Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия 2. ОРТАЛЫК ЖАНЕ ВЕГЕТАТИВ ЖУЙКЕ ЖУЙЕСИ ФИ...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
4.2 Mб
Скачать

Vі. Сабақтың мазмұны.

Студенттер өздері орындайтын жұмыстар:

1. И.М.Сеченовтың орталық тежелу тәжірибесі.

2. Қозудың таралуы, бір ізді және кеңістіктік жинақталуды байқау.

Оқытушының қатысуымен бірлесіп жұмыс жасау (топпен бірге немесе әр студентпен жеке)

Оқытушының жетекшілігімен студенттер бақаның құшақтау және аяқты жазу рефлекстері орталықтарының доминантты қозуы жұмысын жасау

Студенттердің бастапқы және қорытынды білім деңгейін тексеру (тест сұрақтары және ситуациялық тапсырмалар).

I. Тақырып: Вегетативтік жүйке жүйесі. Ми бағанасының тонустық рефлекстері.

II. Тақырыптың маңыздылығы: Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалардың қызметін, зат алмасуын, өсіп-өну үрдістерін реттейді. Вегетативтік қызметтер біздің ырқымызға бағынбайды. Вегетативтік жүйке жүйесі құрылымының қалыптасуы мен жетілуі, дүниеге келуге дейінгі жүйке жүйесінің ажыратылуынан бастап, дүниеге келгеннен кейін бірнеше жылдан соң аяқталады. Вегетативтік жүйке жүйесінің морфологиялық және функциялық ерекшеліктерін білу болашақ дәрігерлерге аурулардың патогенезін түсіну және оларды анықтап, дұрыс ем қолдану үшін керек.

III. Сабақтың мақсаты:

Студент білуі қажет:

1. Сомалық және вегетативтік жүйке жүйесінің морфо-физиологиялық

ерекшеліктері.

2. ВЖЖ-нің физиологиялық ерекшеліктері.

3. ВЖЖ-нің рефлекстік доғасы.

4. Холинергилік және адренергилік жүйке талшықтары.

5. Вегетативтік рефлекстер.

6. Вегетативтік қызметтің орталықтары.

7. Статикалық және стато-кинетикалық рефлекстер.

Студент орындауы қажет:

1. Данини-Ашнер(жүрек-көз рефлексі).

2. Студенттерден Геринг рефлексін бақылау.

3. Сопақша ми ядросын және құрсақ қуысындағы ағзалардың.

рецепторларын тітіркендіру нәтижесінде туатын жүректің вегетативтік

рефлекстері.

IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:

1. Сомалық және вегетативтік жүйке жүйесінің морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

2. ВЖЖ-нің физиологиялық ерекшеліктері.

3. ВЖЖ-нің рефлекстік доғасы.

4. Холинергилік және адренергилік жүйке талшықтары.

5. Вегетативтік рефлекстер.

6. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің әртүрлі ағзаға

әсер етуінің жалпы сипаттамасы.

7. Ми бағанасының тонустық рефлексті атқарудағы рөлі.

8. Статикалық және стато-кинетикалық рефлекстер.

  1. Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.

Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.

1-жұмыс. Құрсақ қуысындағы ағзалардың рецепторларын тітіркендіру нәтижесінде туатын жүректің вегетативтік рефлекстері

Жұмыстың орындалуы: Бақаға эфир иіскетіп қимыл-әрекетін тоқтатқаннан кейін, оның жүрегін жалаңаштайды да, кардиограммасын жазып алады. Жүректің минутына қанша рет соққанын анықтайды. Содан соң құрсақ қуысын аша отырып, қарынды тартқыласа немесе іскекпен қысса, жүрек соғысы сиреп баяулайды. Одан әрі ащы ішек пен қуықты тауып алып, оларды әрбір 2-3 минут сайын механикалық жолмен тітіркендіріп отырады. Мұның салдарынан жүрек соғысы баяулап немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін. Содан кейін сопақша миды зақымдап, ішкі ағзаны механикалық жолмен тітіркендіру арқылы тәжірибені қайтадан қайталайды. Жүрек қызметінің күшейіп немесе әлсіреген кардиограммасын кимографқа жазып алады.

2-жұмыс. Сопақша ми ядросын тітіркендіру нәтижесінің бақа

жүрегіне тигізетін әсері

Жұмыстың орындалуы: Эфир иіскету арқылы қимыл-әрекеті тоқтатылған бақаның екі көзінің артқы жағынан кесіп алып тастайды. Қанын тоқтатқаннан кейін жіңішке қайшымен ми қабығын тіліп жіберіп, сопақша мидың бетін ашу керек. Үстелге шалқасынан жатқызып бекіткеннен кейін бақаның көкірек қуысын кесіп, жүрегін жалаңаштайды. Содан кейін 1 минут ішіндегі жүрек соғысын есептейді. Қағаз сүзгімен сопақша миды құрғатады да, оны тіліп жіберіп үстіне ас тұзының кристалдарын салып, жүрек соғысын тағы да санайды. Тұз кристалын салғаннан кейін жүрек соғуы баяулай түседі, ал бірнеше минуттан кейін мүлдем тоқтағаннан кейін физиологиялық ерітіндіні тамызып, миды жақсылып шайып жібереді. Осыған орай жүрек соғуы біртіндеп қалпына келуі тиіс.

3-жұмыс. Данини-Ашнер рефлексі (жүрек-көз рефлексі)

Жұмыстың орындалуы: Алдымен зерттелетін адамның пульсі минутына неше рет соққанын санап, жазып алады. Сонан соң бір қолдың екі саусағымен көз алмаларын біртіндеп 10-30 сек. бойы түбіне итермелеп басады да, екінші қолымен білезік тамырын басып, оның минутына неше рет соққанын санайды. Осы уақыттың ішінде жүрек соғуы 8-10 ретке дейін азаюға тиіс.

4-жұмыс. Тыныс ырғағының бұзылу белгілері

(Геринг рефлексі)

Жұмыстың орындалуы: Алдымен зерттелетін адамның

пульсі минутына неше рет соққанын санап алады да, оған

бірнеше рет қатты дем алдырады. Бастапқы нәтижемен, терең

дем алғаннан кейінгі пульстің соғуын салыстырады.

Көбінесе тамырдың соғуы баяулауы тиіс.

5-жұмыс. Жануарларда статикалық және

статокинетикалық рефлекстерді зерттеу

Тонустық рефлекстер статикалық (қозғалыссыз) және статокинетикалық (қозғалыс-қимылдық) деп 2-ге бөлінеді.

Статикалық рефлекстер

Статикалық рефлекс дегеніміз - кеңістікте қозғалыссыз дене кейпін сақтайтын рефлекстерді айтамыз. Олардың қатарына кеңістікте дене кейпін сақтайтын және түзеткіш (қайта орнына келтіретін) рефлекстер жатады.

а) Кеңістікте дене кейпін сақтайтын рефлекстер

Жұмыстың орындалуы:

Теңіз шошқасы салфеткаға отырғызылып, денесінің табиғи қалпы зерттеледі. Алдыңғы және артқы сирақтары бүгіліп, денесі тартылып тұрады. Төбесі жоғары қараған қалыпта, басы, мойны, денесі дене білігі деңгейінде болады ( 7-сурет а).

Теңіз шошқасын тұмсығынан ұстап, басын жоғары көтереді. Бұл жағдайда жануардың алдыңғы сирақтары созылып жазылады, ал артқы сирақтары бүгілген қалпында қалады. Мұндай қалып осы жануарға тән (7 –сурет,б)

7 – сурет. Теңіз шошқасының басын көтергеннен кейін, алдыңғы сирағының жазылуы

а-жануардың бастапқы кейпі; б- басын көтергеннен кейінгі кейпі

8 – сурет. Теңіз шошқасының кеудесін өз осінен 180°-қа айналдырған кездегі басының алғашқы қалпына келуі.

а – кеудесінің 180°-қа айналуы, басы нықтап ұсталынған; б - басының босатылуы.

б) Түзеткіш рефлекстер

Түзеткіш рефлекстер түрлі жағдайға байланысты дене кейпін өзгертсе (мысалы дененің 90о немесе 180о-қа бұрылғанында пайда болады), оны қайта орнына келтіретін рефлекстер.

Жұмыстың орындалуы: Жануарды жоғары көтереді де, белінен ұстап тұрып 180о-қа денесін бұрады, төбесі төмен бағытталған. Бастапқыда басын саусақпен қысады, содан кейін босатады. Осы жағдайда жануар төбесін жоғары бағыттап, қалыпты жағдайға келуге тырысады (сурет-8).

Теңіз шошқасын бір жағына жатқызып, оның басы мен денесін алақанмен қысып ұстайды. Содан кейін басы мен кеудесін босатады: ол алдымен басын түзеуге тырысады (төбесін жоғары бағыттап). Содан кейін дененің артқы бөлігін босатады: теңіз шошқасы денесін 90о-қа бұрып, артқы аяғымен көтеріле отырып қалыпты кейпіне келеді (сурет-9).

9 – сурет. Теңіз шошқасының кеудесін өз осінен 90°-қа айналдырған кездегі басының алғашқы қалпына келуі.

а – кеудесінің 90°-қа айналуы, басы және кеудесі алақанмен қысылып нықтап ұсталынған; б - басының босатылуы; в – кеудесінің босатылуы

Статокинетикалық рефлекстер.

Статокинетикалық рефлекс дегеніміз - кеңістікте қозғалыстың өзінде дене кейпін сақтайтын рефлекстерді айтамыз. Қозғалыстың түріне байланысты рефлекстер екі түрге бөлінеді: сызықтық үдеуге және бұрыштық үдеуге байланысты пайда болатын рефлекстер.

а) Сызықтық үдеудің әсерінен пайда болатын рефлекстер.

Осы рефлекстер қатарына лифт рефлексі және жерге түсу рефлексі жатады.

Жұмыстың орындалуы: Лифт рефлексі. Жазық тақтайшаға теңіз шошқасын орналастырып, тыныштық жағдайдағы дене қалпын анықтайды. Оның алдыңғы, артқы сирақтары бүгілген, басы аздап жоғары көтерілген. Теңіз шошқасы орналасқан тақтайды біресе жоғары көтеріп, біресе төмен түсіреді. Тақтайды төмен қарай тез түсіре бастағанда, оның бүгілген алдыңғы және артқы сирақтары жазылады, денесі мен басы сәл жоғары көтеріледі. Тақтайды түсірерде соңында кенет тоқтатса, сирақтары бүгіліп, басы мен денесі орныққан жеріне жабыса түседі. Тақтайды тез көтерсе, жоғарыда аталған рефлекстік жауаптар кері ретімен орындалады (10сурет)

Теңіз шошқасын жотасынан ұстап көтеріп тұрса, сирақтары аздап бүгілген күйде салбырап тұрады. Сонан соң жерге қарай тастап жіберсе, алдыңғы және артқы бүгілген сирақтары жазылып, алға қарай созылады, ал башпайлары жан-жаққа тырбияды. Бұл жерге түсу рефлексі.

10 – сурет. Теңіз шошқасын тез төмен түсірген кездегі дене кейпінің өзгеруі

а – бастапқы кейпі; б - тез төмен түсу кезіндегі кейпі; в – төмен түсіруді кенет тоқтатқан кездегі кейпі.

б) Бұрыштық үдеудің әсерінен пайда болатын статокинетикалық рефлекстер.

Жұмыстың орындалуы: . Шыр айналу рефлексі. Бақаны қалай болса олай шыр айналдырғанда кездесетін статокинетикалық рефлекстерін бақылау үшін, бақаны айналып тұрған орындықтың үстіне отырғызып, үстін үлкен шыны ыдыспен жауып орындықты тез айналдырады. Айналдыра бастаған сәтте жылдамдықтың үдеуі әсерінен, бақаның басы айналу бағытына кері қарай бұрылады. Бұдан соң бұрылған жаққа басы, денесі де қисаяды. Кейде айналдыру жылдамдығының үдеуінің әсерінен бақа айналдыру бағытына қарама-қарсы еңбектейді. Айналдыру тоқтаған соң, бақа алғашқы кейпіне қайта оралады.

Бақаны су толған астауға қоя беріп, астауды айналып тұрған орындыққа қойса, бақа орындықтың қимыл бағытына қарама-қарсы жүзеді.