
- •2. Орталық және вегетативтік жүйке жүйесі физиологиясы
- •Тақырып: Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі. Жұлын рефлекстері. Рефлекс уақыты
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •1. Нейронның құрылысы, түрлері.
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •Сабақтың мазмұны.
- •Бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстері.
- •Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтау.
- •I.Тақырып: Жүйке орталықтары, олардың физиологиялық қасиеттері. Ожж-дегі тежелу. Ожж-нің рефлекстерді үйлестіру (координациялау) қызметі.
- •III.Сабақтың мақсаты:
- •Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •V. Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •Vі. Сабақтың мазмұны.
- •I. Тақырып: Вегетативтік жүйке жүйесі. Ми бағанасының тонустық рефлекстері.
- •III. Сабақтың мақсаты:
- •IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
- •Vі. Сабақтың мазмұны.
- •11. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің 1-нейрондарының орналасқан жерлері:
- •12. Ахилл рефлексінің жұлындағы орталығы
- •13. Рефлекс доғасы звеносы мен қызметі арасындағы сәйкестілік
- •19. Жұлынның тежелу жасушасы:
- •20. Реншоу жасушасының медиаторы:
2. Орталық және вегетативтік жүйке жүйесі физиологиясы
Тақырып: Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі. Жұлын рефлекстері. Рефлекс уақыты
Тақырыптың маңыздылығы: Жұлынның атқаратын қызметіне байланысты, адам организмінде өте маңызды орын алады. Көптеген рефлекстердің рефлекс доғасы жұлында тұйықталады. Жұлында қол-аяқ және кеуде бұлшық еттерінің орталықтары орналасқан. Сонымен қатар көптеген вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары да осы жұлында орналасқан .
III. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
Нейронның құрылысы, түрлері.
Рефлекс туралы ұғым, рефлекстік доға, рефлекстік шеңбер.
Рефлекстің жіктелуі.
Нейрон аралық синапстар, олардың құрылысы мен түрлері.
Адамның проприоцептивтік жұлын рефлекстері (шынтақ,тізе,ахилл).
Бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстері.
Рефлекс уақыты және оны Тюрк әдісі бойынша анықтау.
Студент орындауы қажет:
Адамның проприоцептивтік жұлын рефлекстері (шынтақ,тізе, ахилл).
Бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстері (бүгілу және жазылу, тітіркендіргішті алып тастау, тітіркендіргіштен алыстау).
Рефлекстік доғаның жеке бөлігін зақымдаған кездегі, бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстерінің орындалуын байқау.
Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтау.
IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
1. Нейронның құрылысы, түрлері.
2. Рефлекс, рефлекстік доға және рефлекстік шеңбер.
3. Рефлекстің жіктелуі.
4. Нейрон аралық синапстар, олардың құрылысы мен түрлері
5. Адамның проприоцептивтік жұлын рефлекстері, орналасу
орталықтары.
6. Рефлекс орындалуы үшін, рефлекстік доғаның барлық бөлімінің бүтіндігін дәлелдейтін тәжірибе.
Рефлекс уақыты, оның бөлімдері. Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтау. Нәрестелердегі шартсыз рефлекстер ерекшеліктері (бала емдеу факультеті).
Ақпараттық-дидактикалық жиынтық.
Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.
1-жұмыс. Адамның проприоцептивтік жұлын рефлекстері
Адамның проприоцептивтік жұлын рефлекстерін анықтау неврологиялық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Бұл рефлекстерді алу үшін, зерттелушіден мүмкіндігінше қол-аяқ еттерінің толық босаңсытуын талап ету керек. Сонымен қатар, неврологиялық балғашамен соғу күші бірқалыпты болғаны жөн. Рефлекс нәтижесін бағалауда, олардың айқын байқалуы мен симметриялылығы міндетті түрде ескеріледі.
Жұмыстың орындалуы: Тізе рефлексі. Оқытушының өтініші бойынша зерттелуші екі аяғын айқастырып, аяқ еттерін босаңсытады. Содан кейін неврологиялық балғашамен төрт басты сан еті сіңірінің үстінен, тізесінің төменгі жағынан ақырын ғана соғып жібереді. Тап осы сәтте, зерттелушінің аяғы селк етіп жоғары көтеріліп, тізе рефлексі пайда болады. Рефлекс доғасы жұлынның 3-4 бел омыртқа сегментінің нейрондары арқылы өтеді.
1-сурет. Тізе рефлексі
Ахилл рефлексі. Зерттелушіні екі тізесімен тік орындыққа отырғызады да, табанын босаңсытқан соң неврологиялық балғашамен әуелі оның бір аяғының, сонан соң екінші аяғының ахилл сіңірін сәл ғана соғып жібереді. Осы кезде соғылған аяқтың табаны кілт бүгілуі тиіс. Рефлекс доғасы жұлынның 1-2 сегізкөз сегментінің нейрондары арқылы өтеді.
2-сурет. Ахилл рефлексі
Шынтақ рефлексі. Зерттелушінің қол еттері босаңсыған соң, саусақтарынан ұстап, оның шынтағын сәл бүктіріп, неврологиялық балғашамен үш басты қар еті сіңірінің үстінен ақырын ғана соғып қалады. Осы кезде шынтақ буыны жазылуға тиіс (шынтақтың жазылу рефлексі). Шынтақ буынының ішкі жағына орналасқан қос басты қар етінің сіңірі соғылса, шынтақтың бүгілу рефлексі пайда болады. Рефлекс доғасы жұлынның 4-5 мойын сегментінің нейрондары арқылы өтеді.
3-сурет. Шынтақтың бүгілу рефлексі
3-сурет. Шынтақтың жазылу рефлексі
2-жұмыс. Бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстері
Жұлын рефлекстері деп, рефлекстік доғасы жұлын орталығында тұйықталатын рефлекстерді айтамыз. Бұл рефлекстердің рецепторлары теріде орналасады.
Жұмыстың орындалуы: Бақаның жұлынын зақымдамастан көзінің сырт жағынан тіледі. Мұндай бақа жұлынды бақа деп аталады. Жұлынды бақаны иегінен штативке іліп қойып, әр түрлі тітіркендіргіштермен тітіркендіру арқылы экстероцептивтік рефлекстерді бақылайды.
а/ Бүгілу және жазылу рефлекстері. Ілулі тұрған бақаның табан терісін 1 Гц жиілікте электродпен тітіркендіру арқылы, қозу табалдырығын анықтайды. Ток күшін біртіндеп көбейте отырып тітіркендірсек, бақаның бақайлары бүгілуі тиіс (бүгілу рефлексі). Осы ток әсерімен бақа табаны терісінің үстінен тітіркендірсе, оның бақайлары жазылады (жазылу рефлексі).
б/ Тітіркендіргішті алып тастау. Бір жапырақ қағаз сүзгіні күкірт қышқылының 3%-тік ерітіндісіне малып алып, бақаның сан терісіне жабыстырса, бақа сол қағазды артқы аяғымен алып тастайды.
в/ Тітіркендіргіштен алыстау. Бақаның артқы сирағын тізе буынына дейін, күкірт қышқылының 0,3%-дық ерітіндісіне малса, бақа сол сирағының тізесіне дейін бүгіп, ерітіндіден шығарып алуға тырысады. Химиялық тітіркендіргіштің әсерінен кейін бақаның сирағы сумен шайып тасталынады.
А Б
В
4-сурет. Бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстері
А - Жазылу рефлексі
Б - Тітіркендіргішті алып тастау рефлексі
В - Тітіркендіргіштен алыстау рефлексі
3-жұмыс. Жұлындағы қорғаныс рефлекстерінің
рефлекстік доғасына талдау жасау
Рефлекстің жүзеге асуы, рефлекстік доғаның бүтіндігіне байланысты. Рефлекстік доғаның бір бөлімі істен шығатын болса, рефлекс жүзеге аспайды.
Жұмыстың орындалуы: Жұлынды бақаны штативке іліп қойып, оның бір жапырақ сан терісін кесіп алып тастайды. Сөйтіп тері рецепторларын жояды. Терісі сылынған жерге күкірт қышқылының 3%-дық ерітіндісіне малынған қағаз сүзгіні жабыстырады. Бақа бұл қағаздың бар-жоғын сезбейді, тітіркендіргішті алып тастау рефлексі тумайды. Сан терісін сырт жағынан бойлай тіліп, оның астындағы қос басты сан етімен жартылай жарғақша етті ажыратады да шонданай жүйкесін тауып алады. Оны кесіп екіге бөледі немесе новокаинға малынған мақтамен орап жансыздандырады. Енді осы аяғын күкірт қышқылының 0,3%-дық ерітіндісіне батырса, тітіркендіргіштен алыстау рефлексі тумайды (рефлекстік доғаның афференттік және эфференттік жүйкелерінің бүтіндігі жойылған). Бақа жұлынын инемен зақымдап, оның терісі бүтін сау сирағы күкірт қышқылының 0,3%-тік ерітіндісіне малынса, рефлекстік доға рецепторлары мен жүйке талшықтары сақталғанымен ешқандай рефлекс тумайды.
4-жұмыс. Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтау
Рецепторды тітіркендіргеннен бастап, жауап бергенге дейінгі уақытты рефлекс уақыты деп атаймыз. Ол рецептордың латенттік кезеңі, қозудың афференттік жолмен өту уақытынан, орталық уақыттан, эфференттік жолмен өту және эффектордың латенттік кезеңі уақыттарынан құралады.
Жұмыстың орындалуы: Жұлынды бақаны иегінен штативке іліп, оның артқы аяқтарын күкірт қышқылының 0,1%-дық ерітіндісіне батырған уақыттан бастап, жауап қайтарғанға дейінгі уақытты белгілеп алу қажет. Бақаның аяқтарын сумен шайып жіберіп, қышқылдан тазартады. Сонан соң күкірт қышқылының 0,3% және 0,5%-дық ерітінділерін пайдалана отырып, жоғарыда аталған тәжірибе бірнеше рет қайталанады. Үш рет қайталанған тәжірибе нәтижелері тиісті жолмен есептеледі де, орташа рефлекс уақыты табылады. Оларды салыстыра отырып, қорытынды шығарылады.
5-сурет. Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анықтау