
- •1 Дәріс. Мәліметтер қорлары технологиясының дамуы
- •1.1 Ақпараттық жүйелері
- •1.2 Файлдар және файлдық жүйелер
- •2 Дәріс. Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелері
- •2.1 Файлдық жүйелерінің кемшіліктері
- •2.2 Мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелер
- •3 Дәріс Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму тарихы
- •3.1 Үлкен еэм-дегі мәліметтер қорлары
- •3.2 Дербес компьютерлер кезеңі
- •3.3 Таратылған мәліметтер қорлары
- •3.4 Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің даму перспективалары
- •4 Дәріс Тақырып аймақты жүйелік талқылау
- •4.1 Ақпараттық жүйенің тақырып аймағы
- •4.2 Тақырып аймақты бейнелеудің мысалы
- •5 Дәріс. Мәліметтер қорларын жобалаудың принциптері
- •5.1 Мәліметтер қорларының архитектурасы. Физикалық және логикалыө тәуелсіздік
- •5.2 Мәліметтердің концептуалды модельдері
- •6 Дәріс. Мәліметтерді концептуалды модельдеу
- •6.1 Мәліметтердің концептуалды модельдерінің негізгі анықтамалары
- •6.2 Концептуалды модельді графиқалық көрсету
- •7 Дәріс. Талқыланатын тақырып аймақтың er-диаграммасын өңдеу
- •7.2 Сурет – Баспа компанияның моделінің er–диаграммасы
- •8 Дәріс. Концептуалды модельдеудің мысалдары
- •9 Дәріс. Мәліметтерді модельдеудің әдістері
- •9.1 Мәліметтердің үш негізгі модельдері
- •10 Дәріс. Мәліметтердің реляциялық моделі
- •10.1 Реляциялық кестелер мен кілттер
- •10.2 Мәліметтердің бүтіндігін қамтамасыздандыратын шектеу шарттары
- •11 Дәріс. Концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру
- •11.1 Объектілік жиынтықтар мен атрибуттарды түрлендіру
- •11.2 Қатынастарды түрлендіру
- •12 Дәріс. Мәліметтер қорларын нормалау
- •13 Дәріс. Функционалды тәуелділітер мен олармен байланысты нормалы формалар
- •13.1 Функционалды тәуелділіктер мен нормалы формалар
- •13.2 Мәліметтердің концептуалды және реляциялық модельдерін салыстыру
- •14 Дәріс. Өңделген реляциялық сұлбаны іске асыру
- •14.1 Құрылымдасқан сұраныстардың sql тілі
- •14.2 Мәліметтер қорының объекттері
- •15 Дәріс. Мәліметтерді4 таратылған өңдеkуі
- •15.1 Жалпы мағлұматтар
- •15.2 Мәліметтер қорларының технолгиясындағы «клиент—сервер» модельдері
- •15.3 Екі денгейлі модельдер
5 Дәріс. Мәліметтер қорларын жобалаудың принциптері
Дәріс м азмұны:
- мәліметтер қорларын жобалаудың принциптері.
Дәріс мақсаты:
- мәліметтер қорларын жобалаудың негізгі принциптерін оқу.
5.1 Мәліметтер қорларының архитектурасы. Физикалық және логикалыө тәуелсіздік
Мәліметтерге қол жеткізу әдістерінің маңызды даму аспектісі келесі идея болып табылды: пайдаланушылармен қабылданатын мәліметтердің логикалық құрылымы мен олармен әрекеттесуін компьютерлік жабдықтар талап ететін мәліметтердің физикалық көрсетуінен бөлу. МҚБЖ-ң жасалуын зерттейтін ғылыми процесінде әр түрлі іске асырулар ұсынылды. Стандарттау бойынша америкалық ANSI (American National Standards Institute) институті ұсынған мәліметтер қорларын ұйымдастырудың үш деңгейлі жүйесі ең тиімді болып табылды. Бұл үш деңгейлі мәліметтер қорларының архитектурасы сыртқы, концептуалды және ішкі деңгейлерден тұрады.
Модельдердің сыртқы деңгейі ең жоғарғы деңгей, мұнда мәліметтерге әр модельдің өзінің елестетуі бар. Бұл деңгей әртүрлі қолданбалылардың мәліметтер қорына көзқарасын анықтайды. Әр қолданбалы тек қана өзіне қажетті мәліметтерді көріп, өңдейді. Мысалы, жұмыстарды тағайындау жүйесі қызметкерлердің квалификациясы туралы мағлұматтарды қолданады, бірақ оған қызметкердің мекен жәйы, телефоны, оклады туралы мәліметтер керек емес, керісінше осы мәліметтер кадрлар бөлімсешінде қолданылады.
Пайдаланушылардың елестетулерін анықтайтын мәліметтер қорының құрылымдық деңгейі сыртқы деңгей деп аталады. Бұл деңгей пайдаланушыға ең жақын деңгей, ол пайдаланушы мәліметтерді қай түрде көретінімен байланысты. Әрбір пайдаланушылар тобының мәліметтер қорындағы мәліметтер туралы елестетулері бар. Осындай елестетулер жинақтары сыртқы деңгей болады.
Ортанғы басқару түйін концептуалды деңгей болып табылады; мұнда мәліметтер қорымен жұмыс істейтін қолданбалылардың барлығы қолданатын мәліметтер біріктіріліп, жалпы түрде көрсетіледі. Концептуалды деңгей мәліметтер қоры жасалатын тақырып аймақтың (нақтылықтың объектілерінің) жалпы моделін көрсетеді. Әр модель сияқты концептуалды модель нақтылықтың объектілерінің өңдеу жағынан маңызды болатын ерекшеліктерін көрсетеді.
Мәліметтер қорының логикалық сұлбасын анықтайтын деңгей - концептуалды деңгей болады. Концептуалды деңгейде мәліметтер қорының концептуалды жобасы жасалынады. Концептуалды жобалауда пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері талқыланып, оларға керек мәліметтердің элементтері анықталады. Концептуалды жобалау нәтижесінде концептуалды сұлба, яғни мәліметтердің барлық элементтерінің және олар арасындағы қатынастарының бірлескен логикалық бейнелеуі пайда болады.
Физикалық деңгей —ақпаратты сақтайтын сыртқы құрылғыларда орналасқан файлдардағы мәліметтер.
Мәліметтер қорына физикалық көз-қарасты (дискілер, физикалық адрестер, индекстер, көрсеткіштер, т.б.) анықтайтын мәліметтер қорының құрылымды деңгейі ішкі деңгей деп аталады. Бұл деңгейді физикалық мәліметтер қорының жобалаушылары бақылайды. Пайдаланушылар (пайдаланушы ретінде) бұл деңгеймен жұмыс жасамайды. Сонымен, бұл деңгей мәліметтерді сақтаудың физикалық әдістерімен байланысты.
Мәліметтермен жұмыс жасағанда осы архитектура логикалық (1 және 2 деңгейлер арасында) және физикалық (2 және 3 деңгейлер арасында) тәуелсіздікті қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді. Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын барлық қолданбалыларды бөлек өзгертуге мүмкіндік болса, сонда логикалық тәуелсіздік бар деп есептеледі. Ал физикалық тәуелсіздік мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын барлық қолданбалылардың жұмысын бұзбай сақталатын мәліметтерді бір орнынан басқа жерге тасымалдауға мүмкіндік береді. Файлдық жүйелерді қолданғанда осы қасиеттер жоқ болатын.
Концептуалды деңгейдің бөлінуі мәліметтер қорын орталықтанған басқару аппаратын өңдеуге мүмкіндік берді.
Егер де сыртқы деңгей пайдаланушылардың жеке елестетулерімен байланысты болса, концептуалды деңгей пайдаланушылардың қорытынды елестетулерін анықтайды деуге болады. Басқа сөзбен айтқанда, мәліметтер қорына «сыртқы» көз-қарастар көп болуы мүмкін, әрқайсысы мәліметтер корының кейбір бөлігінің елестетуінен тұрады, ал «концептуалды елестету», толық мәліметтер корының абстракты елестетуінен тұратын жалғыз ғана болады. Және де сақталынатын мәліметтер корын толығымен көрсететін жалғыз «ішкі» елестету болады.