
- •5. Жүрек физиологиясы
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
- •IV. Сабақтың мақсаты. Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Клиникалық әдістер
- •Негізгі функциялық көрсеткіштерінің қалыпты мөлшерлері:
- •Балалардағы экг-ның ерекшеліктері:
- •Балалардың экг-сын жазу әдісінің ерекшеліктері
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
- •Жүрек құрылымдарының эхолокациясы
- •Жүрек қызметінің физиологиялық зерттеу әдістері
- •VII. Сабақтың мазмұны.
- •1. Бақа кардиограммасын тіркеу.
- •I.Тақырып: Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
- •II.Оқу сағаты: жоспар бойынша
- •IV. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Станниус тәжірибесі
- •Экстрасистола
- •VI. Сабақтың мазмұны.
- •I.Тақырып: Жүрек қызметінің жүйкелік-рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
- •IV. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет:
- •Студент орындауы қажет:
- •V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
- •Vі. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.
- •Гольц рефлексі
- •Кезеген жүйкенің бақа жүрегіне әсері
- •Viі. Сабақтың мазмұны.
- •Жүрек физиологиясына арналған тест сұрақтары
Балалардың экг-сын жазу әдісінің ерекшеліктері
Қимыл мазасын жою үшін зерттеу алдында (30-40 минут бұрын) нәрестелердің тік ішегіне хлоралгидрат немесе бұлшық етіне аминазин жібереді. Электродты пациенттің жасына сай таңдап алады. Бала ұйықтап қалғаннан кейін электрокардиографқа қосып ЭКГ-ны жазады.
Балалардың электрокардиограммасын жазуда 12 тіркеу пайдаланылады: алтауы аяқ-қолдардан (үшеуі стандартты, үшеуі бір полюсті) және алтауы бір полюсті кеуде тіркеулері.
6 Жұмыс. Эхокардиография
Ультрадыбыс көмегімен жүректің ішіндегі құрылымын және қуыстарын байқау әдісін эхокардиография дейді. Ультрадыбыс аспаптары бірнеше түрлі болады, бірақ олардың бәрі бір негізде жасалған. Ультрадыбыстардың қабылдағышы (трансдюссер) әрі сигналды жіберіп, әрі қайтқан импульстерді қабылдайтыны бар. Алынған жанғырық сигналы электрондық күшейткішке түседі, ол мәліметті жазатын аспапқа – жарық сезгіш қағазға және экранға жібереді. Аспаптың маркері бар: онымен әр түрлі құрылымдардың тереңдігін, аралығын және уақыт аралығын анықтайды. Зерттеуді арқасымен жатқан пациентке жүргізеді. Ультрадыбыстың қабылдағышын төс сүйегінің сол жақ шетін ала екінші-үшінші қабырғалар аралығына қояды.
Жүрек құрылымдарының эхолокациясы
Жүрек құрылымдарының эхолокациясын зерттеу жүректің ерекше қозғалысы бар қолқа немесе қос жармалы қақпақша структурасын анықтаудан бастайды. Қабылдағышты қабырғаның арасымен жүректің ұшына немесе түбіне және жүрек осінің басқа нүктелеріне бағыттап бірнеше дәрежедегі көлденең қималардың эхокардиограммасын алуға болады. Әдетте қабылдағышты 4 түрлі стандарттық бағытта пайдаланады. Әрбір локация аймағына жүректің белгілі бір жері түседі. Қалыпты жағдайда жүрекше мен қарыншалардың қуыстарының және жүректің ішіндегі структуралардың өздеріне тән эхокардиографиялық суреті болады.
Жүректің систола және диастола кезіндегі миокардтың күшін, оның қалындығын және қарыншалардың қуыстар аумағының өзгеруін білуге болады.
Эхокардиограмманың қалыпты суретінің өзгеруінен жүрек ауруларын білуге болады. Мысалы, жүректің жармалы және айшық қақпашаларының кемшілігі, ишемиялық ауруы, қолқаның аневризмасы, жүрек ісіктері, туа болған жүректің кемістіктері анықталады.
Жүрек қызметінің физиологиялық зерттеу әдістері
7-жұмыс. Бақа жүрегінің жиырылуын жазып алу
Бақаның жүрегі мынадай бөлімдерден тұрады: веноздық синус, екі жүрекше және бір қарынша. Бақа жүрегінің қызметі циклының кезеңдері:
1) веноздық синустың жиырылуы (систоласынан);
2) жүрекшелердің систоласынан және диастоласынан;
3) қарыншаның систоласы мен диастоласы.
Сүтқоректілерде веноздық синус жоқ, олардың жүрек жұмысының циклы:
1) жүрекшелердің систоласы – 0,1 с;
2) жүрекшелердің диастоласы – 0,7 с;
3) қарыншалардың систоласы – 0,33 с;
4) қарыншалардың диастоласы – 0,47 с.
Графикалық тіркеу әдіс арқылы жүректің қызметін толық анықтауға болады. Жүрек жиырылуының қисық сызығын кардиограмма дейді. Кардиограмма жүректің жиырылу жиілігі мен ырғағын, күшін, жүрек бөлімдерінің жиырылу кезегін және ұзақтығын көрсетеді.
Жұмысты орындау: Жұлыны зақымдалған бақа операция тақтайшасына шалқасынан бекітіледі. Көкірек қуысын кең ашып, төс сүйегі мен бұғананы алып тастайды. Жүректі перикардтан босатып алады да, үзбесін кеседі. Жүректің үшын пинцетпен көтеріңкіресе, веноздық синус көрінеді. Ең алдымен веноздық синус жиырылғандықтан, оны оңай табуға болады. Жүректің циклын бақылағаннан соң жазып алады. Ол үшін операциялық тақтайша штативке бекітіледі. Энгельман рычагына жіппен байланған ілгекке жүректің ұшын іліп алады. Жүректің жиырылуынан рычаг қозғалады. Оның қозғалуы кимографтың таспасына жазылады. Жақсы жазылу үшін рычагтың қаламы кимографтың барабанына көлденең, ал жіп жүрекке қарай тік орналасу керек. Кимограф рычагты сол жағына орналастырылады. Жазу солдан оңға қарай бағытталады. Кимограммадағы аласа сызық жүрекше систоласы, одан кейінгі биік сызық- қарынша систоласы. Кимограммадағы сызықтың жоғары көтерілуі жүректің систоласына, ал төмен түсуі – диастоласына сәйкес келеді.