
- •Дәрiс комплекстері
- •Алматы, 2012
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары (керi байланысы):
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қортынды сұрақтары (керi байланысы):
- •1.Тақырыбы: в.И.Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы.
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
- •1.Тақырыбы: Атмосфера-биосфераның негізгі элементі. Ластану көздері және адам денсаулығына әсері
- •3.Дәріс тезистері: Атмосфера құрамы мен анықтамасы
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары (керi байланысы) :
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары (керi байланыс) :
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары(кері байланысы):
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары (керi байланысы):
- •3.Дәрiс тезистерi:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытындысұрақтары (керi байланысы):
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланысы):
1.Литосфераға анықтама берініз?
2Топырақтың адам өміріндегі маңызы?
3.Топырақты ластаушы қандай факторларды білесіз?
4. Топырақты ластаушы көздерді атаңыздар?
1.Тақырыбы: Қазіргі кездегі қала мен ауыл тұрғындарының денсаулығы мен қоршаған орта.
2.Мақсаты:Тұрғындар денсаулығына ластанған қоршаған ортаның әсерi туралы түсiнiктеме беру.
3.Дәрiс тезистерi: Ғылыми-техникалық революция ғасырында адамзат қоғамы барлық қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін ресурстарды игеріп отыр және қалпына келтірілмейтін ресурстардың көп бөлігі пайдаланылып болды деуге болады. Көптеген елдерде кейбір қалпына келтірілетін ресурстар (ағаш, су энергиясы, тұщы су) түгелдей пайдаланылып отыр. Тек қана соңғы жылдары өндірілген шикізат көлемі бүкіл адамзат баласы тарихында өндірілген мөлшерден де асып түсіп отыр.
Қазіргі кезде адам құрлықтың 55%-ін игеріп, өзен суының 13%-ін пайдаланып отыр. Құрылыс салу, тау кен жұмыстары, тұздану, т.б. нәтижесінде жылына 50 - 70 мың км2 жерлер жойылуда. Құрылыстар мен тау-кен жұмыстарының нәтижесінде жер қойнауынан жыл сайын 100 млрд т кен алынып, 7 млрд т шартты отын жағылады, 800 млн т түрлі металдар қорытылып, егіс далаларына 500 млн т минералдық тыңайтқыштар, 4 млн т. улы химикаттар жұмсалып отыр, олардың 1/3 бөлігі ағызынды сулармен шайылып, не атмосферада қалып қояды.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша практикада қазіргі кезде 500 мыңға жақын химиялық қосылыстар қолданылады. Оның 40 мыңдай түрі адам организміне зиянды, ал 12 мыңы – улы.
Қазіргі заманғы технологияның нашарлығынан минералдық шикізаттарды толық өңдеуге мүмкіндік болмай отыр. Олардың көп бөлігі табиғатқа қалдық ретінде қайтадан қайтарылады. Кейбір деректер бойынша пайдаланылған шикізаттың тек қана 1-2% бір жылдағы өнімді құрайды, ал қалған мөлшерінің барлығы қалдық ретінде қалады, бұл табиғат ресурстарын тиімсіз пайдаланудың бірден-бір дәлелі. Қазір жылына биосфераға 30 млрд т тұрмыстық және өндірістік газ, сұйық, қатты қалдықтар түсіп, олар атмосфера, гидросфера, литосфераны ластауда.
Соңғы кездегі жорамалдар бойынша дамыған елдердегі халықтың 3/4 бөлігі, дамып келе жатқан елдердегі халықтың жартысына жуығы өндіріс орталықтарында тұрып жатыр. Ірі қалалар саны өсуде. Егер 1950 ж. әлемде халық саны әрқайсысында 5 млн-нан асатын 5 қана қала болып, олардағы халықтың жалпы саны 47 млн болса, 1980 ж. бұндай қалалар саны 26-ға жетіп, олардағы халықтың жалпы саны 252 млн-ға жетті. Ал 2000 жылдары халқының жалпы саны 680 млн болатын 60 қала пайда болады деп күтілуде. Халқының саны 25-30 млн болатын ірі қалалар пайда болуда. Мысалы, Мехикода – 31 млн халық бар.1 млн халқы бар әрбір қала күніне көп мөлшерде су, қорек, отын жұмсаса, бұлардан шығатын газ, сұйық және қатты қалдықтардың мөлшері бұдан да көп.
Қазіргі кезде жыл сайын Жер шарында халық саны 70-80 млн-ға өсіп отыр. Егер ХХ ғасырдың басында халық саны 1,5 млрд болса, 1970 жылы 3,6 млрд болып, 2,4 есе өсіп отыр. 1986 жылы халық саны 5 млрд болды. Демографтардың болжамы бойынша халық санының өсу қарқыны 2000 жылға дейін сақталып, ал одан кейін өсу баяулап, 12-13 млрд-қа жеткеннен кейін туу мен өлім теңесіп, тұрақталады.
Экологиялық проблемалар халық саны мен өнеркәсіптің өсуі нәтижесінде емес, капиталистік өндірістік қатынастардың нәтижесінде пайда болады. Адамдардың қоршаған ортадағы табиғи процестерге араласуы күрт өсіп отырған жағдайда бүтін бір аймақтағы жер асты және грунт суларының режимі, топырақ құрылымы өзгеріп, эрозия процесінің тездеуі, атмосфера, гидросфера, литосферадағы геохимиялық және химиялық процестердің белсенділігі артуы, микроклиматтың өзгеруі, т.б. туындап отыр.
Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану және нашар жетілген табиғат қорғау техникасы қазірдің өзінде-ақ қоршаған ортаның ластануы мен биосфераның өзгеруіне әкеліп соғып отыр. Тарихи тұрғыда биосфераның адам іс-әрекеті нәтижесінде экологиялық дағдарысты туғызатын өзгерістері бірнеше кезеңдерден тұрады:
адамның биосфераға кәдімгі биологиялық түр тұрғысында әсер етуі;
адамзат қоғамы қалыптасуы кезеңіндегі экожүйенің өзгеріссіз қарқында болуы;
экожүйелік табиғи процестер – мал жаю , шөптердің қаулап өсуі, т.б. арқылы өзгеруі;
жер жырту, ағаш кесу арқылы табиғатқа қарқынды әсер ету;
биосфераның барлық экологиялық компоненттерінің ауқымды өзгеруі.
Соңғы кезең бұдан 300 жыл бұрын басталып, 2000 жылдары ең жоғарғы шегіне жетеді деп күтілуде. Биосфераға адамзат әрекетінің әсері негізінен төрт түрлі формада болады:
жер қабатының құрылымының өзгерісі (далаларды жырту, ағаштарды кесу, мелиорация, жасанды өзендер мен көлдер салу және басқа да жер бетілік сулар режимінің өзгерістері);
биосфера құрамының, айналым мен ондағы заттар тепе-теңдігінің өзгерісі, атмосфера мен су объектілеріне түрлі қалдық заттардың түсуі, т.б.;
жер шарының кейбір аудандарындағы жылу балансының өзгерісі;
кейбір түрлердің жойылып кетуі, өсімдіктердің жаңа сорттары мен жануарлардың жаңа тұқымдарының пайда болуы және олардың басқа тіршілік ету ортасына ауысуы нәтижесінде биосфераға (тірі организмдер жиынтығына) енгізілген өзгерістер.
ДДСҰ бойынша «денсаулық түсiнiктемесi». Денсаулықты анықтайтын факторлар. Тұрғындар денсаулығына ластанған қоршаған орта әсер ету типтерi.
Тұрғындар денсаулығының көрсеткіштері оған қоршаған ортаның әсерiн сипаттайтын: санитар –демографиялық,аурушаңдылық, мүгедекті, физикалық дене жетілуі. Қоршаған ортаның ластануына байланысты ҚР тұрғындар денсаулығының кейбiр ерекшелiктерi.
Экология барлық тiрi ағзалардың өзара қарым қатынастарын оқытады (адамды қосқанда) қоршаған ортамен. Қоршаған ортаның гигиенасы тек қана медициналық аспектлердiң мәселелерiмен ғана айналысады. Ол қолайсыз орта қарым қатнастардағы адам денсаулығына негiзгi бiрiншi ғылыми аурулардың алдын алу болып табылады.
Адам денсаулығы негiзгi екi факторлардың түрлерiнiң әсерлерiмен қалыптасады:
1. Iшкi – тұқымқуалаушылық (генетикалық), яғни, сыртқы - қолайлы және қолайсыз.қасиетке ие.
Адамға күнделiктi жағдайда бiруақытта барлық күрделi кешендi көптiк орта факторлары әсер етедi. (үнемi және кезеңмен). Факторлардың iшiнде бiрiде жеке әсер етпейдi, түрлi сандармен және сапаларымен сипатталатын көптiк қослыстар тудыратын. Сондықтанда барлық кешендi гигиеналық бағалау белгiлi әдiстемелiк қиындықтармен қадағаланады. Толығымен қоршаған ортаның факторлары химиялық, физикалық болып бөлiнедi.
4.Иллюстрациялы материалдар: Мультимедиялы аппарат