
- •6. Қан тамырлар физиологиясы
- •Тақырып : Гемодинамика көрсеткіштері. Қан
- •IV. Сабақтың мақсаты
- •Студент орындау қажет :
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар.
- •3 Сурет. Шынтақ венасындағы қысымды анықтау ынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .
- •4 Сурет. Реограмма
- •VII. Сабақтың мазмұны
- •I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.
- •IV. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет.
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Гемодинамика көрсеткіштерінің жас ерекшеліктері:
- •VII. Сабақтың мазмұны:
- •Тамырлар физиологиясы тақырыбына арналған тесттер
IV. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет.
1. Тамырлар саңылауының жүйкелік, рефлекстік және
гуморальдық реттелуін.
2. Тамыр қозғалтқыш орталық, оның бөлімдерін.
3. Микроциркуляциялық арнаның көрсеткіштері мен
ерекшеліктерін.
4. Артериялық пульсті зерттеу әдістерін игеруін.
Студент орындауы қажет:
Бақаның жүзу жарғағындағы қан айналысын бақылау.
Адам артериялық пульсін пальпация әдісімен зерттеу.
V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
1. Тамырлар саңылауының , рефлекстік, жүйкелік және гуморальдық реттелуі.
2. Тамыр-қозғалтқыш орталық қай жерде орналасқан және қандай бөлімдерден тұрады ?
3. Қандай жүйкелер вазоконстрикторлар және вазодилататорлар деп аталады?
4. Қандай химиялық заттар тамырларды тарылтады және кеңейтеді ?
5. Ренин-ангиотензивтік жүйесі.
6. Микроциркуляциялық арнаның құрылысы.
7. Микроциркуляциялық арнадағы қан ағысының және реттелуінің ерекшеліктері.
8. Артериялық пульс сипаттамасы.
9. Артериялық пульсті пальпация әдісімен анықтау. Пульстік толқын, оның таралу жылдамдығы.
10. Артериялық пульсті пульсотахометрмен, пульсоокиметрмен тіркеу. Сфигмограмманы талдау.
11. Веналық пульс, флебограмма, оның тістері.
12. Капилляроскопия.
VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.
1-жұмыс. Микроскоп арқылы бақаның жүзу
жарғақтарындағы қан айналысын бақылау
Қан өз қызметін тек үздіксіз айналуы арқылы іске асырады. Қан артерия мен вена тамырларының арасындағы қысым айырмашылығы негізінде қозғалады. Қан тамырларының көлденең саңылаулары \диаметрі\ біркелкі болмағандықтан олардағы қанның жылжу жылдамдықтары әр түрлі. Бақаның жүзу жарғақтарының түрлі тамырларындағы қан қозғалысын микроскоп арқылы байқауға болады.
Жұмысты орындау: Наркоз берілген бақаны операциялық тақтайшаның үстіне етбетімен жатқызады. Артқы бір аяғының табанындағы жүзу жарғақтарын тақтайшаның тесігінің үстіне ақырын ғана керіп шанышқымен бекітеді (тым қатты керсе, тамырдағы қанның қозғалысы тоқтап қалады ); микроскоптың тубусын тақтайшаның тесігінің үстіне қойып микроскоппен артериола, венула және капиллярларды тауып алып, олардағы қан қозғалысының жылдамдығын байқайды. Әсіресе капиллярлардағы қанның қызыл түйіршіктерінің қозғалысына ерекше назар аударған жөн.
2-жұмыс. Капилляроскопия
Капилляроскопия әдісін пайдаланып адамның капилляр тамырларын көруге болады. Капилляроскоп бүйір жағынан сәуле түсетін арнайы микроскоп.
Жұмысты орындау: Алдын-ала тырнақтың үстіне бір тамшы вазелин майын тамызып тырнақты түп жағындағы тері капилляр тамырларын қарайды. Саусақты капилляроскоптың тубусының астына қойып, бір жақ қабырғасындағы жарықты жағады да фокусын жөндейді. Дені сау адамдардың саусағында ілмек тәрізді бір-біріне параллель қызғылт аймақта орналасқан қою қызғылт түсті тамырлар көрінеді. Олар үтір тәрізді болады. Артерия бөлімі вена бөлімінен анағұрлым жіңішке келеді. Капилляр тамырларының түсі, пішіні және тамырдағы қанның ағысы организмнің функциялық жағдайына немесе тамыр құрылысының өзгеруіне байланысты әр түрлі болады.
вена жағы
артерия жағы

3-жұмыс.
а) Пальпация әдісімен артериялық пульсті анықтау
Артериялық пульс - сол жақ қарыншаның систоласы мен диастоласы кезіндегі қолқадағы қан қысымының өзгеруіне байланысты пайда болған артерия тамырының қабырғасының тербелісі .
Пульсті көбінесе білезік артериясының білезік тұсында 3 саусақтармен басып, бармақпен қолды демеп отырып анықтайды. Пульс 60 – 80 рет минутына соғуы керек.
б) Пульсотахометр арқылы пульстің қисық сызығын жазу
Пульсотахометр- ұзақ уақыт үздіксіз артериялық пульстің жиілігін жазып алу үшін қолданылатын аспап. Ол фотоэлектрлік қабылдағыштан, күшейткіш блоктан және көрсеткіш құралдан (шкала) және пульстің дыбысын естіртетін динамиктен тұрады. Пульсотахометрге осциллоскоп жалғастырылса, оның экранынан сфигмограмма көрінеді. Саусақтық қабылдағыш кішкентай жарық көзінен (шамнан) және фотокедергіден тұрады. Ол екеуінің арасына тырнағын жарық көзіне (шамға) қаратып саусақты орналастырып қояды. Пульсотахометрдің жұмысы: саусаққа қан келген сайын оның мөлшері ұлғайып одан өтетін жарық азаяды. Осының нәтижесінде фотоэлектрлік қабылдағыштағы жарық токтарының (фототок) тербелуі байқалады.
Жұмысты орындау: Саусақтың бірінші буынына қабылдағышты бекітеді. Тырнақ шамға, ал буынның жұмсақ еті фотокедергіге қаратылады. Содан кейін тыныштық жағдайында пульс жиілігін өлшейді. Пульстің дыбысынан реттілігін байқайды, ал осциллоскоптан көрінген сфигмограммаға (СФГ) назар аударылады.
в) Оксиметр арқылы пульстің қисық сызығын тіркеу. Оксиметр артериялық пульстің жиілігін жазып алу үшін қолданылатын аспап. Ол қабылдағыштан, күшейткіш блоктан және көрсеткіш экраннан және пульстің дыбысын естіртетін динамиктен тұрады.
Жұмысты орындау: Саусақтың 1-ші буынына қабылдағышты бекітеді де тыныштық жағдайда пульстің жиілігін өлшейді. Пульстің дыбысынан реттілігін байқайды, ал экранда сфигмограмма жазылады.Сфигмограммада анакрота, катакрота, инцизура және дикроттық тіс ажыратылады.
4-жұмыс. Қан айналысы жүйесінің қызметін бағалауға
мүмкіндік беретін көрсеткіштері
1. Жүректің жиырылу жиілігі /ЖЖЖ/
2. Артериядағы қан қысымы
а) систолалық қысым /СҚ/
ә) диастолалық қысым /ДҚ/
б) пульстік қысым /ПҚ/ ЖЖЖ байланысты.
в) динамикалық орташа қысым /ДОҚ/
ДОҚ прекапиллярдағы қанның жылжу жылдамдығын көрсетеді, сондай-ақ қан айналысы жүйесінің бір потенциалы ретінде ол қанның капиллярға келу жылдамдығын сипаттайды. ДОҚ есептеп шығару арқылы жазылатын көрсеткіш.
3. Қан ағысының систолалық қан көлемі /СҚК/. СҚК - жүрек систоласы кезінде айдалып шыққан қанның мөлшері. Бұл жүректің жиырылу күшін көрсетеді.
4. Қан ағысының минуттық қан көлемі /МҚК/ - бір минутта жүрек арқылы өтетін қан мөлшері.
5. Жүрек индексі /ЖИ/ - бір минутта бүкіл денеге тарайтын қан мөлшері.
6. Шынтақ венасындағы қан қысымы /су бағанасымен 60-120 мм /.
Артериядағы қан қысымын /АҚҚ-н/ анықтау, ЖЖЖ-ін санау және формула бойынша негізгі гемодинамикалық көрсеткіштерді есептеу
ЖЖЖ - білезік тамырының соғуын санау арқылы анықталады. Зерттелуші адамның қобалжу реакциясын жою үшін білезік артериясын тауып алған соң 30 сек өткен соң санай бастайды.
АҚҚ Н.С.Коротковтың аускультациялық әдісімен анықталады. СҚ мен ДҚ –ды анықтау кезінде уақытша тыныс алу тоқтатылады.
Гемодинамика көрсеткіштері Савицкий әдісімен есептеледі.
ПҚ және ДОҚ формула бойынша есептеледі.
ПҚ = СҚ -ДҚ /мм-сынап бағанасы бойынша саналады/
ДОҚ = ПҚ/3 + ДҚ / мм-сынап бағанасы бойынша/Сау адамда ПҚ -
35-55 мм, ал ДОҚ адамның жасына қарай 85-110 мм. болады.
Қан ағысының систолалық қан көлемі /СҚК/ мен қан ағысының минуттық қан көлемі /МҚК/. Старр формуласы бойынша СҚ, ДҚ, ПҚ және ЖЖЖ пайдалана отырып жасына /Ж/ лайық анықталады.
СҚК = 100 + 0,5 ПҚ – 0,6 ДҚ – 0,6 Ж /мл/
Дені сау адамның СҚК шамамен 60-70 мл, МҚК=СҚК * ЖЖЖ /л/. Дені сау адамның МҚК шамамен 4,5-5 л. Қара жұмыс істейтін адамда МҚК – 4-6 есе артады. Дені сау адамда МҚК, СҚК көбейген жағдайда ғана артады. Шынықпаған адам мен ауру адамда МҚК жүректің ырғағы жиілеген сәтте көбейеді. МҚК адамның жынысына, жасына, бойына, салмағына байланысты, сондықтан жүрек индексі /ЖИ/ деген ұғым пайда болды. /ЖИ/. МҚК сыртқы адамның дене көлемінің бетіне /ДБ/ қатынасын көрсетеді.
ЖИ – МҚК / ДБ л /мин/ м². Мұнда ДБ – Дюбуа таблицасы арқылы /қосымшаны қара/ анықталған м² көрсетілген дене бетінің көлемі тыныштық жағдайда ЖИ 2,0 – 4,0 /л/ мин/ м² тең.