Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дарис. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
256 Кб
Скачать

5.Әдебиет:

  1. Ү.И. Кенесариев, Н.Ж. Жақашов. Экология және халық денсаулығы. ЖОО мен колледждерге арналған оқулық. Алматы, 2004.

2. Аскарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы, 2007 ж.

6.Қорытынды сұрақтары (керi байланысы):

1. Денсаулық түсінігі жіне оның бағалануы ?

2.Денсаулыққа қоршаған орта латсануының тигізетін әсері?

3. Әлеуметтік және биологиялық факторлардың денсаулықа әсері қандай?

4. Қоршаған ортаның халық денсаулығына әсер ететін хиимиялық факторлардың көрсеткіші

5.Тұрғындар аурушаңдығы дегеніміз не және олардың қандай түрлерін білесіздер?

1.Тақырыбы: Тұрақты даму принциптері мен концепциясы.Қазақстанның тұрақты дамудағы болжамдары.

2.Мақсаты: ҚР-ғы тұрақты дамуға мақсатындағы қоршаған ортаны басқару жүйесiндегi жаңа

енгiзулер туралы түсiнiктеме беру.

3.Дәрiс тезистерi:

Экологиялық жобалардың мақсаты (жаһанды экологиялық Фонд, СИЯП, Каспиилiк экологиялық бағдарлама). ҚР –ғы сулы қорларды қолдану және қорғау бағдарламасы бойынша ҚР –ның 2010 жылға дейiнгi даму стратегиясы. Әлеуметтiк даму бойынша копенгагендiк декларация.

Бүкiл әлемдiк мәдени және табиғи ортаны қорғау бойынша конвенция. Мұнаймен ластанудан болатын қатерлер үшiн жауапкершiлiк туралы халхаралық конвенция. Тұрақты даму туралы халхаралық және аймақтық бiрлестiк. (Шанхайлық Ұйымдық бiрлестiгi, ЮНЭП және т.б.). Қазақстанның 2030 жылға дейiн даму стратегиясы. Инвестициялық бағдарламаллар (ауылшаруашлық, мұнай өңдейтiн өнеркәсiптер және т.б.)

1987 ж. МКОСР «Біздің ортақ болашағымыз» атты есебін жариялады. Онда күрделі экологиялық мәселелерді тек қана элеуметтік, экономикалық, саяси мэселелермен бірге шешуге болатыны анық айтылды. Және адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін экономика планетамыздың, экологиялық мүмкіндігі шегінде болуы керек. МКОСР есебінде қазіргі адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігі туралы зор дауыспен айтылды.

Адамзаттың дамуы үшін, адамдардың қажетін өтеу мақсатында, адамдардың арманы үшін жұмсалатын күш-жігеріміз болашаққа бос әурешілік болады. Өйткені бай елдер де, кедей елдер де табиғат ресурстарын тез және аса зор қарқынмен пайдалануда. Табигат ресурстары тез сарқылады.. Қазіргі ұрпақ үшін көп алғанымыз пайда әкелсе, болашақ ұрпаққа тек шығындар қалдырамыз. Біз болашақ ұрпақтан «Экологиялық капиталды» қарызға алып отырмыз, оны қайтаруды ойламаймыз және мүмкіндігіміз де жоқ. Олар біздің ысырапшылдығымызды қорғауы мүмкін, бірақ ешқашан капиталын қаптарғыза алмайды. Біздің бұлай істеуіміздің себебі бізді ешкім қарызымызды қайтаруға мәжбүрлей алмайды. Болашақ ұрпақтың не саяси, не қаржылық, не басқа құқығы жоқ, біздің шешімімізге қарсы дау айта алмайды, не қолдапн дауыс бермейді. Қазіргі ысырапшылдық болашақ ұрпақтың мүмкіндігін шектейді.

Брунтланд Комиссиясының Баяндамасы жарияланғаннан кейін тұрақты даму түсінігі халықаралық қолданысқа енді. Түрақты даму деп табигаттың экологиясын теңдестіктерін сақтай отырып қазіргі және болашақ ұрпақтпың тіршілігін қанагаттандыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық даму үлгісін айтамыз.

Экологиялық стратегияның негізгі мақсаты экологиялық қолайлы орта қүру үшін табиғат пен қоғамның арақатынасындағы үйлесімділікке қол жеткізу болып табылады.

4.Иллюстрациялы материалдар: Мултимедиялы аппарат