
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» КАФЕДРАСЫ
Білім беру бағдарламасы- бакалавриат
Барлық экономика мамандықтары үшін
«МАКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІ БОЙЫНША
СТУДЕНТТЕРГЕ ЕМТИХАНДЫҚ ТАҚЫРЫПТЫҚ
ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР
Курс: 1
Семестр: 2
Кредиттер саны: 2
«Экономика және логистика» кафедрасының оқытушысы: Тастандиева Н.Б.
Телефон: 3022136, кабинет №115
Микроэкономикалық талдау. Сұраныс пен ұсыныс теориясы.
Сұраныс қисығының бойымен қозғалу ненің өзгерісін көрсетеді:
A) сұраныс көлемінің өзгерісі; B) сұраныс икемділігінің өзгерісі;
C) ұсыныс мөлшерінің өзгерісі; D) бағаның өзгерісі; E) дұрыс жауабы жоқ
Егер сұраныс төмендесе сұраныс қисығы калай өзгереді?
A) Сағат тілі бағытына карсы; B) Сағат тілі бағытымен; C) Жоғарыға-оңға;
D) Төменге-солға; E) Өзгеріссіз қалады
Сұраныс қисығының бойымен жылжып отыру төмендегі тұжырымдардың қайсысын сипаттайды:
A) тұтынушылардың табысы өзгеруіне байланысты көлемінің өзгеруі
B) тұтынушылардың өніміне салынар салықтың өзгеруіне байланысты көлемінің өзгеруі
C) бағаның әр түрлі деңгейіне сәйкес сұраныс көлемінің өзгеруі
D) жоғарыдағы айтылғандардың екеуі де дұрыс
E) жоғарыдағы айтылғандардың екеуі де дұрыс емес
Сұраныс функциясы Qd = 10- 2p берілген, бұндағы р – тауардың бағасы, Qd – сұраныс көлемі. Бағаның қай шамасында тауарға деген сұраныс нольге тең болады:
A) -5; B) 1/2; C) 5; D) 10; E) 2
Қой етінің қымбаттауы сиыр етіне деген сұранысты өсірді. Соның салдарынан:
A) сиыр еті мен қой етіне деген сұраныс қисықтары өзгерді
B) тек сиыр етіне деген сұраныс қисығы өзгерді
C) тек қой етіне деген сұраныс қисығы өзгерді
D) сиыр еті мен қой етіне деген сұраныс қисықтарында еш өзгеріс болған жоқ
E) жоғарыдағы айтылғандардың барлығы да дұрыс
Графикте көрсетілген К қашықтығы төмендегілердің қайсысын көрсетеді.
A) профицит; B) жетіспеушілік; C) артықшылық ;
D) сұраныстың ұсыныстан көп болуы; E) нарықтағы тепе – теңдік
Сары майдың қымбаттауы маргаринге деген сұранысты өсіргендіктен экономикада:
A) сары май мен маргарин өніміне деген сұраныстың қисықтары өзгерді
B) тек маргаринге деген сұраныс қисығы өзгерді
C) тек сары майға деген сұраныс қисығы өзгерді
D) сары май мен маргарин өніміне деген ұсыныстың қисықтары өзгерді
E) еш өзгеріс болған жоқ
Тауық етінің қымбаттауы сиыр етіне деген сұранысты өсіргендіктен экономикада:
A) тауық еті мен сиыр етіне деген сұраныстың қисықтары өзгерді
B) тек сиыр етіне деген сұраныс қисығы өзгерді
C) тек тауық етіне деген сұраныс қисығы өзгерді
D) тауық еті мен сиыр етіне деген ұсыныстың қисықтары өзгерді
E) еш өзгеріс болған жоқ
Сұраныс қисығының қозғалуына әкеліп соқтыратын факторлар қалай аталады?
A) тәуелсіз; B) бағалық; C) негізгі ; D) тәуелді; E) бағалық емес
Тұтынушылар алдағы уақытта аудио және видео тауарлары арзандайды деп естиді. Демек:
A) бұл тауарларға деген сұраныс қисығы солға жылжиды
B) аудио және видео тауарларын сату көлемі кемиді
C) бұл тауарларға деген сұраныс кемиді
D) бұл тауарларға деген ұсыныс артады
E) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс
Нарықтың сұранысына төмендегі көрсеткіштердің қайсысы әсер етпейді:
A) тұтынушылардың табысы
B) алмастыратын тауарлардың бағасы
C) ресурстар бағасы
D) сатып алушылар саны
E) толықтыратын тауарлардың бағасы
Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қилысу нүктесі төмендегілердің қайсысын сипаттайды:
A) тепе – теңдік көлем мен тепе – теңдік бағаны
B) жетіспеушілікті
C) артықшылықты
D) жоғарғы деңгейдегі өнім шығаруды
E) жоғарғы деңгейдегі бағаны
Графикте көрсетілген К қашықтығы нені көрсетеді:
A) жетіспеушілік; B) артықшылық ; C) профицит;
D) сұраныстың ұсыныстан жоғары болуы; E) нарықтағы тепе – теңдік
Жалпы сұраныс функциясы дегеніміз:
A) сұраныс пен ұсыныс көлемінің арасындағы өзара байланыс
B) сұраныс көлемі мен оған әсер ететін факторлар арасындағы қатынас
C) сұраныс көлемі мен шығындардың арасындағы байланыс
D) ұсыныс көлемі мен сұраныс арасындағы өзара байланыс
E) ұсыныс пен сұраныс көлемі және шығындар арасындағы байланыс
Ұсыныс заңы бойынша:
A) тауарға деген сұраныс ұсынысқа тәуелді
B) тауардың бағасы арзан болған сайын оны өндірушілер көптеп шығаруға ынталы
C) тауардың бағасы қымбаттаған сайын оны өндірушілер көптеп шығаруға ынталы
D) тауарды өндіру оның бағасына тәуелді емес
E) тауарды өндіру оның бағасына тәуелді
Студенттер асханасында тоқаш нан 15 теңгеден сатылатын. Осы асхана пайдаланатын самса бағасы 25% -ке көтерілсе, онда:
A) тоқаш нан бағасы төмендейді
B) сатылатын самсаның көлемі көбейеді
C) сатылатын тоқаш нанның көлемі азаяды
D) тоқаш нан бағасы көтеріледіі
E) сатылатын тоқаш нанының көлемі көбейеді
Тұтынушылар алдағы уақытта сүт және ет тауарлары арзандайды деп естиді. Демек:
A) бұл тауарларға деген сұраныс қисығы солға жылжиды
B) сүт және ет тауарларын сату көлемі кемиді
C) бұл тауарларға деген сұраныс кемиді
D) сүт және ет тауарларын сату көлемі артады
E) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс
Жаңғаққа деген ұсыныс пен сұраныс бір мезгілде өсетін болса теңдестік баға:
A) өседі; B) өзгермейді; C) кемиді; D) информация жеткіліксіз; E) дұрыс жауабы жоқ
Төмендегі тұжырымдардың қайсысы сұраныс анықтамасын береді:
A) кез–келген тұтынушының белгілі бір тауар алу үшін төлей алатын кез-келген бағасы
B) тұтынушылардың белгілі бір уақыт аралығында белгілі бағамен сатып алғысы келетін заттарының мөлшері
C) берілген нарықтағы заттардың көлемі
D) сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында белгілі бағамен сатып алғысы келетін заттарының мөлшері
E) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс
Сұраныс функциясы дегеніміз:
A) берілген заттың бағасы мен оның көлемінің арасындағы қатынас
B) заттың бағасы мен табыстың арасындағы өзара байланыс
C) заттың көлемі мен өндірістік факторлардың арасындағы қатынас
D) табыс пен өндірістік факторлардың арасындағы қатынас
E) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы да дұрыс емес
Жалпы нарықтық жағдайдағы сұраныс функциясы дегеніміз:
A) сұраныс көлемі мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы қатынас
B) сұраныс көлемі мен шығындардың арасындағы байланыс
C) сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы оң байланыс
D) сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы кері байланыс
E) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы да дұрыс емес
Икемділік теориясы
Ғимараттарға карағанда жердің ұсынысы.
A) Өте икемді; B) Өте икемсіз; C) Салыстырмалы икемді ;
D) Салыстырмалы икемсіз; E) Икемділігі нөлге тең
Сұраныс икемді болады дейміз, егерде:
A) сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен көп болса
B) тауар бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейетін болса
C) сұраныс көлемі тауар бағасына сезімтал болмаса
D) A) және C) жауабы дұрыс
E) сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен аз болса
Бағаның 2 есе азаюы салдарынан сұраныс көлемі 2 есе өсті. Икемділік қандай болады?
A) |Е | = 1; B) |Е | > 1; C) |Е | < 1; D) |Е | = 0; E) |Е |= -
Тауар бағасы өзгерсе де жалпы түсім бұрынғы қалпында өзгермей қалса, онда сұраныстың бағалық икемділік коэффициеті:
A) 1- ден көп; B) 1—ден кем; C) 1—ге тең;
D) шексіздікке ұмтылады дейміз; E) 0-ден үлкен
Қой еті мен тауық еті үшін қиылысқан икемділік коэффициенті:
A) Е>1; B) E=1; C) E>0 ; D) E<0; E) E=0
Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бірнеше бәсекелестер болса, онда сұраныс:
A) икемсіз; B) икемді; C) абсолютті икемсіз;
D) икемділігі нольге тең; E) икемділігі бірге тең
Сұраныстың табыстық икемділігі дегеніміз:
A) баға 1%-ға өзгергендег і ұсыныстың сондай шамаға өзгеруі
B) табыс 1%-ға өзгергендегі тауарға деген сұраныс көлемінің неше %-ға өзгеретінін көрсетеді
C) бағаның 1%-ға өзгергендег і табыстың нешеге өзгеретінін көрсетеді
D) табыс 1%-ға өзгергендегі тауарлар ұсынысы көлемінің неше %-ға өзгеретінін көрсетеді
E) дұрыс жауабы жоқ
Сұраныстың қилысқан икемділігі нені сипаттайды:
A) белгілі бір тауарға деген сұраныс көлемінің басқа тауардың бағасының өзгеруіне байланысты өзгеруі
B) белгілі бір тауардың бағасының басқа тауардың бағасы өзгеруіне байланысты өзгеруі
C) белгілі бір тауарға деген сұраныс көлемінің басқа тауарға деген сұраныс көлемі өзгеруіне байланысты өзгеруі
D) белгілі бір тауардың бағасының басқа тауарға деген сұраныс көлемі өзгеруіне байланысты өзгеруі
E) қалап алудың салыстырмалы өзгеруі
Егер сұраныс икемді болса, онда икемділік коэффициенті қандай болады?
A) Е = - ; B) Е = 1; C) Е <1; D) Е = 0; E) Е > 1.
Кез-келген тауар бірдей бағада сатылса, осы тауарға сұраныс кандай?
A) Абсолютті икемсіз; B) Абсолютті икемді; C) Икемді;
D) Икемсіз; E) Икемділік нөлге тең
Егер бірін – бірі ауыстыратын немесе бірін – бірі толықтыратын тауарларға деген сұранысты талдайтын болса, онда икемділік коэффициентінің қай түрі туралы әңгіме болады:
A) ұсыныстың баға бойынша доғалық икемділік коэффициенті туралы
B) сұраныстың табыстық түзу икемділігінің коэффициенті туралы
C) сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті туралы
D) сұраныстың табыс бойынша доғалық икемділік коэффициенті туралы
E) Лернер коэффициенті туралы
Егер табыс өскен уақытта тауарға деген сұраныста өсетін жағдайда икемділік коэффициенті оң шама болады, ал тауарларды қай категорияға жатқызуға болады?
A) сапасыз тауарлар; B) кәдімгі тауарлар; C) сапасы аса жоғары тауарлар;
D) дұрыс жауабы жоқ; E) барлық жауабы дұрыс
Ұсыныс икемділігі төмендегі көрсеткіштердің қайсысына көбірек тәуелді болады?
A) берілген тауарды алмастыратын тауарлар санына
B) сатушылардың баға өзгеруіне бейімделу уақытына
C) тауардың қажеттілігіне
D) тауардың қызмет ету мерзіміне
E)тұтынушылардың шығарар шығынына
Егер сұраныстың қиылысқан икемділік коэффициентінің мәні теріс сан болса Eij <0, онда бұл тауарлар:
A) бірін-бірі алмастыратын тауарлар
B) бірін-бірі толықтыратын тауарлар
C) бір-біріне қатысы жоқ тауарлар
D) айтылған жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес
E)барлық жауаптары дұрыс
Электрондық құрал – жабдықтар, бензин, шаштараз, медицина жәнс почга қызметтеріне деген сұраныс кандай болады:
A) өте икемді; B) икемді; C) икемсіз; D) өте икемсіз; E) икемділігі 1 тең
Сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті мына жағдайды сипаттайды
A) тауарға деген сұраныс көлемі 1%-ке өзгергенде осы тауардың бағасы неше %-ке өзгеретінін көрсетедіі
B) тауардың бағасы 1%-ке өзгергенде тұтынушы табысы неше %-ке өзгеретінін сипаттайды
C) тауардың бағасы 1%-ке өзгергенде осы тауарға деген сұраныс көлемі неше %-ке өзгеретінін көрсетеді
D) тауарға деген сұраныс көлемі 1%-ке өзгергенде тұтынушы табысы неше %-ке өзгеретінін сипаттайды
E) Дұрыс жауабы жоқ
Сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті 1-ге тең болғанда бағаның төмендеуі:
A) жалпы табысты өсіреді; B) жалпы табысты кемітеді;
C) жалпы табысты өзгертпейді ; D) нақты табысты өсіреді;
E) нақты табысты кемітеді
Сұраныс бағаның өзгеруіне икемді болса, онда бағаның төмендеуі:
A) жалпы табысты өсіреді; B) жалпы табысты кемітеді;
C) жалпы табысты өзгертпейді; D) нақты табысты кемітеді;
E) еш өзгеріс болмайды
Сұраныс бағаның өзгеруіне икемсіз болса, онда бағаның төмендеуі:
A) жалпы табысты кемітеді; B) жалпы табысты өзгертпейді;
C) жалпы табысты өсіреді; D) нақты табысты кемітеді; E) еш өзгеріс болмайды
Тауардың бағасының 1%-ке төмендеуі осы тауарға деген сұраныс көлемін 2%-ке көбейтсе, онда сұраныс:
A) икемсіз; B) икемді; C) икемділігі 1–ге тең; D) өте икемсіз; E)өте икемді дейміз
Тағамдарға деген сұраныс өте икемсіз болады, егерде:
A) сұраныстың бағалық икемділігі 1–ге тең болса
B) сұраныстың бағалық икемділігі 1–ден аз болса
C) сұраныстың бағалық икемділігі 1–ден көп болса
D) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс
E)жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы да дұрыс емес