Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД _Инф_3кр_для _ юристов_каз (Восстановлен)....docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
27.12.2019
Размер:
2.25 Mб
Скачать

8.2 Ақпаратты қорғау.

8.3 Парольдер. Есептік жазбалар.

Дискіні форматтау – операциялық жүйе және оның қосымшалары дискіге мәліметтер мен программаларды жазатындай, оқитындай және т.б. әрекеттерді орындайтындай жағдайға келтіру үшін оның бетін саны шектеулі секторларға , жолдарға бөлу, яғни дискінің бетін жұмысқа даярлау.

Дискіні тексеру стандарт қызметші программа (Проверка диска) көмегімен дискінің файлдық жүйесіндегі қателерді, секторлардағы ақауларды табуды және оларды жөндеуді білдіреді.

Дискіні дефрагментациялау стандарт қызметші программа (Дефрагментация диска) арқылы, компьютер жұмысының өнімділігін арттыру үшін, бір дискі көлемінде шашырай орналасқан файлдың бөліктерін бір-біріне жақын облыстарға жылжытып, дискідегі үзік-үзік орналасқан бос облыстарды жоюды қамтиды.

Архивтеу программалары – көлемі үлкен файлдарды сығып, көлемін кішірейтіп архивке орналастыруды білдіреді. Бұл тәсілдің файлдарды сақтаушы құрылғыларға көшіруде, желі арқылы тасымалдауда өте маңызды практикалық мәні бар. Файлдарды архивтеу үшін және архивтелген файлды қайтадан қалпына келтіру үшін арнайы архивтеу программалары қолданылады. Кең тараған архивтеу программаларына WINZIP, ARJ, WINRAR және т.б. программалары жатады. Файлды архивтеуде қандай программа қолданылса, оны қалпына келтіруде де тап сол программа қолданылуы қажет.

Компьютерлік вирустар – бұл дискідегі мәліметтердің бұзылуына, соның нәтижесінде компьютер жұмысында түрлі ақаулардың болуына себебін тигізетін, шағын көлемдегі файл түрінде болатын, арнайы жазылған компьютерлік программалар. Қазіргі ақпараттық технологиялар индустриясында вирустық программалардан қорғану маңызды мәселелердің бірі. Компьютерді вирустық программалардан қорғау үшін арнайы антивирустық программалар деп аталатын програмалар қолданылады. Олардың қызметі- компьютерлік вирустарды ұстап алу, іздеп тауып алу, жою, т.б. және олардың қызметі үнемі жетілдіріліп отырады. Кең тараған антивирустық программаларға Doctor Web, AVP, Norton Antivirus жатады.

8 – Тақырып бойынша тест сұрақтары

1. Операциялық жүйе – ...

A.мәліметтерді өңдеуге арналған ЭЕМ құрылғысы;

B.операцияларды орындауға арналған процессор регистрлары;

C.автоматандырылған жұмыс орны;

D.тұтынушы мен ЭЕМ-ді байланыстыратын арнайы программалар тобы;

E.түрлі желілер арасында информация алмасу үшін қолданылатын арнайы жүйе.

2. CTRL+ALT+DEL пернелерін қатар басу ...

A.басқа программаға ауысу әрекетін орындайды;

B.бірнеше программа жүктеу ісін атқарады;

C.Windows-тан MS-DOS-қа шығуды орындайды;

D.Windows диспетчерін шақыратын сұхбат терезесін шығарады;

E.программма диспечері терезесі мен ойындар терезесі.

3. Сұхбат терезесіндегі батырмасын шерткенде, мынадай әрекет атқарылады:

A. орнатылған параметрлер іске қосылып, терезе жабылады;

B. орнатылған параметрлер өзгертілгенімен, терезе жабылмайды;

C. параметрлер өзгертілмей, терезе жабылады;

D. тек терезе жабылады;

E. келесі терезе ашылады.

4. Сұхбат терезесіндегі батырмасын шерткенде, мынадай әрекет атқарылады:

A.орнатылған параметрлер іске қосылып, терезе жабылады;

B.орнатылған параметрлер өзгертіледі де, терезе жабылмайды;

C.орнатылған параметрлер өзгертілмей, терезе жабылады;

D.тек терезе жабылады;

E.орындалған параметрлер ерекшелінеді.

5. Егер файл атының типі (кеңейтілуі) .bmp болса, онда бұл файлда мынадай мәлімет түрі сақталады:

A. мәтін;

B. музыка;

C. бейне (сурет);

D. программа ;

E. мультимедиялық программа.

6. Егер файл атының типі (кеңейтілуі) .ехе болса, онда бұл файлда мынадай мәлімет түрі сақталады:

A. мәтін;

B. музыка;

C. бейне (сурет);

D. атқарылатын программа;

E. архив.

7. Windows жұмыс столы дегеніміз не?

A. компьютер орналасқан стол;

B. Windows негізгі терезесі;

C. екпінді (активті) терезе;

D. біз жұмыс істеп отырған компьютер орналасқан стол;

E. экрандағы барлық белгілер мен бумалар жиыны.

8. Windows операциялық жүйесі іске қосылғаннан соң, экранға не шығады:

A. Жүйелік меню;

B. Басты меню;

C. Активті терезе;

D. Жұмыс аймағы;

E. Жұмыс столы.

9. Экранның жоғарғы оң бұрышында орналасқан батырмасының қызметі:

A. терезені жиыру (свернуть);

B. терезе көлемін кішірейту/ұлғайту;

C. терезені жабу;

D. терезе дизайнын жақсарту;

E. есептеулерді орындау.

10. Экранның жоғарғы оң бұрышында орналасқан батырмасының қызметі:

A. терезені жиыру;

B. терезе көлемін қалпына келтіру;

C. терезені жабу;

D. терезені ұлғайту/кішірейту;

E. есептеулерді орындау.

11. Экранның жоғарғы оң бұрышында орналасқан батырмасының мақсаты:

A. терезе көлемін қалпына келтіру;

B. терезені жиыру;

C. терезені жабу.

D. терезе дизайнын жақсарту;

E. есептеулерді орындау.

12. белгісі қандай объектіні көрсетеді?

A. Жарлық;

B. Файл;

C. Меню;

D. Бума;

E. Терезе белгісі.

13. қандай объектінің белгісі (Windows-те):

A. Бума;

B. Бірден орындалатын файл, программа;

C. Word мәтіндік файлы;

D. Меню;

E. Электрондық кесте.

9 – ТАҚЫРЫП. Компьютерлік желілер.