- •5. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •IV. Сабақтың мақсаты. Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Клиникалық әдістер
- •Негізгі функциялық көрсеткіштерінің қалыпты мөлшерлері:
- •Балалардағы экг-ның ерекшеліктері:
- •Балалардың экг-сын жазу әдісінің ерекшеліктері
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •Жүрек құрылымдарының эхолокациясы
- •Жүрек қызметінің физиологиялық зерттеу әдістері
- •VII. Сабақтың мазмұны.
- •1. Бақа кардиограммасын тіркеу.
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •II.Оқу сағаты: жоспар бойынша
- •IV. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Станниус тәжірибесі
- •Экстрасистола
- •VI. Сабақтың мазмұны.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •IV. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Гольц рефлексі
- •Кезеген жүйкенің бақа жүрегіне әсері
- •Viі. Сабақтың мазмұны.
- •Жүрек физиологиясына арналған тест сұрақтары
Станниус тәжірибесі
Жүректің автоматиясында жеке түйіндердің маңызын анықтау үшін Станниус әдісімен лигатураны байлау тәжірибесі жүргізіледі. Автоматия негізінен синоатриалдық түйінде басталады.
Жұмысты орындау: Қимылсыздандырылған бақаны шалқасынан бекітіп, кеуде қуысын ашып, жүрегін перикардтан босатады. Финдер инесін пайдаланып лигатураны (жіпті) қолқа буылтығының астынан өткізіп жүректі ұшынан көтеріп жоғары қарай аударып тастайды. Бір минуттағы жүректің жиырылуын санап алады да, лигатураны веноздық синус пен оң жақ жүрекше аралығынан байлайды. Бірінші (I) лигатура дұрыс байланса, жүрекше мен қарыншаның соғуы диастола кезеңінде тоқтап қалады да, синус сол бұрынғы қалпындағы жиілікпен жиырыла береді. Веноздық синустың жиырылуын санап алады. Біраз уақыт өткеннен кейін Биддер түйіні автоматиясына байланысты жүрекше мен қарынша өз беттерімен баяу жиырыла бастайды. Бірақ, осы жағдайды күтпей, бірінші лигатурадан кейін жүрекше мен қарыншаның арасынан екінші лигатураны өткізіп байлайды. Екінші (II) лигатура Биддер түйінін механикалық түрде тітіркендіреді. Лигатура орналасуына байланысты жүректің қызметі үш түрлі болу мүмкін:
Лигатура Биддер түйінінен жоғары байланса, тек қана қарынша жиырылады;
Лигатура Биддер түйінінен төмен байланса, тек қана жүрекше жиырылады;
Лигатура Биддер түйінінің ортасынан байланса, жүрекше де, қарынша да бірдей жиырылады. Екінші (II) лигатураны байланғаннан кейін жүректің соғу жиілігі азайады.
3-жұмыc.
Экстрасистола
Қарыншаны систола кезінде тітіркендірсе ешқандай жауап болмайды. Ал қарыншаның диастоласы кезіндегі тітіркендіру кезексіз жиырылуды тудырады, оны экстрасистола деп атайды. Кардиограмманы қарасақ, экстрасистоладан соң қалыптағыдан ұзақ үзіліс байқалады. Бұл үзілісті компенсаторлық үзіліс деп атайды. Компенсаторлық үзілістің пайда болуы жүректің кезекті бір циклы түсіп қалуына байланысты Синус түйінінен шыққан импульс экстрасистолаға келеді. Бұл уақытта қарынша абсолюттік рефрактерлік мезгілде болады да, кезекті импульс қабылданбайды. Сондықтан бір цикл орындалмайды (іске асырылмайды).
Жұмысты
орындау:
Бақаны қимылсыздандырып операциялық
тақтайшаға бекітіп, кеуде қуысын ашып,
жүрегін перикардтан босатады. Тақтайшаны
штативке бекітеді. Энгельман рычагіне
байланған ілгекпен жүректі ұшынан іліп
алып, кардиограмманы жазып алады.
Диастола (рычаг төмен түскен кезде)
кезінде қарыншаны электр тогымен
тітіркендіреді. Экстрасистола мен
компенсаторлық үзіліс жазылып алынады.
Содан кейін қарыншаны систола (рычаг
жоғары көтерілгенде) кезінде тітіркендірсе,
э
кстрасистола
пайда болмайды.
VI. Сабақтың мазмұны.
Студенттер өздері орындайты жұмыстар:
1. Жүрек қызметіне температураның әсері.
2. Станниус тәжірибесі.
Оқытушының қатысуымен бірлесіп жұмыс жасау
1. Экстрасистола.
Студенттердің бастапқы және қорытынды білім деңгейін тексеру (тест сұрақтары және мәселелік тапсырмалар).
