
- •Тәжірибелік сабаққа арналған оқу әдістемелік нұсқау
- •Алматы, 2012
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Әдебиет:
- •7.Экологиялық факторлар және оның организмге әсер етуінің жалпы заңдылығы.
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Әдебиет:
- •1.Тақырыбы: Атмосфера,гидросфера-биосфераның элементтері. Ластану көздері. Тұрғындар денсаулығына әсері.
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Әдебиет:
- •Қоршаған ортаның физикалық, химиялық жәнге биологиялық ластануы және тұрғындар денсаулығына атмосфералық ластануының әсері.
- •3.Оқыту мақасты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Әдебиет
- •3.Оқыту міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Әдебиет
- •3.Оқыту міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Әдебиет:
- •3.Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Әдебиет:
6.Әдебиет:
1.Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. – Алматы, 1995 ж.
2.Кенесариев У. И., Жакашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. – Алматы,2003.19-33беттер
3.Ә.Бейсенова,А.Самақова,Т.Есполов,Ж,Шілдебаев Экология және табиғатты тиімді пайдалану:Ғылым ғылыми баспа орталығы,2004ж. ,96-147 беттер
4Асқарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. - Алматы, 2007 ж.,30-78 беттер
5. А.Т.Қуатбаев. Жалпы экология:Алматы, 2008 ж.123- 141 беттер
6. С.Ж.Колумбаева.,Р.М.Білдебаева.,М.Ә.Шәріпова Экология және тұрақты даму Алматы,2012ж 54-59беттер
7.Бақылау: сабақтың тақырыбы бойынша аузша сұрау,тесттік бақылау (білім-құзыреттілік, тәжірибелік дағды):
Атмосфералық ауаның адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына әсері.
Қоршаған ортаның физикалық, химиялық жәнге биологиялық ластануы және тұрғындар денсаулығына атмосфералық ластануының әсері.
Биосфераның жаһандық экологиялық мәселелерін атаңыз.
Экологиялық салдарлар: жаһандық (парниктік нәтиже, озондық тесіктер, қышқыл жаңбырлар), атмосфераның аймақтық және жергілікті ластануы.
Жер бетіндегі және су асты судың ластануының негізгі көздері қандай?
Гидросфераның ластануының экологиялық ластану салдарлары қандай?
Арал теңізінің экологиялық апатының себебі неде?
Гидросфераның ластануы тұрғындардыың денсаулығына қалай әсер етеді? Су арқылы қандай аурулар беріледі?
Су арқылы қандай аурулар беріледі?
№1 есеп. Түсті металлургия аймағында 1,5-2,0 км радиусында. Қорғасынды-цинкті комбинатынан және 0,5 км – ТЭЦ атмосфера көміртегі тотығымен ластанған – 5,0 мг/м3 (ПДК – 3,0), азот қос тотығымен – 0,4 мг/м3 (ПДК – 0,04), қорғасынмен– 0,004 мг/м3 (ПДК –0,0003) алстанған. Ауаның салыстырмалы түрдегі ылғалдығы 80-85% құрады, жел жоқ. Тұрғындар тамағының жыбырлауына, көзі, мұрнының шырышты қабығының тітіркенетініне, терісінің қышуына шағымданады. Қауіптілік класы: СO – 4, Pb – 1, NO2 – 2.
Сұрақтар:
Қандай ластаушылар жіті және созылмалы әсерді тудырады?
Ластаушыларды атаңыз және оның адам денсаулығына әсерін атаңыз.
Ластанудың қандай көзі бар?
Қандай ластаушылар адам ағзасына қандай тән және тән емес әсерін тудырады (қандай ауру тудырады)?
5. Қандай ластаушылар абиотикалық, биотикалық және антропогендік
факторларға жатады?
№2 есеп. Жылы газдармен және парниктік нәтиженің дамуына әсер ететін биосфераның антропогендік ластануына жауап беретін биосфералық үдерістердің өзгерістеріне баға беру.
Күннің барлық сәуле таратуы (ультракүлгіннен инфрақызылға дейін) жерге дейін жетіп, оны қыздырады. Соңғысы Ғарышқа ИК-сәулелену түріне бұрыннан жиналған жылу энергиясын қайта сәуле таратады. Қайта таратылған ИК-сәулелену кейбір газдармен үдемелі сіңіріледі (СО2, СН4, NO2, фреондармен). Бұл газдар парниктік деп аталады, атмосферада парниктегі шыныдай болады: жерге тікелей күн радиациясын өткізеді. Бірақ, Жердің жылулық сәулесін ұстайды. Нәтижесінде оның жетіндегі температура жоғарылайды, ауа-райы мен климат өзгереді.
Парниктік әсер- деп атмосферадағы парниктік газдардың біртіндеп жиналуын жылу балансының өзгеруі нәтижесінде ғаламшар температурасының жаһандық жоғарылауы мүмкін деп түсіндіріледі.
Негізгі парниктік газ диоксид көміртегі болып табылады: оның парниктік нәтижеге қоастын үлесі, әртүрлі мәлімететр бойынша 50- ден 52% дейін. Басқа парниктік газдарға метан жатады (20 % жуық), азот оксиді ( 5 жуық), озон, фреондар (хлорфторуглеродтар) және басқа газдар ( парниктік нәтиженің 10- 25%). Барлығы 30-ға жуық парниктік газ белгілі, олардың жылытатын әсері тек атмосферадағы санына ғана байланысты емес, олардың бір молекулаға әсер ету белсенділігіне де байланысты. Егер берілген көрсеткіш бойынша СО2 бірлікке қабылданса, метан үшін ол 25 –ке тең болады, азот оксиді үшін -165, ал фреон үшін – 11000.
Атмосфераға СО2 түсуінің негізгі антропогенді көздері құрамында көмірі бар жанғыштарды жағу (көмір, мұнай, мазут, метан т.б.). Қазірде тек жылу энергетикасының өзінен ғана атмосфераға 1 т. көміртегі бір адамға шаққандағы/жыл бөлінеді; XXI ғасырдың бірінші жүзжылдығында тастандылар 10 млрд. т. жетеді. Ю.В.Новиков (1998 г.) бойынша, СО2 жаһандау тастаудың кейбір мемлекеттер үлесі: АҚШ – 22%, Рессей мен Қытай – по 11%, Германия мен Япония – 5%-дан, қалған мемлекеттер шамамен - 46%.
Парниктік әсердің салдарынан жердің жылдық орташа температурасы соңғы жүзжылдықта шамамен 0,3 - 0,6оС көтерілген. Қазіргі кезде СО2 концетрациясы жылына 0,3 - 0,5 % жылдамдықпен жоғарылап отыр. Басқа да жылыжайлық газдардың құрамының жоғарылауы: бір жыл ішінде, метан - 1 %, азот оксиді - 0,2 %.
Кейбір мәліметтер бойынша, парниктік газдардың құрамының екі еселенуі осы ғасырдың екінші жартысында болуы мүмкін, ол планетаның орташа жылдық температурасын 1-3,5оС көтереді.
Әлемдік мұхиттардың деңгейінің көтерілуіне әкелетін, климаттың жаһандық жоғарылауы, ғалымдардың ұйғаруы бойынша, бөлек экожүйелер үшін ғана емес, сонымен қоса бүкіл биосфера үшін ең үлкен апат деп саналынады:
Мұхит деңгейінің 1,5 - 2 м. көтерілсе, шамамен 5 млн. км2, құнарлы және қалың елді жерлер судың астында қалуы ықтимал. Ол жерлерде 1 млрд. адам тұрады және ауылшаруашылықтық өнімнің көп бөлігі жиналады. Тұрғындардың аралдың ішкі бөліктеріне қарай көшіру әскери ұрыс керістерге және әлеуметтік қозғалысқа әкелуі мүмкін.
Климаттың жылынуы тек мұхит деңгейінің көтерілуімен ғана емес, сонымен бірге, ауа райының тұрақсыздығына, табиғи аймақтардың жылжуына, дауыл мен борандың көбеюіне, жануарлар мен өсімдіктердің қырылуына әкеледі. Осының нәтижесінде, азық-түлік мәселесінің күрт нашарлауы мүмкін.
Полюстер мен экватордағы темепература айырмашылығының азаюынан (негізінде, полюстердің қатты жылынуынан) мәңгі мұз болып жатқан топырақтар еріп, олардан метанның үлкен мөлшері бөлінеді де, жылыжайлық эффект күшейе түседі.
Климаттың өзгеруінен, оңтүстік аймақтарда жылулық күйзелістерге, сонымен бірге аурудың көп түрлерінің таралуына әкеліп, адамзат денсаулығына жағымсыз әсер көрсетеді. Жоғарыда айтылғанның бәрі, климаттың өзгеруі мәселелері бойынша халықаралық конференцияда (Торонто, 1979 г.) парниктік эффектің салдары, тек жаһандақ ядролық соғыспен ған салыстырыла алады» деп мәлімденді.
Сұрақтар:
1. Парниктік әсердің тірі ағзадарға әсері, оның бұзылуы?
2. Парниктік әсердің пайда болу себептері?
3. Парниктік әсердің биосфераға әсері бар ма?
№3 есеп Зырьяновка қаласының ағынды сулары (қорғасын және ет комбинатының, шаруашылықтық-тұрмыстық) шалшық-жинағыш және Березовка өзеніне құяды. Березовка өзенінің ағын суынан төмен мыналар анықталды:сынап-0,0006мг\л, (1-класс қауіптілігі); қорғасын – 0,06 мг\л,кадмий – 0,003 мг\л, (2-класс қауіптілігі), цинк- - 2,0 мг\л, мыс – 1,05 мг\л, (3-класс қауіптілігі); коли индекс – 2380 000, иісі – 4-балл, БКК-10мг\л, еріген оттегі – 0,5-1,0 мг\л.
Ересек тұрағындардың аурушаңдығы (1000 тұрғынға) ағын суынан төмен жоғары
Нозологиялық түрлері |
Ағын суынан жоғары |
Ағын суынан төмен |
||
1990 |
1995 |
1990 |
1995 |
|
1. Қан айналым жүйесінің аурулары |
155 |
144,7 |
216,7 |
308 |
2. Тыныс жолдарының жедел аурулары |
164,7 |
300 |
165,3 |
310 |
3. Жедел бронхиттер |
14,5 |
20,5 |
10,4 |
15,8 |
4. Пневмониялар |
12,3 |
18,7 |
10,7 |
11,2 |
5.Остеохондропатиялар |
12,1 |
20 |
33,4 |
89,5 |
6. Тері және теріасты клетчатка аурулары |
16,8 |
4,6 |
67,9 |
130,9 |
7. Өт қапшығының аурулары |
16,4 |
12 |
21 |
35,2 |
8. Жедел ішек аурулары |
160,4 |
170,8 |
250,1 |
320,8 |
Студенттерге арналған инструкция:
Судың қандай ластану көздері бар?
Ластанудың қандай негізгі көздері бар?
Заттардың ШРЕК-ң көтерілу жиілігін анықтаңыз.
№4есеп. Елді мекенді елдердің тұрғындары шахтадан шығатын суды пайдаланады.Жануарлардан шыққан қалдықтар қала маңындағы үйлерге жиналады. Құдықтан шыққан ) 1 литрдегі судан мыналар анықталды: аммиак – 3-5 мг/л, фосфат – 0,06 мг/л, нитрат – 40 мг/л, нитрит – 5 мг/л, хлорид – 450 мг/л, коли-индексі – 50 БГКП
(қалыпты – 10 БГКП)
Сұрақтар:
Қандай судың ластанулары кездеседі?
Негізгі ластану көздері қандай?
Су ластануының тұрғындар денсаулығына әсері қандай болмақ ?
1.Тақырыбы: Литосфера-биосфераның элементі. Топырақтың ластаушы көздері мен сипаттамасы және тұрғындар денсаулығы.
2.Мақсаты: литосфераның негізгі экологиялық мәселелері, ластану көздері мен адам денсаулығына әсері туралы білім қалыптастыру.