
- •Дәрiс комплекстері
- •Алматы, 2012
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары (керi байланысы):
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қортынды сұрақтары (керi байланысы):
- •1.Тақырыбы: в.И.Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы.
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):
- •1.Тақырыбы: Атмосфера-биосфераның негізгі элементі. Ластану көздері және адам денсаулығына әсері
- •3.Дәріс тезистері: Атмосфера құрамы мен анықтамасы
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары (керi байланысы) :
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары (керi байланыс) :
- •3.Дәріс тезистері:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары(кері байланысы):
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытынды сұрақтары (керi байланысы):
- •3.Дәрiс тезистерi:
- •5.Әдебиет:
- •6.Қорытындысұрақтары (керi байланысы):
5.Әдебиет:
Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. – Алматы, 1995
А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы : Алматы, Ғылым 1998 ж.7-22 беттер
Кенесариев У. И., Жакашов Н.Ж. Экология және халық денсаулығы. – Алматы,2003.
4.Ә.Бейсенова,А.Самақова,Т.Есполов,Ж,Шілдебаев Экология және табиғатты тиімді
пайдалану: Ғылым ғылыми баспа орталығы,2004 ,187-194 беттер.
Асқарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. - Алматы, 2007 ж.
А.Т.Қуатбаев. Жалпы экология:Алматы, 2008 ж.7- 20 беттер
С.Ж.Колумбаева.,Р.М.Білдебаева.,М.Ә.Шәріпова Экология және тұрақты даму
6.Қортынды сұрақтары (керi байланысы):
1. Экологиялық факторға анықтама берініздер деген не?
2. Оптимальды және лимиттеуші факторларға не жатады?
3. Популяцияның қандай типтері болады?
4. Биотикалық айналымдар қандай тізбектерден тұрады?
5.Гомеостаз дегеніміз не?
1.Тақырыбы: в.И.Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы.
2.Мақсаты: Тірі заттың ерекшелігі мен қызметі туралы білім қалыптастыра отырып, биосфера эволюциясы мен механизімінің рөлін түсіндіру.
3.Дәріс тезистері:
В.И.Вернадскийдің биосфера және оның негізгі ерекшеліктері туралы ілімі. Биосфера туралы ілімінің басталуын енгізген француз табиғаттанушысы Ж.Б.Ламарктің (1744-1829) есімімен байланыстырады. Бірақ биосфера деген терминді Австрия геологы Э.Зюссом есімімен 1875 жылы берілді. Бірақ ол биосфера түсінігің мазмұнын айтпаған. Биосфера тураы ғылымның негізін қалаушы В.И. Вернадский жасады. В.И Вернадский биосфераны үш геологиялық шеңбермен (литосфера, гидросфера, атмосфера) шектесіп тіршілік тараған жердің жұқа қабаты екенін айтты. Атмосферада ол 16-20 км-ге шейін таралып озон қабатымен шектеледі Гидросферада ең терең қабатына шейін (Мариан шүңқыры,Тынық мұхит ~11 км), ал литосферада 3 км тереңдікке дейін таралған (мұнай шөгінділеріндегі бактериалар). Тіршіліктің төменгі шегі жер қабатының температурасының өзгеруімен байланысты, 3 км тереңдікте температура 100 оС жетеді.
Биосфераның негізгі атқаратын қызметтері. Биосферадағы тірі заттар төмендегідей негізгі қызметтерді атқарады: энергетикалық, деструктивті, концентрациялық және ортаны қалыптастырушы.
Энергетикалық функцияны атқаратын жасыл өсімдіктер, олар фотоцинтез процессі арқылы күн энергиясын әртүрлі химиялық құрылымдар түрінде жинайды. Бұл энергия кейін экожүйеде жануарларға азық түрінде таралады. Бұл энергия қоршаған ортаға таралады. Бірақ кейбір бөлігі өлі органикалық заттарда жиналып, адамзатқа энергетикалық қор болатын қазба түрлерге айналып, қазба байлықтарға ( шым, көмір, мұнай) өтеді.
Деструктивті функцисы- өлі органикалық заттарды ыдыратып минералдандыру, тау жыныстарының химиялық ыдырауы және түзілген минералдарды биотикалық заттар айналымына қатыстыру. Өлі органикалық заттар кейін бастапқы қарапайым заттар айналымына қатысатын бейорганикалық құрылымдарға айналады: көмірқышқыл газы, күкіртсутек, аммиак, т.б. Бұлар ерекше ағзалар редуценттер және деструкторлар арқылы өтеді.
Концентрацилық функциясы- ағзалардың өздерінің тіршілігі үшін табиғатта таралған заттар атомдарын таңдаулы сініріп жинауы. Тірі заттың ерекшелігі хииалық элементтерді сұйықталған ерітінділерден жинау қабілеті. Ең белсенді концентраттар микроорганизмдер болады.
Ортаны қалыптастырушы функциясы- ортаның физикалық- химиялық параметрлерін (атмосфераның, литосфераның және гидросфераның) ағзаларға қолайлы жағдайға ауыстыруда. Осы функция арқылы тірі зат биосферадағы заттарды және энергияны құрып, оның тепе-теңдік балансын сақтап, ағзалардың тіршілік ету тұрақтылығын қалыптастырды. Тірі заттың бұл табиғи экологиялық жағдайларды қалпына келтіру қабілетін Ле Шательенің термодинамикалық принципімен тусіндіруге болады. Ортаны қалыптастырушы функциясының нәтижесінде алғашқы ауаның құрамының өзгеруі; алғашқы мухиттардың суларының құрамы; литосферадағы шөгінді жыныстардың жиналуынан құрлықтарда құнарлы топырақ қабатының қалыптасуы өті. Биосферада тірі заттың болуы- тірі организмдердің үш тобының қарым қатынасы ( продуценттер, консументте, редуценттер) өтетін бтотикалық заттар айналымы нәтижесі. Бұл айланымда жүргізуші күш күн энергиясы болып табылады.
Биосфераның негізгі ерекшеліктері – ( тірі және тірі емес компонеттері)
Тірі зат- ол барлық тірі организмдердің жиынтығы, қатты геологиялық күш. Олар әртүрлі минералды жыныстарды, тұщы суды атмосфераны түзе қатысады. Барлық тірі организмдер күн сәулесін пайдаланып, геологиялық процесстерге әсер етеді. Биосфера энегргияны сырттан алатын ашық жүйе болып табылады.
Биосфенаның тірі емес компоненттері- күрделі заттар және энергия алмасуда болатын жер бетінің геологиялық бөліктері. Биосфера шекарасы- тіршілік шекарасы. Биосфераның тағы мынандай ерекше сипаттамасы бар: біріншіден, судың көп мөлшерде болуы; екіншіден, күшті күн энергиясының ағымы; үшіншіден, биосферада үш агрегатты түрде (қатты,сұйық,газды) болатын заттар шекарасы бар. Мұның барі тірі организмдер арқылы өтетін белсенді заттар және энергия алмасуын қамтамасыз етеді.
Ноосфера туралы ілімнің анықтамасы. Ноосфера (грекше Noos – ақыл ) – ақыл-ой сферасы, биосфера дамуының ең жоғарғы сатысы- « сана сферасы». Бұл термин ғылымға өткен ғасырдың 20-шы жылдары енгізілген.
В.И. Вернадскийдің ноосфералық концепциясының негізгі тұжырымы: адамзат күшті геологиялық күш; бұл күш адамның саналы ойы; планета келбетінің өзгеруі; адамзаттың биосферадан басқа жеке дамитын сатысы. В.И. Вернадскийдің идеасын француз әріптестері қолдады. Ноосфера терминін алғаш рет қолданғандар Эдуард Леруа және ПьерТейяр Шарден (1927) болды.
ПьерТейяр Шарден 1959 жылы жарық көрген « Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтады.
Ноосфераны Вернадский адам өз өмірін қалауынша өзгеруіне бағытталған, табиғатпен қоғамның өзара байланысы ғылыми ойға негізделген, сапалы тұрғыдан жаңа ойдың қалыптасуы деп жазған.
4.Иллюстрациялы материал: Мультимедиялы презентация.