
- •1 Дәріс. Мәліметтер қорлары технологиясының дамуы
- •1.1 Ақпараттық жүйелері
- •1.2 Файлдар және файлдық жүйелер
- •2 Дәріс. Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелері
- •2.1 Файлдық жүйелерінің кемшіліктері
- •2.2 Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелер
- •3 Дәріс Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму тарихы
- •3.1 Үлкен еэм-дегі мәліметтер қорлары
- •3.2 Дербес компьютерлер кезеңі
- •3.3 Таратылған мәліметтер қорлары
- •3.4 Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму перспективалары
- •4 Дәріс Тақырып аймақты жүйелік талқылау
- •4.1 Ақпараттық жүйенің тақырып аймағы
- •4.2 Тақырып аймақты бейнелеудің мысалы
- •5 Дәріс. Мәліметтер қорларын жобалаудың принциптері
- •5.1 Мәліметтер қорларының архитектурасы. Физикалық және логикалыө тәуелсіздік
- •5.2 Мәліметтердің концептуалды модельдері
- •6 Дәріс. Мәліметтерді концептуалды модельдеу
- •6.1 Мәліметтердің концептуалды модельдерінің негізгі анықтамалары
- •6.2 Концептуалды модельді графиқалық көрсету
- •7 Дәріс. Талқыланатын тақырып аймақтың er-диаграммасын өңдеу
- •7.2 Сурет – Баспа компанияның моделінің er–диаграммасы
- •8 Дәріс. Концептуалды модельдеудің мысалдары
- •9 Дәріс. Мәліметтерді модельдеудің әдістері
- •9.1 Мәліметтердің үш негізгі модельдері
- •10 Дәріс. Мәліметтердің реляциялық моделі
- •10.1 Реляциялық кестелер мен кілттер
- •10.2 Мәліметтердің бүтіндігін қамтамасыздандыратын шектеу шарттары
- •11 Дәріс. Концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру
- •11.1 Объектілік жиынтықтар мен атрибуттарды түрлендіру
- •11.2 Қатынастарды түрлендіру
- •12 Дәріс. Мәліметтер қорларын нормалау
- •13 Дәріс. Функционалды тәуелділітер мен олармен байланысты нормалы формалар
- •13.1 Функционалды тәуелділіктер мен нормалы формалар
- •13.2 Мәліметтердің концептуалды және реляциялық модельдерін салыстыру
- •14 Дәріс. Өңделген реляциялық сұлбаны іске асыру
- •14.1 Құрылымдасқан сұраныстардың sql тілі
- •14.2 Мәліметтер қорының объекттері
- •15 Дәріс. Мәліметтерді4 таратылған өңдеkуі
- •15.1 Жалпы мағлұматтар
- •15.2 Мәліметтер қорларының технолгиясындағы «клиент—сервер» модельдері
- •15.3 Екі денгейлі модельдер
5.2 Мәліметтердің концептуалды модельдері
Мәліметтер қорларының концепциясында жалпы «мәліметтер» және «мәліметтер моделі» категориялар негізгі болып табылады. Объектті, шартты, оқиғаны немесе басқа факторларды сипаттайтын белгілі мәндер, параметрлер жиындары мәліметтер қорларының концепциясында «мәліметтер» түсініктемесі болады. Мәліметтердің анықталған құрылымы болмайды, оларға пайдаланушы белгілі құрылым меншіктесе яғни олардың мағналы мазмұнын түсінсе, сонда мәліметтер ақпарат болады. Сондықтан мәліметтер қорлары саласындағы негізгі түсініктеме модель түсініктемесі болып табылады. Бұл терминнің бір мағналы анықтамасы жоқ, әр түрлі авторларда бұл абстракция кейбір айырмашылықтармен анықталады, бірақта бұл анықтамалардың жалпы сипаттарын белгілеуге болады. Мәліметтер қоры дегеніміз анықталған жолмен құрылымдасқан мәліметтер жиыны екенін еске салып кетейік. Мәліметтер қорының құрылымы тақырып аймақтың құрылымын іске асырады.
Тек қана таңдалынған бөліктерін көрсететін нақтылықтың елестетуі модель болып табылады. Мәліметтер қорлары көз қарасы жағынан мәліметтерді құрылымдастыру әдістері мәліметтер моделі деп аталады.
Алдында қарастырылған үш деңгейлі архитектураға сәйкес мәліметтер моделі түсініктемесі әр деңгейге қатысты анықталады.
Концептуалды модель кез-келген мәліметтер қоры жүйесінің өзегі болып табылады. Концептуалды деңгейде концептуалды жобалау яғни мәліметтер қорының концептуалды сұлбасын өңдеу орындалады. Бұл қадамда пайдаланушылар мен мәліметерді елестетулерінің толық модельдері жасалып, соңынан олар мәліметтер қорының құрамында болатын мәліметтердің барлық элементтерін көрсететін концептуалды модельге ұйымдастырылады.
Концептуалды модель тақырып аймақты сөзбен бейнелегеннен кейін өңделеді. Бұл модель тақырып аймақтың формалданған бейнелеуі болып табылады, бұл бейнелеуді мәліметтер қорларының мамандары емес, басқа да адамдар түсінуі керек және ол белгілі мәліметтер қорын басқару жүйесіне тәуелді емес. Мәліметтер қорын басқару жүйесін таңдау бөлек есеп болып табылады, оны шешу үшін жоба дайын болуы керек.
Концептуалды жобалау тақырып аймақтың семантикасын (мағнасын) мәліметтер қорының моделінде көрсетумен байланысты. Реляциялық модель қарапайым және қысқаша болғадықтан тақырып аймақтың мағнасын көрсетпейді.
Семантиканы елестету мәселесін шешу үшін өткен ғасырдың 70-ші жылдарында өңдеушілермен семантикалық модельдер деп аталған бірсыпыра мәліметтер модельдері ұсынылған. Мәліметтердің құрылымын модельдегенде мәліметтер мағнасына сүйемелденген модельдеу семантикалық модельдеу деп аталады. Осындай модельдер ретінде 1981 жылы Хаммер (Hammer) және Мак-Леон (McLeon) ұсынған модельді, Шипман (Shipman) ұсынған функционалдық модельді (1981 жылы), және 1976 Питер Пин-Шэн Чен (Chen) ұсынған «нақтылық—байланыс» модельді, т.с. атауға болады. Барлық модельдердің артықшылықтары да кемшіліктері де болды. Кәзіргі кезде көбінесе қолданылатын соңғы модель. Соңынан көптеген авторлары осындай модельдердің өздерінің нұсқаларын ұсынды (Мартин, IDEF1X, Баркер, т.б. нотациялары).
Бұл жерде семантикалық модельдеу құралы ретінде нақтылық—байланыс (ER - Entity-Relationship) диаграммаларының әр түрлі нұқсалары қолданылады. Кәзіргі кезде Чен моделі концептуалды модельдеудің стандарты болып табылады. Қысқаша оны «ER-модель» деп атайды. «Нақтылық—байланыс» диаграммалары тақырып аймақтың объектілерін, олардың қасиеттерін (атрибуттарын) және объектілер арасындағы байланыстарын графикалық түрде көрсетеді. Сурет әр кезде де мәтіндік бейнелеуден көрнекі болады деген пікірімен диаграммалар қолданылады.