұйымдар – бұл өзара байланысты мақсаттардың жиынтығынан тұратын ұйымдар.

Ұйымдар формасы, мақсаттары, ұйымдық құрылымы бойынша ерекшеленеді, сонымен қатар ортақ сипаттары бөлініп шығады. Ұйымның бес ортақ қасиеттері табысқа, жетістікке жету үшін ұйымды не үшін басқару керек екенін түсінуге көмектеседі.

Олар:

  1. Ұйымның ресурстары.

  2. Сыртқы ортаға тәуелділігі.

  3. Көлденең еңбек бөлінісі.

  4. Бөлімдер.

  5. Тік еңбек бөлінісі.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Ұйымның сипаттамасы қандай?

Ұйым дегеніміз не?

Ұйымдар қалай бөлінеді?

Ұйымның бес ортақ қасиеттерін атаңыз.

3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін

анықтаңыз, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

4. Сөз тіркесін жасаңыз.

Ұйыммен ... , ортақ мақсатқа ... , өзара ... .

5. Мәтін бойынша сұхбаттасыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер.

1 И.Кубаева. Қазақ тілі.(электронды нұсқасымен). Алматы, 2003.

2.Г.М. Нұрғожина, А.А. Ақынжанова, Э.Қ. Түсіпбекова. Қазақ тілі І-ІІ курс студенттеріне арналған оқулық. Деңгейлетіп оқыту. Қарағанды, 2001.

3.Ж.Түймебаев. Қазақ тілі.(Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 2004.

СӨЖ

Сұхбат: Жеке адам, топ, ұжым.

СОӨЖ.

1.Осы шақ және оның түрлерін қайталау. 2.Осы шақ түрлеріне жаттығулар орындау. 3.Тест жұмыстарын орындау.

4-тақырып. Қоғамдағы отбасының қызметі. Отбасы. Келер шақ.

Практикалық сабақтың жоспары