- •5. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •IV. Сабақтың мақсаты. Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Клиникалық әдістер
- •Негізгі функциялық көрсеткіштерінің қалыпты мөлшерлері:
- •Балалардағы экг-ның ерекшеліктері:
- •Балалардың экг-сын жазу әдісінің ерекшеліктері
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •Жүрек құрылымдарының эхолокациясы
- •Жүрек қызметінің физиологиялық зерттеу әдістері
- •VII. Сабақтың мазмұны.
- •1. Бақа кардиограммасын тіркеу.
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •II.Оқу сағаты: жоспар бойынша
- •IV. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Станниус тәжірибесі
- •Экстрасистола
- •VI. Сабақтың мазмұны.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •IV. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Гольц рефлексі
- •Кезеген жүйкенің бақа жүрегіне әсері
- •Viі. Сабақтың мазмұны.
- •Жүрек физиологиясына арналған тест сұрақтары
VII. Сабақтың мазмұны.
Студенттердің өздері орындайтын жұмыстар
1. Бақа кардиограммасын тіркеу.
2. Пальпация.
3. Перкуссия.
4. Аускультация.
Оқытушының қатысуымен (теориялық материалдар талқылау, жұмыстарды орындау)
1. Пальпация.
2. Перкуссия.
3. Аускультация.
4. Электрокардиография.
Студенттердің бастапқы және қорытынды білім деңгейін тексеру( тест сұрақтары және мәселелік тапсырмалар).
I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
II.Оқу сағаты: жоспар бойынша
III. Тақырыптың маңыздылығы: Жүректің физиологиялық қасиеті туралы білім жүрек қызметінің патологиялық өзгерістерін (экстрасистола, аритмия, өткізгіштігінің бұзылуы) және биологиялық активті заттар (гормондар, медиаторлар), дәрі-дәрмектердің жүрекке әсер ету механизмдерін түсіну үшін барлық факультеттер студенттеріне қажет. Олардың келешекте арнайы медициналық пәндерді оқуының және кәсіптік-білімдерінің теориялық негізі болып табылады.
IV. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
1) жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттерін және олардың
сипаттамасы;
2) жылы қанды және суық қанды жануарлар жүректерінің өткізгіш
жүйесінің құрылысы;
жүрек автоматиясының табиғи негізі;
жүрек циклының әртүрлі кезеңдеріндегі жүрек етінің қозғыштығының өзгеруі;
экстрасистоланы және компенсаторлық паузаның себебі.
Студент орындауы қажет:
Бақа жүрегіне температураның әсерін бақылау тәжірибесі;
Бақа жүрегіне Станниус лигатураларын салу тәжірибесі;
Бақа жүрегі қарыншасының экстрасистоласын жасау тәжірибесі.
V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
Жүрек етінің негізгі физиологиялық қасиеттері.
Жүрек етінің автоматиясы.
Жылы қанды мен суық қанды жануарлар жүректерінің өткізгіш жүйесінің құрылысы.
Жүрек етінің қозғыштығы және қозуының сипаттамасы, әрекет потенциалы және оның кезеңдері.
Жүрек циклының әр түрлі кезеңдеріндегі жүрек еті қозғыштығының өзгеруі.
Экстрасистола және компенсаторлық үзілістің пайда болу себебі.
Жүректің әр түрлі бөлімдеріндегі өткізгіштік қасиетінің сипаттамасы.
Жүрек бұлшық етінің жиырылу қасиеті (Франк-Старлинг заңы).
Жүрек етінің эластикалық қасиеті.
VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
Зертханалық жұмыстардың өткізу әдістері мен аннотациясы
Жүрек етінің физиологиялық қасиеттеріне қозғыштық, қозуды өткізу, жиырылу, автоматия, серпімділік (эластикалық) жатады. Бұл қасиеттер жүрек етінің ерекшелігін қамтамасыз етеді.
1-жұмыс. Жүректің қызметіне температураның әсері
Автоматия дегеніміз – бұл қандай да бір мүшенің өзінде пайда болатын импульстердің әсерінен оның ырғақты жиырылуы. Организмнен бөлініп алынған жүрек қолайлы жағдайларда ұзақ уақыт бойына өзінің дұрыс ырғағын сақтап, жиырыла алады. Бұл жиырылуды жүректің автоматиясы деп атайды. Жүректің өткізгіш жүйесі оның автоматиясын қамтамасыз етеді. Бақа жүрегінің өткізгіш жүйесіне веноздық синуста орналасқан синус түйіні (Ремак түйіні) жатады. Веноздық синус – бұл төменгі және жоғарғы қуыс веналарының қосылған жері. Жүректің екінші түйіні атриовентрикулярлық түйін (Биддер түйіні). Ол жүрекше мен қарыншаның аралығында орналасқан. Жүректің өткізгіш жүйесінің әр бөлігіндегі автоматияның дәрежесі әр түрлі. Жүрек автоматиясында синустық түйіннің бастаушы роль атқаратындығын дәлелдеу үшін температурамен әсер ету тәжірибесі жүргізіледі. Бақа жүрегінің әр бөлімін жеке-жеке қыздырып немесе суытатын болсақ, жүректің жиырылу жиілігі тек синус аймағына температуралық әсер еткенде ғана өзгеретіндігін байқауға болады.
Жұмысты орындау: Бақаны қозғалмайтындай етіп операциялық тақтайшаға бекітеді. Жүрегін ашып, оны перикардтан босатып, үзбесі кесіледі. Жүректің қалыпты соғу жиілігін санап алады. Веноздық синусқа суық пробирканы тигізгенде жүректің соғу жиілігінің азайғанын байқаймыз. Жүректің соғу жиілігі қалпына келгеннен кейін ыстық сулы пробирканы веноздық синусқа тигізіп, жүректің жиырылу жиілігінің артқандығын байқаймыз. Жүректің ұшына ыстық, содан кейін суық пробирканы бассақ, жүректің соғу жиілігі өзгермейді. Бұл жүректің соғу жиілігі синустық түйінге байланысты екенін көрсетеді.
Тәжірибеде алынған мәліметтер кестеге жазылады.
|
Жүректің жиырылу саны |
||
Қалыпты жағдайда |
Жылу әсері |
Суық әсері |
|
Веноздық синус |
|
|
|
Жүректің ұшы |
|
|
|
2-жұмыс.
