
- •Дәрiс комплекстері
- •Алматы, 2012
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары (керi байланысы):
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қортынды сұрақтары (керi байланысы):
- •1.Тақырыбы: в.И.Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы.
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
- •1.Тақырыбы: Атмосфера-биосфераның негізгі элементі. Ластану көздері және адам денсаулығына әсері
- •3.Дәріс тезистері: Атмосфера құрамы мен анықтамасы
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары (керi байланысы) :
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары (керi байланыс) :
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары(кері байланысы):
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары (керi байланысы):
- •3.Дәрiс тезистерi:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытындысұрақтары (керi байланысы):
5.Әдебиет:
Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. – Алматы, 1995
А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы : Алматы, Ғылым 1998 ж.7-22 беттер
Кенесариев У. И., Жакашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. – Алматы,2003.
4.Ә.Бейсенова,А.Самақова,Т.Есполов,Ж,Шілдебаев Экология және табиғатты тиімді
пайдалану: Ғылым ғылыми баспа орталығы,2004 ,187-194 беттер.
Асқарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. - Алматы, 2007 ж.
А.Т.Қуатбаев. Жалпы экология:Алматы, 2008 ж.7- 20 беттер
6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
1. Биосфера ілімнің авторы кім?
2. Биосфера ілімінің қалыптасуын В.И. Вернадский қалай түсіндірді?
3. Босфераның тірі заты және оның функциялары қандай?
4 Ноосфера деген не?
1.Тақырыбы: Атмосфера-биосфераның негізгі элементі. Ластану көздері және адам денсаулығына әсері
2.Мақсаты: Студенттерге Жер бетілік атмосфераның құрылысы, құрамы, оны ластаушы көздер мен ластанудың зардаптары- тұрғындардың денсаулығы мен жалпы биосфера жағдайына әсері туралы мәлімет беру.
3.Дәріс тезистері: Атмосфера құрамы мен анықтамасы
Атмосфера — жерді айнала қоршап тұрған газды қабықша, ол химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе
Атмосфера құрылысы бірнеше қабаттардан тұрады. Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты-тропосфера. Бұл қабаттың орта еңдікте теіз деңгейінен биіткігі 10-15 км. Атмосфераның 80% су буынан тұрады. Осы қаббатта жауын- шашын, бұлттар түзіліп, ауа райының өзгеруіне әкеледі
Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км-ге созылатын қабаты- стратосфера. Онда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлігі осы қаббатта жинақталған, озон-күннің ультрокүлгін сәулелерін сіңіріп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды. Одан жоғары қабатта ионосфера орналасқан,ең соңында 10 000 км қашықтықта экзосфера орналасқан
Атмосфераның ластану көздері мен құрамы.Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендік) жолмен ластанады.
Табиғи(фондық ластану) – елді мекендерден, қалалардан және өнеркәсіптік объектілерден алыс жерлердегі әртүрлі қоспалардың (газдар, шаңдар, химиялық заттар) концентрациялары елді мекендерге арналған ШРЕК тен әлде қайда аз (2-3 есе және одан жоғары) атмосфералық ауа сапасының күйі.
Бұл ластанулар табиғи үрдістердің нәтижесінде пайда болады (теңіздерден, мұхиттардан, көлдерден шығатын буланулардан, жанартаулар атылуынан, табиғатта болып тұратын циклондар мен антициклондардан, биогеохимиялық провинциялар регионадарынан, табиғи радиациялық фоннан).
Атмосфералық антропогендік ластанулар(жасанды) – адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өнеркәсіптік, энергетикалық, транспорттық және ауылшаруашылық көздерінен зиянды шығарындылардан болған, атмосфера сапасының өзгеруі.
Елді мекендердің ауа бассейінінің антропогендік ластануларының салдары атмосфералық ауа сапасының нашарлануымен білінеді, ал ол қоршаған ортаның басқа объектілерінің (топырақ, өсімдік) сапасы нашарлануына ықпал жасауы және тұрғындар денсаулығының күйіне кері әсері болуы ықтимал.
Жер тұрғындарының денсаулығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі атмосфералық ауа тазалығы болады.
Ең таза ауа мұхиттар үстінде болады. Шаң тәрізді газ тәрізді қоспалар уылдық елді мекендер ауа бассейнінде мұхиттар үстіндегі мөлшерден 10 есе, орташа қалаларда 35 есе, ал өнеркәсптік орындарда 150 есе көп.
Метеорологиялық жағдайларда қала үстіндегі ауа тынып тоқырауына ықпал жасайтын кезде атмосфера ластануы жағдайларының адамға әсіресе ауыр тиетін кездері.
Ауа ластайтын газдар қоспалары кейде сол газдардың өздерінен қауіпті, өйткені олардың өзара қатынастарында жаңа заттар өзін тудырғандардан агрессивтілеу болуы мүмкін. Осындай агрессивті жаңа зат пайда болу үлгісі – смог (түтін тұманы).
Түтін және өте ұсақ қалқыған қатты заттар смог (ағылш. Smoke – түтін және fog - тұмен). Түтіннен шыққан ең ірі катастрофа 1952 жылы Лондонда болды. Төменгі температура мен желдің мүлдем жоқтығына байланысты, Лондон 5 күн бойы тұманға оранды. Сонда SO2 мөлшері 5-10 мг/м3 жетті. Сол уақыт ішінде 1000-ға жақын адам қырылды. 10000 адам қатты ауырды. Осындай типтегі смогтар Лондон немесе қыс смогы деп аталады.
Смогы атмосфералық ауада күкірт диоксиді мен қалқыған қатты бөлшектер қатысуымен сипатталады және күкірт құрамды отын жануының нәтижесінде болады. Смогтың осы түрінің ең қауіпті компоненті күкірт қышқылы болады.
Әлемнің үлкен қалаларының үстінде Лос-Анжелестік жаздық фотохимиялық смог пайда болы жиілеуде.
Азот диоксиді, күкірт диоксиді және альдегидтер ультракүлгін сәулелерді сіңіруге және белсенді күйге енуге қабілетті.
Озон түзілуінде ең үлкен рөл азот диоксидіне беріледі. Ультракүлгін сәулелер әрекетінен азот диоксидінің молекуласы азот оксидіне және атомарлық оттегіне айналады.
4.Иллюстрациялы материалдар: Мультимедиялы аппарат