
- •Мамандық әлемінде
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2.Мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Болашақ бағдарламасы жайында.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •3. Мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Нарық
- •2.Мәтінді аударыңыз.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •Ақша қызметі
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •Қазақстанның географиялық орны.
- •Қазақстан климаты
- •1.Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •Қазақстан экологиясы
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2.Мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •Өсімдік және медицина
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •Қаныш сәтбаев –тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •Шынымәрмәр, шыныдекор және әрлі шыныұнтақ
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •Ар нуво
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •Портландцемент және композиционды цементтер
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •Ағаш - дизайн элементі ретінде
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •Ағашты көркемдеу
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
ІІ семестр
1 - тақырып. Мамандық әлемінде. Менің мамандығым. Етістік.
Практикалық сабақтың жоспары
1. Мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
2. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
Мамандық әлемінде
Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, жорналшы, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал, аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек. Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер, т.б.
Сіздің мамандығыңыз қандай? Мамандығыңыз қай салада? Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек?
Тапсырмалар:
1. Мәтінді аударыңыз.
2. Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз.
3. Мамандық атауларын сала бойынша қойып жазыңыз.
4. «Мамандық» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.
5. Оқып, аударып, жаттап алыңыз.
Он маман
Бір баламыз – бақташы,
Екіншісі - егінші,
Үшіншісі – үлгіші,
Төртіншісі – теңізші,
Бесіншісі – балташы,
Алтыншысы – аспазшы,
Жетіншісі – жылқышы,
Сегізіншісі – сырнайшы,
Тоғызыншысы – тігінші,
Оныншысы – орманшы. (Ермек Өтетілеуұлы)
МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ
Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Әр адам өмірінде бір мамандықтың иесі болуға тиіс. Ол үшін көп еңбектену керек. Ең алдымен өз мамандығыңың қыр-сырын үйренуге міндеттісің. Қай мамандық болсын, адамға көптеген талаптар қояды. Жақсы маман, яғни инженер, экономист, ғалым, менеджер, сәулеткер, маркетолог, есепші, аудитор, оқытушы болу үшін жақсы оқу қажет. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы, металлург, жүргізуші, балташы, тоқымашы, тігінші болу үшін, өндірісте жақсы істеу керек. Ауыл шаруашылығында жұмыс істесең, онда сенің бақташы, диқан, шопан, сауыншы, бағбан, омарташы атанарың анық.
Қазіргі заманда болашақ мамандарға қойылатын талаптардың бірі оның теориялық білімі мен іскерлік қасиеттерін ұштастыра білуі. Сонда ғана ол жақсы жұмысқа орналасып жұмыссыз қалмауы мүмкін.
Өзім сәулет-құрылыс институтында оқимын. Болашақ мамандығым өзіме ұнайды. Құрылыс мамандығы бойынша білім алудамын. Алғашқы екі курста біз жалпы пәндерді оқимыз. Жоғары курстарда мамандық пәндері басталады. Бірінші курсты аяқтап, шілде айында біз өндірістік практикаға барамыз. Біз әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл практика біздің мамандығымызға деген үлкен қызығушылығымызды арттырады. Осы мамандықты қалағаныма өкінбеймін, өйткені оның болашағы зор. Университетті бітіріп жақсы маман болып, алған білімімді Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіруіне өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
Қандай мамандықтарды білесің?
Сенің туыстарың кім болып істейді?
Өзің қай жерде оқисың?
Сенің болашақ мамандығың қандай?
2.Мәтіндегі етістік түрлерін анықтаңыздар.
3.Жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек? Осы тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Г.М. Нұрғожина, А.А. Ақынжанова, Э.Қ. Түсіпбекова. Қазақ тілі І-ІІ курс студенттеріне арналған оқулық. Деңгейлетіп оқыту. Қарағанды, 2001.
2.Ж.Түймебаев. Қазақ тілі.(Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 2004.
СӨЖ
Мамандық әлемінде. Менің мамандығым тақырыбын әңгімелеу
СОӨЖ
1.Етістік түрлерін қайталап,сөйлемдер құрап жазу. 2.Жаттығулар орындау.
2-тақырып. Адам және қоғам. Салауатты өмір салты.
Үстеу.
Практикалық сабақтың жоспары