Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
құқық негіздері 2012-2013 УМКД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.58 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ

«БЕКІТЕМІН»

Ұлттық құқық жоғарғы мектебінің

проректор-директоры

з.ғ.д., профессор

У.Ш. Шапак

«____» _____________2012 ж.

Пәндер модулінің оқу әдістемелік кешені

Пән модулінің атауы «Құқық негіздері»

модульдің шифрі ОР 2109

модульдің типі мемлекет пен құқықтың жалпы ережелері, құқық салаларының сипаттамалары және негізгі анықтамалары

5В020700 «аударма ісі», 5В050900 «қаржы», 5В050800 «есеп және аудит»

((BA/MA/PhD) модуль деңгейі, мамандық шифрі)

Кредиттер саны - 2

Оқу нысаны - күндізгі

Семестр – 2

Студенттер саны - 29

Астана, 2012

Студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен келесі мамандық бойынша жоғары оқу орынға арналған 5В020700 «аударма ісі», 5В050900 «қаржы», 5В050800 «есеп және аудит»

(коды және атауы)

«құқық негіздері» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінделген

Пәннің силлабусын дайындаған мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушы Спанов А.Қ.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

« » тамыз 2012 ж. Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі ______________________________М.А. Шакенов.

(қолы, аты-жөні)

Ұлттық құқық жоғары мектебінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

« »тамыз 2012 ж. Хаттама № 1

Мазмұны

1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы

2. Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)

2.1. Оқытушы туралы мәліметтер

2.2. Курстың пререквизиттері

2.3. Курстың постреквизиттері

2.4. Пәннің жалпы сипаттамасы

2.5. Студенттердің міндеттері

2.6. Пән бойынша дәріс кестесі

2.7. Пән бойынша семинар кестесі

2.8. Пәннің мазмұны

2.9. Дәріс сабағының мазмұны

2.10. Семинар сабағының мазмұны

2.11. Пән бойынша СОӨЖ тапсырмасын орындау және өткізу графигі

2.12. Пән бойынша СОӨЖ тапсырмасын орындау және өткізу графигі

2.13. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

2.14. Қамтамасыз ету картасы

2.15. Белсенді тарату құралдары

2.16. Аралық бақылаудың сұрақтары

2.17. Емтихан сұрақтары

2.18. Глоссарий

2.19. Оқу пәнінің бақылау түрлері

2.20. Білім бағалаудың жалпы шкаласы

3. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, дәріс конспектілері)

4. Пәнді игеру үшін ұсынылатын әдістемелік нұсқаулықтар (СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін әдістемелік нұсқау)

5. Білім алушылардың білімдерін бақылау және бағалау материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалары, өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар, тақырыптар бойынша тест тапсырмалары)

6. Демонстрациялық материалдар (слайд, плакат, т.б.)

7. Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен (соның ішінде электронды тасығыштарда болуы) қамтамасыз етілуі

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Ұлтық құқық жоғарғы мектебі

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Ұлттық құқық жоғарғы мектебінің

проректор-директоры

з.ғ.д., профессор

У.Ш. Шапак

«____» _____________2012 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пән модулінің атауы «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы»

Барлығы 2 кредит

Курсы - 1

Семестр- 2

Дәріс-20 сағат

Практикалық, семинар - 10 сағат

СОӨЖ- 15 сағат

СӨЖ – 45 сағат

Аралық бақылау 2

Еңбек көлемі 90 сағат

Емтихан 2 cеместр

А С Т А Н А – 2012

Студенттерге арналған силлабус келесі мамандық бойынша жоғары оқу орынға арналған 5В020700 «аударма ісі», 5В050900 «қаржы», 5В050800 «есеп және аудит»

(коды және атауы)

«құқық негіздері» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінделген

Пәннің силлабусын дайындаған мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушы Спанов А.Қ.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

« » тамыз 2012 ж. Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі ______________________________М.А. Шакенов.

(қолы, аты-жөні)

Ұлттық құқық жоғары мектебінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

« »тамыз 2012 ж. Хаттама № 1

Мазмұны

1. Оқытушы туралы мәліметтер

2. Курстың пререквизиттері

3. Курстың постреквизиттері

4. Пәннің жалпы сипаттамасы

5. Типтік оқу бағдарламасы

6. Дәрістің тақырыптық жоспары

7. Семинар сабақтарының жоспары

8. Пәннің мазмұны

9. Дәріс сабағының мазмұны

10.Семинар сабағының мазмұны

11. СОӨЖ орындау және тапсыру кестесі

12. СӨЖ тапсырмасы тізімі

13. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

14. Қамтамасыз ету картасы

15. Белсенді тарату құралдары

16. Аралық бақылаудың сұрақтары

17. Емтихан сұрақтары

18. Глоссарий

19. Оқу пәнінің бақылау түрлері

20. Білім бағалаудың жалпы шкаласы

Оқытушы туралы мәліметтер:

Спанов Айбек Кабылбекович – мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы. Заңгер.

Қазақ гуманитарлық заң университеті, ұлттық құқық жоғары мектебі факультеті, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы. каб.226. Жұмыс телефоны – 70-30-26

Ғылыми қызығушылығы: диссертациялық жұмыстың тақырыбы «Құқықтық тәртіп азаматтық қоғамды жетілдіру шарты ретінде».

Ғылыми мектебі: Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының ізденушісі. Ғылыми жетекшілер ҚР ҰҒА, з.ғ.д., профессор Баймаханов М.Т., з.ғ.к., доцент Шапақ У.

Курстың пререквизиттері:

Аталған курсты оқыту бастағанға дейін білімгерлер алдын ала білімдері болуы қажет. Олардың қатарына Қазақстан тарихы, Мемлекет және құқық теориясы, Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кіреді.

Курстың постреквизиттері:

Құқық негіздерін оқыту аяқталғаннан кейін экономика мамандығы студенттеріне «Шаруашылық құқығын» оқып-үйрену қажет. Бұл курс азаматтар мен заңды тұлғалар жүзеге асыратын кәсіпкерлік және өзге әрекет барысында пайда болатын тауар-ақша және мүліктік қатынастар аймағындағы құқықтық білімдерді дамытуға бағытталған.

Құқық негіздері мен Шаруашылық құқығын оқып үйренген экономика мамандығының студенттері олардың болашақ кәсіби әрекетінде қажетті болуы мүмкін Қаржы құқығы, Салық құқығы, Бюджет құқығы, Банк құқығы, Кеден құқығы, Муниципалды құқық тәріздес құқық салаларын, оқу пәні мен арнаулы курстарды және өзге де салалық заңдық ғылымдарды оқып-үйренген абзал.

Модульдің жалпы сипаттамасы:

«Құқық негіздері» оқу курсы мемлекет туралы негізгі түсініктерді, сондай-ақ құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды қарастыруға арналған. Оқу курсында конституциялық құқықтың негіздері, Қазақстан Республикасындағы адам және азамат мәртебесінің конституциялық негіздері, Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылымының конституциялық негіздері, сайлау құқығы, әкімшілік құқық, Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының негіздері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқық, отбасылық құқық негіздері, Қазақстан Республикасының құқыққорғау органдары, қаржы құқығы негіздері, бюджеттік құқық, салық құқығының негіздері, инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу, еңбек құқығы негіздері және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, қылмыстық құқық негіздері, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері, экологиялық құқық негіздері, Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығының негіздері қарастырылады.

Құқық пен мемлекетті дамыту және жетілдіру құқықтық мемлекеттің дамуы мен қызмет етуінің үздіксіз барысы болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық нормалар үнемі жаңартылып, жетілдірілу үстінде, сол арқылы жүргізіліп отырған реформалар негізделеді және қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму жағдайы жоғарғы және орта-арнаулы білімді маманға жоғарғы талап қоюда. Бұл құқық негіздеріне де қатысты. Қазіргі кезеңде құқық субъектілерінің құқықтық ақпараттануы және құқықтық санасының жоғарғы деңгейде болуы аса қажетті. Себебі, құқықтық мемлекеттің негізі болып табылатын адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғарғы деңгейінсіз мүмкін емес. Негізгі нормалар мен принциптерді білу қазіргі құқықтың негізгі салаларында бағдар алуға мүмкіндік береді, Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі жүйесін ұғынуға көмектеседі, сондай-ақ заңдар мен заңға бағынышты актілерді өздерінің еңбек жолында табысты пайдалана білуге жағдай жасайды.

«Құқық негіздері» пәнін оқып үйренудің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы нормативті-құқықтық актілерінің негізгі ережелерін білу және оларды күнделікті өмірде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Қазақстандық құқық негіздерін зерттеу экономика мамандығы бойынша білім алатын студентке экономикалық қатынастар субъектілерінің шаруашылық әрекетін кешенді түсінуге қажетті заңнама ережелерін игеруге мүмкіндік береді.

Курсты оқыту міндеттерінің қатарына құқықтық нормалар ережелерін позитивті игеру, оларды тиімді пайдалану үшін қажетті заңдық талқылау және дұрыс түсіну, құқық және заңнама жүйесі мен құрылымын түсіну, мемлекеттік билік органдарының, сонымен бірге құқық қорғау органдарының міндеттері мен әрекет ету қағидаттарын білу де кіреді. Заңдық жауапкершіліктің мақсаты, міндеттері және түрлері туралы көзқарастарды қалыптастыру да курс міндетінің бір бөлігін құрайды.

Курсты оқытқаннан кейін күтілетін нәтижелер:

  • құқық және заңдардың жүйелілігін түсіну,

  • қазіргі Қазақстандық заңдар нормалары негізінде әрекет тәртібін анықтауға үйрену,

  • құқықтық және мемлекеттік құбылыстар туралы білімдерді өздігінше дамыту қабілеттілігі,

  • нормативті-құқықтық актілермен жұмыс істеу дағдысын алу,

  • құқық нормасын позитивті қабылдау.